2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері
Эстетикалық тәрбиенің маңызды әдісі эстетикалық сипаттағы әркет іспетті ойын болып табылады. Фребель баланы эстетикалық тәрбиелеуде өнер түрлерінің барлығының да маңызды екендігін атап көрсетті. Оның көзқарасы өзі ашқан бала бақашаларда көрініс тапты.
Көркем эстетикалық жағынан дамыған оқушы бейнелеу шығармашылығында сабақтан сабаққа өткен сайын нақты, айқын, мәнерлі жұмыстар жасаса, керісінше, дамымаған балалар теледидардан көрген кейіпкерлерді: ұлдар "машина", қыздар ертегі мазмұна баяндалатын "ханшаларды" салып, салған суреттері кішкене сәбидің деңгейінде қалып отырады.
Балалар салған суреттерден сызықтар мен штрихтарды, жиектеме мен түсті дақтардың ерекше бай әлемін кезедестіруге болады. Сонымен қатар ондағы таңдаған мазмұнның тікелей қатысы мен болған оқиғаны қабылдаудың өзгешілігі және оны қағаз бетіне бейнелеу тәсілі де адамды қуантпай, таң қалдырмай қоймайды.
Бейнелеу әрекеті - жас суретшінің көңіл-күйі мен сезімін беру үшін үлкен қызмет теді. Бала қолына қарындаш немесе қылқалам мен бояу алған кезде ол өзін және өзгелерді толғандыратын оқиға мен көріністерді қағаз бетіне түсіруге ұмтылады. Бейнелеу әрекетінің нәтижелері баланың сурет салу шығармашылығының мәселелерімен айналысып зерттеушілердің қызығушылығын осы кезге дейін толғандырып келді және әлі де толғандыру үстінде.
Бейнелеу әрекетінде қабілеттілік психологтардың айтуынша туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Бейнелеу әрекетін жақсы меңгерген бала сурет салу үшін мазмұн таңдауда кең еркіндік алып, оның бастыпқы кезеңдегі ойы үлкен бір тұтастыққа ие болуына ықпал етеді.
Төменгі сынып оқушыларымен жұмыс жасауда теориялық талдау қортындылары мен өзіндік бақылауларды пайдалана отырып, оқушының білім, білік, дағдыларын арттыратын бейнелеу әрекетіндегі, яғни сурет салудағы әдіс-тәсілдерді ұсынуды жөн көрдік.
Бірінші сыныпқа келген оқушылардың бейнелеу әрекетіндегі біліктілік пен дағдылар деңгейінің арасында алшақтық өскені байқалады. Алғашқы жұмыстардың арасынан – ақ сурет салумен жүйелі түрде айналысатын оқушының биік деңгейі мен енді ғана сурет салуды бастаған оқушы арасындағы әлсіз дамыған деңгейді айқындау қиынға соқпайды.
Сол себепті, оқушылардың әртүрлі даму деңгейлерін бірдей ұстау, яғни сурет салу деңгейі төмен оқушының қарапайым көркемдік қабілеттерін дамыту мен көркемдік әрекет деңгейі биік оқушының қабілеттілігін әрі қарай жетілдіруге жағдай жасайтын сбақ ұйымдастырушы педагог үшін қиынға соғатын мәлім.
Бұл міндетті жүзеге асыру үшін, сынып оқушыларын бірнеше топтарға бөлу арқылы, яғни жақсы сурет салатын оқушы мен бейнелеу дағдысы нашар дамыған оқушылармен біріктіре отырыпөткізу тиімді болмақ. Себебі, жақсы сурет салатын оқушы дайындығы нашар оқушыға оның жанында немесе алдында отырып, сурет салудың қарапайым орындаушылық амалдарын еріксіз көрсетеді.
Бұл жерде сурет салмас бұрын салынатын суреттің ой-түйінін, құрылыстық шешімін айтып, талқылып алған жөн, сонда дайындығы нашар оқушы, жақсы сурет салатын оқушының суретіне қарап көшірсе де өзінің жеке ой-түйінін сақтап қала алады. Ал, суретті жақсы салатын оқушыға көркем бейнені айқындау, анығырақ етіп көрсетуге мүмкіндік беретін бір емес, бірнеше амалдарды қолданыумен байланысты күрделенген тапсырмалар беру қарастырылады. Мысалы, салынған суреттегі бұйымға сәндік өнердегі өрнек түзгіштерін ендіру арқылы безендіріп, суреттегі объектілерге қозғалыс беретіндей етіп, олардың бір-бірімен байланысын көрсетуді ұсынған жөн. Осылайша жұмыс жасағанда мұғалімнің де әрбір балаға жеке тәппіштеп, айтып жптпай-ақ уақытын үнемдеуге мүмкіндігі артады.
Осындай іс-жүзіндегі жұмыстар кезінде сыныпта сурет салу барысында төменгі сынып оқушыларының ойын дамытудың жолы болып табылатын бір-бірімен сөйлесіп, ой бөлісіп қарым-қатынас жасауы да пайдалы. Сол себепті өзімен парталас достарының дер кезінде айтқан кеңесі бейнелеудің кейбір өзіне тән бөлшектермен толықтырылып, байытылып отыруына септігін тиігізеді.
Ойын төменгі сынып оқушыларының назарын белсендіруге, бейнелерді дұрыс салуға деген қызығушылығын арттыруға, эмоциялық көңіл-күйін келтіріп көркемдік шығармашлығын дамытуға өз кезегінде жақсы нәтижелер береді. Кескіндеме түрін зерделеуде, оқушыны шеберлік орындау тәсілдерінің атауларымен таныстыруда ойын түрлерін пайдалануға болады.
Мысалы, суретші сурет салу барысында қандай көркемдік нәрсе-құралдарды пайдаланатындығын көрнекі түрде көрсету үшін, бір оқушыны суретші ролінде ойнатып, қалған оқушылар көрермен ретінде қатысады. Оның шеберханасында сурет салған әртүрлі жанрдағы шығармалар, мольберт, кенеп, түрлі-түсті, әртүрлі химиялық құрамдағы бояулар (акварель, майлы бояу, гуашь, сангина, тушь, пастель, көмір және т.б.) қылқаламның бірнеше түрі, қағаз, қатты қағаз. Көрермен суретшімен сұрақ-жауап арқылы қатынаста шығармамен және ол пайдаланған әр түрлі көрнекі нәрселермен таныс бола алады.
Бейнелеу өнері сабақтарында шығармашылық жұмыстардың әртүрлі тұрпаттары мен әдіс-тәсілдер түрін пайдалану, оқушының сурет салудағы шығармашылық үрдіске енуін белсендіріп, әртүрлі тұрпатта орындау әдіс-тәсілдерін игеруде жаңа шешім қабылдауына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |