Мазмұны Кіріспе. Нотасыз домбыра тарту жайлы жалпы ұғым. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту. Нотасыз домбыра тарту тәсілі арқылы оқушылардың домбыра шерту қабілетін дамытуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар



бет2/4
Дата26.01.2018
өлшемі1,41 Mb.
#34050
1   2   3   4

Домбыраның құрылысы



8

Домбырашының отырысы және аспаптың орналасуы

Дыбыстың таза әрі құлаққа жағымды шығуы домбырашының отырысына және аспаптың дұрыс орналасуына тығыз байланысты.Домбыра үйренушілеріне орындықта дұрыс отыру мен аспапты дұрыс ұстауды үйрету өте мән берелік жұмыс. (2-ші сурет) Домбырашыны орындықтың алдыңғы жартысына, оң аяқты сол аяқтың үстіне қойып (ұлдар үшін: сол аятың тізесінің үстіне оң аяқ тобығының сәл жоғарғы тұсы оргаласуы керек) отырып ойнайды. Қыз балалардың отырысының ұлдарға қарағанда сәл өзгешелігі бар, бұл ұлдар мен қыздардың киім ерекшелігіне байланысты. Үйренуші аспапты қысылмай, қымтырылмай меңгеруі үшін киімі денеге тар болмай, емін- еркін отыруы қажет. Әсіресе екі иықты түсіріп, еңкеймей, тік отыруға жаттыққан жөн.Орындықта дұрыс отырмау, мысалы, еңкіш отыру, шалқақ отыру немесе қырын отыру домбырашыға ыңғайсыздық тудырып, сол қолдың дұрыс орналаспауына, оң қолдың білезік буынының дұрыс қалыптасуына, шынтақтың денеге қысылып, иықтың бір-бірінен жоғары болуына әкеп соқтырады. Домбырашының сол аяғы еденге нық басылып, денесін тік ұстауы керек. Алғашқы үйрену кезінде басын аздар алға қарай еңкейткені жөн, өйткені орындаушы домбыра пернелерін және өз отырысының дұрыс немесе терістігін қадағалап отыруы керек.



8

9

Домбыраның басы сол иықтың деңгейіне дейін көтеріліп, шанақтың төменгі бүйірі оң аяқтың үстіне орналасады да, ал жоғарға бүйірі кеудеге тақалып тұруы керек. Оң қолдың шынтағы қақпақтың ішекке дейінгі бөлігіне тиектің сыртқы жағынан орналасады. Домбыраның сабы (гриф) сол қолдағы сұқ саусақтың үшінші буыны мен бас бармақтың екінші буынынның аралығында ұсталып, бас бармақ екінші (ортаңғы) саусақтың тұсына дәл келіп тұруы керек. Бұл жағдай домбырашының негізгі отырысы болып есептелінеді. Кейде отырыстың биік немесе аласалығына байланысты негізгі отырыстың өзгеріп кетпеуі үшін, домбырашының, орындығы бойына лайық (төмен немесе жоғары) болуы шарт.Оң және сол қолдардың жеңіл де әрі жылдам қозғалыстары аспапты дұрыс ұстауға тығыз байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет