ІІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері арқылы көркемдік-эстетикалық тәрбие берудің әдістемелік негіздері.
2.1. Бейнелеу өнері пәні – балаларға көркемдік эстетикалық тәрбие беру көздерінің бірі.
Эстетикалық тәрбие әдісінің негізіне оқушы мен педагогтың көркем құндылықты қабылдауға, өнімді іс-әрекетке деген творчествалық қабілеттерді, әлеуметтік, табиғи, затты ортаға деген саналы қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеті жатады.
Өмір құыбылыстарын эстетикалық қабылдау әрқашан да дара әрі таңдамалы. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Оқушы әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзінде оқушының бастан кешірген қуанышының, талпынысының, толғануының маңызы зор.
Эстетикалық тәрбие әдістері тіпті алуан түрлі. Олар көп жағдайға: көркем информацияның көлемі мен сапасына, ұйымдастыру формалары мен іс-әрекет түрлеріне, баланың жас мөлшеріне бағынышты. Педагогтың даярлық деңгейі, шеберлігі мен қабылетінің атқаратын ролі аз емес.
Эстетикалық информацияны оқушы көптеген каналдар бойынша (әлеуметтіе орта, заттық дүние, табиғи құбылыстар, көркем шығармалар) алады. Сондықтан да картинаның, ертегінің, фортепианолық пьесаның музыкалық-бейнелік құрылу сюжетін тұтастай қабылдау өте маңызды.
Бұдан әрі педагог балаға дыбыстарды беріле тыңдауға, заттың бояуы мен формасын зер сала қарауға көмектесу үшін оның назарын детальдарды қабылдауға, мақсатты бақылауға аударады. Мәселен, телевизиялық хабарды көруде ересек адам балаға жеке кейіпкерлерге, олардың мінез-құлықтарына, әдеттеріне ерекше назар аударуды ұсынады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылар эстетикалық информацияны қалай алатындығына қарай (өнер туындысымен музыкалық пьесаны, әнді, ертегіні тыңдай, картиналарды көре отырып тікелей немесе әңгімелеп, түсіндіріп, сұрақтар қойып отырған тәрбиеші арқылы танысады) эстетикалық тәрбие әдістері мен тәсілдерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады. Оларға белгілі бір талаптар қойылады.
Әдеби және музыкалық шығарманы орындау көркем мәнді, эмоциялы болуы тиіс, әйтпесе өнермен кезігу әсерсіз болады. Сөйлесу әдісінде де оқушылар картинаның , өлеңнің, әнннің мазмұнын немесе тапсыпманың мәнін ғана түсінбей, кейіпкерлердің көңіл күйлеріне сәйкес жайды өз бастарынан кешіру үшін де жарқын образдылыққа жетулері қажет.
Әдістер іс-әрекеттің ұйымдастырылу формасына байланысты өзгеріп отырады. Көркем сабақтарда педагог дәл нұсқаулар береді, балаларға орындау тәсілдерін өздері табуын ұсынады т.б. Мәселен, өлең мен әндерді жаттап үйрену оларды үлкендердің алдын ала орындауын, шығарманың мазмұны мен күйін білдіретін көркемдік қасиеттері туралы әңгімелесуді, көрнекі құралдарды пайдалануды, балалардың тексті бірнеше рет қайталауын т.б. талап етеді. Көркем жапсыру сабақтарында балалардың өздері жеке бөлшектерден зат құрастыруға немесе тұтас материалдан (балшықтан, пластилиннен) жеке детальдар жапсыруға мүмкіндік беретін тәсілдерге үйретіледі. Демек, үйрету жеткілікті түрде тікелей өтеді. Баланың дербес іс-әрекет етуінде үлкендердің жетекшілігі жанама ықпалмен шектеледі, ол тек іс-әрекетке итермелеп, еске түсіреді немесе қателерді түзетеді.
Эстетикалық тәрбие әдістерінің мәні балалардың жас мөлшеріне де тәуелді. Кіші мектеп жасындағы балаларды әсемдік әлеміне тарта отырып, мұғалім оның назарын жапырақтардың күзде қандай болатындығына, бөлмеде реттілік, тазалық болудың қандай тамаша екендігіне аударады.
Балалардың алдына басты міндет – ересек адамның жетекшілігімен қоршаған дүниені активті "жасампаздықпен", бірақ олардың шама-шарқы жететіндей етіп өзгерту міндеті қойылады.
Бейнелеу өнері пәні бойынша оқу материалдарын жүйелі, бірізді және толық меңгеру мұғалімнің дұрыс іріктелген, ғылыми негізделген сабақ материалына байланысты.
Бейнелеу өнері пәні бойынша мұғалімдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, әрбір сабақтың мазмұнына көңіл бөліп қана қоймай, сонымен қатар оқу жылына толық сабақ жоспары жасалғаны жөн.
Бастауыш сыныптардағы тақырыптық сурет салу алдын ала байқау жүргізілгеннен кейін, көз алдына елестету арқылы сурет салудан тұрады.
Тақырыптық сурет салу үрдісінде балалардың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, сәуле түсіру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы, оқушылардың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Мұғалім балалардың тақырып бойынша сурет салуда, тақырыпты дұрыс таңдағанына көңіл қойып, олардың сурет арқылы өздерінің ойларының құрылымдық, эмоциялық, көркемдік жағынан дұрыс немесе бұрыс шешілгендігіне назар аудару қажет.
Баланы тақырыптық сурет салуда шығармашылық ой-өрісін, оның қиялдауын асыра бағалаудан да сақ болу қажет.
Ойлау үрдісінде сурет салушы заттар мен құбылыстардың жалпы заңдылық байланыстарын байқайды, ой абстрактілі үрдіс болғандықтан, тікелей сезім мен қабылдауға аталған байланыстар көрінбейді. Ойлаған затты көз алдына елестету сурет салуға дейінгі үрдіс.
Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстракциялау, т.б. үрдістер қатар жүріп жатады. Сонымен, бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып қалыптастырады. Аталған қабілеттерді көз алдына елестете білу мен біріктіру көркем ойлаудың негізін құрайды.
В.В.Алексеева "Баланың бойында суретші қасиетінің жоғалуына тек қана өкіну керек. Егер адамда дер кезінде ойлау дамытылмаған, қалыптастырылмаған болса, онда дабыл қағу керек, Өйткені ол бала маңызды жалпы адамдық негізден құр қалады", - дейді.
Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары болады. Оның осындай болуына тек болмыс туралы әсерлер ғана емес, сонымен бірге эмоциялық ойлау әсер етеді. Эмоциялық бастауды дамытпай, адамға нағыз қажет талғампаздықты, қиялдауды, көз алдына елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қалыптастыру мүмкін емес.
Бұдан басқа "Көркемөнерсіз өскен баланың мүмкіншілігі шектеледі, ал мүмкіншілік шектелуі қиялдау үрдісінің тоқтауына әкеледі, "- дейді Б.Т.Лихачев. Оның тұжырымдауынша, көз алдына елестету сөйлем дамуына тәуелді, яғни баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасының негізі болып саналады.
Қоршаған ортаға денен байқағыштықты, зеректілікті қалыптастыру көркемөнерлік материалдарды жылдам қабылдауға үйретеді. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынатыны мәлім.
Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен не болмаса сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мұғалім өз сабақтарын құрғанда, оқушыларды қоршаған ортаның әсемдігінің, пішіні мен түсінің қарапайымдылығын, заттардың әдемілігін бағалау қабілеттерін арттыруға бағыштайтын тәсілдерді қолданғаны жөн.
Туған жердің әсемдігін көру, түстердің ғажап әлемін ашу, суретші құралдарымен (графикалық, кескіндемелік) беру, әрбір қимылды мұғалімнің тыңдатқан музыкалық үзінділерінен есту – бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Тек қана қоршаған табиғатты қабылдау үрдісінде емес, сонымен қатар шығармашылық жұмыстарды талқылағанда да қатарласып жүріп жатуы керек.
Сондай-ақ, мұғалім әуездік-қолданбалы өнермен таныстырса әдемілік, әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдануы қажет.
Эстетикалық танымпаздық саласындағы балалардың алғашқы қадамы олардың суретке түсіретін бұйымдарды эстетикалық қабылдауымен, есінде қалғанын елестете сурет салумен, графиканы эмоциялық түсінгіштігімен тығыз байланысты.
Оқушылардың көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттері әдеби әуездік шығармаларымен көркемделеді. Ол республика өмірінен көріністерді тақырыптық құрылым арқылы көрсеткен кезде анық көрінеді.
Олар туған жерінің халық өнері, тарихи ескерткіштері, сәулет өнері туралы алғашқы білім алады. Бейнелеу өнері пәнінің мазмұндық ерекшеліктері оның елестету, қиялдау, көру, кеңістікке, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытуға бағытталуында.
Әрбір мұғалімнің алдына қойған мақсаты болады. Ал менің басты мақсатым болашақ өскелең ұрпақ бойына эстетикалық тәрбие беру. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамуына әсер ету мұғалімнің негізгі мақсаты. Мектепте эстетикалық тәрбие оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу, бала сезіміне әсер ету, сабақты қызықты өткізу әрбір педагогтың мақсаты.
Педагог сабақ беру кезінде үнемі ізденіс үстінде болады. Ол белгілі бір міндетті көздейді. Болашақ педагогтың міндеті кіші мектеп жасындағы бала бойында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру. Сонымен қатар оқушыларға сыныптан тыс оқу жұмыстарын ұйымдастырып оқушы қабілетін, сана-сезімін, эстетикалық сезіміне, ой-өрісіне, талғамына әсер етіп, оның сезімін ояту менің міндетім.
Бастауыш мектептегі эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдауға және одан ләззат алуға үйретеді. Ал оған болашақ ұрпақты жетелейтін біз болашақ мұғалімдер. Оқушы бойында эстетикалық көзқарас қалыптастыру сонымен қатар өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезінуге мұғалімдер жетелеуге міндетті. Өйткені, педагогтар кіші мектеп жасындағы бала сезіміне алғашқы қадам, бағыт-бағдар береді.
Мұғалімдер бала тәрбиелеуде көптеген педагогтардың пікіріне, әдісіне жүгіне отырып жұмыс жүргізеді. Баладарды тәрбиелеуде көптеген келеңсіздіктерге кездеседі, сондықтан мұғалім оқушы тәрбиесіне көп көңіл бөлген жөн. Әрбір өмір сүрген адамға әрқашан эстетика қажет.
Эстетикалық тәрбиесіз адам өмір сүре алмайды. Эстетикалық тәрбие балаға тек мектепте ғана емес, үйде, қоғамда, сабақтан тыс жұмыста, көшеде жүрсе де керек. Сол үшін біз мұғалімдер әрқашан көптеген педагогтармен пікір алмасып белгілі бір тиімді әдіске сүйене отырып жұмыс жүргізуіміз керек. Сонда ғана біз ойы кең, талғамы биік, ынтасы зор, қызығушылық қабілеті мол болашақ Қазақстан Республикасының эстетикалық тәрбиесі бар өскелең ұрпақ тәрбиелейміз.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рол атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілік тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені үйренетін етіп дамытуымыз керек.
Адамның әсемдікті және сәулеттілік, ұждансыздықты, қуаныш пен оның сапалы тәртібімен айқындалады. Осыдан келіп адамының әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу – тәрбие оқушының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселелердің қоғам дамуына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық көзқарастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсерлі жақтары ықпал етеді.
Эстетикалық көзқарастар адамның арақатынасын айқындайды. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектің кезеңінен бастап әдемілікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында аса құмарлықтары бар қатар-құрбыларына, ересектерге және балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болғаны оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балада сонымен қатар әсемдігі ашылады.
Ерік әсемдігін үйретіп, қоғамдық іс-әрекеттер әсемдігіне сезімталдығына тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбекке белсенділігін кеңейтуге дем береді.
Эстетикалық көзқарасқа тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жаңаша мағынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдарын өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін нығайтудағы бағытталғандығынан туындайды. Әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап теді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы сол арқылы санаға өте күшті әсер етуі жүзеге асады.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасы тәрбиелеу дамыған сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушының жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол –іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының эстетикалық көзқарысының дамуы, білім алуы, қалыптасу құралдарына айналды.
Кең ой-өрістік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнын және ақыл-ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, жан сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде оның нәтижелі, сұлулығы ерекше көрсетіледі.
Бейнелеу іс-әрекетінің барысында балаларға көп көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және эстетикалық тәрбие арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулықтары т.б. әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты дамытуы. Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дәлел беруінде болады.
Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбекті тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді.
Ерлік пен шын азаматтың әсемдігі адамдарды қоғамдық тәрбие және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді. Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болған нәрсе- оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы -өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салалармен тығыз байланысты қаралады.
Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдегін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.
Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесін көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбекті, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырлы өнерін білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қандай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну және оны түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән баласында бәрі бір, әрбір адамда білім болуы қажет.
Білім адамды тәрбиелік объективтік критерилерімен қаруландырады. Білім – адамды сұлулықты бағалай біледі, түсінеді.
Айналадағы дүние сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыласы, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады. Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру – эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті.
Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға бері үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным – бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы дәемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларында жоғары талап қою.
Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу жарысы өтікізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға – көркемдігін келістіре орындағаны үшін, екінші бағасы мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады.
Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдауымен, немесе шығармашылықпен байланысты іс-әрекетке мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда біздің қоғам өміріндегі қажетті мәселелердің бірі – баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек.
Қазіргі педагогикалық практикада кіші мектеп жасындағы оқушылардың творчествалық қабілеттерін дамытудағы неғұрлым тиімді әдіс блып табылатын творчестволық тапсырмалар беру кең қолданылады. Мысалы, өздерінше жұмбақ, ұйқас, синонимдер ойлап табу балалардың белсенділігін дамытады. Мұғалім балалардың өлең қиыстыруға, ойында ерекше қимыл табуға, биде жаңа композиция жасауға ықыласын тудырады.
Бейнелеу іс-әрекетінде ойлағандарын жақсылап жүзеге асырулары үшін мұғалім балаларға материалдарды, түс үйлесімдігін, формаларды т.б. таңдағанда өздігінен қызықты шешім табуды ұсынады. Осы шарттарды орындау үйретуді творчестволық процесті көтермелейтін мәнді факторға айландыруға мүмкіндік береді.
Кіші мектеп жасындағы балаларды көркем іс-әрекетінің маңызды шарты олардың өзіндік іс-әрекеті болып табылады, ол үлкендердің іс-әрекеттерімен өзара байланыста болады. Тапсырманы балының өзі жасай алатындай тәсілдер жүйесін қамтымасыз ету керек. Қабылдау, елестету, орындауды қалыптастыруға ықпал ету тәсілдерінің екі түрі бар.
Бірінші. Педагог балаларды шығармының мазмұны, сипаты, бейнелеу құралдары жөнінде өздігінен ой айтуға, өзінің және өз құрбыларының тапсырманы орындауларын бағалауға, балалардың өздері өткізетін түрлі теңестіруге, салыстаруларға жетелейді.
Екінші. Балалар неғұрлым күрделірек жағдайларда тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды, мысалы, фортепианоның сүйемелдеуінсіз ән айтады, алдын ала ескертпей ақ қимылдар жасайды, өз ойлары бойынша сурет салады. Өзіндік іс-әрекет неғұрлым жеңіл жағдайда да мұғалім не істеу керек екенін айтып, бала өзін-өзі бақылай отырып, өз орындауындағы кемшіліктерді өзі түзетуге тапсырма алады.
Бала сабақта өзіндік іс-әрекет жолдарын меңгеріп алып, оларды өзгенің көмегінсіз басқа жағдайларда қолданады.
Эстетикалық тәрбие творчестволық қабілеттерді дамыту үшін құрамына қабылдау мен елестету сапасы енетін арнайы тәсілдерді қарастырады: түстің, форманың, көлемнің үйлесімділігін, музыкалық дыбыстардың жоғары-төменділігі, созылыңқылығы, ырғағы, динамикасы бойынша арақатынасын, музыкалық, поэтикалық есту қабілетін, көркем талғамын тағы басқа ажырату.
Методикалық тәсілдер эмоциялық бастау, оқу мақсатын түсіну, машықтандыру сипатындағы және өзіндік іс-әрекет жаттығуларын қарастыру керек. Бұл жұмыс сәбилік шақтан басталады да жас сатыларына қарай бірте-бірте тереңдей түседі.
Әдістер мен тәсілдерді практикалық қолдану балалардың жас шағына және дара ерекшеліктеріне тура байланыста болады да бүкіл коллективтің және әр баланың жеке бет алысын есепке ала отырып, бөлек-бөлек құрылады.
Балалардың әнге, биге, өлең оқуға, сурет салуға, жапсыруға деген қабілеті ерте көзге түседі. Олардың бейімділігін зерттей отырып, қиындығы түрліше тапсырмаларды орындауды ескеретін методика жасап шығу қажет.
Мектепке дейінгі балалық шақта ойын методикалық тәсілдері кеңінен қолданылады. Егер мұғалім ойын жағдайларын туғызса, егер көркем материалдар тартымды формада берілсе, егер балалар арасында ойын жарыстары пайда болса, бала әр түрлі іс-әрекеттерді табысты игереді.
Кейбір әдістер қарама-қайшы сипатта болады. Бірақ оларды құрайтын тәсілдер бір-бірін толықтырып тұратындай болады. Міне, солардың кейбіреулері:
өнер шығармаларын, орындау тәсілдерін көрсету барысында айтатын мұғалім сөзі (түсіндіру, нұсқау) және көрнекілік әдістер;
саналы қатынасты талдай, салыстыра білуді дамытатын және эмоциялы толғануларды оятатын тәсілдер;
дәл атқарылуға тиісті іс-әрекеттерді көрсету және өзіндік іс-әрекет жолдарын қалыптастыру тәсілдері;
жаттығуға, дағдыларды жаттықтыруға бағытталған тәсілдер және өзіндік ерекшелікті, өзіндік орындалуды, тапқырлықты, құбылмалылықты қалайтын творчестволық тапсырмалар.
Тұтас алғанда мүмкіндігінше әртүрлі әдістер кешені ғана баланың толық құнды көркемдік дамуын қамтамасыз ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |