Мазмұны Кіріспе I. тарау Ұлттық өнерге шығармашылық қабілет жетілдіру жолдары


Бұйымды дайындау үшін қолданылатын тігін машиналары



бет16/17
Дата27.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#129983
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
КАМИЛА Кіріспе

2.1.4. Бұйымды дайындау үшін қолданылатын тігін машиналары.

Ең алғаш рет тігін машинасының жобасын XV ғасырда Леонардо до Винчи ұсынған. 1755 жылы Вайзенталь Карл қол тігісін жүргізетін машина ойлап тапты. 1808 жылы Д. Пири бір жіпті тез тарқатылатын машина шығарды. Тек 1834 жылы Уолтер Хант шөлнекті машина жасады. Бұл машиналардың кемшілігі астыңғы жіптің реттеуіші жоқ еді. Ал 1844 - 1845 жылдары американдық Элиос Хант инженер Уолтер Ханттың машинасының принципін қолдана отырып, бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды. Элиос Хантты «тігін машинасының атасы» деп те атайды. 1850 - 1851 жылдары американдық Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі замандағы машина түрлерінің негізі дүниеге келді. Сөйтіп 1870 жылдан бастап АҚШ - " Зингер " фирмасы кеңінен етек жайды.

1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында " Зингер " заводы ашылды. Осы кезден бастап машинаның сыртқы дизайны да ерекше әшекейленіп, фирманың белгісін жазатын болды.Машинамен тігілген бұйым сәнді әрі сапалы көрінді. Машинамен тіккен тігіс, қол тігісіне қарағанда, жылдам орындалады әрі сапалы, біркелкі түзу, мықты болады.Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар. Конструкциялық орындалуы жағынан тігін машиналары астында тұғыры бар қақпақты машина, сандыққапты машина, стол - шкафты, жазылмалы столы бар машина деп бөлінеді. Тігін машинасының үш класы шығарылады: тек тура тігісті — 2 М, тура және бір және екі жіпті инемен ирек тігіс жүргізетін — 132 класты, бір немесе екі жіпті инемен тура немесе ирек сызықты тігіс жүргізетін, сондай - ақ өрнек жүргізетін және арнайы тігіс тігетін 142 класты машиналар. тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді.

• жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді,

• тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы реттеп отырады.

• Егер махавик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса ол жұмыс істеуге дайын болғаны.

• Бос жүрісте махавик дөңгелек айналып ине қозғалмайды. Жіпті инеге машинаға дұрыс өткізбесе машина дұрыс жүрмейді.

• Төменгі жіпті шөрікке кигізеді, жіптің тартылысын реттеп отыру үшін шөріктің қабын қолданады.

• Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі.

• Тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой.

• Жіпті қорабымен арнайы шегеге кигізіп, қажетті тетеіктерден өткіз

• Жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаның арасынан компенсациялық серіппенің ілмегінен өткіз.

• Жіпті инеге сабақтау.

Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді. Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді, тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы реттеп отырады. Егер махавик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса ол жұмыс істеуге дайын болғаны. Бос жүрісте махавик дөңгелек айналып ине қозғалмайды. Жіпті инеге машинаға дұрыс өткізбесе машина дұрыс жұрмейді. Төменгі жіпті шөрікке кигізеді, жіптің тартылысын реттеп отыру үшін шөріктің қабын қолданады. Машинада дұрыс отыру тәсілдері:

- Түзу отыру.

- жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп тұру қажет.

- отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10 - 15 см болуы керек.

- құрал – жабдықтар арнайы қорапта тұруы керек.

- тігін машинасының айналатын бөлшектеріне жақындауға болмайды. Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

1. Жұмыс орнын ретке келтіру.

2. Шашты жинап, жеңді қайыру.

3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.

4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек

. 5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.

6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20 - 30 см

7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.

8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.

9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.

10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).

11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.

12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.

Машина тігістерінің түрлері Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды - жылулық.Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу) тігістері жатады.Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.

Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.

Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу. Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына тоқтала өтейік.

• XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.

• 1755 жыл – Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.

1834 жылы – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады

1844 - 1845 жылы – Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды

1850 - 1851 жылы – Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге әкелді

1870 жылы – АҚШ - та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.

1900 жылы – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.

1917 жылы – Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизаиндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды.

1850 - 1851 жылы – Ален Уилсон мен Исаак Зингер, қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі

Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар JANOME SW - 24 тігін машинасы

• 1. Кері жүріс тетігі.

• 2. Тігісті реттейтін құрылғы.

• 3. Тігістің ұзындығын реттеуші.

• 4. Тігістің енін реттеуші.

• 5. Жіп орағыш стопор.

• 6. Жіп орағыш шпиндель.

• 7. Катушкалы өзек.

• 8. Жіп орағышты бағыттаушы.

• 9. Жіп бағыттағыш.

• 10. Жіп тартқыш рычагы.

• 11. Жіп берілісін реттеуші.

• 12. Алдыңғы бөлік.

• 13. Жіп кескіш.

• 14. Жіп бергіш.

• 15. Пластина.

• 16. Қысу табанын ұстаушы.

• 17. Инелі өзектің винті.

• 18. Ине.

• 19. Қысу табаны.

• 20. Қосымша бөлік (аксессуарларды сақтау орны).

• 21. Алып жүруге арналған ұстау тетігі.

• 22. Айналма дөңгелек.

• 23. Қосу тетігі.

• 24. Электр желісіне қосатын бөлік.

• 25. Бос жеңқап.

• 26. Түймелік рычагы.

• 27. Қысу табанын көтеру рычагы

Оверлок (ағылшынша overlock-тен) - киім (киім және басқалар) өндірісіндегі тоқыма материалдарының (тоқылған және тоқыма емес) бөліктерін қабаттастыруға арналған тігін машинасының түрі. Қаптама материалдардың кесілуіне жол бермейді және оларға әдемі көрініс береді. Оверлок артық матаны қырып тастаумен бір уақытта кесіп тастайды. Оверлокациямен қатар, кейбір оверлоктар тізбекті тігіс тігу арқылы (тігістер мен оверлоктау машиналары) киімнің бөліктерін бір уақытта ұнтақтай алады. Трикотаж бұйымдарын өңдеуге арналған жалпақ (қаптама) тігістер жасауға қабілетті оверлоктар деп аталады. Сондай-ақ, кілем құлыптары тігу-бұлттаугемминг жасайды.Оверлоктар жұмыс істейтін жіптердің санымен ерекшеленеді (2-ден 10-ға дейін). Ең көп тарағаны - 3 жіптен тұратын тігіс.Стандартты 3 жіптен тұратын оверлок тігісі, барлық үш оверлок жіптерінде біркелкі керілу арқылы алынған. Үш жіптен тұратын тігістің бір 67 түрі. Төменгі ілгек жіптің керілуін күшейту және ине жіпті босату арқылы қалыптасады.Бұлтты тігіс. Екі оверлок инелерімен орындалады. Ине матаға еніп, содан кейін төменгі нүктеден қозғала бастағанда, иненің көзінен жоғары жіп ілмегі пайда болады. Ине матаға тереңдеген сайын төменгі ілмек солдан оңға қарай жылжиды. Төменгі ілгектің нүктесі ине жіпінен пайда болған ілмекке енеді. Төменгі ілмек оңға қарай жалғасады және орау жіпі ине жіптің ілмегі арқылы өтеді. Төменгі цикл солдан оңға қарай қозғалса, жоғарғы жағы оңнан солға қарай жылжиды. Жоғарғы ілмектің мұрыны төменгі ілгектің артынан жүреді және жіпті ұстап алады. Төменгі ілмек қайтадан сол жақ позицияға ауыса бастайды. Төменгі ілгекті жіппен ұстап тұрып, жоғарғы ілмек солға қарай жалғасады. Ине жіпті ұстап тұрып, жоғарғы ілгектің артында қайтадан төмен жылжи бастайды. Бұл бұлтты тігісті аяқтап, келесісін бастайды





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет