Дислокациялардың өзара әсерлесуі. Әрбір дислокация кристалл торын серпімді бұзады, соның арқасында өзінің аумағында жанама () және нормаль () кернеулерге ие күш өрісін тудырады. Бұл өріске басқа дислокация түскенде екі дислокацияны жақындататын немесе бірін-бірі тебетін күш пайда болады. Бір жазықтықта таңбалары бірдей дислокациялар кездессе, олар бірін-бірі тебеді, ал қарама-қарсы таңбалы дислокациялар кездессе, бірін-бірі тартады. Сондықтан әрбір сырғанау жазықтығында дислокацияның жинақталуы кристалдың бір бөлігінің екінші бөлігінен ығысуына кедергі жасайды да, үздіксіз, дислокацияның жинақталу барысында өсіп отырады, сонымен кристалл беріктелінеді.