2.2.Химиялық қасиеттері Аммиак сияқты аминдер де негіздер болып есептеледі. Алифатты аминдердің негіздік қасиеттері аммиактан жоғары болады. Себебі, алкил тобының оң индуктивті әсері азот атомының электрон тығыздығын арттырады. Осыған байланысты метиламиннің негіздік қасиеттері аммиактан 25 есе, этиламиндікі аммиактан 20 есе артады. Екіншілік аминдерде азот атомының электрон тығыздығын екі алкил тобы арттырады, сондықтан олардың негіздік қасиеттері біріншілік аминдерден жоғары болады: диэтиламиннің негіздік қасиеті этиламиннен үш есе жоғары. Бірақ үшіншілік аминдердің негіздік қасиеттері екіншілік аминдерден әлсіз болады. Триэтиламин диэтиламиннен әлдеқай-да әлсіз. Бұл жағдайда азот атомының протондануына үш этил тобының әсерінен кеңістіктегі болатын қиыншылықтарды ескерген жөн. Атомдар С — N және С — С байланыстардың төңірегінде еркін айналады. Мәселен, екіншілік амин пиперидиннің диэтиламиннен анырмашылығы тек екі алкил тобының тұйықталуында. Соған байланысты пиперидиннің негіздік қасиеті диэтиламнннен бір жарым есе артық:
Ароматты аминдердің, керісінше, негіздік қасиеттері аммиактан төмен болады. Себебі, оғап біріншіден арил тобыныц теріс индуктивті әсері болса, екіншіден азоттыл, бөлінбегсн қос электронымен ароматты ядроның электрондары ұштасады. Сөйтіп, орто-және пара-жағдайлардағы электрондар біршама тығыздалады. Соның нәтижесінде, біріншіден азот атомының электрон тығыздығы азаяды, (және аминнің негіздігі) екіншіден бензол сақинасындағы көміртек атомдарының электрон тығыздығы артады да оның электрофилді реагенттерге активтігі бірден жоғарылайды. Қарапайым ароматты амин-анилинге төмендегі формулаларды жазуға болады:
Көрнекті болу үшін бензол сақинасына берілетін электрондар азот атомының қасына қойылған.
Аминдер нвгіздер ретінде тек протонды қышқылдармен ғана емес, Льюис қышқылдарымен де әрекеттесіп, тұз тәрізді қосылыстар береді. Олардың молекулалары донорлы-акцепторлы байланыс арқылы байланысқан. Мысалы, (СН3)3NВҒ3 қосылыстағы N — В байланысты құраушы екі электрон тек азоттың атомына тиісті. Аминдерде бөлінбеген қос электрондардың болуы, кептеген рсакциялардың жүру бағытын анықтайды.