Мазмұны кіріспе І



бет2/3
Дата31.01.2018
өлшемі0,78 Mb.
#37041
1   2   3

Отельдер


  • Мотельдер

  • Ресторандар және т.б.

    Ерекшеліктер:

    • Музей,

    • парктер

    • Ескерткіштер және т.б.

    Басқа да қызметтер:
    • Сауда


    • Банктер

    • Сақтандыру және т.б.

    Турагенттер



    Туроператорлар

    Турклубтар, ассоциациялар

    Сауда өкілдері мен брокерлер

    2- Сурет туризмдегі дистрибьюция жүйесі



    Сонымен қатар, айта кететін жағдай, бәскелестікке қажетті факторларының бірі болып сұранысты анықтаушы фактор танылады. Мұны келесі сызбана көруге болады:




    Турқызметке деген сұраныс пен мақсаттар



    Ерекшеліктер

    Ұсынлыған қызметтер мен мүмкіндіктер


    Қолжетерлік


    Пайда болатын имидж және ассоциациялар

    3-сурет Арнайы сұранысты анықтаушы факторлары



    2.3 Туристік фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктері
    Халық шаруашылығының саласы ретінде туризм сұраным мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс өнім шығарады. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырата білу қажет.

    Халықаралық туристік рынок бүгінгі күні миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестікте орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді (турөнім) анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерінде қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болады.

    ДТҰ-ның ұсынымдарын ескере отырып жүргізілген талдау мен қазіргі тәжірибенің негізінде, қазақстандық турөнімнің екі базалық құрамдас бөлігін баса көрсетуге болады: Жібек жолы бойындағы мәдени туризм (зиярат ету және дәстүрлі) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте экооқиғалы туризм үшін Жібек жолы бағытымен өтетін ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.

    Көрсетілген басымдықтарға сәйкес бірінші кезекте игерілетін мынадай аудандар мен тірек орталықтары анықталды:

    1. Іле (Алматы қ., Түрген с, Есік қ., Талғар қ., Қаскелең қ., Ұзынағаш с, Қапшағай қ.).

    2. Солтүстік Тянь-Шань (Кеген с, Нарынқол с, Жалаңаш с, Шонжы с, Көлжат с).

    3. Жаркент-Талдықорған (Жаркент қ., Кектал с, Басши с, Текелі қ., Талдықорған қ., Жаркент-Арасан курорты).

    4. Балқаш (Балқаш көлі, Балқаш өңірі с).

    5. Солтүстік Жоңғар (Достық, Алакөл көлінің маңы, Лепсі с, Лепсі өзенінің маңы, Жарбұлақ с, Көктұма с, Сарқант қ., Арасан-Қапал курорты).

    6. Жамбыл (Тараз қ., Мерке с, Мойынқұм ауданы);

    7. Түркістан (Түркістан қ., Тұрбат с, Отырар с, Шәуілдір с, Баба-ата с, Кентау қ., Шаян с).

    8. Сайрам-Шымкент (Шымкент қ., Сайрам с, Арыс қ., Шардара қ., Сары-ағаш қ., Ленгер қ., Ванновка с).

    9. Жоғары Бұқтырма (Қатон-Қарағай с, Беріл с, Рахманов бұлақтары курорты, Марқакөл көлінің маңы).

    10. Маңғыстау (Фетисово с, Ақтау қ., Ералиев-Құрық а.п.).

    Бұдан басқа, басымдықты игеру объектілеріне жатқызуға болатын қазіргі және құрылу жоспарланған мемлекеттік ұлттық табиғат парктері (МҰТП): "Іле Алатауы" МҰТП, "Алтын емел" МҰТП (Алматы облысы), "Ақсу-Жабағылы" МҰТП (Оңтүстік Қазақстан облысы), "Баянауыл" МҰТП (Павлодар) облысы, "Қарқаралы" МҰТП (Қарағанды облысы), Щучье-Бурабай курортты аймағы базасындағы "Бурабай" және "Көкшетау" МҰТП, "Қорғалжын" мемлекеттік табиғат паркі (Ақмола облысы) ландшафтарының көріктілігі, қол жеткізілуі, аумағының игерілуі туризмді ұйымдастыру тұрғысында тартымдылығының жоғары деңгейімен сипатталады.

    Орталық Азия аймағындағы туризмнің ерекшелігін ескеру қажет. Жібек жолы және оқиғалы туризм сегменттерінде шетелдік туристердің негізгі ағыны барлық көрсетілген аймақтың ішінде: Қазақстан, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық округі (ҚХР), Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанның шегіндегі ұдайы қозғалысына бағытталған.

    Сөйтіп, қазақстандық өнім тек қана кешенді орталық азия турөнімінің құрамында тиімді ұсынылуы мүмкін, бұдан мынадай қорытынды шығады:

    1. Турөнімнің институционалдық элементтері үкіметаралық деңгейде келісілуі тиіс.

    2. Қазақстандық турөнім біздің аймақтағы көршілеріміздің турөнімдерінен (ең болмағанда баға/сапа қатынасында) кем түспеуі тиіс.

    Қазақстандық туристік өнімнің ерекше белгісі оның сипатының маусымдығы болып табылады, бұл маусымнан басқа кезде нақты шаралар қабылдауды және туризмнің баламалы түрлерін дамытуды талап етеді. Атаулының барлығы да турфирманың қызмет көрсету барысында ескеріледі.

    Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген сегменттерге сәйкес инфрақұрылымның белгілі бір талаптары бар. Ол қарапайым, салыстырмалы түрде қымбат та, үлкен де емес (25 —100 орын шегінде) экологиялық таза жерлердегі бір орында клиенттер 2—3 күн болуға есептелген туристік бағыттарда орналастырылған объектілер болуы тиіс.

    Қазақстанның бизнес-туризм сегментінде белгілі бір болашағы бар. Бұл — ең алдымен Алматы, Астана, Атырау қалалары. Геосаяси жағдай мен табиғи шикізат-ресурстары Қазақстанға бизнес және халықаралық конвенцияларға қатысу мәселелері бойынша келушілер бизнес туристер санын көбейтеді деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген орталықтардың инфрақұрылымы негізінен халықаралық стандарттарға сай келеді. Алматы қаласы республика үшін стратегиялық (әуе, автомобиль, темір жол) қақпасы болып табылады және негізгі көші-қон осы қала арқылы өтеді. Әртүрлі жиындар еткізуге қолайлы ғимараттарынан және қонақ үйлерінен басқа, қалада ойын-сауық құру үшін барлық жағдай жасалған, сонымен қатар қала маңындағы радиусы 500 км жердегі аумақта тамаша рекреациялық аймақтар орналасқан. Астана қаласы осындай стратегиялық аймақ болып келеді. Біздің мемлекетіміздің жас ел ордасы ретінде өзіндік келбеті мен инфрақұрылымы бар қалаға деген қызығушылықтың күннен күнге артуы қалада халықаралық және ішкі туризмді жылдам дамытуға қызмет ететін болады.

    Турөнімнің маңызды құрамының бірі көлік болып табылады. Туристерді Қазақстанға алып келуде авиа қатынас басты рөл атқарады. Сондықтан, рынокта ұлттық авиа тасымалдаушының жағдаятын күшейту және дамыту мейлінше маңызды мәселе болып табылады. Ұлттық авиажелілерде осындай бағыттағы рейстер ашу арқылы бәсекелестік қабілеті төмендеуінің нәтижесін бейтараптандыру қажет.

    Республика аумағының кеңдігін ескере отырып, рыноктың көрсетілген сегменттерінің көпшілік белігін құрайтын жеке туристердің автобустар мен поездарда еркін қозғалуға ұмтылатынын ескере отырып, сенімді автобус қатынасы мен темір жол көлігінің мәні зор.

    Туристік жағынан дамыған көпшілік елдерде туризмнен түскен жалпы табыстың 30-дан 50-ге дейінгі пайызын ішкі туристік рынок құрайды. Бұл ретте Қазақстанның болашағы зор. Сонымен бір мезгілде, қазіргі кезде ішкі туризм негізінен бейберекет күйде екенін, ұйымдастырылмағандығын атап өткен жөн. Аздаған курорттар, санаторийлер және туристік базалар ғана жұмыс істеуде. Туризмнің осы түрін дамытуға тиісті көңіл бөлінбей отырғандықтан, мемлекеттің бюджеті қыруар соманы ала алмайды, инфрақұрылымның бұзылуы жалғасуда, табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштердің экологиялық жай-күйіне орасан зор нұқсан келтірілуде. Демалу құқығын пайдалануда халықтың аз қамтылған бөлігі ретінде әлеуметтік көмек көрсетілетін оқушыларға, жастарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне және өзге әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға саяхат жасау үшін жағдай жасау мақсатында мемлекет, мемлекеттік және мемлекеттік емес қорлардан, басқа да қайырымдылық ұйымдары мен қорлар әлеуметтік көмек көрсететін бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен қаражат бөлу арқылы әлеуметтік туризмді дамытудың экономикалық әлеуеті зор.

    Бұл ретте, әлемдегі демалыс түрлері мен туризм өндірісін пайдаланушылардың неғұрлым қарасы көп тобын құрайтын мүгедектер мен қарттардың, сондай-ақ осы бір кеңейіп келе жатқан туризм индустриясы рыногының бір бөлігіне айналған балалы отбасылардың көптеген қонақ үйлерге, көлік құралдарына және туристік керікті жерлерге қолы жете бермейді. Сөйтіп, туристік ресурстарға қол жеткізу туризмді дамытудағы неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Көптеген туроператорлар туристік ресурстар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізу туристер санын көбейтуге мүмкіндік беретінін біле отырып, осыған қатысты шаралар қабылдау қажеттілігінің мәнін әзірге түсінген жоқ. Сондықтан, туристік қорларға қол жеткізудің стратегиясы мен саясатын жіті әзірлеу, туризм өндірісі қызметшілерінің арнайы даярлық деңгейін көтеру, мүгедек туристер талабы мен сұранысы туралы және әлеуметтік-экономикалық дамудағы туризмнің алатын маңызы жайында жұртшылықтың хабардар болуын арттыру қажет.

    Мемлекеттік және жергілікті басқару органдары шағын бизнес кәсіпорындарына, оның ішінде әлеуметтік туризм саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарға қолдау көрсету тәжірибесін жалғастыруы тиіс. Әлеуметтік туризмге қатысты қайырымдылық, жебеушілік және демеушілік көтермеленуі тиіс.

    Әлеуметтік туризмді, оның ішінде өлкетану, спорттық, жеке, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, экологиялық туризмді, отбасылық туризмді, қарттарға және мүгедектерге арналған туризмді, жастар және балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың тәрбиелік және патриоттық маңызы зор.

    Осы мәселелердің барлығын шешуде турөнімді қалыптастырудың институционалдық элементтерінің бірінші дәрежелі рөлі бар.

    "Қазақстан" деген фирмалық атауы бар турөнімді жылжыту, оның барлық компоненттерін нақты анықтауды және рынок сегментіндегі орналасуын ғана емес, оны өткізудің барынша тиімді арналарын іздестіру, мақсатты рыноктарды (мысалы, Англия, Германия, Жапония және т.б рыноктарды) іздестіруді талап етеді.

    Сонымен қатар жоғарыда көтерілген мәселеге қатысты халықаралық байланысты жүзеге асыру құралы болып табылатын әуе тасымалдау жолдары туралы да айтып кеткен жөн. Шетелдік тәжірибеде бұл саланың дамуына қатысты келесіні айтуға болады. Азаматтық авиацияның неғұрлым маңызды халықаралық ұйымдары ретінде ICAO мен IATA танылады. Олар азаматтық авиацияның халықаралық даиуының стратегиялық бағыттары бойынша әдістемелік материалдар ен ұсыныстарды, үрдістер мен ережелерді анықтайды. Олардың әрқайсысы көпжылдық тәжірибеге ие болып кееді.

    ICAO (Internftional Civil Aviation Organization) 1944 жылы Чикаго қаласында 7 желтоқанда Халықаралық азаматтық авиация бойынша ковенцияға 52 мемлекеттің қол қоюымен құрылды.1947 жлыдың қазанында ICAO Экономика және әлеуметтік мәселелер бойынша комитеттің шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі болды.

    Халықаралық IATA ұйымы (The International Air Transport Association) 1945 жылы сәурде Гаванада құрылды. Ұйымның мақсаты авиакөлікті пайдаланушылардың игілігіне экономикалық тиімділік пен авиатехниканың беріктігі, қауіпсіздікті көтеру бойынша бірігіп жұмыс істеу үшін авиакомпанияладың бірігуі болып табылады.

    Бүгінгі күнде IATA 130-дан аса мемлекеттен 230 мүше қамтиды. “Аэрофлот- Российские международные авиалинии” және “”Трансаэро” екі ресейлік компания IATA мүшелері болды.

    Соңғы мәліметтерге сәйкес азаматтық авиация жыл сайын 1 трлн АҚШ долл. қосымша өнім құрап, 22 млн адам жұмысбастывлығын қамтамасыз етеді.

    Атаулы ұйымдар БҰҰ және ДТҰ (ВТО – Всемирная туристкая организация) бірігіп, авиациялық көлікпен туристік тасымалдауларды жетілдіру мәселелерін шешеді.

    Дүниежүзінде әуе көлігінің дамуының болжамы ICAO, IATA мәліметтерінде, БҰҰ статистикалық мәліметтеріне негізделеді. Атаулы болжаидардың дүниежүзі мемлекеттері бойынша кестеде келтірілген.



    Тасымалдаулардың жыл бойынша түрлері

    Жолаушылар/километрлер

    Өсудің жылдық орта есебі, %

    1982

    1992

    1993

    2003

    1982-1992

    1993-2003

    Халықаралық

    496,5

    979,4

    1045,6

    1960

    7,0

    6,5

    Ішкі

    640,3

    973,2

    925,2

    1485

    4,3

    4,0

    Барлығы

    1136,8

    1952,6

    1970,8

    3445

    5,6

    5,5

    Евроаплық экономикалық қоғамдстық шеңберінде тасымалдауды жетілдіру мәселелерімен тұрақты қызмет атқарушы Көлік министрлер конференциясы мен Көлік мәселелері бойынша комиссия айналысады.

    Европалық экономикалық қоғамдастық қызметінің бір кезеңі ЕЭҚ – қа кіретін мемлекеттердің әуе кеңістігін либеризациялау болып табылды. Аспанның ашық болып жариялануы Европа үстімен еркін ұшуларды қамтамсыз етті. Мысалы, Эйр Франс Мәскеуден Лондонға немесе Франкфуртке Францияға тоқтамай еркін өте алады.

    Ұшулардың либерализациясы авиакомпаниялар арасындағы бәсекеталастықтың өсуіне әкелді. Бұл өз кезегінде жиі ұшатын жолаушылар үшін жаңа бағдарламаладың пайда олуына, үшу қызмет көрсетуінің жетілуіне әкелді.

    Халықаралық тасымалдау – кем дегенде екі мемлекет арасында жолаушылар мен жүк тасымалдау болып табылады.

    Тұрақты бағыттар үшін ең басты шарттар лһболып келесілер табылады: бағыттың нақтылығы, ұшу кестесі, ұшу тұрақтығы, нақты белгіленген жерлерде қону мен ұшу.

    Халықаралық тұрақты бағыттарда ұшудыі ашылуы екі жақты мемлекеттік келісім-шарттармен реттеледі де, үшінші мемлекет арқылы транзит БҰҰ Европалық экономикалық комиссиясының көлік бойынша комитетінің рұқсатын қажет етеді.

    Атаулы құжаттард келесі ережелер бекітілген:



    • атаулы тасымалдауларда пайдаланылатын жолдар;

    • көлік түрлері;

    • көлік құралдарына қойылатын экологиялық талаптар,

    • келу мен шығудың рұқсаттық жүйесі;

    • салықтар мен жиналымдар;

    • шекаралық, тазалық және кедендік бақылау,

    • есеп берулер мен төлемдер;

    • келісімдерді бұзғаны үшін санкциялар.

    Халықаралық тасымалдау келісімдерін қарапайымдандыру үшін 1973 жылы 1 наурызда Женевалық конвенция шеңберінде «Жолаушылар мен жүкті халықаралық автокөлікпен тасымалдау келісім-шарты туралы конвенция» қабылданды. Халықаралық туристік тасымалдаулардың ары қарай қарапайымдалуы Туризм бойынша Гаагалық деларация (1989) мен Европалық уеңес мүшелері үшіни Шенген келісімдері бекітілді.

    ТМД елдері шеңберінде туристік тасымалдауды ұйымдастыру ТМД қатысушы – мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясының 1994 ж. 19 қарашадағы «Туризм саласында ТМД мемлекеттерінің әрекеттесуінің негізгі ұстанымдары туралы» қаулысымен реттеледі. Мысалы, Ресей мен Укранина арасындағы тұрақты тасымалдаулар 1995 жылы 9 маусымда қол қойылған үкіметаралық «Украина республикасымен халықаралық автомобильді қатнас жасау туралы» келісіммен реттеледі.

    1982 жылы 26 мамырда Дублин қаласында қабылданған жолаушыларды автобустармен тұрақсыз халықаралық тасымалдау туралы Европалық келісім-шартқа сәйкес Батыс және Шығыс Европа елдерінде жолаушыларды тұрақсыз халықаралық тасымалдау үшін автобус ішінде бақылау құжаты пайдаланылады. Осыған орай Ресейдің Көлік министрлігі 07.02.97 ж. №ЛШ –6/60 «Ресей мен Бельгия, Германия, Голландия, Испания, Польша, Словения, Чехия және Югославия европалық мемлекеттері арасында автобустывқ тұрақсыз халықаралық жолаушылар қатнасын жасауда Унификацияланған жолаушы парақ кешенін (номері бар бақылау құжаты) қолдану туралы» шешім қабылдады.

    Атаулы құжатты пайдаланудың жалпы ережелеріне сәйкес АСОР сәйкес орындалатын барлық халықаралық тасымалдауларда жолаушы парақ кешені үшінші тұлғаларға берілмейді және тасыалдаушы парақтың дұрыс толтырылуына жауапты болады (олар бас әріппен және өшірілмейтьін сиямен толтырылады). Атаулыпарақ тексеоуге өкілетті тұлғалардың сұрауы бойынша көрсетілуі тиіс. кешенде АСОР қатысушы мемлекетерінің мемлекеттік тілдерінде толтырылған бас беттің мәтінін қамтушы парақ болуы тиіс.

    Ресейдің Көлік министрлігінің Европалық конференциясына енген кезінде тасымалдау қызметінің көптеген лицензияларын алу мен басқа мемлекеттердің шекарасын кесіп өту мүмкіндігі туындайды.

    Атаулы көпжақты шешімдер бір күнтізбелі жыл мерзімінде қызмет атқарады.

    Халықаралық келісім-шарттарға сәйкес халықаралық бағыииардағы жылжымалы құрамға қатысты арнайы талаптар жасап шығарылды. Олар келесілерді қамтиды.


    • экологиялық қауіпсіздік (шу деңгейі, газдардың улылығы, вибрациялар, зиянды ылғалдану) бойынша халықралық стандарттарға сәйкес келуі;

    • салмақ, көлем, кіндщікбойынша жүктеме бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келуі;

    • қауіпсіздік нормаларвна сәйкес келуі;

    • халықаралық тасымалдау белгісінің және мемлекеттің бөлу белгісінің бар болуы;

    • ыңғайылылыққа қойылатын талаптар және т.б.

    • Автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде де елесі мәселелерді шешкен жөн:

    • жол бойы мен аяққы жерге дейін техникалық қызмет өрсету мен жөндеу, техникалық көмек;

    • тұрақтар, жанармай станцияларын, демалыс, тамақтану, медициналық қызметтерді ұйымдастыру;

    • бағыт трассасында байланысты ұйымдастыру.

    Көптеген европалық мемлекеттер жүргізуші куәлігін екіжақты мойындайды, сол себептен аударма бұл ретте қажет емес. Мысалы, Германияда Андоррада, Бельгияда, Кипрде, Данияда, Финляндияда, Швецияда, Норвегияда, Францияда, Грецияда, Англияда, Гонконгте, Венгрияда, Ирландияда, Португалияда, Испанияда, Швейцарияда, Сан-Маринода, Сенегалда, АҚШ-та, Канадада берілген жүргізуші куәліктері мойындалды.

    Халықаралық теңіз тасымалдаулары мемлекетаралық келісім-шарттар мен Афиндік «Жолаушылар мен жүкті теңізбен тасымалдау туралы Конвенция», Халықаралық «Адам өмірінің теңізде қорғау Конвенция» (Лондон, 1974 ж.) Халықаралық «Жолаушылар мен жүкті теңізбен тасымалдау кезіндегі кейбір ережелерді унификациялау туралы Конвенциялар» (Брюссель, 1967 ж.) шеңберінде жүргізіледі.

    Халықаралық тасымалдау ретінде шығу орны мен келу орны екі бөлек мемлекетте орналасқан немесе бір мемлекетте орналасып, келісім шарттары бойынша аралық порт басқа мемлекетте орналасқан кез келген тасымалдау саналады.

    Сонымен қатар, келесі берілген жағдайларда Афиндік Ковенция жарамды деп табылады:



    • кеме атаулы Ковенцияға қосылған мемлекеттің кемесі болған жағдайда жүзе алады;

    • тасымалдау келісім-шарты атаулы Конвенцияның бір жағы болып табылатын мемлекетте жасалса.

    • Келісім-шартқа сәйкес тасымалдаудың жөнелту мен келу орны атаулы Ковенцияның жағы болып саналатын мемлекетте орналасқан жағдайда.


    ІІІ -ТАРАУ ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БӘСЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

    3.1. Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі



    Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруін ең алдымен атаулы салада қызмет етуші субъектінің қызмет трлерінге лицензия берілуіне негізделеді.

    Лицензия мынадай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:


    • туроператорлық;

    • турагенттік;

    • экскурсиялық;

    • туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.

    Лицензия субъектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі және бір данада беріледі; лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төлқұжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым (бұдан әрі — лицензиялық алым) төлейді.

    Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиат он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.

    Лицензия "Лицензия туралы" Заңмен белгіленген мерзімге беріледі.

    Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мерімен куәландырылады.



    Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

    • белгіленген нысан бойынша өтініш;

    • лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

    • жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

    • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

    • меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

    • білімі және жұмыс өтілі туралы қужаттардың көшірмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;

    • туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;

    • тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;

    • туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;

    • экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарттың көшірмесі немесе оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер тізімі;

    • жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);

    • туристік бағыттардың тізілімі;

    • туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;

    • "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

    • туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.

    Турагенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

    • белгіленген нысан бойынша өтініш;

    • лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

    • жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

    • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

    • меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендіпн растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

    • білімі және жұмыс етілі туралы құжаттардың көшірмесін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;

    • туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;

    • тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;

    • туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;

    • жарнамалық-ақпараттық материалдар (женсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);

    • "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-ба-бының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

    • туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.

    Экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

    • белгіленген нысан бойынша өтініш;

    • лицензиялық алым телегенін растайтын құжат;

    • жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңцы тұлғалар үшін);

    • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

    • штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адам-дар: оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер тізімі;

    • әзірленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары;

    • туристерге қызмет көрсетуге арналған меншікті немесе жалға алынған көлігі бар екендігін растайтын құжат.

    Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

    • белгіленген нысан бойынша өтініш;

    • лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

    • тиісті кәсіптік дайындығын, біліктілігін және туристік бағыттармен жүріп ету тәжірибесін растайтын құжаттар;

    • әзірленген туристік бағыттардың карта-сызбалары және сипаттамалары;

    • денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтама.

    Өтінуші ұсынылған құжаттардың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауаптылықта болады. Өтінушінің өткізген құжаттарында қамтылған мәліметтерді тексеру қажет болған ретте, лицензия беру туралы шешім тексеруден соң қабылданады. Тексерудің нәтижелері бойынша туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді, сондай-ақ туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы қорытынды шығарылады.

    Сонымен қатар стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіру кезінде талаптар қамтылуы тиіс:

    • жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту;

    • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

    • туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты;

    • туристік білімі немесе туризм саласында кемінде бір жыл нақты жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер;

    • туристік бағыттардың тізілімі;

    • туристерге қызмет көрсету бағдарламалары;

    • меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды;

    • туристік жарақтар;

    • көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты;

    • экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарт немесе оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер;

    • тасымалдаушымен шарттар;

    • туристік жолдама, турист жаднамасы;

    • туристке арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат;

    • жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).

    Турагенттік қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

    • жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту (заңды тұлғалар үшін);

    • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

    • туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты;

    • туристік білімі немесе туризм саласында кемінде бір жыл нақты жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер;

    • меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін не туристерді орналастыру орындары;

    • туристік жарақтар;

    • көлікті ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты;

    • тасымалдаушымен шарттар;

    • туристік жолдама, турист жаднамасы;

    • туристке арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат;

    • жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).

    Экскурсиялық қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

    • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

    • штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адам-дар: оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтама-сы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер;

    • әзірленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары;

    • туристерге қызмет көрсету үшін меншікті немесе жалға алынған көлік.

    Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады, егер:

    • туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;

    • лицензия алу үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептерді өтінуші жойған ретте, өтініш оны алу үшін көзделген жалпы негіздерде қаралады;

    • лицензиялық алым енгізілмесе;

    • өтінуші біліктілік талаптарына сай келмесе;

    • өтінушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салынған сот шешімі бар болса.

    Турагенттік, туроператорлық, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартылған жағдайда, өтінушіге бас тарту себептері көрсетілген жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Егер заңнамамен белгіленген мерзімде лицензия берілмеген жағдайда немесе лицензия беруден бас тартуды етінуші негізсіз деп тапса, ол бір ай мерзімде лицензиардың іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе өтінушінің құқығын бұзудан туындаған шығындарды өтеу заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Лицензияны басқа заңды және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынады.

    Лицензия өз күшін мына жағдайларда тоқтады:



    • лицензияның қайтарып алынуы;

    • азаматтың кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.

    3.2. Бәсекелестік стратегияны іске асыруға бағытталған ұйымдық құрылымды қалыптастыру


    Бәсекелестік стратегияны іске асыруға бағытталған ұйымдық құрылымды қалыптастыру туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризмнің барлық түрінің нұсқаушылары, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесіне негізделеді.

    Белгіленген стратегияны іске асыруға бағыталған құрылыды қалыптастыру туралы айту үшін туристік кадраларғане жатанының білуіміз жөн. Оларға біз келесілерді жатқызамыз:



    • кәсіби жоғары немесе орта арнаулы туристік білімі бар кәсіби жеке тұлғалар, сонымен қатар туристік салада кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар туристік ұйымдардың қызметкерлері;

    • туризм саласында сәйкес кәсіби дайындығы немесе кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар, туристік индустрия саласында қоғамдық бастамаларда немесе ақылы төлем негізінде халыққа қызмет көрсете алатын жеке тұлғалар жатады.

    Туристік кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру мен аттестаттау туризм саласындағы қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге, халықаралық стандарттарға сәйкес туризмді дамытуға қабілетті, жоғары білікті кадрлармен саланы қамтамасыз ету, кәсіби шеберлікті, туристік жорықтарды өткізуде жауапкершілікті арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

    Туристік кадрларды даярлаудың, олардың біліктілігін арттыру мен аттестаттаудың келесі негізгі міндеттері анықталған:



    • туристік іс-шараларды мазмұнды еткізу үшін кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіру;

    • туризмді дамыту саласындағы жаңа жетістіктер бойынша білім алуда мамандардың қажеттілігін қанағаттандыру;

    • туризм түрлерін дамытуда шетел тәжірибесін зерделеу, қорытындылау және тарату.

    Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру мақсаты - рыноктық экономиканың өскелең талаптарына сай кадрлардың теориялық және практикалық білімдерін жаңарту болып табылады. Біліктілігін арттыру бүкіл еңбек қызметінде 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі. Мамандардың білікгілігін арттырудан өту кезеңділігін жұмыс беруші белгілейді. Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстан қол үзіп және қол үзбей өткізілетін оқу іс-шараларының (мектеп, курстар, семинарлар, жиындар) шеңберінде сондай-ақ ішкі туризмнің белсенді түрлерін дамытатын ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, оқу мақсаттарында өткізілетін жорықтарда, маршруттарда, жарыстарда, экспедицияларда жүзеге асырылады. Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру шарттық негізде, білім беру ұйымдарының базасында (туристік салалар үшін кадрлар дайындайтын ғылыми, жоғары және орта кәсіби оқу орындарында) ұйымдастырылады. Біліктілігін арттырудан өткен адамдарға осы Ереженің қосымшасында белгіленген нысан бойынша сертификат беріледі. Туристік кадрларды аттестаттаудың мақсаты олардың кәсіби дайындық деңгейін айқындау, қауіпсіз және тиімді туристік жорықтар мен экскурсиялар жүргізу кезінде жан-жақтылығы мен жете білушілігі, ұйымдастыру қабілеттіліл болып табылады. Аттестаттау әрбір 5 жыл өткен сайын өткізіледі.

    Туристік кадрлар аттестаттаудан:



    • жұмыс берушінің шешімі бойынша;

    • тиісті нұсқаушы санатын немесе экскурсия жетекшісі санатын алу мақсатында, өз қалауы бойынша;

    • қызметі туристік жорықтар мен экскурсиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты ұйымның жолдамасы бойынша өтеді.

    Аттестаттау мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

    • аттестаттауды өткізуге дайындық;

    • туризм саласындағы қолданыстағы заңнама бойынша тестілеу;

    • туризм мәселелері бойынша әңгімелесу;

    • туристік кадрларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімін шығару.

    Аттестаттау нәтижелері бойынша қоғамдық туристік кадрларға еңбек қызметінің ерекшелігіне байланысты тиісті санаттар беріледі. Қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын дайындауды туристік жарыстарды, оқу-жаттығу жорықтарын және экскурсияларды, әртүрлі күрделі туристік маршруттарды өткізу кезінде, сондай-ақ қоғамдық туристік бірлестіктер ұйымдастырған туристік іс-шараларда (курстарда, семинарларда, жиындарда), экскурсия жетекшілерінің курстарында спорттық туризмнің облыстық федерациялары жүзеге асырады.


    3.3 Туристік қызметтердің бәсекелестігін көтерудің ұйымдық-экономикалық механизмдері
    Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары біздің д.д. үшінші мың-жылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

    Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО-ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен бірге, Қазақстанның бірқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдениағарту жұмысы жүйесі элементтерінің бірі болып самалды және оның басым рөліне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады.

    Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады.

    Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.

    Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде туризмді дамыту “Туризм туралы” Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шілдедегі № 1508-ХІІ Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің "Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру туралы, Ұлы Жібек жолының Қазақстан Республикасындағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жобасы туралы" 1997 жылғы 30 сәуірдеп № 3476 және "Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 Жарлықтарымен қамтамасыз етіледі.

    Осы құжаттарды қабылдау туризмнің қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер етті.

    Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі — Қазақстанның 1993 жылы толығымен ДТҰ-ға толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер жасауы болды. Бірқатар келісімдердің шет мемлекеттердің Қазақстанды туристік әлеуеті мол перспективалы серіктес ретінде тану бастамасымен болғандығын атап өту керек.

    Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы дерегі бойынша елде 425 туристік ұйым болды, оның ішінде 6 мемлекеттік кәсіпорын, 405 жеке меншік нысанында және 14 шетелдік туристік агенттік жұмыс істеді. Қазақстандық кәсіпорындар 80 елдің туристік фирмаларымен шарттық қатынастар орнатқан. 4 алматылық, және 13 облыстық турфирма 8 мемлекетке чартерлік әуе рейстерін жүзеге асырады.

    Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар желісі неғұрлым дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристік ұйымдары жыл сайын туристердің және экскурсанттардың 88 пайызына дейін қызмет көрсетеді.

    Тұтастай алғанда, 1999 жылы барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар 2410,5 млн. теңге сомасында, оның ішінде мемлекеттік туристік кәсіпорындар 57,3 млн. теңге, жеке меншіктегілері 2298,5 млн. теңге, шетелдік фирмалар 54,7 млн. теңге сомасында өнім сатты, жұмыстар орындады, қызметтер көрсетті.

    Республика бюджетінен түсетін жалпы түсімдердегі туристік қызметтен түскен салық пен алымдардың үлесі 1998 жылы 0,1%-ды құрады. 1999 жылы статистикалық есеп беру үлгісі бұл мәліметтерді жинауды көздейді. 1999 жылы 1998 жылмен салыстырғанда елдегі ЖІӨ-нің туризмдегі үлес салмағының өсу үрдісі байқалады, ол 1,1%-ды құрады.

    Туристік ұйымдармен 1999 жылы барлығы 228,3 мың туристке қызмет көрсетілді, Қазақстанның туристік фирмаларының қызметін 55,9 мың шетелдік азамат пайдаланды, бұл 1998 жылмен салыстырғанда 20,9 мыңға немесе 60%-ға көп. 1999 жылы қызмет көрсетілген туристердің жалпы көлемінен шетелге туристерді жіберу 45%-ды құрады, ішкі туризм 30%, шетелдік туристерді қабылдау 24%, экскурсиялық қызмет көрсету 1% құрады.

    Қазақстандық туристердің неғұрлым көп баратын жерлері: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Польша, Түркия, БАӘ. Біздің елімізге Ресейдің, Қытайдың, Германияның, Корея Республикасының, Пәкістанның, Польшаның, Түркияның азаматтары жиірек келеді.

    Туристік қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмімен айналысатындығын көрсетті, ал бұл, бірінші кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына әкеп соғады. Тек қана 1999 жылы 57,1 миллион АҚШ доллары республикадан тыс шетке шығарылған. Республика азаматтарының шет елге тауарлар сатып алу, кейіннен оны сату мақсатында баратын жолсапарлары, бұрынғысынша бұқаралық сипат алып отыр, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристік қызмет көрсету рыногының жай-күйін анық көрсетеді. Ол экономикалық дағдарыс кезеңінде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбінесе туристік фирмалардың тиісті тәжірибесінің және білікті мамандарының жетіспеушілігіне байланысты туристер мен "чартер ұстаушылар" арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулі кемек көрсетті. Қазақстанның тұтыну рыногының төрттен бірін "қапшықтау" бизнесі тауарлармен толтырады және тұтастай алғанда, бір мезгілде тауар өткізу мен сату жүйесіндегі 150 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанның ішкі сауда айналымындағы жыл сайынғы "қапшықтау" саудасының көлемі шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды.

    Сонымен бір мезгілде, шоп-туризм, ең алдымен, еліміздің бюджетіне кері әсер етеді. Туристік бизнестің секторларының бірі ретінде шоп-туризмнің өсуі туристік қызмет көрсетудің деңгейін көтеруге елеулі әсер ете қойған жоқ.

    Бүкіл өркениетті дүние негізгі туристер ағынын өздеріне тартуға ұмтылуда, себебі туризм мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың маңызды кездерінің бірі болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдік туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристік ұйымдардың қызметін, мұның езі бірінші кезекте, көлік құралдарының, орналастыру құралы, кадрлық қамтамасыз етудің жай-күйіне байланысты, келуші туризмді дамытуға қайта бағдарлау қажет.

    Көлік. Бүгінгі таңда Қазақстанның халықаралық авиажелілерінің Германияға, Үндістанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Түркияға, Италияға, Корея Республикасына, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Таиландқа ұшуды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Ішкі және халықаралық рыноктарда жұмыс істейтін "Эйр Қазақстан" ұлттық тасымалдаушысы және басқа авиакомпаниялар авиа тасымалдарын жүзеге асырады. Туристердің көпшілігі сервис және қызмет көрсету сенімділігі жағынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда авиа рейстерін жүргізетін шетелдік тасымалдаушылардың қызметін пайдаланғанды жөн көреді, мұның өзі отандық тасымалдаушылар жасайтын авиа рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсіз. Оның үстіне, авиабилеттер құнының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнімнің құнын өсіреді және тиісінше оның халықаралық рыноктағы бәсекелесу қабілетін темендетеді. Автомобиль көлігі шекаралас мемлекеттерге шоп-туризмді ұйымдастыру және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Алайда, оны дамыту, тұтасымен алғанда, жолдардың жай-күйіне және туристік көлік құралдарына тиісті техникалық қызмет көрсетілуіне де байланысты болады. Республиканың автобус паркі қараусыз қалған, сонымен бірге қазіргі заманғы жайлы автобустар жоқтың қасы, бұл туристерге қызмет көрсетуді жоғары деңгейде ұқстауға мүмкіндік бермейді.

    Негізгі темір жол тасымалдаушысы "Қазақстан теміржолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 14 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Қазақстанның темір жолдарымен транзитпен Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Тәжікстанның және Түркіменстанның жолаушылар пайыздары өтеді.

    Келешекте экологиялық жағынан-таза қоғамдық туристік көлікті дамытуға назар аудару қажет.

    Орналастыру құралы. Туристік бизнесті шектеуші елеулі факторлардың бірі туризм индустриясы материалдық базасының мүмкіндіктерінің төмендігі болып табылады. Қазіргі уақытта, республиканың қонақ үйлерінде, турбазаларында, кемпингтерінде және басқа орналастыру объектілеріндегі сыйымдылық жүктеменің 35%-ын құрайды. Сондай-ақ елдегі қонақ үйлердің саны 1997 жылмен салыстырғанда, 40%, ал бір жолғы көрует-орынға сыйымдылық тиісінше 30%-ға төмендеді.

    Соңғы бес жылда 605 қонақ үй жабылды, 1999 жылы республикада 205 қонақ үй жұмыс істеді, немір қоры небәрі 15%-ға ғана толтырылды. Облыс орталықтарында шетелдік келушілерге сапасыз туристік өнім берудің басты себебі тиісті сыныптағы қонақ үйлердің болмауы, ал қолдағы бар қонақ үй базасы 80 пайызға ескірген, қонақ үйлердің бір бөлігінің жай-күйі мүлде нашар және банкроттық жағдайда тұр, себебі олар 60-шы жылдары салынған.

    Талдау көрсеткеніндей, туристік сыныптағы қонақ үйлердің (2-3 жұлдызды немесе шағын және орташа мейманханалар) рентабельділігі неғұрлым жоғары Кадрлармен қамтамасыз ету. Туризм дамуындағы түйінді мәселенің бірі туристік кадрлар даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстандағы мемлекеттік, жеке және ресейлік филиалдарды қосқанда, туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар. Қазақстанда мұндай кадрлар даярлаудың негізі 1992 жылы қаланғандығына қарамастан, туристік саланы мамандармен қамтамасыз ету әлі күнге дейін қанағаттанғысыз жағдайда қалып отыр. Көптеген жоғары оқу орындарында мұның басты себебі Қазақстандағы туристік әлеует туралы оқытушылар құрамының білім және туристік саладағы жұмыс тәжірибесі, деңгейінің жеткіліксіздігі болып отыр. Соның нәтижесінде, мамандарды даярлау отандық туристік-рекреациялық ресур-старды ұстау, туристерді қабылдау үшін оларды пайдалану технологиялары мен ықтимал клиенттер арасында туристік қызмет көрсетулерді атаулы жар-намалаудың әдістемесі жеткілікті түрде ескөрусіз жүргізілуде. Сондықтан, жоғары оқу орындары түлектерінің едәуір бөлігінің туроператорлық қызметті толық атқаруға шамасы жетпейді




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет