Мазмұны кіріспе Инвестиция есебі



бет4/11
Дата02.01.2022
өлшемі180,07 Kb.
#107963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
курсовой...

1.2 Инвестицияның бағалануы
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау үшін қайта бағалаудың мерзімділігін анықтау керек; ұзақ мерзімді инвестициялардың бір түрін бір мезгілде ғана қайта бағаланған жөн.

Егер де ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның құны қайта бағалаудың нәтижесінде азайса, содан соң көбейсе, алдыңғы ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның азайған құны өзінің бастапқы қалпына келтіріледі.Сол қалпына келтірілген сома қабылданған есеп саясатына байланысты табыс немесе таратылмаған табыс ретінде танылады.

Қаржылық инвестицияны қайта бағалаудың кезеңділігі әрбір субъектінің есептік саясатында ескеріледі., ал оған не нарық бағасының биржада түзетілуі, не әділ бағасы негіз бола алады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция туралы шешім қабылдау процесі ең қиын, әрі қайшылық туғызатын қаржылық мәселелер болып табылады. Инвестор әрқашан да ұзақ мерзімді инвестицияға қаражатын сала отырып бүгінгі ақша қаражатынан бас тартып, болашақта табыс алуды көздейді. Бірақ ондай болжамды тек қана инвестициялық жоба беруі мүмкін. Сол инвестицияның тиімділігін анықтау үшін, ең көп тараған талдаудың 4 әдісін пайдаланады:

- инвестциялық табыстың орташа нормасы;

- өтеушілік;

- табыстың ішкі нормасы;

- таза ағымдағы құны.

Инвестициялық табыстың орташа нормасының әдісімен ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны бағалаған кезде кәсіпорынның белгілі бір уақыт кезеңіндегі салық салынғаннан кейінгі орташа жылдық табыстан болған ауытқудан есептелінеді, демек ол жобадағы инвестицияның арасынан алынады. Инвестициялық табыстың орташа нормасы инвестицияның өсуіне, не азаюына әкеледі, яғни азайған кезде оларды қатар бағалауға тура келеді, демек оның әділ құнын қалпына келтіру керек.

Инвестицияның өтеушілік мерзімін есептеу әдісі негізінен инвестцияның бастапқы салынған сомасын жабу үшін қажет, өтеушілік мерзімін анықтау, демек жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдер сомасы, оның бастапқы инвестиция сомасыга тең болғанға дейін созылады және де ол инвестицияланған қаражаттың табыстарының есебінен қайтарылады. өтеушілік кезеңнін есептеу әдісі жобаның тәуекелдігі жөніндегі мәселеге алдын ала джауап береді, ал ол өз кезегінде инвестициялық сомаларды қайтару мерзімінің ұзақтылығына байланысты болып келеді. Өтеушілік мерзімі қысқа болған сайын, жобадан түсетін ақшалай қаражаттардың түсімі көп күтіледі.

Шаруашылық субъектісінің ішкі табыстар нормасы өзінің физикалық мәні бойынша тек инвестициялардан алынатын пайыздық мөлшерлемесін қалыптастырады және сол бойынша инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін несие алуына болатындығын да көрсетеді.

Егер де алғашқы бастау алатын шығыны 0 уақытына сәйкес келетін болса, ал оның ішкі табыстық нормасы 1 деңгейінде берілсе, онда оны келесі формула бойынша анықтауға болады:


(1)
Таза ағымдағы құн – бұл ұзақ мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау мақсатында ақша ағындарын дисконттаудың әдісі. Таза ағымдағы құн келіп түскен ақша ағыны мен шыққан ақша ағынының арасындағы айырмасына тең.

Ал инвестициялық жобаның ағымдағы құнын мына формула бойынша анықтайды:


(2)
мұндағы l-табыстың қажетті нормасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет