Мазмұны Кіріспе Палуанның жалпы дене дайындығының құралдары мен әдістерін зерттеу



бет12/36
Дата07.02.2022
өлшемі440,5 Kb.
#87380
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5

Дене тәрбиесі ұжымы. Көпшіліктік спорт жұмыстарының негізгі ұйымдастырушы формасы орта мектептердің дене тәрбиесі ұжымы болып табылады. Дене тәрбиесі ұжымының басшылығымен сыныптардағы оқушылар арасында дене тәрбиесі бойынша көпшіліктік жұмыстар ұйымдастырылады. Дене тәрбиесі ұжымы мектеп директоры мен дене тәрбиесі пәні мұғалімінің басшылығы және мектеп белсенділерінің (оқушылар), сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп дәрігерінің қатысуы және олардың белсенді көмегі болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымы төмендегідей міндеттерді
атқарады.


1. Дене тәрбиесі мен спортқа оқушыларды көптеп тарту, оларды Президент сынамаларын тапсыруға даярлау.
2. Оқушылардың денсаулығын нығайту, денесінің дамуын жетілдіру, сабақ үлгерімін арттыру жұмыстары бойынша мектепке қолғабыс тигізу.
3. Сабақтарда оқушылардың алған білімі мен дағдыларын жетілдіру, спортпен жүйелі түрде айналысуға деген олардың ұмтылысын туғызу.
4. Оқушылар арасынан қоғамдық дене тәрбиесі белсенділерін: дене тәрбиесі ұйымдастырушыларын, қоғамдық нұсқаушыларды, команда капитандарын, спорттың әр түрі бойынша тәрешілерді және өзге де басқарушы белсенділерді даярлау.
5. Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында дене шынықтыру мен спортты үгіттеу және насихаттау.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ұжым өз жұмысын екі бағытта құрады: 1) өз секцияларындағы оқу-спорт жұмыстарын ұйымдастыру бағыты бойынша; 2) мектептің барлық оқушыларының арасында көпшіліктік дене тәрбиесі жұмыстарын кеңінен өрістету бағыты бойынша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет