Мазмұны кіріспе і-ші өндірістікпрактиканың Өту маңызымен міндеті


Шудан қорғайтын, ауа бассейнін тазартатын ағаштар, көгерістер, жасыл желектер орнатылған



бет6/11
Дата22.11.2023
өлшемі370,88 Kb.
#192905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ОТЧЕТ Абу Қанағат 1.0
Мақпал, бетон, №9 ауд сабақ, №6 сим сабақ, №6 сим сабақ 2, №4 сим сабақ, №4 сим сабақ 2, python
Шудан қорғайтын, ауа бассейнін тазартатын ағаштар, көгерістер, жасыл желектер орнатылған.
Бас жоспарды жобалағанда құрылыс ауданының (мекен жайының) ауа райы ерекшеліктері ескерілді.
Аяқ жолдарда көліктік жолдарда қатты құрамдағы қоспалар төселген.
Санитарлық—гигиеналық талаптарға сәйкес алаңдар мен жолдар бірнеше қабат асфальт төсеу арқылы, қоршаған ортаны қорғауға арналған шаралар сияқты жұмыстар орындалған.
Жоба бойынша бос алаңшаларды неғұрлым көп көгалдандыру қажет топ - тобымен және жеке ағаштарды, жалпақ (табақша) және қылқан жапырақты ағаштарды, бұталарды, көп жылдық әсемдік шөптерді, газондарды, гүлдерді, гүлзарларды және т.б. отырғызу көзделген.
Жобаланған алаңшадан ағын сулар арнаулы науалар мен ағын су (жаңбыр, тұрмыстық және т.б. сулар) жиналып ағызатын канализацияға жіберіледі.
Цокольді түрлі—түсті цементті қолдану арқылы сәнді сылау қолданылған. Терезелер, есіктер, балконның қоршаулары майлы бояумен екі рет боялған.
Қабырғалары жақсартылған сылақпен (жоғары сапалы) сылайды, кейіннен боялық шешімнің түріне байланысты силикаттық бояумен бояйды.
Горизонталь белдеу мен карниздерді жақсатылған (жоғары сапалы) сылақпен сылайды, кейіннен ақ түрмен силикаттық боямен бояйды.
Бас жоспар ҚРҚЖ3.01.01—2015 бойынша орындалған, ол бойынша ғимараттардың өртке қарсы талаптарға сәйкес бір—бірінен арақашықтығы ескерілген. Бұл талап бір ғимаратта өрт болса, екінші ғимаратқа таралмауы керек және оған өрт сөндіруші машиналар тез жете алуы керек. Жобада ғимараттың төрт жағында ол машиналар келетін жолдар қарастырылған.
Бас жоспарда басқа да ғимараттармен ара қашықтық сақталған, транспорттық(көліктік) жолдар қарастырылған, тротуарлар және басқа жолдар қатты құраммен төселген.

Сурет 3.1-Бас жоспар

Көлемдік-жобалау шешімдері деп – бұл шешімнің негізі болып қабылданған ғимараттың құрамы мен өлшемін айтады.


Қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттар мен үймереттерді жобалағанда олардың конструкциялық үлгілерінің түсініктеме жазбасы беріледі, көтергіш және қоршаушы конструкциялардың түрлері мен сипаттамалары, іргетастар, ұстындар, арқалықтар, қабатарлық және жабын плиталары, баспалдақ элементтері едендер, есіктер, терезелер, және т.с.с. конструкциялық элементтердің типтері, өлшемдері және сипаттамалары беріледі.
Конструкциялық элементтерді тағайындағанда ғимараттың функционалдық мағынасына қарай және оларға әсер ететін күшсалмақтардың түрлеріне қарай бірнеше нұсқалар қарастырылуы мүмкін және оның тиімдісі қабылданады.
Жобаланып отырған ғимарат рамасы кірпішті қабырғадан жасалынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет