Мазмұны кіріспе І. ОҚу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері



бет24/37
Дата13.01.2022
өлшемі155,83 Kb.
#111486
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Байланысты:
stud.kz-88862 (1)

География. Географиялық ортада өмір сүретін орта және адамның қызметі өндірістің территориялық комплекстері – қоғам мен табиғаттың өзара әсерлесуінің саналы жаңа кезеңдері. Адам қызметінің табиғи ортаның өзгеруін бағалау. Адам қоғамының дамуының табиғат жағдайларына ықпалы. Мемлекет табиғи-әлеуметтік жүйе: өндіруші күшпен өндірістік қатынастың даму деңгейі. Табиғи және экономикалық потенциал. Қала экологиясы. Экологиялық мәселелер: глобальды, аймақтық, жергілікті. Табиғатты қорғауда шара қолданудың экономикалық тиімділігі. Табиғи ортаны бағалау және бақылау.

Химия пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар химия курсында игеруге тиіс.



Химия: ортаның химиялық өлшемдерінің нормасы. Олардың адамның химиялық іс-әрекетінің нәтижесін өзгеруінің шегі мен бағасы. Химия өндірістерін экологияландыру: қалдықтарды тазалау және залалсыздандыру, металдарды тотығудан сақтау. Қоршаған ортадағы химиялық заттарды нормаға келтіру. Қоршаған ортаның химиялық жағдайын бақылау.

Физика пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар физика курсында игеруге тиіс.



Физика: адамды қоршаған ортаның физикалық параметрлері, олардың физикалық антропогенді әсерлердің нәтижесінде өзгеруін бағалау: шудың деңгейінің жоғарылылығы, радиация, электромагниттік сәулелену, шаңмен ластану және т.б. Қоршаған ортаға тасталынған физикалық қалдықтар нормасы.

Физика, биология, химия, география пәндерінің оқу бағдарламаларының барлық мүмкіндіктерін оқып, зерттеу оқушылардың пәнаралық байланысты экологиялық білім мен тәрбие берудің зерттеуші моделінде комплексті түрде жүзеге асырудың кестесін жасауға мүмкіндік берді.

Оқушылардың экологиялық тәрбие беруде мектепте оқытылатын әр пәннің өзіндік ерекшелігі болатындығы сияқты, пәнаралық байланыс арқылы биология, химия, география, физика т.б. сабақтарында өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру ісін мектеп тәжірибесінде жаратылыстану ғылымдары арқылы іске асыру қазіргі уақытта дәстүрге айналуды. Биология, география, химия, физика т.б. пәндерде оқушы бойына табиғатты қорғауға баулитын сан түрлі тсезімдері оятудан гөрі табиғат туралы білім фактілерін жинақтап беру басым.

Мәселен, пәнаралық байланыс арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында жүргізіліп жүрген физика сабақтарына тоқталайық. 9-шы сынып оқушыларына физика курсының «Газдардағы, сұйықтардағы, қатты денелердегі диффузия» тақырыбына өткізілетін сабақты қарастыруға болады. Бұл сабақта физикасына көп көңіл бөлінбей диффузия құбылысы арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында, оның экологиялық мазмұнына басқа пәндермен, табиғатпен байланысына, оны қорғауға баса көңіл бөлінеді. Бұл сабақта өсімдіктерге, жануарларға және топырақ қалай ластанатынын көрсету керек. Мысалы, географиядан «Атмосфералық таза ауаны сақтау тәсілі», «Биосфераға адамның ықпалы», биологиядан «Клеткаға заттардың түсуі», «Өсімдіктердің өмір сүру жағдайы».

Осы тақырыптарға байланысты оқушыларға көрнекілік жасап, соны жетік түсіндіру керек.

Соңғы кезде көп пайдаланып жүрген дәстүрлі емес сабақ түрлері (лекция, конференция, пікірталас, семинар, т.б.) мұғалімдерге шығармашылықпен жұмыс істеудің көптеген мүмкіндіктерін ашып берді.

Семинар сабақта оқушылар алған білімінің тиянақты екенін көрсетіп, берілген сұрақтарды шешуге белсене қатысады.

Экологиялық тәрбие беру практикасында ойын әдістері көп қолданылуда

Экологиялық ойын – экологиялық білім берудің бір формасы. Ұстаздық тәжірибеде және түрлі жарияланымдарда ойынға қатысты көптеген термин түсініктер бар: (ұйымдық, іс-қимылдық, ойын, оқыту ойыны, педагогтық ойын, еліктеу ойыны, іскерлік ойын, рөлдік ойын, т.с.с.).

Экологиялық рөлдік ойын – экологиялық іс-әрекеттердің әлеуметтік мазмұнын, моделдеуге негізделген экологиялық ойын түрі. Ойынға қатысушылар белгілі бір рөлдерде ойнайды. Бұл ойынға қатысушыларды шын өмір жағдайына жақындата түседі. Рөлдік ойынды өткізу арнайы дайындықты талап етеді. Өйткені, болашақ мамандар өздерінің мамандықтары төңірегінде білімдерін жетілдіруі тиіс. «Космостық экспедиция» ойынын жүргізуге болады. Яғни, белгісіз ғаламшардан келген ғылыми топ біздің планетамыз туралы есеп беруге тиісті. Оған қоса экспедиция мүшелерін жердегі адамдармен қандай да бір байланыс жасауға тыйм салады. Экспедиция құрамына зоолог, ботаник, геолог, физик, химик, океанолог, палентолог кіреді.

1. «Сот процесі» ойыны экологиялық құқықтану білімін игеруге бағытталған ойын түрі. Бұл ойын экологиялық апатқа жол бергенге завод әкімшіліктердегі сот процесін көрсетіп, ойналады. Қатысатындар: прокурор, қорғаушы, кінә тағушы, куәгерлер, эксперт. Көрсетілген ойын сөзсіз жоғары сынып оқушыларын оқытуда қолдануға болады.

2. «Табиғат қаласы» ойынына жоғарғы және орта сынып оқушылары, сондай-ақ мұғалімдер қатыса алады. Қалада төмендегідей мекемелер құрылады:

1. Ботаникалық бақ. Өсімдіктер туралы викториналар.

2.Зоопарк. Жануарлар туралы викториналар, суреттер галереясы.

3. Табиғат тақырыптарына арналған карталармен танысу.

4. Ертегілер әлемі. Табиғат туралы жұмбақтар шешіледі.

5. Концерт залы. Табиғат тақырыбына арналған шумақтар.

6. Көркемдік салоны. Сурет көрмесі.

7. Кітапхана. Табиғат туралы кітаптар көрмесі.

8.Табиғат үсті. Плакат, фотографиялармен иллюстрацияланған табиғат тақырыбындағы баяндамалар. Ойын соңында қорытындысы айтылып, мерекемен аяқталады.

Сонымен қатар, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейге қойылып, «Қазақстан -2030» даму стратегиясында басты орын алған.

Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді:

1.Табиғатпен қоғам арасындағы қарым – қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми жүйесін беру.

2.Тұлғаның дүниеге деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу.

3.Экологиялық мәдениетті дамыту.

4.Қоршаған ортаны қорғауда белсенде бағытты ұстау және алған білімді тәжірбие жүзінде іске асыру.

Қазіргі уақытта дәстүрлі емес білім алудың жаңа бір түрі – оқу экологиялық соқпақ білім беру жүйесіне енді. Оқу экологиялық соқпақ дегеніміз – табиғатты қорғау ісінде экологиялық білім мен тәрбиеге оны насихаттауға бағытталған әрі ақпаратқа толы, ұйымдасқан және белгіленген маршрут. Оқу экологиялық соқпақтың басты мақсаты – табиғат аясында оқушы, білімгерлер т.б. келушілерге табиғат аясындағы экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Оқу экологиялық соқпақтың көптеген тиімді жақтары бар. Мысалы экологиялық соқпақ арқылы демалушылардың ағынын реттеп, табиғатқа зиянсыз бағыттарды меңгеруге мүмкіндік болады. Дәстүрлі түрде оқу экологиялық соқпақтар қорықтардың, табиғи бақтар мен ландшафтың қорықшалармен жанаса жатқан аралық зонада өтеді. Оқу экологиялық соқпақтар туристік маршруттарға ұқсас ұзындық (сызықтық), айналмалы (сақиналы) және тарамдалған (радиальды) болады. Бұлайша жіктеу маршруттардың ұзақтығын және қатысушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалады. Сонымен қатар соқпақты жіктеудегі негізгі критерийі - оның атқаратын міндеті, яғни танымдық серуендеу, танымдық туристік және оқу экологиялық болып ажыратылады. Бұлардың өзіне тән ерекшеліктері болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет