Иондық байланыс валентті және металды байланыстардың аралығында болады. Олар валентті байланыс секілді аса бағытталған емес, сонымен қатар металды байланыс секілді аса иілгіште емес. NaCl, CaF2, CaTe т.б. типті ионды кристалдар валентті типті кристалдар секілді морт болып келеді. Ал AgCl ион кристалы жоғары дәрежелі пластиктивті болады.
Кристалдардағы сырғанау белгілі кристаллографиялық жазықтықта және белгілі бағытта өтеді (2.3.-сурет).
2.3.-сурет
Негізінде мұндай сырғанау жазықтықтарына және сырғанау бағытына тығыз орналасқан атомдар жазықтығы жатады, яғни атомдар тығыз орналасқан жазықтық және бағыт сырғанау жазығы және сырғанау бағыты болады. Мұндай сырғанауда жазықтықтың және бағыттың болу себебі: тығыз орналасқан жазықтықта және бағытта кристалдың беріктілігі жоғары болады, өйткені бұл жазықта атомдар ара қашықтығы ең кіші, олардың бір-бірімен байланысы жоғары болады. Екінші жағынан, бұл жазықтардың бір-бірінен ара қашықтығы ең жоғары. Сондықтан да олардың бір-бірімен байланыс күші төмен болады. Бұл жазықтық және бағыт бойынша сырғанауды атом орналасуын минимальды шамаға өзгертеді, соның әсерінен сырғанау жеңіл өтеді.
Осы жазықтағы барлық сырғанау жазықтары және сырғанау бағыттары сырғанау жүйесін құрайды. Мысалы, жақ центрленген куб торлы кристалдарда (А1) сырғанау жазықтығы октаэдр жазықтығы (ІІІ), ал сырғанау бағыты кубтың кеңістік диагонал [ІІІ] бағыты болады. Гексагональды кристалдарда (А2) сырғанау жазықтығы базис (0001) жазықтығы, ал сырғанау бағыты базис жазықтығындағы а1, а2, а3 үш осьтерінің бірі болады. (1.6.-сурет)
Көптеген зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда, бұл сырғанау жүйесі бойынша кристалдардағы ығысу тек бұл жүйеде әсер ететін ығыстыратын кернеу белгілі критикалық мәніне к жеткенде ғана болады. Бұл кернеуді критикалық ығыстыратын кернеу деп атайды. Бірнеше таза металдың монокристалдардағы ығысу критикалық кернеулердің мәні 2.1.-кестеде берілген.
2.1.-кесте
|
Cu
|
Ag
|
Ni
|
Mg
|
Zn
|
Cd
|
Қоспа мөлшері
Сырғанау жазықтығы
Сырғанау бағыты
Критикалық ығыстыру кернеуі, н/м2.............
|
10-3
(111)
106
|
10-4
(111)
6·105
|
2·10-3
(111)
5,8·105
|
5·10-4
(0001)
8,3·105
|
4·10-4
(0001)
9,4·105
|
4·10-5
(0001)
5,8·105
|
Кестеге қарағанда, ең пластиктивті монокристалдардың критикалық ығыстыратын кернеуі 106Н/м2 (0,1кг/мм2) шамасынан аспайды екен.
Критикалық ығысу кернеудің шамасы кристалдарды алдын-ала деформациялау шамасына тәуелді, деформация өскен сайын кернеу де өседі. Мысалы, Мg монокристаллын 350% деформацияласақ, критикалық кернеу к 25 есе өтеді. Одан да көп шамаға куб жүйелі кристалдардың (алюминий, мыс, никель, т.б.) беріктілігі өседі.
Кристалдардың беріктелінуі, кристалдың ішінде атомдардың орын ауыстыру нәтижесінде кристалдың бір бөлігінің екінші бөлігімен орын ауыстыруы кристалдың ішкі энергиясының өзгеруіне алып келеді. Бұл құбылысты зерттеген эксперимент нәтижелеріне қарағанда, қатты дененің пластикалық деформациялануы оның ішкі энергияның өсуі 2.2.- кестеде берілген. Егер бұл энергия жылуға айналғанда онда металдың температурасы бірнеше градусқа көтерілген болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |