Алғашқы саты мектепке дейінгі және бастауыш мектепті қамтиды. Мұнда қоршаған ортамен танысу, адам мен табиғаттың бірлігі, өз үйінде, аулада, сыныпта, жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық, салауатты өмір салтының негіздері қалыптасады. Бұл сатыдағы оқытудың негізгі әдістері мен амалдары – экологиялық мазмұнға құрылған танымдық негізіндегі дамытушы ойындар.