Мазмұны Кіріспе Орман шаруашылығы


Өндірістік тәжірибе өту орны



бет2/9
Дата25.08.2022
өлшемі2,43 Mb.
#148231
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ерғара Рахымжан ЛРЛ20к-2

1 Өндірістік тәжірибе өту орны

Өту орны: Агробиологиялық станция
Құрылған жылы: 1959 ж.
Орналасқан жері: Петропавл қаласы шегінде 8 км жерде.
Сол уақыттан бастап осы күнге дейін бұл жерде өсімдік шаруашылығы, ботаника, өсімдіктер физиологиясы, көкөніс шаруашылығы, жеміс шаруашылығы бойынша оқу тәжірибелері өткізілуде.
Агробиологиялық станцияның мақсаты – студенттер ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу бойынша теориялық білімдерін бекітетін, ауыл шаруашылығы техникасымен танысатын оқу және өндірістік тәжірибелер өткізу.
АБС-да барлығы 7 аймақ бар:
1. Жеміс-жидек питомнигіне (тәлімбағына) жоспарланған.
2. «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының пәндері бойынша оқу – практикалық сабақтарды өткізуге арналған жинақтық – тәжірибелік аймақ.
Келесі аймақтарға бөлінген:
- гүлбақ (н/е гүлбақша)
- жеміс дақылдары;
- жидек дақылдары;
- көкөніс дақылдары.
3. Дендрарий. Мұнда дендрологиялық зерттеулер жүргізіледі.
4. Гүлді-сәндік аймақ.(н/е Гүлді-декоративті аймақ).
5. Студенттермен ғылыми зерттеулер жүргізуге, студент –дипломшылардың эксперименттік жұмыстарына, «XXI ғасырдың агрономы» үйірмесінің жұмысына, магистрлік жұмыстарды белгілеуге арналған тәжірибелік бөлім.
6. Қорғалған жер. Екі пленкалы жылыжаймен және екі көшетжаймен ұсынылған. Ол көкөніс, гүлді-декоротивті (сәндік) дақылдардың көшеттерін өсіруге және қорғалған жерде тәжірибелер жинауға арналған.
7. Өндірістік аймақ картоп өсіруге арналған.
Агробиологиялық станцияда келесідей техникалар бар:
- КПС-4 жазық кескіш қопсытқышы;
- трактор картоп қазғыш;
- жартылай аспалы картоп отырғызғыш 4-қатарлы;
- культиватор КРН-4,2;
- ПЛН соқасы-4-35;
- аспалы бүріккіш;
- БДТ-2 диск тырмасы.
Университеттің агробиологиялық станциясында оқу процесінің сапасын арттыру және жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында орман және өсімдік шаруашылығы, ботаника, өсімдіктер физиологиясы, көкөніс шаруашылығы, жеміс шаруашылығы бойынша оқу тәжірибелері өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет