Мазмұны Кіріспе Ыбырай Алтынсарин және ұлттың мектептері туралы Ыбырай шығармаларындағы оқу тәрбие мәселелері. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары. Қорытынды. Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе



бет3/3
Дата07.11.2016
өлшемі443,23 Kb.
#1196
1   2   3

Қорытынды
Ыбырай Алтынсарин-тұңғыш халық мұғалімі, Қазақстандағы халық мектептерін бірінші ұйымдастырушы және қазақ халқынан шыққан тұңғыш педагог-теоретик. Алтынсариннің қызметі біз үшін қоғамдық ойды дамыту тұрғысынан оның халық ағарту ісі мен қазақ әдебиетінің тарихындағы орны біздің көңілімізді ерекше аударып тұрады.

Қазақ балалары үшін ана тілінде құнды әңгімелер мен өлеңдер жазған Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихында Абаймен қатар жазушы- суреткер ретінде тиісті орын алды. Оның шын ниетімен, жан-тәнімен жазған шығармаларының соншалықты ол күні бүгінге дейін жастарды жалықтырып, ескерген жоқ.



Алтынсарин өз халқының игілігі үшін қажымай еңбек етіп, дарындылығын, мәдениетке қабілеттілігін дәлелдейді. Ол жастарды жарқын болашақ үшін қажымай күресуге, көршілер ( орыстар) мәдениетін қабылдап, ұғынуға жол көрсетті. Ол болашаққа деген сенімді қолдады. Өзінің барлық сөздерінде еңбекші қазақ халқын, қарапайым халықтың бишаралық халге түскен балаларын ескеріп, сонымен бірге билеуші топтардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптарының жарамсыз жақтарын көрсетті.

Алтырсариннің тарих, этнография, өлке танудағы бағытта да үлкен маңызды жұмыс атқарғанын да көруге болады.

Алтынсариннің шақыруымен орыстың еңбекші интеллегенциясының өкілдері қазақ балаларына мұғалім болып ең шалғай ауылдарына барды. Мерзімді шығып тұратын баспасөздің беттерінде қазақ жұртшылығының мектеп пен білімге мұқтаждығы, алғашқы мектептердің жұмыс тәжірибелері жайында мақалалар жиі көріне бастады.

Көрнекті совет педагогтарының бірі Е. Н. Медынский өз еңбегінде Алтынсариннің жалпы атқарған қызметін жоғары бағалап былай деп жазды.

«Алтынсарин қазақ мектептерінің инспекторы ретінде өз халқы үшін бастауыш училищелердің ашылуына себепші болды, бұл мектептерде Ушинский ұсынған прогресшіл оқыту методтарын орнатып, осы мектептер үшін бірқатар оқулықтар жазды: «Е. Н. Медынский «Педагогика тарихы» )

Ыбырай Алтынсарин – оқутушы педагог қана емес, оқу-ағарту майданының белсенді қайраткері еді. Оқу инспекторы қызметін атқарып жүрген кезінде ауылдарға мектеп ашты. Ақтөбе, Торғай, Ырғыз, Тройц уездеріне бір-бірден орталық училище ұйымдастырды. 1881 жылы Орск қаласында қазақ мектептерін мұғалімдер даярлайтын училище аштырды. Жеті жерден болыстық мектеп ұйымдастырды. Ол мектептердің бесеуі ұлы ағартушы тірісінде : Бөрте, Қарабұлақ, Обаған, Жетіқара болыстарында 1887 жылы Қараторғай болысында 188 жылы ашылды. Қалған екеуі Ыбырай қайтыс болғаннан кейін 1991 жылы ашылды.

Алтынсариннің педагогикалық тәрбие қиялдары мен мектеп системасы ғылым мен жалпы білімді жоғары бағалауға, балаға сүйіспеншілікпен қарап, рны қадірлеуге және өз халқының мүддесі үшін қызмет істей алатын жас адамдарды дайындауға негізделген.

Алтынсарин- Қазақстанда педагогика білімінің негізін құрады. Мектеп –қашан да маман және дайындығы мол мұғалімдер болғңанда ғана мектеп бола алатынын айтты. Сол уақытта қазақ мектептерінде қанағаттанарлық түрде тіл мәселесін шешуді Алтынсариннің зор еңбегіне санау керек. Алтынсарин қазақ балаларына орыс тілін оқыту құралын құрастырғанда қатаң тәртіпке келтірілген алғашқы лексикалық, фразиологиялық және грамматикалық материал беру арқылы балалар жұмысын барынша жаңілдетуге тырысты. Мұғалімнің ролі материалдарды есте сақтау, есіту дұрыс сөйлеуге дағдылануда ерекше орын алады.Торғай облысында ғана қызмет атқарған Алтынсариннің мектеп системасы соңғы жылдарда(Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін) басқа облыстарда да: Орал, Семей, Ақмола, Бөкей ордасында, ал ХХ ғасырдың бірінші он жылында- Сырдария, Жетісу облыстарында тарады.



Қазақ мектептерін ұйымдастырудың алғашқы тәжірибесі орасан зор қиыншылықтар мен бөгеттерге кездесті. Істі неден, қалай бастау керек, мұғалімдерді қалай дайындау керек, мектепетерді оқулықтар мен және оқу құралдарымен қаклай қамтамасыз ету керек- міне, осының бәрі орасан және қиын мәселе еді, бұл мәселеде миссионерлер мен мұсылман діни адамдардың барлық жердегі кедергілерін жеңу керек болды.

Алтынсарин халық училищелерінің инспекторы ретінде тек мұғалімдердің жұмысын бақылаумен ғана шектелмей ауылдар мен болыстарды аралай жүріп, жұртшылық алдында сөз сөйлеп, мектеп үйлерін салдыруға қаражат жинайтын мұғағалімдердің досы және көмекшісі болған Алтынсариннің жарқын бйнесі мәңгілік есте қалып құрметтеледі. Жаңадан шақырылған мұғалімдер мен онда оқыған оқушылар өздерін «Алтынсарин мектебінің мұғалімдеріміз немесе түлектеріміз деп өздерін мақтаныш сезіммен ұстайтын Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин – Бүкіл өмір бойы өз халқына аз да болса пайдасын тигізуге тырысып, сол үшін тоқтаусыз күрес жүргізді, қайткенде де тілдің әдебиеттің, ғылым мен ағарту жұмысының өмірге қажетті мәселелерін шешудің «бастамасан жасауды» және білімге деген құштарлығын арттырды. Бұл- өз заманымыздағы алдыңғы қатарлы таңдаулы адамтармен бір сапта тұруға лайықты нағыз еңбекші ғалымның жолы еді.

«Оренбургский листок» газеті 1889 жылы Ы. Алтынсаринге арнаған некрологында былай деп жазды. «Алтынсарин - өз тайпаларының қараңғы номадтарының жағдайында Россияның мәдениетіне, оны сүюге және дос болуға шақырған қырғыздардың арасынан шыққан тұңғыш апостол болды.

ҚОСЫМША
Алтынсарин өмірінің аса маңызды даталары.

1841ж. 20 қараша (Торғай облысы Арақарағай болысы) туған күні.

1850ж. Шекара комиссиясы жанындағы Орынбор мектебіне түскен.

1857ж. Мектеп бітірген.

1859ж. Орынбор облыстық басқармасының кіші тілмашы болған.

1861ж. Орынбордағы мектепте мұғалім болған.

1870-71жж. Торғай уезінде судьялық қызмет атқарған.

1876ж. Петербургқа барған.

1876ж. Ана тіліндегі хрестоматиялық і- бөлімін алғашқы рет құрастыра бастаған.

1879ж. Хрестоматияның і- бөлімі басылып шыққан.

1879ж. Торғай болыстық инспекторлық қызметін атқарған.

1879- 89жж. Халық училищелерінің инспекторы болып қызмет істеген.



1889ж. 17 шілдеде қайтыс болған.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология.-Алматы,1981.

  2. Қоянбаев Б.Ж. Педагогика.-Оқу құралы.-А лматы, «Рауан»,1992.

  3. Игнатьев Е.И. Психология в беседах с учителеями.-Санкт-Петербург,2001.

  4. Макаренко А.С. Педагогикалық шығармалары. Т.5.-Москва, 1958

  5. Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас.-Алматы, «мектеп», 1987.

  6. Бастауыш мектеп №7, 2001ж

  7. Советская педагогика №7, 1965ж

  8. Қазақстан мектебі №4, 1995ж.

  9. Салтақова Л.Қ. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие жұмысында халықтық педагогиканы оқыту әдістері.

  10. Сарбасова Қ.А. Бастауыш мектепке математиканы оқытуда қазақ халқының ауызша есептерімен жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктері.

  11. Бейсенбаева М.А. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетке баулуда қазақ этнопедагогикасының орны.

  12. Әлібаева Ж. Балаларға ұлттық тәлім-тәрбие берудегі әдеп мәселесінің алатын орны.

  13. Әлімханов М. Қазақтың халық медицинасы.-Алматы: қазақстан 1992

  14. Бержанов К., Сейталиев К. Ауыз әдебиетіндегі адамгершілік, тәрбие мәселелері.-қазақстан мектебі, 1970

  15. Боданов Ж., Болеев К. Қазақтың халық педагогикасы. Жамбыл: 1992

  16. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. «Қазақстан мектебі», 1989




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет