Мазмұны: Кіріспе і-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі


Жер қатынастарын реформалау және ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік институтын енгізу



бет7/14
Дата10.06.2024
өлшемі0,55 Mb.
#203313
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Дип.-аграрлық-саланың-дамуы

Жер қатынастарын реформалау және ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік институтын енгізу

Жүргізіліп жатқан аграрлық реформалар кезендерінің ең маңызды да жауаптысы бесінші кезең болмақ. Ол Президент жолдауында елдің өркениятты базарға қарай ілгерілеуіндегі қажетті кезең деп сипатталды. Бұл жаңа саты Жер кодексі қабылданады, ол ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік енгізеді деп күтіліп отырған үстіміздегі жылдан басталмақ. Әлем тәжірибесі аграрлық сектордың тиімділігі меншік пошымынан гөрі шаруашылықты жүргізу пошымы арқылы анықталатынын көрсетіп отыр. Шынында да Израильдің мемлекеттік жерде орналасқан ұжымдық киббуцы өндірістік көрсеткіштері жағынан жеке меншік жерін немесе жалға алған жерді пайдаланатын ірі жеке фермадан тіпті де олқы соқпайды. Бірақ Қазақстанда ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік енгізілгенде аграрлық өндірісті жүргізу қауіп - қатерінің өсуі мүмкін, оның ең бастысы – жер реформасының алғашқы кезеңінде басталған, жалдамалы еңбекті кең қолданатын ірі латифундиялар құру. 2002 жылдың басына қарай жалпы көлемі 1345 мың гектар жер үлесіне деген құқық сатылды, 4473 мың гектар жер сыйға берілді, 42.173 мың гектар жер жарғылық қорға берілді, 28.331 мың гектар жер жалға алынды. Тұтас алғанда, елімізде шаруа қожалықтары 2001 жылы 30,6 миллион гектар жерді, беймемлекеттік заңдық тұлғалар – 57,2 миллион гектар жерді, оның ішінде, әртүрлі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар – 37,6 миллион гектар жерді пайдаланды. Сөйтіп, сату нәтижесінде тек бір жыл ішінде 53 мыңнан астам ауыл тұрғындары жерсіз қалып, жердің бір қолда шоғырлануы жалғаса түсті. Жаңа заңда жердің бір қолда жинақталуын шектеуге болады. Мұндай саясат Ресейде 1906 жылы қолданылған еді – жоғарғы лимит (шегі) 6 үлес болып белгіленген-ді,, ал іс жүзінде 30 және одан да көп үлес бір қолға жинақталғанды. Тіпті адал да қатал саясаткер П.А.Столыпин де белгіленген норманың сақталуын қамтамасыз ете алмады, ал жемқорлыққа бейім қазіргі жергілікті атқарушы билік мұндай міндеттің үлесінен шыға алмайды.
Ауыл шаруашылық жерінің аса үлкен көлемі және салыстырмалы түрде аз деп саналатын 3,5 миллион ғана еңбекке жарамды ауыл халқы жер барлығына жетеді деген жалған елес туғызады. Шын мәнінде сатып алу-сату және қайтадан сату операцияларының салдарынан қатардағы шаруаның қатынас жолдарынан, өнім өткізу базарларынан шалғай аудандарға ығыстырылып кету қаупі туындайды. Сондықтан ауыл адамының өзінің жер үлесін өз ұрпағыма өткізе аламын деген үміті орындалмас арман болып қалуы әбден мүмкін.
Жерге жеке меншік енгізу, осы бастама авторларының пікірі бойынша, жерді кепіл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, несие алудың мүмкіндігін арттырады және мемлекеттік аграрлық секторының қаржылық жағдайын жақсартады. Алайда, мұндай нәтижеге форвардтық және фьючерстік-опциондық операциялар базарын дамыту жолымен де, яғни республика банк жүйесінің қызметін жетілдіру әдісімен де жетуге болады.
Жерге жеке меншік енгізуге байланысты туындайтын тағы бір қауіп рента жер иесінің пайдасына кетеді де, мемлекет қосымша табыс көзінен айырылады. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасы үкіметінің ауылдың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын қолдап отыру үшін халыққа және кәсіпкерлерге салық салмағын арттыруын, яки экономиканың пайдасы жоғары салаларынан атап айтқанда, кен қазушы салаларынан алынатын трансфертті көбейтуіне тура келеді.
Демек, жерге жеке меншік енгізу бірқатар жаңа өндірістік және әлеуметтік қауіптерді туындатып, күшейтеді.
Жерді тиімді пайдалануына жағдай туғызу үшін қазіргі кезде Қазақстан Республикасының үкіметі жаңа Жер кодексін әзірлеп жатыр. Ол елдің таяу жылдарға арналған аграрлық саясатын бейнелеп жерді жеке меншікпен пайдалануға көшудің механизмін жасап беруге, жер учаскелерінің айналымын кеңейтіп, оны құқықтық реттеу механизмін жетілдіруге тиіс.
Жер кодексінің жобасында тауарлы ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін беймемлекеттік заңдық тұлғалардың жеке меншігіндегі жер учаскесінің шектеулі (ең үлкен) көлемі ауыл шаруашылық жерінің барлық көлемінің 10 пайызы деңгейінде белгіленген. Бұл тым үлкен көлем. Алматы облысының әкімшілік аудандары бойынша біз жүргізген есеп ұсынылып отырған шектеулі жер көлемі ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінің бүгінгі нақты жер көлемінен Сарқанд ауданындағы 1,1 еседен, Қарасай ауданындағы 13 есеге дейін, Балқаш ауданында 18 есеге, Талғар ауданында 324 есеге дейін ауытқуы мүмкін. Бұл тиімді жер пайдаланушыларды өсіріп шығаруға жағдай туғызбайды, олардың мамандандырылуымен байланыстырылмайды. Аса ірі жер пайдаланушылардың пайда болуына алғышарт жасалады. Егер шаруа қожалықтарын (фермер) адамдардың өз еңбегіне негізделген отбасылық – еңбек бірлестігі деп қарасақ, ұсынылып отырған шек ауыл шаруашылық кооперативтерінің нышаны бар және олардың көлемі аса ірі болғандықтан кооперативтік құрылымдарға айналатын болады. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға уақытша пайдалануға ауыл шаруашылық жерінің жалпы көлемінің 5 пайызы мөлшерінде жер беру отандық тауар өндірушілерге зор бәсеке туғызады, ал мұның өзі елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсерін тигізеді.
Менің ойымша Жер кодексінің жобасында беймемлекеттік заңдық тұлғалар мен шаруа қожалықтары (фермерлер) үшін жер бағасын бірдей етіп ұсыну орынсыз. Өндіріс пен шаруашылық жүргіудің, маманданудың қалыптасқан экономикалық шарттарын ескеру қажет. Мәселен, шаруа қожалықтарының (фермерлердің) өндіріс көлемі аз, несие қорлары, меншікті айналым қаржысы жоқ, қаржылық жағдайы тұрақсыз, өндірістік инфрақұрылым, монополистерінің (элеватор, ұқсатушы кәсіпорындар иелерінің, өнім өткізу жөніндегі делдалдардың) қатты қысымына ұшырайды, материалдық-техникалық базасы әлсіз, сондықтан қаржы-қаражат жағынан баянсыз. Ал корпоративтік тұрпаттағы агроқұрылымдардың (АШӨК, ЖШС) қаржылық жағдайы мықты, отандық немесе шетелдік инвесторлар қолдайды, оларда ұжымдық-үлестік меншік бар, жер үлесі мен өндіріс көлемі үлкен, жер үлесінің үлкен көлемі шаруашылық басшыларының қолында шоғырланған. Міне, сондықтан шаруа қожалықтары ақшаның тапшылығынан азын-аулақ жердің өзін жер кодексінің жобасында ұснылған бағамен сатып ала алмайды. Сондықтан да шаруа қожалықтары үшін жердің бағасын жер кодексінің жобасындағыдай жердің бағаланған құнының 10 пайызы көлемінде қалдыруды, бірақ, ақшасын 5 жыл ішінде төлеуге құқық беруді ұсынамын, ал беймемлекеттік тұлғалар үшін кемінде 50 пайыз мөлшерінде белгілеу керек. Сонда ауыл шаруашылық жерін базар айналымына сатылап, неғұрлым әділ шартпен енгіуге мүмкіндік туады.
Осындай жағдайдан құтылудың жолы меніңше мынадай сияқты: жер үлесі иелерінің шаруа қожалығын (фермерлікті) ұйымдастыру мақсатымен АШӨК, ЖШС құрамынан шығу құқығын заң жүзінде бекіту қажет, бұл құқық өз үлесіне құқығын басқаға қашан бергеніне қарамастан бекітілуге тиіс. Ал кімде-кім шаруашылық жүргіудің ұжымдық пошымының құрамында жұмыс істегісі келсе жерін біреуге беру жөніндегі шартын жалға беру шартына айналдыру қажет. Өйткені ауыл шаруашылық жеріне меншік әзірге мемлекет монополиясында, ал басқаларға жер тек аренда шартымен ғана беріледі. Өзінің жер үлесін жер иелерінің өмір бойы билеп-төстеу, өз мұрагеріне қалдыру, ондай адам болмаса, басқаға тапсыру құқығын сақтау керек.
Бірінші кезекте жердің жеке меншікке тікелей отбасылық еңбек негізінде ұйымдасқан, жерді міндетті түрде мақсатты пайдаланатын шаруа қожалықтарына (фермерлерге) берілуін жүзеге асыру қажет. Бұл шаруашылықтардың көлемінің белгіленген норма шегінде (ұлғаюы) кемуі жерді жалға алу немесе мемлекеттік аукциондар мен конкурстарда бағалық аймақ негізінде белгіленген базар бағасымен сатып алу арқылы жүзеге асады. Жеке меншікте бір қолға шоғырланатын жердің нақты көлемін Қазақстандағы өнім беретін бос жерлерді, оларды айналымға тарту мүмкіндігін ескере отырып анықтаған жөн. Бұл кездн шаруашылық жүргізудің кооперативтік пошымдары үшін Қазақстан Республикасының «Жер туралы» күшінде бар заңына сәйкес аренда қатынастарының механизмін сақтаған дұрыс.
Екінші кезекте ауыл шаруашылық жүргізудің корпотивтік пошымдарын қызметкерлеріне жеке меншікке беруді біртіндеп, бір қолға шектен тыс жер көлемі шоғырлануына, алыпсатарлыққа жол бермейтін тетіктер жасай отырып, салық және баға тетіктері арқылы реттей отырып, мемлекеттік атқарушы органдардың жермен жасалатын операцияларға қатал бақылауын жүргізе отырып рұқсат ету керек. Жерге жеке меншік институтын енгізу кезендерінің мерзімі жүргізілген инвентаризация мен бағасы бойынша аймақтандыру (бұлар ұзақ уақыт пен қаржы қорын бөлуді талап етеді) негізінде жерді экономикалық бағалау жөніндегі жаңа әдістеменің жасалуына байланысты. (14)

2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі


Жоғарыда айтылғандай Қазақстан агроөнеркәсіп кешені дамуның басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және шынайы азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, агробизнесті дамыту және нарықтық қатынастарды толық игеру үшін экономикалық реформаларды терендету және кеңейту қажеттілігі туып отыр.


Әрине, нарықтық экономика заңмен тыйым салынбайды қызметтің кез келген түрімен айналысатын іскерлердің бостандықтағы қарым-қатынастарына негізделеді. Дей тұрғанмен, агроөнеркәсіптік кешен үшін мемлекеттік реттеу жағдайында ғана шешілетін проблемалар ерекше белгі болып табылады. Олардың қатарында шаруашылық жүргізу нәтижелерінің адам бақылауына көнбейтін табиғи және әсіресе ауа райы жағдайларына тәуелді болуымен өндіріс қоры мен қызмет көрсетудің бағалық конъюнктурасымен анықталатын ауыл шаруашылық өндірісінің төмен рентабельділігін, ірі, бірақ өзін-өзі баяу ақтайтын күрделі қаржыны игеру қажеттілігін және басқа факторларды айтуға болады.
Сонымен бірге мемлекеттік ұйымдардың агробизнеске шамадан тыс араласуы жағымсыз жағдайларға алып келуі мүмкін. Сондықтан да, мемлекеттік реттеу ең қажетті шаралармен шектелуі тиіс. Олардың қатарына мыналар жатады:

  • Нарықтық қатынастарды дамытуға ынталандыратын заң мен нормативтік актілер жасау және қабылдау жолымен құқықтық базаны қалыптастыру және олардың жүзеге асырылуы мен орындалуына бақылау жасау;

  • Баға белгілеу, салық салу, қаржылық-несиелік қарым-қатынас, қамсыздандыру және басқа мәселелерді дұрыс шешуді қарастыратын аграрлық саясатты жасау және жүзеге асыру;

  • Агроөнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру, тауар өндірушілердің табысын қолдау және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалану есебінен өңдірістің сапалық қайта құрылуын жеделдету үшін жекелеген салалар мен аймақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік құрылымдық саясатты жүзеге асыру;

  • Халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы қызметті үйлестіру;

  • Ауыл шаруашылық және жер ресурстарны бөлу, жер реформасын жүзеге асыру, жер кадастры енгізу;

  • Шаруалардың әлеуметтік қорғалу жүйесін агроөнеркәсіп кешенінде әлеуметтік саясатты реттеу; Шаруалардың зейнетақысының қамтамасыз етілуіне, тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық құрылысқа қатысу, ауылдық жерлерде фермерлік үлгідегі шағын елді мекендерді дамыту, республиканың аз табысты тұрғындарын мемлекеттік бюджет есебінен азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өндірісінен босап қалған еңбекке жарамды тұрғындарды еңбекпен қамту және басқа проблемаларды шешуге қатысу;

  • Ғылыми зерттеу, селекциялық және асылдандыру ісін қаржыландыру және ұйымдастыру, ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу;

  • Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу жөніндегі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы шикізатының мемлекеттік ресурсын қалыптастыру;

  • Табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаның жай-күйі мен қауіпсіздік техникасын сақтауға, азық-түлік сапасына бақылау жасау, санитарлық бақылау, жерге орналастыруға, өсімдіктерді қорғауға және ветеринарлық жағдайға бақылауды жүзеге асыру;

  • Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын басқару;

  • Агробизнеске заңдық қызмет көрсету және оларды құқықтық тұрғыдан қорғау.

Нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда Республика агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттен алу және жекешелендіру, оңдағы меншікті тікелей тауар өндірушілерге, яғни шаруаларға беру проблемасы ерекше маңызды болып табылады.
«Меншік» котегориясы – қоғамдық ғылымдағы ең күрделілердің бірі. Экономистер мен заңгерлер, филосовтар мен социологтар оның мазмұның анықтауда үнемі пікірталас жүргізіп келеді. Бұл жөнінде де тұтас ілім мен жүцелер қалыптасты. Бірақ, барлық уақытта да және әр түрлі елдерде де меншікті ғылыми түсінуден басқа оны жай қарапайым тұрмыстық көзғарасқа қабылдау да қалыптасқан. Бұл проблема төңірегіедегі негігі тұжырымдарға шолу жасау ғылыми ойды дамыту жай түсініктен бастап ең күрделі философиялық-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық көзғарас пен ілімге дейін барғанын дәлелдейді.
Ежелгі Римнің өзінде заңгерлер меншікті затты пайдалану және шамадан тыс пайдалану құқығы ретінде анықтаған. Олар жеке меншіктің шексіз билік, адамның меншік объектісі –затты өз қалауы бойынша иеленуінің құқығы ретіндегі классикалық үлгісін қалыптастырған. Құл да тірі зат ретінде құл иеленушінің шексіз билік жүргізетін обьектісі болып қарастырылған. Алайда, нақты өмірде меншік обьектісіне шексіз билік жүргізу үнемі шектеуге кезігіп отырған.
Мысалы, затты шектен тыс пайдалану сол заттың, яғни меншік обьектісінің жоғалуына әкеліп соққан. Құлды, жұмысқа жегілетін малды дұрыс күтпеу олардың өлуіне себепші болған. Құлдар тек қана өздерінің билеушілерін жек көріп қана қойған жоқ, сонымен бірге еңбек құралдары мен заттарын да ұнатпай, олардың істен шығарды және көзін жоюға тырысты. Міне, осылай затты шектен тыс пайдалану немесе дұрыс пайдаланбау меншіктің жоғалуына алып келді. Әсіресе, жерді дұрыс пайдаланбаудың ақыры жақсылыққа әкеліп соқпады, жер мұндай жағдайда өзінің құнарлылығын жоғалтып, көпке дейін, тіпті өмір-бақи байлық көзі болудан қалды.
Өмір өзі тұрақты көрсетіп отырғанындай, біреулердің затты иеленуге ұмтылуыбасқа адамдардың да осындай ұмтылысына кезігіп отырған. Сондықтан да жеке меншікке құқықты жүзеге асыру осы басқа адамдардың келісімімен байланысты болған. Міне, осылай меншік жеке бір адамның затқа деген жай қатынасы емес, мүлікті иелену, пайдалану және билеу мәселелеріне байланысты қоғамдық қатынас ретінде әрқашанда көрінуі тиіс.
Меншік ұғымы адамды немесе адамдар қауымын меншік иесі ретінде бекітетін бастапқы негізбен анықталады және онымен әрқашанбайланыста болады. Орта ғасырларда мұндай негіз соғыс, зорлап тартып алу, тіпті ұрлап алу болып табылды. Алайда, азаматтық қауымдастықтың қалыптасуымен және дамуымен адамдар бұл проблемаларды шешудің ақылға қонымды жолдарын тезірек іздестіруді ойластырды.
ХVІІ ғасырда ағылшандық ғалым Д. Локк бір адамның өмір сүруінде, оның табиғи теңдігінде, өз өмір сүруін сақтауының табиғи құқықтық негізі бар деген идеяны дамытты. Бұдан көріп отырғанымыздай, Д.Локк адамды жеке меншік субьектісі ретінде қарастыратын негізге байланысты ойларын ашық айтып отыр.
А. Смит пен Д. Рикардо табиғи бостандықтағы жеке меншік туралы Локктің идеясын қолдай отырып, осындай меншікке экономикалық негіздеу берді. Жеке меншіктің мәңгілігін және қоғамдық меншіктің ақылға сыйымсыз екендігін Гегель өзінің «Құқ философиясы» еңбегінде дәлелдеді. Гегель ілімі бойынша меншік өзінің мәні жағынан тек қана бостандықтағы, толық жеке меншік болып табылады.
Осы бір өткенге аз ғана көз жүгірту қоғамдық, оның ішінде әміршіл-әкімшіл экономика билік құрған кезеңдегі мемлекеттік идеология ретінде бой көрсеткен қоғамдық қатынастардағы мемлекеттік меншікті дәріптеу теориясы қате көзғарас екенін дәлелдейді.
Сондықтан да қазіргі нарықтық экономикаға өту жағдайында өндірушіге өз еңбегімен жасаған өндіріс қорын қайтару керек пе, әлде қайтармау керек пе деген әңгіме төңірегіндегі пікірталас ты жүргізудің ешқандай қисыны жоқ екендігі дәлелдеуді керек етпейді. Бұл – нарыққа апаратын, дағдарысты жойып, экономиканы көтеретін ең қысқа жол. Оның үстіне өндіруші бұған дейін болған құбылысқа қарама-қарсы жағдайды иеленіп, құрал-жабдықтарды меншігіне айналдыра отырып, мемлекетті экономикаға қызмет етуге мәжбүр етеді.
Сондықтан да мемлекеттік меншікті жекешелендірудің жоғарыда көрсетілген себептері агроөнеркәсіп кешенінде нарықтық жаңғырудың ең басты негіз болып табылады. Тұжырымдық бағдарлама мемлекеттен алу және жекешелендірудің теориялық және әдістемелік бағыттарын анықтай келе агроөнеркәсіп кешенінің әр түрлі салаларының, кәсіпорындар мен ұйымдарының ерекшеліктерін еске ала отырып, мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мүлкін мемлекеттен алу және жекешелендіру жөніндегі Президенттің тиісті жарлықтары мен Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына сүйенеді. Нақты жекешелендіру төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Кеңшарлар мен басқа да мемлекеттік кәсіпорындарды шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық кооперативтеріне, шағын кәсіпорындарға, олардың ассоциацияларына және басқа шаруашылық жүргізудің мемлекеттік емес тәсілдеріне көшіру;

  • Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерін құру;

  • Меншіктің тұлғаландырылған тәсіліндегі ұжымдық кәсіпорындарға көшіру; мемлекеттік мүлікті конкурс бойынша немесе аукционда сату.

Тұрақты өзін-өзі ақтамайтын кәсіпорындарды жекешелендіру осы шаруашылықтың еңбек ұжымы құратын шаруашылық серіктестіктеріне немесе аукционерлік қоғамдарға олардың мүлкін тегін беру немесе ұжым бұл мүлікті алудан бас тартқан жағдайда аукцион немесе конкурс арқылы сату жолымен жүргізіледі.
Біртұтас және технологиялық ажырамас өндірісі бар құс фабрикалары, мал шаруашылығы кешендері, жылыжай комбинаттары және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары басым жағдайда акционерлік қоғамдарға және корпорацияларға айналдырады.
Нан өнімдері, ет, сүт, тамақ, жеміс-көкөніс қалбырлау өнеркәсібі жүйесіндегі және материалдық-техникалық жабдықтау, жөндеу, машина жасау, агросервистік қызмет көрсету, транспорт және ауыл шаруашылық өнімдерін тарату саласындағы кәсіпорындарды және құрылыс пен су шаруашылығы кешендерін мемлекеттен алу және жекешелендіру көпшілік жағдайда акционерлендіру жолымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тауар өндірушілердің мүдделері барынша толығырақ қорғалады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтаумен тікелей байланысты салаларда, сондай-ақ қызмет көрсететін сфераларда акциялардың ең кем дегенде жартысы олардың қызметін пайдаланатын және өндеуге өндірістік және әкелетін кәсіпорындарға, шаруашылықтарға және шаруа қожалықтарына өткізілуі тиіс.
Ұсақ және орта дайындау, өңдеу және қызмет көрсету кәсіпорындарының мүлкі жекешелендірілгенде, оларды селолық өндірушілердің қатысуымен жабық акционерлік қоғамға айналдырған жағдайда мемлекетке акциялардың бақылау пакеті қалдырылмайды. Республика немесе облыс рыногінде ерекше орын алатын кәсіпорындар мен ұйымдар мемлекет қатысуымен ашық акционерлік қоғамдарға айналдырылуы керек. Мемлекеттің спирт, ликер-арақ және темекі өнімдерін өндіретін салаға монополиясын сақтау маңыздылығы есепке алына отырып, сондай-ақ шикізатты, материалдар мен құрал-жабдықтарды сырттан сатып алу үшін валюталық қорды тиімді пайдалану қажеттілігіне байланысты өнеркәсіптің бұл саласындағы кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде олар акциялардың 51%-і мемлекет меншігінде сақталынатын ашық акционерлік қоғамға айналдырылады.
Жекешелендіруге жатпайтын кәсіпорындар мен ұйымдар:

  • Мал дәрігерлік қызмет;

  • өсімдік карантинасы;

  • мемлекеттік тұқым инспекциясы;

  • өсімдіктердің сорттарын сынау жөніндегі комиссиялар, сорт сынау станциялары және мемсоручаскелері;

  • химияландыру және өсімдіктерді қорғау станциялары;

  • өнім сапасы жөніндегі инспекциялар;

  • мемлекеттік ауыл шаруашылығын бақылау ; жоғары және орта оқу орындарының оқу шаруашылықтары;

  • мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемелерінің тәжірибелік және тәжірибе-эксперименттік шаруашылықтары;

  • мемлекеттік асыл тұқымды және жылқы зауыттары;

  • мемлекеттік асылдандыру шаруашылықтары;

  • дәрілік өсімдіктер кеңшарлары;

  • су шаруашылығы және суландыру жүйелері мен құрылыстары обьектілері;

  • әлеуметтік инфрақұрылым обьектілері (білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелері);

  • мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары балансында тұрған өндірістік инфрақұрылым обьектілері (көпірлер, плотиналар, жолдар, су құбырлары, суландыру жүйелері, жылу және электр жүйелері, канализациялық жүйелер, байланыс құралдары және т.б.).

Тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешен өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік және жеке меншік базасында жұмыс істейтін болады. Бұл жағдайда І сфера (ауыл шаруашылығы үшін өндіріс құралдарын шығару) басым жағдайда мемлекеттік меншікке негізделеді; ІІ сфера (ауыл шаруашылығы өндірісі) жеке; ІІІ сфера (ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өңдеу) жеке және мемлекеттік меншікке негізделеді.
Ауыл шаруашылығы өнімі рыногін мемлекеттік реттеу басым жағдайда бағалақ, қаржылық, несиелік және салықтық құралдарды пайдалану арқылы экономикалық әдіспен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет