Мазмұны Кіріспе І тарау. Геронтология ғылымы туралы түсінік. Қартаң адамдардың проблемалары. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде. ІІ тарау. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы


ІІ тарау. 2. Егде адамдар бос уақытының психологиялық-педагогикалық типологиясы және шетелдегі бос уақытты өткізудегі тәжірибесі



бет3/6
Дата05.11.2016
өлшемі1,02 Mb.
#916
1   2   3   4   5   6

ІІ тарау. 2. Егде адамдар бос уақытының психологиялық-педагогикалық типологиясы және шетелдегі бос уақытты өткізудегі тәжірибесі

Қартаюшы адамдардың зейнеткерлікке шығу қиын кезең болып табылады, мұның өзі олардың өмір салтының түпкілікті өзгеруіне әкеледі. Жалпы уақыт бюджетінің қайта құру процессі өтеді. Еңбек қызметін тастай отырып, егде адамдар бос уақыты сияқты байлыққа ие болады. Осыған байланысты егде адамдардың бос уақытын үнемді өткізуі өзекті мәселеге айналды.

Бос уақыт мазмұнына түрлі анқытамалар беруге болады. Біздің көзқарасымыз бойынша, В.И.Пименованың классификациясы нақты болып табылады. Бос уақыт қызметінің үш тобын атап көрсетеді: бірінші – қоғмадық пайдалы қызмет, осының негізінде рухани құндылықтар жасалады. Оған қоғмадық жұмыс, өнертапқыштық, көркем шығармашылық түрлері оқу жатады; екінші топ – рухани құндылықтардан тұтыну, кітап, газет, журнал оқу, теледидер көру, театр, кинотеатрға бару; үшінші топ – түрлі демалыстар, яғни дене тәрбиесі, спорт, туризм сияқты, белсенді түрі мен пассив демалыс түрі.

Г.А.Евреева бос уақыты пайдаланудың негізгі үш деңгейін атап көрсетті: біріншісі – қабілетті дамыту мен шығармашылық мүмкндіктерін жасаушы әрекеттер; екіншісі – рухани және тән қажеттеліктерін қанағаттандырушы әрекеттер; үшінші – шығрамашылық және әлеуметтік потенцияны арттыру, және деструктивті (антимәдени) әрекеттер.

Бос уақытты егде адамдар қызметін ұйымдастыру жүйесі олардың қажеттіліктері, мүдделерімен, мәдени мақсаттары және идеялары арқылы анықталады. Бір қажеттілкті қанағаттандыру басқа бір қажеттілікті тудырады. Мұның өзі демалыстүрін байыта түседі.

Э.В.Соколов демалыс құрылымын «қабат» немесе бір-бірімен ерекшеленетін деңгей түрінде елестеді. Мұнда бір деңгей екіншісінен нақты қызмет мазмұны, ақыл-ой дәрежесі, эмоциясы, рухани белсенділігі арқылы ерекшеленеді. Э.В.Соколов демалыс құрылымында келесі деңгейлерді қарастырады: бірінші саты – демалыс ол шаршауды басады. Мұндай демалыс алыс мақсатқа мөлшерленбейді, ол өте пассив. Пассив демалдыс шексіз түрде жалғаса аламайды. Ол анағұрлым дамыған демалыс деңгейіне көтеріледі, оны көңіл көтеру деседе болады. Көңіл көтеру өзін-өзі жеңіл сезіну қажеттілігінен туындайды. Көңіл көтеру формасы ойын деп те аталады. Демалыстың бұдан да жоғары деңгейін ағарту деп атайды. Ол өзінен үлкен деңгейін шығармашылыққа өтуді талап етеді. Шығармашылық - қызметтің ең еркін түрі. Демалыс, көңіл көтеру, ағартудан өзіндік бағасы арқылы ерекшеленеді.

Егде адамдардың босуақытын өткізуі туралы түрлі пікірлер бар. Кейбір авторлар (Н.Н.Сагун, Г.Н.Москалес) тұлғаның қартаюы объективті жағдайлармен өмір салтындағы өзгерістер әсерінен егде адамдар кейбір қасиеттерін жоғалатып, оның жаңасына ие болып отырады деп есептеледі. Ал басқалары (Н.Н.Щербакова) егде адамдарға өмір бойы қалыптасқан сенім сақтап қалуға ұмтылу тән деп біледі.

Басқаларға қарағанда біздің еліміздің қарттары екі-үш есе босуақытқа ие. Ірі қалаларда қарттар көп бос уақытқа ие болады. Орта есеппен алғанда әр аптада 30-50 сағатты иемденеді. Сөйтіп олар зейнеткерлікке шыққан кезде демалысын қалай өткізу керектігін дұрыс болжай алады. Цицерон «Қарттық туралы» былай деп жазады: егер ол (жан) әрекеттен білімнен қорек алса, онда демалыстан артық ешнәрсе жоқ.

Демалысты дұрыс өткізуге қаржы тапшылығы кедергі болса, онда ол олардың өмір салтына әсер етуі мүмкін.

Өз өмір салты бірыңғай, қозғаыссыз, пассив өтетін егде адамдарға демалысқа онша құлшыныс тудырмайды. Егде адамдардың аз бөлігі ғана өз демалысын таныстары, достары, бұрынғы әріптестері, туыстарымен қарым-қатынас жасау, түрлі мәдени нәрселерге (спектакель, музей, лекция) сондай-ақ түрлі әуесқойлықпен шығылданады.

Сөйтіп, олар кенеттен бос уақыттың пайда болуын, оған бейімделуін және оны дұрыс өткізуді ұйымдастыра алады. Егде адамдар босуақытын өткізуге сенімсіздік танытса, олардың бойында депрессия болып және өзін-өзі дұрыс сезінбейді.

Егде адамдардың бос уақытты қалай өткізуі мәдени білім деңгейіне де байланысты болады. В.В.Никитенко жүргізген демократиялық талдау мынаны көрсетті: басқа жас ерекшелігі топтарына қарағанда егде адамдардың білім дәрежесі елеулі түрде төмен екендігін көрсетті. Бірақ, зейнеткерлікке шыққан адамдардың білім деңгейі бірте-бірте тұрақты түрде жоғарлайтындығын атап өтуі қажет.

1980 – 88жылдары жүргізілген зерттеулер мұны дәлелдей түседі. Зерттеулер мәдени-ағартушылық шақта демалыс түрлеріне шығынды аз жұмсайды, әсіресе ер зейнеткерлер. Кинода, театрда тіптен болмайтындар 44,5%-ды құрайды.

Бұл еңбек етуші ер адамдарың пайызынан 3,5 есе артық екендігін көрсетеді. Сауал жүргізу нәтижесі мынаны көрсетті.

Егде адамдардың қызығушылығына талдау жасау олардың клуб мекемелеріне жай келе алу мүмкіндігін көрсетті.

Алайда, тәжірибе эксперименттік жұмыстың бірінші кезеңінде егде адамдар барлық қызмет түрінен үйде ғана айналысатындығын дәлеледеді. Олардың 3,6%-ы ғана достарымен клубта кездеседі, 3,7%-ы бау-бақша шаруашылығы клубында ұшырасады. Бос уақытын кіммен бірге өткізеді деген мәселе бойынша мынадай мәліметтер алынды: отбасы мүшелерімен - 62%, жалғыз өзі – 34,9%, туыстарымен – 31,1%, әріптестерімен бірге - 31%, жастық шақтағы достарымен – 29,2%, көршілеріменен – 26,2%. Егде адамдар кейде бірнеше нұсқаны да айтатын. Қай жастағы адамдар мен бос уақытын өткізеді? Деген мәселе бойынша мынандай мәліметтер алынды: 27,6% - орта жастағы адамдармен; 25,6% - құрдастарымен; 19,4% - достарымен; 8% - жасөспірімдермен.

Зерттеуде егде жастағы адамдар ұнататын қызмет түрлері айқындалды: «Сізге келесі қызмет түрлері қаншалықты дәрежеде маңызды?» - деген сауал қойылды.

Соның нәтижесінде маңызды қызмет түрлері бұл отбасында болу, немерелерді тәрбиелеу, одан кейінгі орында теледидар көру, радио тыңдау, өз білімін жетілдіру, қоғмадық қызмет, театр, кинотеатрға бару. Сөйтіп,отбасы қарым-қатынасымен кейінгі орынға бұқаралық ақпарат құралдары екендігі айқындалды. Коллекция жинау, көркемөнерпаздылықпен шұғылдану, әдебиет және өнермен айналысу маңызды немесе маңызы аз деп танылды.

Анкета жүргізу барысында, демалыстың білімге жас ерекшелігіне жиналысына тәуелді екенідігі анықталды.

Бастауыш білімге ие егде жастағы адамдар демалудың пассив формаларын қалайды, яғни теледидар көру, радио тыңдау, отбасында болу, үй шаруашылығымен айналысуды ұнатады. «Сіз клубта немен айналысқандығын қалар едіңіз?» - деген сауалға респонденттер былай деп жауап берді: жай ғана демалу – 3,02%; теледидар көру – 2,01%; таныстарымен кездесу – 7,4%.

Толық емес орта білімге ие егде адамдар демалудың пассив формаларымен бірге өнер және әдебиетті сүюші клубын, «денсалық», декаративті қолданбалы шығармашылық клубын атады. Олар мәдени-ағарту қызметтеріне қатысуды қалайды: құрдастарымен қарым-қатынас жасау – 3,09%; пайда болу тәжірибиесін үйрету – 1,4%; қызықты ортаны іздеу – 2,7%; сүйікті ісімен айналысу - 2,2%.

Орта білімге ие егде адамдар демалыс ісінде демалыс ісінде өте белсенді болып келеді. Олар дене тәрбиесі, өз білімін жетілдіру қызмет түрлерін қалайды. Олар да мәдени-ағарту жұмысына, яғни өздеріне пайдалы болу, өз тәжірибесі мен білімін тарату, сүйікті ісімен айналысу, құрдастарыменқ қарым-қатынас жасау сияқты түрлері де іске асады. Бұл адамдар еңбек және соғыс ардагерлері кеңесіне, қиын балалармен жұмыс істеуге көмек көрсете алады.

Орта арнайы білімге ие адамдардың жағдайы тіптен басқаша. ОЛар достары ортасында болуы, дене тәрбиесімен айналысу, қоғамдық жұмыспен шығылдану және өз білімін жетілдірумен айналысуды қалайды.

Жоғары білімді егде адамдар бірінші орына мынадай қызмет түрлерін қояды: өз білімін жетілдіру, қоғамдық жұмыс.Мәдени-ағарту жұммысында мынадай нақты көмек ұсынады – лекция оқу, сұхбат жасау, хабар жіберу, кеңес беру. ОЛар жастармен, жасөспірімдермен, балалармен жұмыс жүргізуге дайын. Түрлі әдеби музыкалық кештер ұйымдастыруда қалайды. Егде жастағы адамдардың демалыстиптерін анықтауда бос уақытта немен айналысуын, олардың өмір салтын көрсететіндігін ескеріледі.

Кейбір әлеуметтік күштер (В.А.Грушин) былай деп атап көрсетті: егде адамдардың отбасы міндетін бірнеше ұлғайту және сақтап қалу қажет. Егде адамдардың үй шарушалығын жүргізе отырып, олар өз денсаулығын, демалысын шағым етеді.В.А.Грушин түрлі жасерекшеліктерді топтар арасында бос уақыт үшін күрес өту деп есептейді. Әлеуметтанушылар олардың отбасындағы мынадай міндеттерін атап өтеді: немерлеріне қарап, оларды тәрбиелей отырып, жас жұбайларға көмек көрсету, үй шаруашылығыменотбасы бюджетін жүргізу, жас жұбайлардың қоғамдық, өндірістік жұмыстарына белснеді араласыуныа мүмкіндік беру, дау-жанжалдың алдын алу. Сонымен қатар, В.Д.Шапиронның зерттеу мәліметтері бойынша егде адамдар отбасында жеке мақсатты, мазмұнды және пайдалы жұмысты сақталуын қамтиды.

Мәселені теориялық жағынан зерттеу түрлі сауалдар жүргізу, бақылау, көркейту және тағы басқа әлеуметтік педагогикалық әдістер көмегімен жеке өзіндік зерттеу жүргізу іске асырылып оған 675 респондент қамтылды. Сауалнама жүргізудің мақсаты егде адамдардың демалысын ұйымдастыру мәселесінің кейбір жақтарын анықтау болып табылады. Атап айтқанда, бос уақытты бағдарлаушы туралы, осы уақыт көлеміне деген көзқарас, әлеуметтік күнделік ретінде демалысты бағалау, объективті және субъективті мүмкіндіктерге баға беру. Егде жастағы адамдарға мынадай сауалдар қойылды: «Сіздің сүйікті шаруаңыз қандай?», «Бос уақытты кіммен бірге өткізесіз?», «Бос уақытыңызда үйде отырасыз ба, әлде клуб, не болмаса белгілі бір мәдени мекемесінде боласыз ба?».

Егде адамдардың ұжымдық дамалу формаларын зерттеу оның өте аз жағдайда орын алатындығын көрсетті. Олардың 3,3% ғана түрлі үйірмелер мен секцияларға, мәдени-ағарту қызметіне қатысады. Мүлдем демалыстың кең тараған түрі-өзге елдермен қарым-қатынас жасау, қонақ күту және қонаққа бару-78% ; кинотеатрға бару- 68,9%; түрлі қатысымдарға бару-4,9%.

Л.Д. Гордон, Э.В.Клопов «Человек после работы. Социальные проблемы быта мвнерабочего времени» атты монографиясында егде адамдардың достарымен көшеде жиі кездесетіндігін атап көрсетеді. Бұл әрекет ерекше назар аударуды қажет етеді.

Қарттық кезеңде достықтың ролі ұлғая түседі. Жақын туыстарынан айырылған егде адамдарда достарымен қарым-қатынас жасау қажеттілігі өрши түседі. Егер зейнеткерлікке шыққан адам демалысты қалай өткізуді ұйымдастырмаса, отбасында оны дұрыс қолданбаса, онда адамның қызығу шеңбері тарыла түседі.

Егде адамдардың рухани құндылық қажеттілігіне әсер ететін маңызды факторларының бірі зейнеткерлікке шығу алдында тиісті қажеттіліктердің қалыптасуы болып табылады.

Сөйтіп, зейнеткерлікке шыққан соң демалыс уақытының елеулі түрде ұлғаюы салдарынан оны пайдалану сапасы төмен деңгейде қалуда. Бос уақытта белсенді түрде өткізу факторлары арасында демалу біліктілігінің өте төмен деңгейде екендігі атап өткен жөн. Егде адамдар немерелері жағдайын өз мойнына алады, осы арқылы эмойиялық қажеттілікті қанағантандырады. Олар зейнеткерлікке шыққанға дейін атқармаған ісін осы арқылы, яғни өскелең ұрпақ тәрбиесі арқылы атқарады. Мұның өзі көп күш пен уақытты қажет етеді.

Демалыстың ең дамыған түрі –кітап оқу. Әсіресе әйел адамдар ерлерге қарағанда (газетті есепке алғанда) кітапты көп оқиды. Ерлер газетті көп оқиды, теледидар алдыңда 2 сағаттан көп отырады.

Еркін қарым-қатынас жасауға, талпынудың күшеюі еңбек етудің азаюымен ғана байланысты ғана емес, қарттықтың әлеуметтік психологиялық табиғатына да тиісті. Рухани қажеттілік пен байланысты уақытты шағымдау мәселелер болып табылады, көркем әдебиет, газет оқу.

Газет оқу кітап оқуға қарағанда көбірек орын олады. Өйткені егде адамдар күнделікті қоғамдық-саяси оқиғалармен қызығып отырады.

Демалыс сипатына егде адамдардың бұрыңғы әлеуметтік жағдайында әсер етеді. Зейнеткерлікке шыққан әйел және ер жұмысшыларда бос уақытты өткізудің нашар демалған формалары мен пассив демалыс көбірек орын алады. Зейнеткерлікке шыққан бұрынғы қызметкерлерде дене еңбегімен айналысу және қоғамдық пайдасы қызметпен шұғылдану орын алады. Ең белсенді демалушылар ер қызметкерлер, одан кейінгі орында әйел қызметкерлер, соңғы орында әйел жұмысшылар.

Қызметкерлердің мұндай жоғарғы көрсеткіштерге ие болуы бірқатар фактілерімен түсіндіріледі; жоғарғы білім, материалдық жақсы қамтамасыз етілуі, немерелерімен бірге тұрмауы. Аталған факторлар кинотеатр, театр, концерт, мұражай, көрме, лекцияларға қатысуға мүмкіндік береді.

Ер жұмысшылар көбіне домино, карта ойнаумен бос уақытын өткізеді.

Әлеуметтік және экономикалық дамуы түрлі деңгейдегі елдерде тұрғындардың қартаюы бірдей болып келмейді. Бір елдегі тұрғындардың территориялық және этникалық белгілері, өмір деңгейі, әлеуметтік және кәсіби статусы бойынша да қартаюы әр түрлі болып келеді. Батыс елдеріндегі егде адамдардың сана-сезімінің өсуіне егде адамдарды біріктіретін жалпы ұлттық және жергілікті қоғамдық ұйымдардың құрылуы себеп болуда. Мәселен, олар –Америка зейнеткерлері қоғамы, оның құрамында түрлі мәліметтер бойынша 9-15 млн. адам бар; зейнеткерлердің ұлттық одағы (Ұлыбритания); Аға ұрпақтың федералды конгрессі (ГФР); Жасы үлкендер қоғамы (Канада); Егде адамдар істері бойынша кеңестер (Австралия); Егде адамдар клубының Ұлттық федерациясы (Жапония) т.б.

Бұл ұйымдар ауқымғы мәселелерді қарастырады. Өз мүшелерін әлеуметтік сақтандыру, оларға тиісті құқықтар мен жеңілдіктер туралы ақпаратты қамту, егде адамдар демалысын ұйымдастыру және мүдделерін мемлекеттік деңгейде шешу, саяси, әлеуметтік және мәдени акцияларға қатысуға жеңілдік көрсету.

«Таймс»газетінің хабарлауынша егде адамдар АҚШ –та санасуға мәжбүр ететін сала күшке айналуда. Олар түрлі саяси және әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене қатысуда.

Белгігі американ ғалымы Р.Батлердің айтуынша; «Батыста жүріп жатқан,Ақ шешта төңкеріс» жеке зерттеуді қажет ететін нысан болуда. Бұл феномен нң алдымен өткір әлеуметтік-мәдени мәселе ретінде зерттелуде.

Америкае мамандары К.Манич, Э.Пикеортс, Дж. Мачано егде адамдарға арнадған бес өзекті бағдарлманы көрсетеді: кәсіби-техникалық оқу. Мұнда машинада жазу, бухкгалтерлік іс уақытша еңбек етуде қажет болады. Мәдени қызметте бүкіл өмір мазмұны байытылыдаы. Бұған өнер және көркем қолөнер қызметтері енеді. Философия, психология және жаратылысы – математика ғылымдарымен айналысу аз таралған. Денсаулыққа байланысты біліммен қарулану қартаю кезінде иенің қажет екендігін көрсетеді. Отбасы білімін беру ең алдымен өзгерген әлеуметтік және отбасы жағдайларына бейімделуді қажет етеді.

Батыс елдерінде төмен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзіне-өзі немесе біріне-бірі көмек беру топтары пайда болды. Кәсіби қызметкерлер басқаратын дәстүрлі әлеуметтік қызметтен мұның ерекшелігі – егде адамдардың өз бетінше ұйым құруы. Олардың мақсаты қиын жағдайда бір-біріне түрлі дәрежеде көмек көрсету. АҚШ, Канада және бірқатар Батыс елдерінде мұндай ұйымдар әсіресе, пансионаттарда, қонақ үйлерде, жатақханаларда бірге өмір сүріп жатқан, қарттар арасында әрекет етеді.

Соңғы жылдарда жоғарғы оқу орындарында егде адамдардың көптеп талаптануы орын алады. Мұндай егде адамдар зейнеткерлік кезеңде білім алады. Олар мансабын жоғралатуды мақсат тұтпайды. Олар өз өмірлерін рухани байытқысы келеді, мұның өзі құнды қызмет болып табылады.

Қартаюшылардың білім жүйесі қызметіне қажеттілігінің арызынабайланысты көптеген елдердің оқу орындарында жаңа «оқушылар» контингенті қалыптасуда. Мәселен, АҚШ-та әрбір үшінші университет қарт адамдар үшін арнайы оқу курстары мен бағдарламаларын түзген. Кейбір мәліметтер бойынша 80 жылдың басында колледждерде 1,6 миллионнан астам қарттар білім алған.

Әртүрлі типологияларды қарастырғанда, бұл классификациялаудың шынайы өмірі «таза күйінде» психологиялық типтері сирек кездесетінін еске алған жөн. Типология бағдарға нақтылы жұмысқа арналған базаға қызмет етеді.

А.Толстой қартайғанда жеке тұлғаның өзгерісі болады және бір адамда сирек кездесетін жан-жақты сана жинағымен ерекшеленді. Сондықтан, қартаюдың әртүрлі типолоиясын қарастыру қажеттілігі пайда болады.

И.Кон өзінің классификациясына мінез-құлық қызметіне тәуелді қартаю типтерін келтіреді.

1-тип – белсенді шығармашылық қартаю.

2-тип - әлуметтік-психологиялық бейімделу.

3-тип – жанұядағы басты қосымша күшті табу.

4-тип – олар үшін өмірдің маңызы денсаулығы болып табылады.

Ал біздің елімізде, Ардагерлер үйі Шымкент қаласына орналасқан санаториялық типтегі емдеу мекемесі болып табылады. Ол негізгі үш блоктан - әкімшілікжәне 2 төсектік бөлмелері бар. 5 қабаттағы ғимараттардың, тұрмыстық-медициналық қызмет көрсету бөлмелері орналасқан, емдеу блогы мен 200 орындық, асханадан тұрады. Ардагерлер үйі Оңтүстік Қазақстан Облысының әкімшілігінің 1997 жылдың 12 мамырдағы №113 бұйрығымен ашылды. Өз аты айығып тұрғандай мұнда соғыс мүгедектері мен ардагерлері және соған теңестірілгендер, кеңес одағының батырлары, халық қаһармандары, еңбек ерлері, ардақты аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісін алған қысқа күнде ең қабылдап демалады.

Бір мезгілде200 адам қабылдауға есептелген. Ол негізінен «Шымкент қорғасын зауыты» АҚ профилокториялық базасында ашылған.

Ардагерлер үйі бірнеше рет орталық және облыстықардагерлер кеңесінің, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті, республикалық «Отан» партиясының, облыстық кәсіподақ кеңесінің құрмет громаталарымен және дипломмен марапатталу.

Ардагерлер үйіне 1997 жылдан бері Н. Есмағамбетова басшылық етіп келеді.Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау тұрмыстық, медициналық қызметкөрсету әлеуметтік еңбек арқылы бейімдеу және тұрақты тұру үшін қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі Шымкент қаласындағы Лермонтов көшесіне орналасқан. 300 орынға арналған, екі орындықтұрғын жайы, бау-бақшасы, медициналық мәдени-көпшілік бөлмелері, тігін шеберханасы, 5026 кітап қоры бар кітапханасы, жаздық бастырмасы, асханасы, көрермен залы, кір жуу машинасы, жылыту қазандығы бар.

Қазіргі таңда интернатта 255 қарт тұрады. Олардың алаңсыз тұруына барлық жағдайлар жасалған. 4 мезгіл тамақ беріледі. 100 адам еңбек теропиясымен айналысады. «Шебер қолдар» үйірмесі ашылған, спорт жарыстары, ән-би байқаулары, жазушылармен, ақындармен, суретшілермен кездесулер өткізіліп тұрады. Әулиелі рындар мен тарихи жерлерге саяхаттар ұйымдастырады.

Интернатқарттары арасында сурет салатын, ән шығарып,өлең жазатын, қолынан өнері тамған қолөнершілері мен әншілер бар. Өлеңдердің еңбектері Бұқаралық Ақпарат Құралдарында, көрмелерде, жарық көріп, насихаттап отырады. Өзінің хор тобы да бар.

Жақсы күтім мен медициналық қызметті ұйымдастыру, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен емдеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін интернат-үйінде тұратындар бөлімшелер мен бөлімдерге денсаулық жағдайына, жасына, жынысына, кәсібіне, жеке мүшелеріне қарап орналасқан.

ІІ тарау. 3. Егде жастағы психофизиологиясының өзгеруі.

Психологияда өмірдің кеш кезеңінің анықтамасы жоқ.

Ереже бойынша ғалымдар барлық психологиялық және медициналық жағдайы бірдей емес, егде кезең тобына 60-тан 75-ке дейінгі жасты жатқызады. Бұл топқа кіретін адамдар үшін белсенділік деңгейі айтарлықтай жоғары сақталған, ал олар үшін әлеуметтік-психологиялық бейімделуді және осы арқылы психологиялық өзін жақсы сезінуді бұзу маңызды проблемалардың бірі болып табылады.

Қартаю процесінде байқылайтын психикалық өзгеріс орталық нерв жүйесіндегі инновация процесімен байланысты.

Қартаюдың басталуының жан-жақты және жалпы белгісі болып реакция беру уақытының айтарлықтай ұлғаюы болып табылады. Бұл манадан көрінеді: күштің азаюында және өмір сүргіштіктің негізгі процесінің қозғалысында, сенсорлық функцияның көбін жаулап алғандықтан моторикада да, жаңа қабылдауда, есте адамдардың барлық мінез-құлқында, өзгермелі жағдайда бейімделуінен психологиялық өзгерістредің себептері (Биррен).

Қартаюдың алғашқы кезі (сыртқы) – бұл хроникалық аурулармен ауланбайтын орташа процесс. Қартаюдың екінші кезі (ішкі) – қартаю мидың функцияларына әсер ететін денсаулықтың патологиялық нашарлауы мен және әртүрлі хроникалық аурауларымен байланысты.

Бұл процестің екеуіне де өмір стилі стресстер моральды-этикалық принциптер әсер етеді.

Қартаю кезіндегі күштің өзгеруі мен психикалық процестердің қозғалысы нашар индивидуальды мінездің психикалық қызметінің өзгеруі негізінде қартаюға гетерохрондық сияқты естің интеллекттің, өмірлік тәжірибенің индивидуальды сананың, тұлғалық сапаның бұзылуы жатады. Бұл жеке мехнизм компенсациясы мен жасерекшелік өзгерістерін бейімделудің формалдануына әкеледі.

Қарттық жас – қартаю процесі ашық көрінетін, онтогенездің аяқталу кезеңі.

Қазіргі кезде қартаюдың әртүрлі анықтамалары бар. Авторлардың кейбіреулері қартаюды клеткалық заттың физико-химиялық құрылым өзгерісі есебінен реактивті клеткалардың біртіндеп әлсіреуі деп қарайды. Басқаларының ойынша, қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың мінез-құлықтың физиологиялық, биохимиялық төмендеуі. Сондай-ақ, қартаюды өмір сүруінің және қорғанудың төмендеуіне әкелетін мінез-құлық пен организмнің есейген сайын өзгеруі.

Қартаю – бұзушы процесс. Ол организмнің адаптациялық мүмкіндіктерінің азаюына әкеледі. Қартаюшы организмның адаптациясының төмендеуінің себебі барлық функциялдардың жүйесінің әлсіреу – нервтік, эндокриндік, иммундық, тыныс алушы, ас қорытушы және тағы басқа.

Қартаю процесі организмге аталған жасерекшелік өзгерістерге әкелетін, генетикалық проблемаланған процесс. Геронтогенез кезеңінде біртіндеп организмдерінің әсіресе, ішкі тітіркендіргіш процесі әлсірейді. Ең көп сақталғаны тамақ рефлексімен салыстырғанда қорғану шартты рефлекс екен. Қартаю кезеңінде барлық өзгерістердің индивидуальды мінез-құлық болады.

Жеке тұлға ретінде қартайған адамның мінезінің қиын және қарама-қайшы болуы биологиялық құрылымы және жаңа білімнің сандық және сапалық өзгерістерімен байланысты. Организм жаңа шарттарға бейімделді, оның өмір сүру қызметін, қартаюын деструктивті (бұзушы, қарама-қайшы) көріністерін өткізуге мүмкіндік беруін сақтайтын организмның әртүрлі жүйелері белсене түседі.

Қартаю - өте қиын процесс. Оның пайда болуы организм қатарының барлық деңгейін де бақыланады.

Ең бірінші, жалпы организмның бұл деңгейін біз адамдармен қарым-қатынаста визуальды байқаймыз. Қартайғанда адамдардың шашы сиреп, терісі әжімделіп және серпілгіштігін жоғалтады, бойы кішірейіп, көру мен есту нашарлап, дауысы «отырып», қорлыққа болады да, жоғары мидан бөлінгіш жоғалтады, төс клеткаларының формалары өзгереді.

Психологияда мінез де, құлық та – ал бұның бәрі организмге жататындықтан нәтижесіз қарым-қатынаста бақыланатын өзінің өзгерістері пайда болады. Қызығушылық біркелкі және уақыт пен ақыл-ой не дене еңбегіне көп күш жұмсалуымен байланысты болады.

Сараңдық, тәуелділік, сыйымдылық, өмір сүруге қабілетсіздік сияқты кемшіліктер жас кезінде де болып, бірақ алдындағылар оған шыдамды болған болса, енді ол үлкейіп оған ортасы шыдамсыз болып келеді.

Егде кісінің зейіні өзінің санасы мен уайымынан қысқарады да, және сол арқылы басқаларды қызықтырғысы келеді.



Еңбектен кейінгі кезеңдегі бейімделудің факторы ретіндегі егде адамдардың тұлғалық (жекелей) ерекшеліктері

Егде жастағы бейімделудің ерекшеліктері

Бейімделу дәрежесін зерттеу үшін К.Роджерс және Р.Даймондтың әлеуметтік-психологиялық бейімделуді диагностикалау әдістемесі қолданылды.

Бейімделудің интегралдық көрсеткішін талдау негізінде сынақтан өтушілердің 3 эксперименталды топтары белгіленді:


  1. Бейімделуі жоғары деңгейдегі зейнеткерлер – А тобы.

Бейімделу көрсеткішінің шамасы 66-дан 72 баллға дейін (М=67).

  1. Бейімделуі орта деңгейдегі зейнеткерлер – В тобы.

Бейімделу көрсеткішінің шамасы 49-дан 65 баллға дейін (М=56,6).

  1. Бейімделуі төмен деңгейдегі зейнеткерлер – С тобы.

Бейімделу көрсеткішінің шамасы 38-ден 48 баллға дейін (М=541,3).

Эксперименталдық топтар арасындағы бейімделу деңгейіндегі айырмашылықтардың шамасы стьюденттің t-критерийі арқылы тексеріледі. P≤0,01 кезінде А және В, В және С, А және С топтары арасындағы айырмашылықтар статистик елеулі болып келеді. Сонымен, егде адамдар еңбектен кейінгі кезеңдегі бейімделудің әртүрлі дәрежесімен сипатталады деген тұжырым жасау мүмкін.

Егде адамдардың көпшілігіне бейімделудің орта дәрежесі тән (65%). Бейімделуі жоғары дәрежедегі зейнеткерлер 19%, ал бейімделуі төмен деңгейдегі зейнеткерлердің тобы 16%-ды құрайды.

Еңбектен кейінгі кезеңде бейімделуі әр түрлі дәрежедегі егде адамдардың тұлғалық (жекелей) ерекшеліктері.

Сынақтан өтуші эксперименталдық топтардық өзіндік сана – сезімінің ерекшеліктері.

А тобы (бейімделудің жоғары деңгейі.

«Өзіндік қабылдау» шкаласы арқылы алынған нәтижелер берілген топтағы сынақтан өтушілердің көпшілігі өзіндік қабылдаудың жоғары және орта деңгейіне ие екендігін көрсетті (33%). А тобының сынақтан өтушілерінде «Өзіндік қабылдау» шкаласы бойынша төмен көрсеткіштер анықталған жоқ.

Сонымен бейімделуді жоғары деңгейдегі егде адамдар өздерінің қиын жағдайларды жеңу қабілеті мен өздерінің сыртқы көрінісін жоғары бағалайды және өздерін қызықты тұлға ретінде санайды.

Жыныстық айырмашылықтарды зерттеу кезінде мынадай жәйттер анықталды: бейімделуі жоғары деңгейдегі әйелдер еңбектен кейінгі кезеңде өздеріндегі өзіндік қабылдаудың жоғары және орта деңгейдегі бірдей дәрежеде анықтаған (50% және 50%).

Адамның өзін - өзі көру туралы түсінігін қанық зерттеу үшін «Тұлғалық дифференция» әдістемесі қолданылды. ТД арқылы алынған мәліметтерді интерпретациялау 3 фактор бойынша жүргізілді:

- Бағалау (Б1)

- Күш (К)

- Белсенділік (Б2) .

Стандарттық нормаға сәйкес әрбір фактор бойынша 5 деңгей шығады:

- Өте төмен (7-13 балл)

- Төмен (14-20 балл)

- Орта (21-34 балл)

- Жоғары (35-41 балл)

- Өте жоғары (42-49 балл).

Барлық факторлар бойынша бірде – бір топта өте төмен шамалар анықталған жоқ, сондықтан нәтижелерді интерпретациялау кезінде бұл категория зерттелмеді.

Нәтижелер бағалау факторы бойынша өзін құрметтеу деңгейі туралы, күш факторы бойынша тұлғаның жігерлік жақтарының дамуы және белсенділік факторы бойынша тұлғаның экстравертирлендігі туралы куәлік береді.

А тобындағы нәтижелерді талдау кезінде (бейімделудің жоғары деңгейінде) бірде – бір фактор бойынша (бағалау, күш, белсенділік) төмен шамалар анықталған жоқ және де олар «Өзіндік қабылдау» шкаласы арқылы алынған мәліметтермен корригацияланады.

Факторлар бойынша нәтижелерді талдау келесі ерекшеліктерді анықтады: берілген топтағы сынақтан өтушілердің көпшілігінде күш факторы бойынша өзін бағалаудың тиімді деңгейі табылған (58% - орта шамалар , 17% - жоғары) . Сонымен бірге өте жоғары шамалар да кездеседі (25%).

Бұл жағдай еңбектен кейінгі кезеңде бейімделудің жоғары деңгейіне ие егде адамдар өздеріне сенімді және тәуелсіз екенін, қиын кезеңдерде өз күштеріне жүгінетіндерін көрсетеді.

А тобында бағалау факторы бойынша сынақтан өтушілердің үлкен бөлігінің шамалары тиімді деңгейге жатқызылады (жоғары шамалар – 50%, орта - 25%). Сонымен бірге өте жоғары шамалар да кездеседі (25 %), яғни сынақтан өтушілер өздерін тұлға ретінде қабылдайды, әлеуметтік – қалаулы және оң сипаттамалары тасымалдаушы ретінде түсінеді.

Белсенділік факторы бойынша орта (42%) және жоғары (35%) шамалардың көп саны бар. Өте жоғары шамалар сынақтан өтушілердің 28% да кездеседі. Алынған нәтижелер бейімделу деңгейі жоғары егде адамдардың жоғары белсенділігін және ашықтығын көрсетеді. Фишердің Q – критериі арқылы статистикалық өңдеуді жүргізу кезінде (шамалар деңгейі 0,05) күш және бағалау факторлары бойынша елеулі айырмашылықтар анықталды. Эксперименталдық А тобындағы сынақтан өтушілерде күш факторы бойынша орта шамалар, ал бағалау факторы бойынша жоғары шамалар көбірек. Осыған негіздеме жасай отырып, бейімделуі жоғары деңгейдегі егде адамдар өздерінің әлеуметтік – қалаулы сипаттамаларын, өздерін тұлға ретінде өздерінің жігерлік қасиеттеріне қарағанда биік бағалайды деген тұжырым жасау мүмкін. Демек, бейімделуі жоғары деңгейдегі адамдар еңбектен кейінгі кезеңде өздерінің әрекеттерінің нәтижесі деп және оларды басқара аламыз деп есептейді. Сонымен, олар сол оқиғалар үшін және жалпы өмірдің барысы үшін жауапкершілік-айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан елеулі емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет