Мазмұны кіріспе І. М. Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы ғалым м. Жұмабаевтың қазақ ғылымдағы қолтаңбасы М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары ІІ. М. Жұмабаев педагогикасы ұлттық тәлім-тәрбие өрнегі ретінде М



бет1/8
Дата08.04.2022
өлшемі70,97 Kb.
#138461
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
мағжан


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. М. Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы ғалым
1.1 М. Жұмабаевтың қазақ ғылымдағы қолтаңбасы
1.2 М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары
ІІ. М. Жұмабаев педагогикасы - ұлттық тәлім-тәрбие өрнегі ретінде
2.1 М. Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегінің құндылығы
2.2 М. Жұмабаев «Педагогика» еңбегіндегі танымдық бірліктер концепциясы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Жұмабаев Мағжан Бекенұлы – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Сол кездегі дәстүр бойынша әуелі ауыл молдасынан сабақ алады. Бұдан соң әулетті әкесі Бекен Мағжанды Кызылжардағы Бегішов медресесіне оқуға береді. Мұсылмандық орташа дәрәжелі білім беретін бұл медресе бес жылдай оқып бітірген соң 1910-1913 ж. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Осында жүріп «Садақ» журналын шығарысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. Абайдың өлеңдер жинағымен танысады, татар ақын, жазушылармен достасады, араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуін жалғыстырады. Орыс тілінен сабақ алады. Абай үлгісімен Шығыс һәм Батыс поэзиясынан бірдей нәр алады. 1913-1917 ж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны медальмен үздік бітіреді. Омбыда оқып жүрген кезінде сондағы жастармен тізе қосып «Бірлік» әдеби үйірмесін құрысып, оның «Балапан» атты қолжазба әдеби журналын редакциялайды. 1917-23 ж. «Бостандық туы», «Ақжол» газеттерінде және «Шолпан» журналында істеп жүріп халық ағарту жұмысына белсене араласады. 1923-26 ж. Москвада көркем әдебиет институтта оқиды. 1927-29 ж. Бурабай, одан соң Петропавлда муғалімдік, о,ытушылық қызметтер атқарады. Ақындық өнермен Қызылжар медресесінде оқып жүргенде айналыса бастайды. Курстық жұмыстың өзектілігі, М.Жұмабаев туралы айтқанда ең алдымен біз оның ақындығына тоқталамыз. Әлі күнге толық зерттелмей, өз бағасын алып, қоғамымыздан ойып орнын ала алмай отырған ақын таланытының бір қыры-педагогика саласындағы еңбектері. «Педагогика» еңбегі 1922 жылы Қызылжар қаласынан басылып шығады. Ол Педагогика және психология деген екі бөлімнен тұрады. М.Жұмабаев – әдіскер. Мысалы, «Ішкі сезімдердің біреуі-іш пысуяки зерігу» деген бөлімде былай дейді: «Мұғалім бір сөзді ұзыннан-ұзақ соза берсе, шәкірттің іші пысады, мұғалім үсті-үстіне төпеп, түрлі білімді, түрлі сөз айта берсе, бала мезі болып, іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімінің бәрін блаға тез білдіруде емес, басқыштап білдіруде. Сабақ оқытуда мұғалім өзі жинақы, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол баланың назарын өзіне қарата алады. Сабақ үстінде баланың ойнауы, тыныш отырмауы, бір-бірімен сөйлесулері мұғалімнің жинақы, жігерлі бола алмауынан»,-деген пікірі оның үлкен әдіскерлігінің дәлелі болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет