Мазмұны Кіріспе. Нотасыз домбыра тарту жайлы жалпы ұғым. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту. Нотасыз домбыра тарту тәсілі арқылы оқушылардың домбыра шерту қабілетін дамытуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар



бет1/4
Дата26.01.2018
өлшемі1,41 Mb.
#34050
  1   2   3   4

Ақмола облысы

Бұланды ауданы

Елтай орта мектебі




Нотасыз домбыра үйрену әдістемесі

Музыка пәнінің мұғалімі: Кадирбек Ж

2016-2017 оқу жылы


Мазмұны

1. Кіріспе .

2. Нотасыз домбыра тарту жайлы жалпы ұғым.

3. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

4. Нотасыз домбыра тарту тәсілі арқылы оқушылардың домбыра
шерту қабілетін дамытуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар.

5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.



Кіріспе
« Қазақ – нағыз қазақ емес, Нағыз қазақ –

домбыра».

Қ. Мырзалиев
Бұл әдістемеде домбыра аспабында нотасыз ойнауды үйрену методикасы

Қозғалған.Қосымша білім беруде бұл әдістеменің жас ұрпаққа берер тәлім-

тәрбиесі мол. Домбыра — қазақтың ішекті музыкалық аспабы. Шанағы

көбінесе алмұрт пішіндес болып келеді, мойны өте ұзын, пернелермен бөлінген. Басты мақсат жасөспірімдерге

домбыра үнімен, домбыра сарынымен тегін білуге үйрету болды. Себебі

домбыраның бойында ата-бабаның рухы жатыр. «Домбыра деген – қазақ, қазақ

деген – домбыра»

деген теңеудің жаны бар. Бағдарламаның негізгі мақсаты өзінің тілін, дінін, дәстүрін,

өнерін, әдеп- ғұрыптарын біліп, халқының асыл қазынасының мұрагері сезінетін, өз

елін, туған жерін, ата мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының

азаматын тәрбиелеу.Бағдарламаның басты темірқазығы балаларға домбыра үйрету

арқылы олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру.

Домбыра үйрету барысында халықтың музыка педагогикасына арқа сүйей отыра

коллективті түрде нотасыз домбыра тартып үйретудің әдістемесін ұсынады. Бұл

әдістемені көптеген үйірмелер қолданады. Ол жеңіл, әрі тез. Сондай-ақ баланың еске сақтап қалу қабілетін арттырады.Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша мектепбімізде «Шертпелі домбыра» үйірмесі 2009 жылдан бері жұмыс жасауда. Осы үйірмені ашқандағы мақсатымыз баланың музыкалық мәдениетін қалыптастырып, соның ішінде халық музыкасына деген сүйіспеншілікті арттыру. Осы сәтте киелі қара домбыраның атқарар рөлі мол. Қолына домбыра ұстаған бала имандылық, инабаттылық жылуын дарытып қатыгездіктен аулақ болады.

Осы үйірмеге келетін балалар менің ойымша, адамгершілігі биік, қазақи тәрбие алған балалар. Менің мақсатым – маған келетін оқушылардың қазақ тіліне, өнеріне, дәстүріне, ұлтына, салтына деген махаббаттарын оятып, рухтарын биік ұстату.


1


Нотасыз домбыра тарту жайлы жалпы ұғым.
Сабақ барысында мен оқушыларыммен қазақша сөйлеймін, қазақша түсіндіремін. Басқа тілде домбыраны үйрету мүмкін емес. Оқушыларым да «Ағай» деп сыйлап, үлкендермен амандасып өздерінің ізеттілігін білдіреді. Үйірмеге қатысатын оқушылардың 90 пайызы ер балалар. Меніңше, ер бала келешек ер азамат, еліміздің тірегі, болашағы, сондықтан да, оларға қойылатын талап-мақсат жоғары. Үйірменің ерекшелігі музыкалық мектептерде ешқандай дәріс алмаған, нота білмейтін балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттырып, оларға қазақтың ұлттық аспабы – домбыра бойынша дәріс беру мүмкіндігіміз бар.


Үйірме үш топтан тұрады:

1.           Негізгі топ

2.           Ортаншы топ

3.           Бастауыш топ болып бөлінеді.

Әр топта 10-15 баладан. Үйірмеде екі ансамбль бар. «Қазақ ұлттық аспаптар» «Үкілі

домбыра» Домбыра үйрену сабақтарын әр баламен жеке жүргізген жөн. Сабақта ән немесе музыка аспаптарына, арналған музыка шығармаларын орындалғанда оны мазмұнына байланысты мәнерлі, түсініп, ал әннің сөздерін дәл анық айтқызу керек.

2

Оқушылар берілген ән немесе музыка шығармаларын жаттап алып, оны техникалық



жағынан дұрыс орындап берумен қатар, шығарманың идеялық мазмұнын, оның

авторларын және олардың тұрған дәуірін білулері керек. Оқушыларға әнді домбыра

аспабына қосылып айтуға үйрету керек. Домбыра сабағында музыкалық шығарманы,

ән-күйді бастап үйретпес бұрын, қандай тақырыпқа жазылғанын, шығарманы жазған

композитор оның дәуірі, творчествосы және орындалатын музыка шығармасының

орындалу характері, техникасы, әдістері туралы қысқаша түсіндіріп өту керек.

Домбырашы музыка шығармасын немесе күйді үйренгенде, шығарма таза , сапала шығу

үшін шығарманың өлшеуін, екпінін динамикалық (шығу-күшін), дыбыстың әдемі шығуын

жақсы үйреніп алып, кейін оқушыларға үйрету жөн. Әрбір білімгер үйінде күнбе күн

домбыраға өздігінен ойнап дағдылана беретін болсын. Өтілетін репертуар қазақ

композиторларының шығармалары қазақтың халық әндері мен күйлері және ішінара

батыс классиктері композиторларының  шығармаларынан құралады. Ең бірінші

домбыраны үйренгенде оны сазына келтіріп бұрауды бірінші жолға қою керек. Домбыра

тартуға үйренудің негізгі мазмұны. Бірінші кезеңдерде музыка аспабы-домбырамен

танысу. Домбыраны күтіп ұстау. Домбыраны тартқанда қалай ұстау керек. Оң қолдың тұрысы. «Тремол» қағысын шығару әдісі. Сол қолдың тұрысы.Сол қолдың 1,2,3 ші саусақтарымен жаттығып үйрену т.б. Келесі кезеңнен бастап мұғалім домбырашылардың басын қосып, домбыра тартқызып дағдыландыру керек. Бұл әдіс оқушының домбыра оркестіріне қосылып, музыка шығармаларын тартуды кеңінен үйретеді. Музыка аспаптарына үйретудің негізгі мақсаты шәкіртке музыканың құдіретті күшін таныту. Сөйтіп оқушының санасын, еркіне, әсіресе олардың сезімі мен ұшқыры қиялына пайдалы  әсер ету. Сонымен қатар бұл өмірдің түрлі жайттарын адам баласының қолы жеткен  табыстарымен оның қолынан туған көркемөнер мұраларын тануға,  өмір шындығын сезінуге, елін жерін, отанды сүю сезіміне баулиды. Қазір бүкіл жас ұрпақты адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі бүкіл халықтыќ іс болып отырғаны баршамызға мәлім. Соның күрделі салаларының бірі – жастарға музыкалық тәрбие беру негізінен қосымша сабақ үстінде іске асады. Жастардың музыкалық-эстетикалық талғамын тәрбиелеуде халық әндері мен күйлерінің және қазақ композиторларының әндері мен күйлері алтын өнер қазынасы болып саналады

3

.Осы сабақтар арқылы бағдарламаның мақсатында көрсетілген пәнаралық байланыс, жаңа технологияны сабақта пайдалану, баланың шығармашылық қабілетін ашу жолдарын және ең бастысы домбырада ойнауға үйретудің әр түрлі әдістерін көрсетемін. Менің негізгі мақсатым – өз балаларымды музыкаға соның ішінде қазақ музыкасына баулу. Домбыра үйренген баладан музыкант шығару мақсат емес, музыкант болатын бала арнайы музыка мектебіне, музыка академиясына барады. Бізден алған тәлім-тәрбие келешекте олардың өмірінде қандай да бір себін тигізеді деп ойлаймын.Қазақ- нағыз қазақ емес Нағыз қазақ- домбыра -  деп Қадыр Мырзаәлиев атамыз жырлағандай тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі- ұрпағымыздың рухани байлығы мен мәдеиетіне, қабілеті мен біліміне ұлттық дүниетанымына байланысты. Олай болса бұл бағдарламаның болашақ ұрпақтың ата дәстүрін, тарихын, өнерін дәріптейтін өз еліне деген сүйіспеншіігін тәрбиелеуде аса маңызы зор.Әрине біздің Республикамызда осындай бағдарламамен жұмыс жасайтын қосымша білім беру үйірмелері көбейсе нұр үстіне нұр болар еді.



4

Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
Төрт құбылыс

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.



Көңілді шеңбер

Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.



Орныңды тап

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.



Ойыншықты сипатта

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.



Сөзді есіңде сақта

Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.



көктем – жаңбыр

жаз – күн шықты

аспан – бұлт

жер – шөп
5

  • Мен жеңімпазбын



  • Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.



  • Құлақ-мұрын



  • Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.



  • Өз орныңды тап



  • Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.



    • Дайын бол



  • Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.



  • Зейінді бол



  • Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады

6
Нотасыз домбыра тарту тәсілі арқылы оқушылардың домбыра

шерту қабілетін дамытуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар.

7



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет