Сурет-9.Карзин алхоры сорты 3 Өндірістің экономикалық сипаттамасы және ұйымдастырылуы Қазіргі замандағы ауыл шаруашылығын алдағы уақытта жеделдете дамытудың ең өзекті мәселерінің бірі алдағы уақытта саланың экономикалық тиімділігін арттыру болып табылады.
Ауыл наруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін сипаттауда табиғи және құндық көрсеткіштер жүйесі пайдаланады. Тиімділіктің табиғи көрсеткіштеріне ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы және мал шаруашылығының өнімділігі жатады. Табиғи көрсеткіштер жалпы және тауарлы өнімнің,жалпы және таза табыстың,өндірістің пайдалығы мен рентабельдігінің құндық көрсеткіштерін есептеу үшін негіз болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің жалпы нәтижесі – рентабельділік болып табылады. Рентабельділік деңгейі (Р) пайданың өнімнің толық өзіндік құнына пайыздық қатынасы арқылы есептеледі. Р=пайда/өзіндік құн. Бұл көрсеткіштер, ауыл шаруашылығы тиімділігін және оның жеке өнім түрлері салаларының да тиімділігін толық сипаттауда пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығының тиімділігіне әсер ететін факторлар өте көп және олар әртүрлі болады. Олардың біреуі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының белгілі бір ұжымының іс әрекетіне байланысты болса, басқалары өндірісті ұйымдастыру мен технологиясына, өндірістік ресурстарды пайдаланумен, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін ендірумен байланысты болады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдарына мыналар жатады:
1. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығымын өсіру;
2. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру;
3. Ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттыру;
4. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлығының өсуі;
5. Өнімді жиналғаннан кейінгі өңдеуде сақтаудың жаңа тәсілдерін енгізу;
6. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісінде материалдық- техникалық шығындарды төмендету;
7. Мамандануды тереңдету, ауыл шаруашылығы өндірісінің шоғырландыруды арттыру;
8. Өнімнің еңбек сыйымдылығын, материалдық сыйымдылығын және қор сыйымдылығын төмендету;
9.Өнім өндірісінде өнімділігі жоғары техниканы және прогрессивтік технологияны пайдалану;
10. Өсімдік шаруашылығында және мал шаруашылығында еңбексыйымды үрдістерде механизациялау деңгейін арттыру;
11. Жалпы өндірістік және жалпы шаруашылыққа жұмсалатын шығындарды қысқарту;
12. Еңбекті ұйымдастыруды және материалдық ынталандыруды жетілдіру;
13. Өнімді өткізудің нарықтық каналдары және баға жүйесі.
Еліміздегі нарықтық қатынастарға көшумен байланысты болған өзгерістер экономиканы басқарудың барлық жүйесіне әсер етті. Соның ішінде экономикалық, ұйымдық және әлеуметтік қатынастардан түбегейлі өзгеруіне жағдай жасайды. Ауыл шаруашылық өндірісін басқаруда ұйымдастыру механизмін жетілдіру, ауыл шаруашылық өзіндік ерекшелігінен туындайды. Себебі ішкі және сыртқы факторлар ауыл шаруашылығы өндірісін басқару қызметіне тікелей әсер етеді, сондықтан да бұл факторларды ауыл шаруашылық өндірісін басқару жүйесін қалыптастырғанда үнемі ескеру қажет. Оған жататындар ауыл шаруашылығының табиғатпен тікелей байланыстылығы, өндірістің маусымдық сипатта болуы және ауыл шаруашылығының негізгі өндіріс құралы болып жермен тірі биологиялық организмдердің табылуы. Ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруда ұйымдастыру механизімін жетілдірудің тағы бір себебі, саудалық қатынастарға көшумен байланысты экономикадағы өзгерістер әсерінен ауыл шаруашылығы саласындағы қалыптасқан басқару құрылымдары әлі даму үстінде, олай дейтін себебіміз кеңес одағы кезінде ауыл шаруашылығы саласында тек екі ұйымдық құрылым жұмыс жасады, ол совхоздар мен колхоздар және мемлекет басқарушы рөл атқарады. Ал нарықтық экономикаға көшумен байланысты ауыл шаруашылығы саласында көптеген жеке меншікке негізделген ұйымдық- құқықтық құрылымдар жұмыс жасауда және олар әрі дамып, қалыптасу үстінде. Сондықтан өндірісті нарыққа бейімеу үшін оны дұрыс ұйымдастырып, басқара білу қажет. Сонымен қатар бұрын мемлекет басқарушы қызмет атқарса, қазіргі таңда реттеуші қызмет атқарады.
Қазіргі таңда өнім өндіру жеке меншікке негізделгендіктен ауыл шаруашылығы саласында үш басқару жүйесі қалыптасқан, олар: мемлекеттік, шаруашылықтық және кәсіпорындардың өзін-өзі басқару жүйесі. Мұнда мемлекет әртүрлі экономикалық тегеуріндерді қолдана отырып, реттеуші қызмет атқарады. Ал шаруашылық басқару жүйесі тауар өндірушілердің белгілі бір мақсатқа коммерциялық емес ұйымдарға бірігу арқылы жүзеге асады, яғни олар мемлекет пен бәсекелестері алдында өз мүдделері мен көзқарастарын қорғау мақсатында ассоциацияларға, одақтарға, қауымдастықтарға бірігеді.