Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері


сұйық бетiн түзейтiн молекулалардың, сұйық көлемi iшiндегi басқа молекулаларға



Pdf көрінісі
бет23/125
Дата18.10.2023
өлшемі3,62 Mb.
#186554
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   125
Байланысты:
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

сұйық бетiн түзейтiн молекулалардың, сұйық көлемi iшiндегi басқа молекулаларға 
қарағанда потенциалдық энергиясының артық екендiгi
шығады.


20 
Сұйықтың ашық бетiндегi молекулалардың артық потенциалдық энергиясы 
беттiк энергия
деп аталады. Егер денеге сыртқы күштер әсер етпейтiн болса, онда 
беттiк энергияның мәнi өте аз болады және сонымен бiрге сол беттiң ауданы да өте 
кiшкентай болады (2.4-сурет).
Бiрлiк ауданның
беттiк энергиясы 
σ

меншiктi беттiк энергия
деп аталады:
σ

W/S
,
мұндағы 
W
– 
S
ауданға жинақталған беттiк энергия. СИ өлшем бiрлiк жүйесiнде меншiктi беттiк 
энергия 
Дж/м
2
– пен өлшенедi.
Беттiк қабаттың бөлшектерi, сұйық бетiне жанама жазықтықта жатқан және сұйық бетiнiң ауданын 
мейлiнше кiшiрейтуге бағытталған, (негiзделген) күштiң әсерiне ұшырайды. Бұл күштер – 
беттiк 
керiлу күштерi
F
деп аталады.
Оларды сандық жағынан бағалау үшiн 
беттiк керiлу коэффициентi
деген ұғым енгiзiледi. Бұл 
коэффициент сұйықтың бос бетiнiң ауданын бiрлiкке изотермалық түрде арттыру үшiн жасалатын 
жұмыс ретiнде анықталады.
Жоғарыдағы айтылғанарды ескерсек: 
ΔW = -A =σΔS
. Бұдан
σ = - A/ΔS
(
A
<0) екендiгi шығады. (2.4)
Егер сұйықтың ашық бетi 
тұйық сызықпен шектелген
болса, онда бұл сызық - жұғылу периметрi деп 
аталады. Ондай беттер үшiн 
σ = F / L
, СИ өлшем бiрлiк жүйесiнде 
σ
шамасының өлшем бiрлiгi 
Н/м
.
Беттiк керiлу коэффициентi меншiктi беттiк энергияның мағынасын бередi: 1 
Н/м
= 1 
Дж/м
2
. Беттiк 
күштi серпiмдiлiк күшiмен шатастыруға болмайды.
Кебу кезінде сұйықтан ең жылдам қозғалатын молекулалар ұшып шығатын болғандықтан, онда 
қалған молекулалардың орташа жылдамдығы кемиді, демек, сұйықта қалған молекулалардың орташа 
кинематикалық энергиясы кемиді. Бұл кебетін сұйықтың ішкі энергиясы кемиді деген сөз, 
сондықтан, егер сұйықтыққа сырттан энергия келіп түрмаса, кебетін сұйық суиды. 
Кебу кезінде сұйықтық суитынын тәжірибе жүзінде бақылауға болады. ол үшін термометрдің шарын 
мақтамен (шүберекпен) орап, оған эфир тамызу керек. Жылдам кебетін эфир ішкі энергияның 
біразын термометрдің шарынан алады, осының салдарынан оның температурасы төмендейді. Егер 
қолымыздағы эфирмен дымдасақ, қолымыздың салқындағанын сеземіз. 
Ыстық күннің өзінде судан шыққанда салқынды сеземіз. Денемізде жұққан су кепкен кезде, ол 
денемізден біраз жьшу алады. 
Алайда стакандағы су кепкенде, оның температурасының төмендегенін біз байқай қоймаймыз. Мұны 
қалай түсінуге болады? Мәселе мынада: бұл жағдайда су жай кебеді және айналадағы ауадан суға 
беріліп тұратын жылудың есебінен судың температурасы тұрақты болып қалып отырады. Демек, 
сұйық температурасын өзгертпей кебуі үшін, оған сырттан энергия беріп отыру керек. 
Кебу құбылысының жануарлар тіршілігі үшін үлкен мәні бар. Кебудің қиындауы жылудың сыртқа 
таралуын бұзып, дененің аса қызып кетуін туғызуы мүмкін. 
Біз кебумен қатар қабат молекулалардың будан қайта сұйыққа өтуі де болып тұрады. 
Будың сұйыққа айналу құбылысын конденеация деп атайды (латынның конданеаре - қойылту деген 
сөзінен шыққан). Бу конденеациялағанда энергия бөлініп шығады. Жазғы кеште ауа салқындаганда, 
шық түседі. Шық дегеніміз ауадағы су буынан ауа салқындаганда пайда болып, шөп бастарына, 
жапырақ беттеріне қонған уақ тамшылар. 
Бұлттың түзілуін де будың конденеациялануымен түсіндіруге болады. жер бетінен жоғары 
көтерілген су буы ауаның жоғарғы, суығырақ қабаттары да судың ұсақ тамшыларынан құралатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет