Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет25/125
Дата18.10.2023
өлшемі3,62 Mb.
#186554
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   125
Байланысты:
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

Қристалдар - атомдары немесе 
молекулалары кеңістікте бөлек орын алып, реттеліп орналасқан қатты денелер
. Кристалдың 
сыртқы пішінінің дұрыс болып келуі де осыған байланысты. Мысалы, кәдімгі ас тұзы түйіршігінің 
бір-бірімен тік бұрыш жасап тұрған жазық жақтары бар. Мұны лупа арқылы ас тұзын қарап байқауға 
болады. Ал қар қылауының пішіні геометриялық жағынан қандай дұрыс десеңізші. Мұнда да 
кристалл қатты дененің — мұздың ішкі құрылысының геометриялық дұрыстығы бейнеленген 1- 
сурет. 
Бірақ сыртқы пішіні дұрыс болып келуі кристалдың реттелген құрылысының жалғыз ғана, тіпті ең 
басты салдары бола алмайды. Бастысы — 
физикалық қасиеттердің кристалда таңдалып алынған 
бағытқа тәуелділігі. 
Ең алдымен, кристалдың механикалық беріктігінің әр түрлі бағытта түрліше 
болатыны көзге түседі. Кесек слюданы бір бағытта жұқа пластиналарға оңай ажыратуға болады. 1- 
сурет.Бірақ оны пластиналарға перпендикуляр болатын бағытта жарып бөлу әлдеқайда қиын. 


22 
Сондай-ақ, графит кристалы қабаттарын да бір бағытта оңай ажыратуға болады. Қарындашпен 
жазған кезде, графит қабаттары осылай үздіксіз ажыратылады да, оның жұқа қабаттары қағаз бетінде 
қалып отырады. Көптеген кристалдар жылуды және электр тогын әр түрлі 
 
1– сурет. Мұздың ішкі құрлысы.
бағыттарда түрліше өткізеді. Кристалдардың оптикалық қасиеттері де бағытқа тәуелді. Мысалы, 
кварц кристалы оған түсетін сәуленің бағытына қарай жарықты түрліше сындырады. 
Монокристалдар және поликристалдар. 
Металдардың құрылымы кристалдык болыгі келеді. 
Сондықтан да, қазіргі кезде еңбек құралдарын, түрлі машиналар мен механизмдерді жасау үшін 
негізінен металдар пайдаланылады. 
Егер едәуір бір металл кесегін алсақ, онда оның кристалдык құрылымы не сыртқы пішінінен, не 
оның физикалық қасиеттерінен бірден көзге түсіп, білінбейді. Әдеттегі күйде металдарда 
анизотропия байқалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет