2.2 Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицилар есебі
2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар»
2010 – Ұзақ мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер
2020 – Ұзақ мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер
2030 – Ұзақ мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер
2040 – Туынды қаржы құралдар
2050 – Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар
2060 – Үлескерлік құралдар
2070 – Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер
2080 – Ұзақ мерзімді қаржылық активтің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей жолмен анықталады:
сатып алу құнымен;
қайта бағалау құны ескерілген құнмен;
сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.
Ұзақ мерзімді инвестициялар дегеніміз - бұл инвестициялар ақша 1 жылдан 5 жылға дейін. Тұжырымдама көптеген мүмкіндіктерді қамтиды. Олар бағалы қағаздарды (акциялар мен облигациялар), сондай-ақ жылжымайтын мүлік салу және сатып алуды пайдаланады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау үшін: қайта бағалаудың мерзімін анықтау қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді инвестициялардың бір ғана түрі қайта бағаланады. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік капиталының өсіміне жатқызылады. Инвестициялар құны төмендеген жағдайда азайту сол инвестицияның үстеме бағасының сомасы есебінен жүргізіледі. Бір инвестицияның үстеме сомасы жоқ болған жағдайда оның құнының төмендеуі зиянға есептелінеді. Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция қысқа мерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның сатып алу мен баланстық құны ең төменгі баға бойынша аударылады. Егер инвестиция бұрын қайта бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы аудару кезінде шығарылып тасталынады. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен есептелсе, онда ол баланстық құн бойынша аударылады.
Табысты ұзақ мерзімді инвестициялау нәтижесінде алынған пайда дегеніміз - тұрақты ақша ағындарының жиынтығы, олар жобаны ақтап, содан кейін пайда табады.
Акция – акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол оның иесіне дивиденттер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқын беретін бағалы қағаз.
Акцияларды алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп, ақша қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін: 1150 , 2040 – шоттың дебеті, 1050- «Жинақ шоттарындағы ақшалай қаражат»; 1030 – «Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаражат»; 1010-«Кассадағы ақшалай қаражат»- Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы акцияларды алғанда.
Акцияларды сатқан жағдайда және басқа да жағдайда олар есептен шығарылса, онда акцияның баланстық құнына 7410 «Активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар» деген шоты дебеттеледі де және 1150, 2030 шоты кредиттеледі, сосын ол 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі» шотының дебеті бойынша және 6210 «Активтерді істен шығарудан түскен кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Акцияларды алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп, ақша қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін.
Дт Кт
1150, 2030 1010, 1030,1050.
Акцияларды сатқан жағдайда және басқа да жағдайда олар есептен шығарылса, онда акцияның баланстық құнына.
Дт Кт
1210, 2110 6210.
Сосын ол
Дт Кт
1270 6160 шотымен «жабылады».
Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып табылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығын болып танылады.
Облигация инвестициясы. Облигация дегеніміз – ұстаушысына өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар эмитенттің (АҚ, мемлекеттік муниципалды органдар және т.б.) облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация – жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы АҚ-ның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге құқы жоқ.
Облигациялармен байланысты опрециялардың есебі 1130 «Қысқа мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қысқа мерзімді қаржылық активтер» және 2020 «Ұзақ мерзімді басқа жиынық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер» шотында жүреді.
Облигация – белгіленген нақты құны бойынша иесіне пайыз төлеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облигациялардың төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялық банктер, акционерлік қоғамдар және т.б. шығарған); атаулы және талап етушіге арналған; проценттік және проценттік емес, еркін айналымдағы және айналым шеңбері шектеулі.
Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек: аты, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері; фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе облигацияның талап етушіге жазылғаны туралы жазба; номиналдық құны, өтеу және пайыздарды төлеу мерзімдері, пайыз мөлшері, серия мен нөмірі және т.б.
Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдық құнынан үлкен бағасы бойынша (сыйлығымен) және номиналдық құнынан төмен бағасы бойынша (жеңілдіктермен).
Облигацияларды сатып алу және олардан алынған табыстар бойынша есептеулерді келесі мысалдармен көрсетейік.
1. Облигация номиналдық құны бойынша шығарылған. «Мақсат» атты кәсіпорын 1 млн. теңге тұратын, әр қайсысы мың теңгеден, 1000 дана облигациясын сатып алды делік, бұл арада эмитент үш жылдық мерзімге, әр үш ай сайын, жылдық деңгейден есептелген 20% төлем жасап тұруға міндеттенген. Сатып алынған облигациялардың құнына.
1130, 2020 шоты дебеттеледі де, 1030 шоты кредиттеледі – 1 000 000 тенге.
Сатып алынған облигациялар бойынша жылдық пайыздардың сомасы: 1000000 теңге х 20% : 100% = 200 000 теңге немесе айына 16 667 теңге құраған. Есептелген пайыздардың сомасына 1270 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» және 2170 «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және 6120 «Дивидендтер бойынша кірістер» шотының кредиті бойынша 16 667 теңгеге ай сайын бухгалтерлік жазбасы жазылып отырады. Әрбір 3 ай сайын облигация эмитенттің шығарылым шарттары бойынша инвесторға тиесілі пайыздар төленіп отырады: ол кезде 1030 шоты дебеттеліп, 1270, 2170 шоты 50001 (16667х3) сомасына кредиттеледі. Облигациялардың жабылу мерзімі таянған кезде эмитент инвесторға олардың салған ақшасын номиналдық құны бойынша қайтарады: ол кезде бухгалтерлік жазудың 3 жазбасы жасалады:
Дт 7410, Кт 1130,2020 – 1 000 000;
Дт 1270, 2170, Кт 6210 - 1 000 000;
Дт 1030, Кт 1270, 2170 - 1 000 000.
1110, 2010 «Ұзақ мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер» шотында: депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазыналық вексельдер, қазыналық ноталар, қысқа және ұзақ мерзімге берілген заемдар, шартты бағалы қағаздар есепке алынады.
Құн әдісі — инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Депозитті сертификат - салушының депозитті алуға құқығын куәландыратын ақша қаражаттарын депозиттен өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік. Депозитті сертификаттар банкке немесе делдалдарға пайызсыз немесе бір тұлға екіншісіне табыстау жазбасы арқылы берілуі мүмкін.
Депозиттер – бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдар. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді.
Бондар – мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері.
Қазыналық вексельдер – мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі; олардың пайыздық купондары болмайды. Негізінен банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады. Толық өз құны бойынша сатып алынады. Вексельдердің иелері көрсетілген бағалар мен сату бағасы арасындағы айырмашылыққа тең табыс алады.
Қазыналық ноталар – қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі.
Шартты бағалы қағаздар – бұл опциондар, варранттар, қаржылық фьючерстер, алуға ерекше артықшылық құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.
Опцион – опциондық контрактінің нәтижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бір біршама уақыт өткен соң бағалы қағаздарды алдын ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.
Варрант – бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар (корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдын ала белгіленген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құқық. Варрант иесі – оның сатып алушысы. Варранттар кей жағдайда бағалы қағаздың өзімен бірге ұсынылады және олардың құны бағалы қағаздың құнымен бірдей болуы мүмкін.
Фьючерлік конракт – мәміле жасау кезінде белгілі бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген келісім жасалған құнды қағаздар. Фюьючерлік контракт мәмілеге қатысушыларға қор құныдылықтарын жеткізумен ғана аяқталмауы мүмкін, бірақ ол нақты тауарды жеткізіп беруді де қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайда фьючерлік конракт мәмілеге қатысушылардың біріне контрактінің құны мен биржалық бағаның арасындағы айырманы төлеуді қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |