Мазмұны кіріспе І. М. Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы ғалым м. Жұмабаевтың қазақ ғылымдағы қолтаңбасы М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары ІІ. М. Жұмабаев педагогикасы ұлттық тәлім-тәрбие өрнегі ретінде М


М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары



бет4/8
Дата08.04.2022
өлшемі70,97 Kb.
#138461
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
мағжан

1.2 М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары
М.Жұмабаевтың ақындық өнерді өзінің қысқа өмірінде асқан шабытпен жырлап нағыз поэзия билігіне самғаған, оның асқан асуларынан өлшеусіз нәр алған бір туар әмбебеп зиялы қайраткер болды. Оның қаламынан сондай-ақ көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары мен оқулықтар мен («Бастауыш мектепте ана тілі» - 1923, «Сауатты бол» - 1926), зерттеу еңбектері туды. В.С.Иванов пен Д.Ж.Мамин-Сибиряктің көптеген әңгімелерін қазақ тіліне тәжімалады. Мағжан поэзиясы адамның жан дүниесінің қыры мен сырына терең бойлайтыны, оның адамның жан сезімін доп басып суреттейтіні көпшілік оқырманды сүйсіндіріп келді. Сонымен бірге ол тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынның тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан Мағжан 1922 жылы «Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазақ зиялыларының бірі – белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазыпты: «Заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып», одан кейін оқып салыстырып қарап, бұрынғы жазылғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал. Бұл пікірден аумалы-төкпелі заманда «қулықтың құлындай қызғанышты» дүниені додаға салудан тартынған салмақты сыңай сезіледі. Оқу құралының бірнеше бөлім педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәлпештей түсіндіре ке ліп, былай дейді: «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп, тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын... баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару» - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштас тырғысы келеді. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік баймұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. «Ұлт тәрбиесі – деп жазды ол, - баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттілігін ескертеді. «Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр» [6;76 б.] - дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.
Мағжанның көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім-тәрбиеге байланысты көзқарасында ұлттың болу ерекше байқалады. «Киіз үйдің зиянды жағы болғаны сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің ішінде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда қайда болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып құшақтасқан, алдынғадығ малымен бірге жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді. ... Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қатысуы мақұл». Оның ойлары адамның табиғатпен кіндіктескендігін ескере келіп, оқу-тәрбие жұмысының жаратылыспен астарластығына мензейді. Табиғат – анадан алшақтап, оған немқұрайлы салқындықпен сырт айналудың зардабын бүгінгі ұрпақ көріп отырғаны белгілі. Қалай десек те, ғалымының ұстаздық жүрегі, ақындық сезімі ұрпақ тәрбиесін табиғаттан тыс қарастыра алмағаны анық. Тәрбиедегі мақсұт адамды һәм сол адамның ұлтын, асса, барлық адамзат дүниесін бағытты қылу. Ұлт мүшесі - әрбір адам бақытты болса, ұлты бақытты, адамзат дүниесінің бәрі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиедегі мақсұтты адам деген атты құр жола қып жапсырмай, шын мағынасымен адам етіп шығару. Педагогикамен жақсы таныс болу керектігі. Балаға тәрбие қылғанда әрбір тәрбиешінің алдымен қолданатын жолы - өз тәжірибесі. Яғни бала күнінде өзі қандай тәрбие алған, һәм балаға өзі бұрын қалай тәрбие қылған, міне, осы жолмен жүреді. Әрине, бұл жолды тіпті қисық жол деуге болмайды. Қысық болу былай тұрсын, тәрбие туралы әрбір тәрбиешінің өз тәжірибесі аса қымбат нәрсе. Адамның өз тәжірибесі – жүріп кеткен жолы. Ол жолдың жақсы-жаман жағы көз алдында сайрап тұр, естігеннен көрген анық. Бірақ бұл , әркімнің өз тәжірибесі қанша қымбат болғанымен, қатесіз жоқ деуге болмайды. Бір адамның тәжірибесі тым бірбеткей тәжірибе. Тәрбиешінің өзіне қолайлы болған жол тәрбие беретін балаға қолайлы болмасқа мүмкін. Тәрбиедегі мақсұт – баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес. Келешек өз заманына лайық етіп шығару ғой. «Балаңды өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет» деген Әзірет Әлінің сөзінде көп шындық бар. Екінші, әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбие қылуы туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып, келе жатқан тақтай жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелей баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті. Бірақ ұлт тәрбиесін, ұлттық тәрбие жолында ұстаған жолын түгелімен дұрыс деуге болмайды... Жоғарыда айтылғаннан көрінді, балаға шын дұрыс тәрбие беру үшін тәрбиешінің өз тәжірибесі, һәм ұлт тәрбиесімен таныс болуы ғана жетпейді екен. Бұлар бірбеткей, шикі тәжірибелер. Бұлар сыннан өткізіліп, пісірілмеген күйде берік негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жақсы-жаманын, алтын мен мысын теріп ала білу үшін тәрбие майданында шығып, ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен, қысқасы, тәрбие туралы дұрыс жолға түсіретін тәрбие пәнімен, яғни педагогикамен жақсы таныс болуы керек. Дене тәрбиесі. Жаңа туған бала бір кесек ет қана деуге болады. оның жан тұрмасы әлі білінбейді. Сондықтан ата-ана жас баланы тәрбиелегенде күшінің көбін баланың дене тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Жан дұрыс тәрбие етілсе болады, дененің қанша керегі бар деп ойлауға болмайды, дұрыс емес. Дене – жанның қабы. Қап берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене – жанның құралы. Құралы мықты болса, ішіндегі зат та берік болмақ. «Сау жан сау денеде ғана болады» деген адамзат дүниесінің ескі мәтелі – шын, дұрыс мәтел. Бөлеу һәм бесік. Педагогика ғалымдары бала бөлеуге атымен қарсы. Баланың дұрыс өсуіне, қаны жүруіне, асы сіңіуіне кесел деген көп дәлелдер көрсетеді. Бұл дәлелдердің салмақты екендігіне талас жоқ. Бірақ, қазақ тұрмысы көзімен қарағанда, бөлеуден безуге бола қоймас. Көшпелі абыр-сабыр тұрмыста бөлеудің пайдасы да бар шығар. Мәселе бөлей білуде. Тас қып бөлеп тастасаң, қанын тоқтатпақ түгіл, жанын да шығарып аларсың. Саулығына зиян келтірмей бөлеу туралы ой жүгірту үшін бесік жайында сөз қозғамай болмайды. Қазақ бесігі – аса ұсталықпен жасалған нәрсе. Жөргегі, тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі, түбегімен баланың таза, жинақы жатуына көп себепші.
Жан тәрбиесі. Бастапқы кезде баланың жан тұрмысы жолменді білінбейді. Бала өскен сайын бірте-бірте біліне бастайды. Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан дүниесін қатар алып бару керек. Қатар алып бару емес, бала өскен сайын тәрбиелей күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай беруге міндетті. Тегінде берік ұғу керек, адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан. Жанды дұрыс тәрбиелеу үшін жанның жайын баяндайтын ғылыммен таныс болу керек.
Педагогика пәні беске бөлінеді:
1. Жалпы дидактика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді.
2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді.
3. Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп белгілі бір пәнді қалай оқыту жолын көрсетеді. Мысалы, мектепте қазақ тілін қандай жолмен оқыту керек екендігін үйрететін пән қазақ тілінің методикасы деп аталады.
4. Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай салынды, қалай басқарылуға тиісті, сыныптарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек, міне, осылар сықылды мектеп құрылысы жолдарын көрсетеді.
5. Педагогика тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан, - педагогика тарихы осыларды баяндайды.
Педагогикаға жәрдемші пәндер. Педагогика адамның денесін һәм жанын дұрыс тәрбие қылу жолдарын үйрететін пән болғандықтан, педагогика пәнімен дұрыс пайдалана білу үшін, екінші түрлі айтқанда, адамды дұрыс тәрбиелеу үшін адамның денесі һәм жанының жайын кеңес қылатын басқа пәндермен таныс болуға тиісті. Бұл пәндер төмендегілер:
Дене туралы пәндер:
Анатомия. Адам денесінің құрылысын баяндайды. (денеде қандай мүшелер бар, жаратылысы қандай).
Физиология. Адамның денесінде болатын көріністерді баяндайды. (қан жүру, дем алу сияқты).
Гигиена. Саулықты сақтау пәні.
Гимнастика. Саулықты бекітуүшін түрлі дене қозғалысы туралы пән.
Жан туралы пәндер:
Психология. Адамның жанының жайын, жан тұрмысын, жан көрінстерін, жан күштерін, ақыл, қайрат, көңілдің жайын баяндайтын пән.
Логика. Дұрыс ойлау жолдарын көрсететін пән.
Этика. Құлық туралы пән.
Мағжан өз еңбегінде психология пәніне өте кең орын беріп, оны барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында өз білімдарлығын байқатады. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен бұрынғы және заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологиялық бояу, нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық. Жан көріністерін ол білу яки ақыл, сезім яки көңіл, һәм қайрат көріністері, болып үш тармаққа бөле келіп, олардың өзара табиғи үйлесімін Абай тұжырымдарымен байланыстырып, оларды ежелгі Шығыс ғұламаларының гуманизмімен үндестіре, тарих тереңінен сөз қозғайды. Шытырман мәселенің арқауын осылайша түйіндеп Шығыс кәусарынан мейірі қана сусындау, есейе келе Еуропа мәдениетіне құлаш ұрған Мағжанға етене жақын да түсінікті нәрсе. Ол сыртқы сезімдерді (түсініктер) көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп алты айырыммен анықталып алып, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиесіне ерекше назар аударады. М.Жұмабаевтың пікірінше, бұл сезімдердің сау һәм берік болуына, олардың өткір, терең, дұрыс қалыптасуына ыждаһат қылу керек. Бұлардың біреулері жақсы, біреулері нашар тәрбие қылынса, жан тұрмысы да тегіс бүтін болмақ емес. Әр сезімді (көру, т.б.) психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, ақын олардың әрқайсысына өзінше анықтама беріп, бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерге сүйену қажеттігін айтады. Мәселен, жарық дүниеге келген күннен бастап нәрестенің есту сезімін дамыту үшін әр түрлі дыбыстардың мән-мәнісіне көңіл бөліп, әсіресе бесік жыры үнінің тәрбиелік мәнінің зор екенін атап өтеді. [7;98б.]
Кітапта зейін туралы да біраз деректер бар. Оның бала зейінін тәрбиелеу жөніндегі айтқандары қысқа да болса нұсқа... Автор шәкірттерде зейін даму үшін әсердің күшті, жеке, жаңа болуын жаңа алынған білім мен ескі білімінің байланысуын және оның болашақ әсерге даярлау есебінде болуын талап ете отырып, оқу жүйесінің сабақтастығына мұқият зер салады. Ол кейбір оқушылардың абайлы (зейінді) болмауының себептерін де аша кетеді. Бұған дененің һәм жанның шаршауын, зейіннің толқынданып тұруын, бейғамдықты т.б. жатқызады. Автор бейғамдықтың екі түрін көрсетеді. Оның бірі ешнәрсеге абай тоқтата алмайтын өте қолайсыз түрі. Оған терең, ұзақ тәрбие қажет. Екінші түрі бір нәрсеге абайлы болып, басқа нәрселерге абайлы болмайтын адамдардың бейғамдығы. Ғұлама ғалым мұндай қасиеттің зиянсыздығын, мұның көбінде ғалымдарда сирек кездесетін ескертеді. Адам зейінін ол ерікті, еріксіз, табанды, табансыз, ішкі-сыртқы деп жіктейді. Бала абайы оның жасына, тәрбиелеу жолдарына тәуелді болатындығын айтады.
Автор «Ақыл көріністері» (ойлау) тақырыбын әсерлеу, оның пайда болу шарттары, күші һәм тоны деп жеке-жеке талдай келіп, кейбір психологиялық терминдердің мәніне тоқталады. Мәселен, «әсерленуді туғызған себепті, яки затты табуды перцепция, әсерленуді бұрынғы болған тәжірибемен толықтыруды апперцепция, ал апперцепция перцепцияны жеңіп кететін болса, ол уақытта иллюзия, яғни сезімде алдану пайда болады» - деп осындай психологиялық ұғымдардың әрқайсысына анықтама беріп, оларды жеке-жеке талдап ересек пен бала әсерленуінің айырмасын да арнайы сөз етеді. Адам өміріндегі естің алатын орнын көрсете келіп автор оларды есту, көру, қозғалту т.б. деп жеке-жеке қарастырады. Естің адам жасына байланысты өзгеріске түсетіндігін айта келіп баланың есін дамыту жолдарына тоқталады. Автор қиялды еріксіз және ерік сіз деп екіге бөледі. Қиял фантазия туралы ол былай дейді: «... жанымызда бар суреттеулерден қайрат жұмсап өзіміз тілеп жасау ерікті қиял. Берекелі қиял, яки фантазия деп аталады». Өзінің осы ойын әрі қарай жалғас тырып, фантазияның жасалу жолдарына тоқталады. – Олар: 1) заттардың өздерін, яки олардың бір мүшелерін зорайту, яки күшейту; 2) әр заттың түрлі мүшелерін бір-біріне қосу; 3) реті келгенде өздері де жиыла алатын көрінстерді бір суретке не адам мінездерін бір адамға жиюмен жасалатынын көрсете келіп: «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айнамақ. Мылқау өмірге үн беретін, ақау өмірге тіл беретін, жақты бар қылатын, барды, гүлді көрікті қылатын, бізді асыға аяқ бастырып, тәңірімен тілдестіретін сол - фантазия» дейді. Бала фантазиясының табиғатына ерекше көңіл қойып, оны өркендетудегі ертегіге, бала ойындары мен ойыншықтарының рөліне тоқталады. Бала темпераментін сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик деп бөліп, бұлардың әрқайсысына тән қасиеттерді ұтымды тілмен баяндайды, баланың жалпы жаратылысы, табиғаты туралы түсініктерді де қазақ ұғымына жатық, түсінікті берілгендігі байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет