Мазмұны Кіріспе і-тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы



бет1/5
Дата25.12.2016
өлшемі1,31 Mb.
#4629
  1   2   3   4   5
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................
І-тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы

1.1 Фразеологизмдердің түрлері және тұрақты тіркестердің басқа

тілдік тұлғалардан айырмашылығы..................................................................

1.2 Фразеологизмдердің белгілері.....................................................................

1.3 Фразеологизмдер және олардың зерттелуі.................................................
ІІ-тарау. Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі.

2.1. Аударма тарихы және теориялық мәселелері............................................

2.2 Фразеологизмдерді аудару мәселелері........................................................

2.3 Фразеологизмдердің көркем шығармалардағы қызметі және

оларды аударудың жолдары...............................................................................
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................

Кіріспе

Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі тарихи бел-белестер, ұлы өзгерістер, сыры ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші – көркем әдебиеттің де шынайы болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді. Ал осы тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігі – фразеологизмдер болғандықтан, әлем жұртшылығы XXI ғасырдың табалдырығын аттаған бүгінгі таңда әдеби тілдің фразеологиялық қорын зерттеудің теориялық және практикалық жағынан да өз негізі бар.

Жалпы, тіл білімінде фразеология мәселесі көп зерттеліп келеді десек те, әрбір әдеби тіл кезең ерекшелігін ашатын оның бай фразеологиялық қоры мен құрамы туралы арнайы зерттеулер жүргізілген емес. Яғни біздің бұл тақырыпқа арнайы баруымыздың себебі, әдеби тіл дамуының ұлттық кезең сипатын танытатын алғашқы көркем қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер ғылыми тұрғыдан зерттеу нысаны болған емес. Бұл – бір. Екіншіден, XX ғасыр басындағы қазақ прозасы тілі әр түрлі себептермен толыққанды зерттелмей келеді. Бұның үстіне осы кезең қазақ жазушылары шығармаларының аттары аталмай келгендері де болды. Шындығында, әдеби тілдің ілгері дамуына азды-көпті үлес қосқан ірілі-ұсақты кез келген қаламгердің аты аталып, шығармалары тілі жағынан да ғылыми айналымға енуі тиіс деген филологиядағы пікірлерді (профессор Б.Кенжебаев) ескеріп, алға тартар болсақ, зерттеу нысанының өзектілігі де осыдан анық көрінетіні сөзсіз.

Тілдегі фразеологизмдер – тілдік бірліктердің ішінде аккумулятивтік қызметі ерекше байқалатын, бірнеше мыңжылдықтар бойына пайда болып, дамып, қалыптасқан, әдеби тіл дамуы кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі. Әр жазушы өз өресіне қарай тілдің фразеологиялық қорынан қажетін алады да, өз кезегінде әдеби тілдің дамуына үлесін қосып отырады. Шын мәніндегі ағылшын көркем әдебиетінің ұлы тұлғалары ретінде танылып, Шекспирмен негіздеген жазба әдеби тіл дәстүрін әрі қарай жалғастырған ағылшын жазушылары осы тіл қазынасын мәнді материал, көркем құрал етіп, әдеби тілдің көркемдік дамуын ілгерілетті.

Көркем шығарма тілінің фразеологиялық қорын зерттеу – бір жағынан жалпыхалықтық тілдің кезеңдік ерекшелігін терең білуге себептессе, екінші жағынан, әр суреткердің тіл шеберлігін жан-жақты ашып, оның әдеби тілімізді дамытудағы рөлін анықтаудың бірден бір жолы болып табылады. Себебі фразеологизмдер көркем әдебиет (проза) қажетін өтеуде халықтың эстетикалық талғамын ақтайтын ең бір күшті тілдік құрал болып келеді. Сондықтан әдеби тіл дамуы кезеңдерінің көркемдік сипатын танытуда қомақты материалды «тілдің әдебилік сипаттарының біреуі» – фразеологизмдер береді.

Көркем шығарма тілін біршама терең зерттеген орыс ғалымы А.И.Ефимов әдеби тілдің негізі жалпыхалықтық екенін және сөз шеберлері сұрыптаған, байытқан тіл екенін айтады. Көркем әдебиет тілі, жеке жазушылар тілі – әдеби тілдің сипатын толығырақ көрсететін элемент және әдеби тілдің өзге стильдеріне қарағанда, жалпыхалықтық тіл нормасына көркем әдебиет тілі жақын тұр, яғни әдеби тілдің жалпыхалықтық сипаты көркем әдебиет тілінен көбірек сезіледі.

Көркем шығармада (прозада) тілдің сөз байлығы мейлінше мол жұмсалып, әр алуан ой мен сезімді білдіретін тілдік мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану орын алады. Яғни мұнда көркем тіл үшін икемділігі мол фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер жинақталады. Жазушы осы қазынаны пайдаланып, соның үлгісінде жаңаларын жасайды. Осы арқылы өз кезегіңде әдеби тілдің дамуын жетілдіре, толықтыра түседі.

І-тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы

1.1 Фразеологизмдердің түрлері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы

Фразеологизм – тілдің сөздік қорының айшықты да, мәнерлі де, бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді, бояуы қанық алуан түрлі тұрақты тіркестерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.

Фразеологизмдер – жазу, сөйлеу тілінің ажарын кіргізіп, құдіретін артгыра түсетін, көңілдегі көрікті ойды бейнелеп, астарлап, өзіндік бояу-нақышымен жеткізетін, көркем сөз қазынасында қорланып, қолдануға дайын тұратын, қалыптасқан сөз тіркестері.

Фразеологизмдер – тіл қазынасының байырғы да құнарлы қабатына, көркем сөз қорының сүбелі саласына жататын сыры мол, мазмұны терең, қолданыс аясы кең құбылыс. Мысалы: suit the action to the word – сөзді іспен дәлелдеу, beat it on the hoof – қара жаяу, жаяу жүру, to eat one’s words – өз сөзін қайтып алу, to make advances – келісімге бару, to take advantage – алдау, пайдалану, to win smb’s affection – біреудің көңілінен шығу, біреудің көңілін табу, to be afraid of one’s shadow – барлық нәрседен қорқу, өз көлеңкесінен қорқу, after – ақыр соңында, to turnd deaf ear – көңіл бөлмеу, pi jdw – насихат, in a jiffy – бір сәтте.

Фразеологизмдердің тіл білімінен ерекше орын алып, көптеген ғылыми зерттеулердің объектісі болуының себебі, біріншіден, олардың сан жағынан көптігі, екіншіден, тілдегі қолданыс аясының кеңдігі, үшіншіден, мазмұн-тақырып жағынан ауқымдылығы және, төртіншіден, тіл практикасында жиі кездесуі. Фразеологизмдер сонымен қатар барша рухани өмірдің байлығын жан-жақты сипаттауда да ерекше қызмет атқарады.

«Фразеология» деген термин тіл білімінде екі түрлі мағынада – біріншіден, тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ғылым деген мағынада, екіншіден, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жиынтығы деген мағынада қолданылады.

Фразеологизмдер – тарихи категория. Олар ұзақ тілдік қолданыстан кейін ғана тұрақтылыққа ие болады. Фразеологизмдерді басқа тілдік бірліктерден ажыратудың айырма-белгілері деп зерттеушілер мынадай үш негізге сүйенеді:

1) мағына тұтастығы (белгілі бір фразеологиялық единицаның ішіндегі сөздер бастапқы мағынасынан түгел немесе ішінара жартылай айырылып қалады да шоғыр тіркес тек біртұтас мағына береді);

2) тіркес тиянақтылығы (белгілі фразеологиялық единицаның ішіндегі сөздер бір-бірімен жымдаса байланысады, олардың орын тәртібі нық келеді, барлық жағдайларда дерлік бір шоқ тіркес өз қалпын сақтайды);

3) қолдану тиянақтылығы (белгілі бір фразеологиялық единицаның әрдайым айна-қатесіз, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай қайталана қолданылады).

Сөз тіркестері аталған белгілерге бірден ие болмайды, фразеологиялық мағынаға ауысу үшін бірнеше шарттарды қажет етеді. Олар:

1) тура мағыналы сөз тіркестерінің қоғамдық қатынастардың ауысуына, түрлі әдет-ғұрып, ой-сананың өзгеруіне байланысты алғашқы мағынасының көнеленуі нәтижесінде идиомалық оралымдар жасалады;

2) еркін сөз тіркестерінің мағыналық жағынан толығуы нәтижесінде фразеологиялық мағынаға ие болады;

3) жиі қолданылу нәтижесінде тілдік оралымшдар нақтылығын жоғалтып, алғашқы құрылымдары өзгеріске түседі де, тұтас тіркеске ауысады [1, 13].

4) сөз тіркестерінің алғашқы грамматикалық құрылымының өзгеруімен бірге, ғасырлар бойы айтылған тұлғалары сақталып, тиянақты құрылымға айналады.

Тіл білімінде фразеологизмдерге беріліп жүрген анықтамаларда бейнелілік — фразеологизмдердің басты қасиеттерінін бірі ретінде жиі көрсетіледі. Фразеологизмдердің экспрессиясын тудырудың бірден-бір жолы образдылық болып табылады. Еркін сөз тіркестерінің образға ие болуы — фразеологизмге өтудің бірінші сатысы.

Тура мағыналы еркін сөз тіркестері бір затты, құбылысты, басқа затқа, құбылысқа ассоциациялау (теңдестіру, ұқсату) нәтижесінде ауыспалы мағынаға ие болады. Еркін сөз тіркестерінің ауыспалы мағынаға өтуі - фразеологизмдердің алғашқы шарты. Ауыспалы мағынада жұмсалатын тіркестің белгілі бір нәрсеге теңелетін, баланатын түрлері адам санасында образ жасайды. Бейнеліліктің негізінде тура және ауыспалы мағынаның қарама-қайшылығы болады. Тілдік қолданыста ауыспалы мағынаға ие болған тіркестер дәл сол құрамында да тұрып, тура мағынада жұмсала береді. Кейбір тіркестердің алғашқы өз мағынасы әлсіреп, қолданыстан шығып қалады да, екінші ауыспалы мағынасы ғана тілдік айналымда қалады. Олардың ассоциацияланған негізгі құбылысы ұмытылады. Бұл — фразеологизм құбылысының бір белгісі болып табылады.

Фразеологизмдердің бейнелілігіне диахрониялық тұрғыдан келгенде мынадай факторлар әсер етеді:

1) экстралингвистикалық факторлар: фразеологизм образының уақытқа, қоғамға, әлеуметтік жағдайға, ұлттың тұрмысына, таным түсінігіне қатыстылығы;

2) лингвистикалық факторлар: бейнелілікті жасау тәсілдері, троп түрлері, теңеу, эпитет, метафора, гипербола, литота.

Фразеологизмдердің бейнелілігі экстралингвистикалық және лингвистикалық факторлар араласа қатар жүруімен жасалады [2, 110].

Фразеологизмдер тіл байлығынан ерекше орын алатындықтан, қазақ тіл білімінде олардың мән-жайын айқындау проблемалары да аса қажетті, өмірлік мәселелерге айналды.

Енді фразеологизмге қандай тілдік құбылыстар жатады, олардың басқалардан қандай түбірлі айырмашылықтары бар, оларды бір-бірінен ажыратуда нені басты белгі етіп ұстау керек деген мәселеге қатысты көзқарастарға тоқталайық.

Орыс тіл білімінде бұл салада көп еңбек жасаған ғалым-академик В.В.Виноградов. Ғалым фразеологиялық орамдарды фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірілік, фразеологиялық тіркес деп үшке бөлген. Фразеологиялық оралымдардың түрлері бір-бірінен әрқашан айқын ажыратыла бермейді, осыған орай, оларды классификациялау тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Тіл білімінде фразеологиялық оралымдар әр түрлі жағынан қарастырылып, осыған сәйкес, олар түрліше топтастырылған. Фразеологиялық оралымдар лингвистикалық әдебиеттерде бүтіндей тұрақты тіркестің тұтас мағынасы мен оның сыңарлары мағыналарының арақатысы жағынан топтастырылса, екіншілерінде – құрылымы жағынан, үшіншілерінде қызметі немесе эмоционалды-экспрессивті жағынан топтастырылады.

Академик В.В.Вииоградов фразеологиялық единицаларды бүтіндей фразеологизмнің біртұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңарлары мағыналарының арақатысы тұрғысынан топтастырған. Қазақ тіл білімінде де осы классификацияны бірден-бір арқау етеді.

Фразеологизмдер де негізінен үш топқа жіктеледі.

Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизмнің құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мысалы: to show the white feather – ақ жалау көтеру = қорқақтық таныту, қорқақтық көрсету; to kiss the hare’s foot – қоянның табанын сүю – кешігу.

Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекетті, сапа мен белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.

Фразеологиялық бірлік. Бұлар орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасалануы, я болмаса тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктер болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мысалы: to turn over d new leaf – жаңа бет ауш, жаңа бетті ашу = жаңа өмір бастау, to dance on a tight rope – керілген арқанда би билеу, тартылған арқанда би билеу = тәуекел ету, тәуекелге бару, нартәуекел.

Фразеологиялық тізбек. Бұлар еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шығады. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: to make allowance – есепке алу, to make up one’s mind – шешу, to make friend – достасу.

Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті мағынасындағы сөздің сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық мағынадағы сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады.

Ал, Н.М.Шанский «Лексикология современного русского языка» деген еңбегінде академик В.Виноградовтың жүйесіне төртінші етіп фразеологиялық түсінік (фразеологическое выражение) дегенді қосып, бұған, мәселен, орыс тіліндегі: ...қасқырдан қорыққан орманға бармас, жылтырағанның бәрі алтын емес, темір жол тәрізділерді жатқызады.

Сонымен Н.М.Шанский фразеологиялық орамға жататын тілдік тұлғалардың аясын кеңейте түсіп, оған кейбір термин сөздер мен мақал, мәтелдерді де кіргізеді.

Мақал, мәтел, термин сөздерді фразеологиялық орамға қатыстыру соны пікір емес, бұл сарындағы пікірді кезінде Л.А.Булаховский, А.И.Ефимов тәрізді тіл мамандары айтқанды. Тіл мамандары арасында бұдан сәл басқаша пікірлер де жоқ емес. Мәселен, орыс тілінің түсіндірме сөздігінің авторлары идиома, фразалық сөздерге мәтелдерді қосып, мақалды есепке алмайды, фразеологиялық орамға нені жатқызу, нені жатқызбау деген мәселеге байланысты тың пікір айтушы тіл мамандарынан Б.А.Ларин, Л.И.Молотков тәрізді ғалымдарды атауға болады. Бұлар фразеологиялық тұлғаларды идиом, фразамен ғана шектеп, мақал, метел, термин сөздерді одан тыс құбылыс деп қарайды. Дегенмен, орыс тіл білімі уәкілдерінің барлығы дерлік идиома, фразалардың фразеологиялық орамдардың белгілі тұлғалары болатынын көрсетеді. Пікір алалығын мақал, мәтел, термин, қанатты сөздер айналасында кездестіруге болады.

Ал қазақ тіл білімі уәкілдерінің көзқарастарына тоқталсақ, оның мән-жайы мынадай. Қазіргі қазақ тілі оқулығының бірінші басылымында: «...фразеологиялық тізбектер өздерінің жасалуы, фразалық материалы, грамматикалық байланысы, лексикалық мәні жөнінен төмендегідей үш ірі түрге бөлінеді: идиомдар, мақалдар, мәтелдер», - ал аталған оқулықтың 1962 жылғы басылымында: «фразеологиялық тіркестердің құрамына идиомалар және баска фразалық топтар жатады», - делінген.

Бастапқыда фразеологиялық орамға не жататыны айқын айтылған болса, соңғыда ол жалпы айтылған. Бірақ мақал, мәтелдердің де сөз болуына қарағанда, мұнда да олар фразеологиялық орамдардың белгілі тұлғасы ретінде алынған деуге болады.

Профессор М.Балақаев пен профессор Т.Қордабаев тұрақты тіркестерді идиомалық тіркестер, фразалық тіркестер деп екіге бөлген. Профессор А.Ысқақов та күрделі сөздерді топтастыру мәселесіне қатысты айтқандарында тұрақты тіркесті идиомалық тіркес, фразалық тіркес деп екіге бөледі. Профессрр К.Аханов: «...мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді фразеологиялық единицалардың қай тобына жатқызу – өте күрделі мәселе», - дейді.

Сонымен қазақ тіл білімінде де фразеологиялық орам тұлғалары идиома мен фраза болатыны күмән тудырмайды. Проблема фразеологиялық тұлғаларды басқа тілдік құбылыстардан ажыратуда нені межелік белгі етіп алу керек екендігіне байланысты туады.

Орыс тіл білімінде фразеологиялық тұлғалар жайында сөз қозғаған тіл мамандары оны басқа тілдік құбылыстардан ажыратарлық белгі ретінде, негізінен, компоненттерінің тұрақтылығын, бүкіл тіркестің беретін жалпы мағынасы бөліп-жаруға келмейтін, тұлғасының күрделі, құрылымы жағынан вариаттары болатын, сөйлеу кезінде құрастырылып жатпай даяр, жаттанды қалпында ойдан шығарып айтқандай қолданылатынын, басқа тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейтінін айтады. Ал қазақ тілінде тіл мамандары пікірлері де негізінен осы бағыттас болып келеді.

Фразеологиялық тұлғаларды онымен құрылымдас басқа тілдік құбылыстардан ажыратуда арқа-таяныш етіп жүрген белгілеріміз мүлтіксіз деуге келмейді.

Фразеологиялық единица, оның сөз тіркестеріне қатысы туралы мәселеге тоқталайық.

Сөз тіркесінің көптеген мәселелері жете зерттелмегенімен, оған фразеологиялық единицалардың қатысы арнайы зерттеудің объектісі болған емес.

А.Н.Коклянова «О границах фразеологии тюркских языков» деген мақаласында фразеологияның мол зертгелгенін айта келе, «Тұрақты сөз тіркестері негізінде екі тұрғыдан қаралады: не жеке бір түркі тілдерінің фразеологиясы ретінде, не белгілі бір жазушы шығармалары тілінің ерекшеліктері», - деп көбіне таза фразеологиялық тұрғыдан зерттенгендігін көрсетеді. Фразеологиялық единицалардың тілдің басқа да салаларымен қатысып арнайы көрсететін еңбектер де шыға бастады. Л.Архангельский, Г.Ф.Булгаков, З.В.Валюсинская-Донскова, В.П.Жуков, П.В.Орлов, Х.М.Сайкиев т.б. авторлар фразеологиялық единицалардың ішкі ерекшеліктерін айтумен бірге олардың тілдегі басқа да ерекшеліктерін, яғни синтаксистік ерекшеліктерін де арнайы сөз етті.

Фразеологиялық единицалар туралы көптеген мақала, еңбектер жазылды [3, 74].

І.Кеңесбаев еңбектерінде фразеологиялық единицаның синтаксистік жағы онша еленбейді. Р.Сарсенбаев, Ө.Айтбаевтың еңбектерінде фразеология тек таза ФЕ аспектісінде зерттелініп, синтаксистік ерекшеліктері сөз болмайды. Т.Қордабаев, Х.Қожахметованың, М.Копыленколардың еңбектерінде тұрақты тіркестердің синтаксистік ерекшеліктері біраз айтылады.

Сонымен, жалпы фразеология туралы шыққан еңбектерге шолу жасай келгенде, біріншіден, ол еңбектер өте көп, екіншіден, олардың бір бөлігі таза фразеологиялық аспектіде жазылған, үшіншіден, синтаксистік өзгешеліктері туралы жазылған еңбектер жоқтың қасы.

Профессор М.Балақаев сөз тіркестері, оның ішінде түйдекті тіркестердің жасалу жолының бірі – тұрақты тіркестер дей келіп, қазақ тіл білімінде тұрақты тіркестердің сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатындығын алғаш көрсетіп берді.

Тілдік фактілер әр уақытта да бір-бірімен тығыз байланыста қолданылуға тиіс десек, фразеологиялық единица да тілдің басқа салаларымен тығыз байланысты. ФЕ сол тілдік фактілердің ішінде синтаксис, оның ішінде сөйлем мүшесімем де, тіпті сөйлемнің түрлерімен де тығыз байланысты. Сол сияқты ФЕ сөз тіркестеріне де қатысы бар категория.

ФЕ сөз тіркссінің белгілі сыңары қызметінде жұмсала алады десек, оның өзінің іштей ерекшеліктерін айқындау қажет. Сөз тіркесінің сыңары қызметінде жұмсалуын сөз етуден бұрын олардың ішкі ерекшеліктерін айқындау ксрек. Сондықтан, біріншіден, ФЕ-ң сөз тіркесінің әрбір сыңарынан айырмашылығын, екіншіден, ФЕ-ң жалпы сөз тіркесінен айырмашылығын айқындау орынды.

Академик В.В.Виноградов ФЕ туралы айта келіп, оның сөзден бүтіндей айырмашылығының барлығын, бірақ күрделі сөзге ұқсастығы болғанымен, екеуінің жігінің бір еместігін көрсетеді.

Америка және ағылшын лингвистикасында фразеологияға арналған еңбектер өте аз. Ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді зерттеу, оларды аудару мәселесімен айналысқан Кунин А.В. Кунин А.В. өзінің еңбектерімен ағылшын фразеологиясының және де жалпы фразеологияның дамуына өте көп үлес қосты. А.В.Куниннің мынандай еңбектерін атауға болады: «Английская фразеология», «Фразеология современного английского языка», «Англо-русский фразеологический словарь» т.б.

Кунин А.В. фразеологиялық единицалар мен сөз туралы айта келіп, олардың төмендегідей өзгешеліктерін көрсетеді. Екеуінің бірінші айырмашылығы мазмұнында, екінші айырмашылығы жасалынуында, үшіншіден, фразеологиялық единицаның мағыналық құбылысы мен сөздің мағыналық құбылысы еш уақытта сәйкес келмейді деп сөзден айырмашылығын айтады [4, 15].

Кунин А.В. ФЕ мен сөз туралы айта келіп, олардың төмендегідей өзгешеліктерін көрсетеді. Екеуінің бірінші айырмашылығы мазмұнында, екінші айырмашылығы жасалуында, үшіншіден, ФЕ-ң мағыналық құбылысы мен сөздің мағылалық құбылысы еш уақытта сәйкес келмейді деп сөзден айырмашылығын айтады [4, 19].

А.И.Молотков фразеология, оның өзіндік ерекшеліктері туралы айта келіп, оны тілдің баска да өзіне ұқсас категориялардан, яғни, бір жағынан, сөзден, екінші жағынан сөз тіркесінен айырмашылығын көрсетеді. Сөйлемде фразеологизм сол тобымен бір бүтін ретінде жұмсалатын болса, ал сөз жеке дара-ақ өз алдына жұмсала береді. Фразеологизм мен сөз тіркесінің ұқсастығы:

1) екеуі де кемінде бірнеше сөзден болады;

2) екеуінің тарихи байланысы бар.

Міне, осы аталған еңбектерде сөз бен фразеологиялық единицаның айырмашылықтары арнайы айтылғанмен, әрқайсысында түрліше көзқарастың барлығы айқын.

І.Кеңесбаев сөз бен фразеологияның кей ретте мағына жуықтығы болғанымен, олардың арасына теңдестік белгісін қоюға болмайтындығын көрсетеді. ФЕ-да мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы қайталанбайды дей келе, ондай ерекшеліктер сөзде болмайтындығын айқындайды. Автор ФЕ-ң сөзден айырмашылығын айтса да оның сөз тіркесіне қатысы туралы сөз қозғамайды.



Сөз

ФЕ

1) Сөз бір ғана сөзден, ол түбір туынды, қос сөз, қысқарған және біріккен сөз болады;

1) ФЕ кемінде екі сөзден болады;

2) жеке сөздің әрқайсысының жеке лексикалық та, грамматикалық та мағынасы бар;

2) ФЕ-ң әрбір сөзінің лексикалық немесе грамматикалық мағынасы айқын емес сөздер;

3) сөз жеке-дара қолданыла алады;

3) ФЕ-ң әрбір сөзі жеке алынбай, сол тобымен бір-ақ жұмсалады;

4) сөзде жеке ғана ұғым болады.

4) ФЕ-да сол тобымен мағына тұтастығы басым.

Жалпы сөз бен ФЕ айырмашылығы мен ұқсастығы туралы мынадай қорытындыға келуге болады: фразеологизмдер мазмұн жағынан жеке-дара сөздің беретін мағынасына жақындайды. Алайда жеке сөз тікелей атауыштық мәнде жұмсалса, фразеологизмде бейнелік-атауыштық мағына басым. Сөз белгілейді, фразеологизм бейнелейді. Тұрақты сөз тіркесі атауыш мәнде жұмсалса да, экспрессивтік бояуы басым бағалау мәнінде жұмсалса да - бәрінің орнында сурет, бейне болады. Ол бейне көмескіленген оқиғалардың, дәстүрлердің, ырым-түсініктердің көлеңкесі немесе фразеологизм – заттың, құбылыстың күрделі құрылымын, сыр-сипатын дәл атайтын айшықты атау. Жеке сөздер көбіне халықтың тікелей дүние тану дәрежесінің айғағы секілді көрінсе, фразеологизм адамның ойлау мүмкіндігінің, психикасының, адамға тән түрлі табиғи қабілеттер мен қасиеттердің дәрежесін аңғартады.

Жалпы, еркін сөз тіркесі адамның өзін қоршаған объективті, субъективті дүниемен қарым-қатынасының дәрежесін көрсетеді.

Тілде тұрақты тіркес те, күрделі сөздер де лексикологияның қарайтын объектісіне жатады. Алайда екеуі де тілде атаулық қызмет атқарғанымен, бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар. Олар мынадай:

1) екеуінің де төркіні сөздердің еркін тіркесі болғанымен, одан ажырап, басқа категорияға қалыптасуға әр түрлі процестер ұйытқы болған, мәселен, тұрақты тіркес тұлғаларына идиомалану процесі, ал күрделі сөздерге фонетикалық фактор мен лексикалану, идиомалану, делексикалану, грамматикалану процесі ұйытқы болған;

2) екеуінде де қалыптасып қалған құрылым болғанмен, күрделі сөзге қарағанда фразеологиялық тұлғалардікі берік, бекем және де ол көп компонентті; оның құрамы күрделі сөздердей дербес мағынасы бар атаушы сөздермен шектелмей, оған көмекші сөздер де қатысады; олардың кейбіреулері сөз тіркесі, сөйлеммен де құрылымдас келеді;

3) идиома, фразалар күрделі сөздердей тура, ауыспалы мағынада емес, үнемі беймелі мағынада жұмсалады;

4) тұрақты тіркес тұлғалары сөз табы болмайды, бірақ негізгі сөз табымен орайлас келіп, оның сөйлемдегі қызметінде жұмсалады.

5) күрделі сөз басқа көздің жасалуына негіз болу қасиетін белгілі дәрежеде сақтаған, ал идиом, фразаларда ол қасиет жоқ.

6) күрделі сөздердің қолдану аясы кең, тұрақты тіркес тұлғалары негізінен, мінез-құлық немесе жеке затқа тән ерекше бір белгі-қасиетті білдіреді;

7) идиома, фразалардың дені басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейді;

8) фразеологиялық тұлғалар сөйлем ішінде қолданылғанда әуел бастағы түр-тұрпатын сақтайды, ал күрделі сөздер алуан түрлі қосымшалармен өзгеріп түрленеді.

Фразеологиялық тұлғалардың білдіретін жалпы ұғымы мен беретін мағынасына ой жіберсек, олардың бірі оны құрастырушы элементтердің бірде-бірінің лексика-семантикалық мән-мағынасына ешбір қатысы болмай, одан мүлде басқаша мағына білдіретіні, ал екінші бірі керісінше, ондағы сөздердің бірі немесе екіншісімен қалайда бір байланыста болатыны байқалады. Осыған орай бұларды өз ішінде екіге бөліп қарауға болады. Бүкіл фразеологизмдер идиомдар мен фразалық топтарға ажыратылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет