массаның атомдық бiрлiгi (м.а.б) деп аталатын жүйеден тыс бiрлiкпен өлшейдi. 1 м.а.б. ретiнде
сутегiнiң изотопының массасының 1/12 бөлiгi алынған.
Ядро сонымен қатар өзiндiк қозғалыс мөлшерi моментiмен - спинiмен сипатталады. Ядроның
спинi нуклондардың спиндерi арқылы анықталады. Әрбiр нуклонның спинi
ħ /2-ге тең. Жұп
нуклоннан тұратын ядроның спинi (
ħ бiрлiгiнде) бүтiн санға немесе нөлге тең. Ал тақ нуклоннан
тұратын ядроның спинi (
ħ бiрлiгiнде) жартылай бүтiн санға тең.
Атом ядросы алып тұрған көлемнiң айқын шекарасы жоқ. Бұл нуклондардың толқындық
қасиетiмен байланысты. Сондықтан ядроның өлшемдерiн шартты түрде анықтайды. Ядроның
көлемi нуклонның сандарына пропорционал. Сондықтан ядроны радиусы R-ға тең сфера деп
есептеп, оның радиусын әдетте мынадай эмпириялық өрнекпен анықтайды
R=R
0
A
1/3
мұндағы R
0
=(1,3 - 1,7)·10
-15
м
Ядроның өлшемдерi өте аз болғандықтан ондағы протондардың кулондық тебiлу күшi өте үлкен
болады. Мысалы құрамында 82 протоны бар қоғасынның ядросындағы протондардың тебiлу
күшi бiрнеше мың ньтонға жетедi. Бiрақ ядро бұл тебiлу күшiнiң салдарынан бөлшектенiп
кетпейдi. Бұл протондар мен нетрондардың арасында кулондық күштен де күштi тартылу
күшiнiң бар екенiн көрсетедi. Бұл күштердi
ядролық күштер деп, ал бұл күштердiң арқасында
әсерлесудi
пәрмендi әсерлесу деп атайды. Протон мен нейтронның пәрмендi әсерлесу
тұрғысынан алғанда ешқандай айырмашылығы жоқ сондықтан оларды ядролық физикада нуклон
деген бiр бөлшек ретiнде қарастырады.
Ядролық күштер өте аз аралықта әсер ететiн күштер болып табылады. Ол 10
-15
м-ге дейiнгi
аралықта әсер етедi де одан тысқары жерде өте тез кемiп кетедi.
Масс-спектрограф деп аталатын құралдардың көмегiмен ядроның массасын өлшеу кез-келген Z
протоннан және N нейтроннан тұратын ядроның массасы бос жүрген Z протон мен N
нейтронның массаларының қосындысынан аз екенiн көрсеттi. Ал масса мен энергия арасындағы
байланысты ескерсек бос протондар мен нейтрондардың энергияларының қосындысы олардан
құралған ядроның энергиясынан артық екенi шығады. Олай болса, ядроны оны құрайтын
бөлшектерге ажырату үшiн осы энергиялардың айырымына тең энергия жұмсау керек. Мұндай
энергияны DЕбай