Қазақстанда экологиялық жағынан қауіпті әлеуметтік даму жағынан артта қалған аудандар саны едәуір, оларда 2 миллиондай адам тұрады. Әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан келсек, олардағы халықтың дені қазақтар, көп балалар отбасылар. Арал маңының экология жағынан қолайсыз аудандарын, Семей полигонына қапталдас аудандарды, әртүрлі зымырандық сынақ жасалған басқа да аудандарды ескерсек, әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр жерлерде тұрып жатқан қазақтардың үлес салмағы олардың республикадағы барлық санының 40 пайызындай. Экономикалық реформаларды жүргізген кезде осы аудандардың ауа райының қолайсыздығы, экономикалық мүмкіндіктерінің шектеулілігі, қатынастың қиындығы сияқты ерекшеліктері толық ескерілмесе, жағдай одан әрі ушыға түседі.
Бұл аудандар тұрғындарының әлеуметтік жағдайы негізінен жеке қосалқы шаруашылық (70% астамы) және әлеуметтік төлемдер (10%) есебінен құралатын ақшалай табысының өте төмен деңгейімен сипатталады. Сатудан түсетін табыс көлемі 10 пайыздан аспайды, өйткені, жеке қосалқа шаруашылық жеткілікті дамыған, өнімді сату қиындықтары ұшан-теңіз, тиісті өндірістік инфрақұрылымдар жоқ. Тұрғындардың өмір сапасының төмендігі - өндірістің құлдырауына және оны қалпына келтірудің төмен қарқынының, әлеуметтік саланы қаржыландырудың тоқталғанының салдары. Олардың әлеуметтік сала обьектілерімен қамтамасыз етілуі республикалық орта деңгейден 1,5-2,0 еседей төмен.
Ауылды жердегі демографиялық ахуалдың шиеленісуі халық санының ұдайы кемуімен, қартайған адамдар санының көбеюімен, ауылдан қалаға көшумен, кадрлардың тұрақтамауымен қабаттас журуде.
Көші-қонға ызбайлық қоныс аудару процесінің қиындықтары мен ауырпалықтарынан туындайды. Тұрған жерін айырбастау көшіп-қонушыдан едәуір рухани күштің жұмсалуын, уақыт және материал-қаражат шығындарын (олардың көлемі отбасы мүшелерінің санына, оның материалдық жағдайының деңгейіне және басқаларға байланысты) талап етеді.
Біздің ойымызша, мемлекеттің әлеуметтік саясатының аса маңызды бағыты ауылды жерлер мен ауыл халқы тұрып жатқан аудандардан, тіпті экологиялық қолайсыз аймақтардан еңбекке жарамды халықтың көшіп кетуін болғызбау. Мал өсірумен шұғылданатын аймақтар тұрғындарының бақуат өмір сүруіне қажетті жағдай жасау керек. Аграрлық саясаттың міндеті еліміздеқаңырап қалған аймақтар жасау емес, оларды дәйекті түрде көркейту болуы тиіс. Бұған Біріккен Араб Эмираттары (БАЭ), араб әлемінің елдері мысал бола алады. Олар шөлді және бос қалған аймақтарда барлық халықтардың ең алдымен байырғы халықтардың өркениятты өмір сүруі үшін сулы да, нулы жерлер жасады.
Келешегі бұлдыр аймақтарда тұрып жатқан халықтың проблемаларын шешудегі маңызды қадам ауылды қолдау және жұрттың үй шаруашылығын дамытуын қамтамасыз ету үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдық өрістер жасау. Бұл орайда, осы шаруаға жұмсалған еңбекті жұмыспен қамтудың бір түрі деп заң жүзінде тану, бұл шаруашылықтардың иелеріне жеңілдікті несие беру, өндірген өнімінің артығын сатуды ұйымдастыру, шағын кәсіпкерліктің, қосалқы өндірістер, қолөнер мен олардың кооперативтерін ұйымдастыру негізінде жеке еңбек қызметінің дамуын ынталандыру қажет.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» күшіндегі заң ауылда жұмыспен қамтудың ерекшеліктерін толы5ымен ескермейді, еңбек базарында ауыл тұрғындарын қала тұрғындарымен тең емес жағдайда қояды. Бұл – еңбек жұмсау өрісінің шектеулілігі, тұрғын үй базарының жоқтығы, жұмыс күші бағасының арзандығы, жұмыс істейтін орынның тұрғын үйден алыстығы. Мемлекет тұрғындардың атамекеніндегі жағдайды жақсартуға қарағанда олардың қоңыс аударуына қаржы өлшеусіз көп шығындалады.