1.3 Жаттықтыру сабақтарында күрес спорт түрінің қолдану әдістері
Дене тәрбиесінің күрес сабақтары оқу жоспары оқу-тәжірибелік түрінде болып онда күрес спорт түрлерінің тарихы, күрес спорт түрлерінің әдіс-айлалары, тәсілдерін үйрету, шеберлікті шыңдау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, спорттық жарыстарды ұйымдастыру өткізу, оқу-жаттығу жиындарын өткізу жолдары оқытылады. Оқу-тәжірибелік сабақтарда әдіс-тәсілдерді үйрену, шеберлікті арттыру жаттығу негізінде өтеді.
Мамандарды дайындауға пәннің ролі маңызы оны оқу процесіне енгізудің объективті қажеттілігі негізінде дене шынықтыру түралы ғылыми-практикалық білімдерді меңгеру арқылы қоғамдық ретінде тани отырып, адам өмірімен қызметіндегі –білім, тәрбие, спорт және мәдениет құндылығын арттыруға арналған өзіндік мәдениетін тереңдете және кеңейте түсуде.
«Дене тәрбиесі» пәні жоғарғы кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дене шынықтыру мәдениетінің қазіргі тұжымымдамалары негізіндегі білімдерді қалыптастырады. Пәнде оқу жоспарына негізделген барлық оқыту қағидалары, оқу әдістері, дене сапаларының барлық түрлерін жан-жақты дамыту жолдары қарастырылған. Білімнің барлық әдіс-тәсілдерін меңгерген студентер күрес спорт түрінің теориялық білімін толық меңгеріп, тәжірибелік тұрғыда барлық іс-қимылға икемді, жылдам, күшті, төзімді тұлға қалаптастыра алады.
Күрес спорт түрінің жаттығу сабақтарының негізгі мақсаты дене тәрбиесінен тереңдетілген білім берумен бірге теориялық және тәжірибелік негіздерін үйрету. Пән толық тәжірибелік тұрғыда жүргізіліп, төмендегідей басқарылады:
Жалпы дайындық жаттығуларын толық меңгеру.
Күрес техникасы мен тактикасын үйрену.
Оқыту мен дағдыны қалыптастыру.
Сабақ тақырыбына қарай үйрету әдістерін таңдап алу.
Оқытудың дидактикалық қағидаларын қолдану.
Оқытудың жүйелілігін, ғылымилығын, еріктілігін қадағалау.
Студенттердің өзіндік жұмыс орындауын есепке алу.
Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, басшылыққа алу жолдарын белгілеу.
Күрес сабақтарының міндеттері:
- Күрес тактикасы: шабуыл, үдемелі шабуыл, мезгілдік шабуыл, қарсы шабуыл техникаларын игеру.
- Бәсекелес қимыл-әрекетін барлау міндеттері: палуанның белдесу кезіндегі тұрысы, ұстасу мәнері, жүрісі, жан-жақты дайындығын ескеру.
- Жарыс ұйымдастыру ереже жолдары: спорт зал жағдайы, кілемнің жағдайы, жарыс өтетін бөлменің температурасы, ылғалдылығы, тазалығы. Төрешілердің білімі, мінез-құлқы және жанкүйерлер жағдайын реттеу.
-Психологиялық дайындық – бұл шын мәніндегі аса қажетті өнер. Ол тек бұлшық еттерді жетілдіру ғана емес, ең қиын жарыстарда қобалжымауға, қарықпауға, қиындықты жеңе білуге көмектесетін жүйке жүйесін қалыпты жағдайда ұстауды үйрету.
- Қауіпсіздікті сақтау және өзін-өзі сақтаудың ерекшеліктері. Жаттықтырушының үйренушіні әдіс-айла және жаттығуды орындау кезеңінде қауіпсіздігін сақтау жолдарын есепке ала отырып оқыту.
Жалпы тәжірибелік сабақтардың әр бірінде сабақтың тақырыбына сай мақсаттар мен міндеттердің жүйелі басқарылып жүргізілуі пәннің дұрыс дәріс беруін көрсетеді [39].
Дене тәрбиесі сабағында күрес спорт түрінің қолдану әдістері. Олар:
Жаттығу әдістері. Күрестің жаттығу әдісіне-палуанның жан-жақты дайындығы, шеберлігі, айла-әдістерді және жастардың жан дүниесінің өсуіне әсер ететін оқу-жаттығу жүйесі жатады. Жаттықтырушы мен палуандардың жаттығу кезіндегі іс-әрекеттері осы бір ғана мақсатқа бағытталған. Сондықтан да жаттықтырушының қызметі алдымен өз шәкірттерінің бойына патриотизм, еңбек сүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік, достық принципшілдік, батылдық, спорттық режимді сақтау, кішіпейілділік сияқты қасиеттерді дарытуға бағытталады. Осылардан мынадай мақсаттар туындайды:
Денсаулықты жақсарту.
Жан-жақты шынығу және жігерлілікті дамыту.
қазақша күрестен теориялық білім алу және оны жетілдіру.
Күрес техникасы мен тактикасын меңгеру.
Жаттығу жүйесіне, жарысқа қатынасуға дағдылану.
Бөлек жаттығу орындау әдісі. Күрделі техникалық қимылды бірнеше жеңіл әлементтерге бөліп, палуан меңгеріп болған кезде элементтерді біріктіріп орындайды. Бөлек жаттығулар әдісін қолданғанда палуан мына шарттарды орындауы тиіс:
Техника жағынан күрделі жаттығуды өте ұсақ элементтерге бөлу тиімді болмайды.
Әр келесі орындалатын элемент алдыңғының жалғасы болуы керек.
Элементтерді 2-3 тен топтап, қайталау.
Бөлінген элементтерді басында баяу қалыпта, одан кейін жылдамдату керек.
Бөлек жаттығулар әдісін пайдаланып, жаттығулардың төменгі типтері орындалады. Техниканың жаңа варианттарын үйрету барысында, жаттығуларды көрсету арқылы меңгеріледі. Арнаулы жаттығуларды үйретуде олардың орындалуының жылдамдығы да ескерілді. Техникада қате жібермеу үшін түзету жаттығулары өткізіледі. Ондай жаттығулар арнаулы және қосымша жаттығуларға бөлінеді. Қателерді түзету үшін қарама-қарсы жаттығулар үлкен әсер етеді.
Назарды біртіндеп ауыстыру әдісі. Техникалық дайындықтағы ең әсерлі әдіс назарды аудару. Жаттығу барысында оның бөлек элементтеріне көңіл бөлу. Мысалы: бір элемент техниканы да, тактиканы да меңгеруге лайықты болып есептеледі. Әр элементтің дұрыс орындалуына назар аударып, қатесіз орындауға тырысу керек. Элементтерді орындау нұсқауларымен бірге жаттықтырушының көрсеткен элементтерін жаттап үйренген жөн.
Орындалған жаттығуларды талдау әдіс. Техника меңгеру барысында палуан әр қимылын талдай білуі тиіс. Техниканы талдау және қателіетерді түзету жиі өткізілуі керек. Талдауды палуанның өзі жасауы керек, ал жаттықтырушы түзеп, толтырып, түсіндіріп тұрады.
Техниканы талдауда көрнекті құралдардың маңызы зор.
Жедел хабарлама әдісі. Палуан өзі орындаған жаттығуларды сырттан көре алмайды, сондықтан өзіне бақылау жүргізу және өзіне баға беруі қиын.
Жедел хабарлау әдісі жаттығу барысында арнаулы құралдар жаттығу орындалуының сапасын көрсетіп тұрады. Спорт техниксы міндетті түрде шұғылдану /машықтану/ дәрежесіне байланысты. Палуанды техникалық және тактикалық дайындауды педагог-жаттықтырушы басты роль атқарады. Жаттықтырушының педагогикалық дарыны, білімі және жұмысына сүйіспеншілікпен қарауынан көптеген мақсаттарға жетуіне көмектеседі. Палуан жарыстың алдылдағы әр күннің жоспарын орындап тұруы керек. Жаттығушылар әр сабақта техника-тактикалық дайындықтың маңызы үлкен екенін түсіндіріп, әр әдістің дұрыс орындалуын қадағалап тұруы қажет.
Күрес спорт түрінің жаттықтыру сабақтары төмендегідей тақырыптар бойынша жүргізіліп жаттығушылардың техникасы мен тактикасын жан-жақты дамытады [40].
Қос қолға күш салып лақтыру әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Күш дегеніміз – сыртқы қарсылықтарды жеңу қабілеттілігі.
Күрес сәтінде жаттығушылардың белдесу кезінде айрықша күш иық бұлшық еттеріне түседі. Яғни күш ала отырып лақтыру техникасын игеру көп күш-жігерді, тыңғылықты жаттығуды талап етеді. Екі қолмен, бір қолмен, бір аяқпен, белмен тарту әдістері бар Бұл шабуыл жасаушы жаттығушының бәсекелесін өзіне жақын арақашықтықта әдіс қолдануға қолайлы жағдай үшін қолданылады.
Тактикалық дайындық. Қорғанушы қарсыласының белдігінен, қос иыққа күш сала отырып лақтыру әдісін меңгеру қажет. Тізе тік ұстап, бүгілмеуі керек.
Тепе-теңдіктен итеріп тайдыру әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Жаттығушылардың кілем үстінде тез немесе ыңғайлы қимылдауын қамтамасыз ететін кез келген сәтте әдіс қолдануға мүмкіндік туғызатындай болуы керек. Негізінен ол оң-сол қапталмен, аласа, биік, орташа тұру болып бөлінеді. Егер сол аяқ алда жүрсе, сол қапталмен, оң аяқ алда жүрсе оң қапталмен тұру деп аталады. Екі аяқтың бір сызықтың бойында тепе-теңдікте орналасуын бетпе-бет келу дейміз. Ал тізе буыны көбірек бүгілсе оны аласа, аз бүгілсе орташа, ал тізе буынының сәл ғана бүгілуін биік тұру деп атаймыз. Бірнеше жыл бойына күреспен айналысу барысында әр жаттығушының өзіне тән белдесуге тұру әдісі қалыптасады. Белдесуде әрбір жаттығушы өз тепе- теңдік тұру қалпын сақтамасы жеңіске жету, болмаса жаттығудың дұрыс орындалуы мүмкін емес.
Жаттығушының тепе-теңдік қалпынан шығатын тәсілі. Жеңнен, белбеуден, мойыннан ұстай қолданатын жұлқу әдістері бар.
Шалып лақтыру әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Шалу әдістері өзінің тәжірибелік мәні жағынан қазақша күрестегі ең күрделі іс, ол әдістер тобы. Бұл әдістер негізінен аяқты шалу арқылы орындалады. Аяқтан шалу әдістері іштен, сырттан, қапталдан, қырқа шалу болып бірнешеге бөлінеді. Аяқтан шалу әдістерін орындау үшін алдымен қарсы жаттығушыны тепе-теңдік қалпынан шығарып, оның бір аяғының кілемнен көтерілуін қамтамасыз ету. Осындай сәтте аяқтан шалынған екінші аяқ та кілемнен көтеріліп, жаттығушының құлауына жағдай туғызады. Ол үшін көптеген тактикалық әдіс-тәсілдер бар.
Алдынан шалу әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Бұл күрес әдістерінің бір түрі Қазақша күресте көбінесе аяқпен іштен немесе сырттан шалып жығу әдістері бар. Палуанның аяғы шалынған кезде шабуыл жасаушы кеудесімен, иығымен қағып оны сүріндіріп құлатады. Аяқпен іштен шалу әдістері қарсы палуан екі аяғының арасын алшақ ұстаған кезде оны жығу үшін қолданылады. Мұндай сәтте шабуыл жасаушы оны өзіне қапсыра тартып, аяқтан шалып жығу жолдарын іздейді. Яғни аяғын қарсы жаттығушының аяқтарының арасына қойып, тізе буыны тұсынан аяқпен шалып құлату сәтіне келеді. Содан кейін ол қарай сәл-пәл еңкейіп, бәсекелесін сүріндіріп құлатады.
Арқадан асырып лақтыру әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Қазақша күрестегі арқадан асырып тастау әдісі өзінің техникалық күрделілігі жағынан ең қиын әдістердің бірі болып табылады. Арқадан асырып тастау әдісін жақсы меңгерген палуандар көп жағдайда таза жеңістерге жетеді.
Арқадан асырып тастау әдісі негізінен мынадай элементтерден тұрады.
1. Ұстасу. 2. Арқаны бәсекелесіне қарай бұру. 3. Бәсекелесті кілемнен көтеру.
Арқадан асырудың арнайы жаттығулары.
1) Оң жақпен тұрып, оң аяқты алға жіберіп, сол аяққа қарай айналу. Тізе буындары сәл бүгіледі, алты-сегіз реттен қайталанады.
2) Оң иықпен сол тізеге қарай бүгілген тізе буынын жазып, соның екпінімен аяқты жерден көтеру.
3) Кілемнен көтеріліп, алға қарай оңжақ жауырынымен айналып түсу.
4)Оң жақпен қырындай тұрып, жеңнен, белдеуден ұстап, арқа бере бұрылып, салмақты алға жібере арқадан асырып тастау.
Жеңнен және жағадан ұстап арқадан асырып лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Әдісті қолдану үшін қарсы палуанның еңкейген сәтін дәл пайдалану керек. Көбінесе бұл орта қашықтықта қолданылады. Шабуыл жасаушы бәсекелесін өзіне әрі-бері жұлқи тартып, жағадан сәл жоғары көтеріп, шалатын аяғын ішке өткізеді де тез еңкейіп,орындалады.
Тактикалық дайындық. Қарсы жаттығушының әрі-бері жұлқып, қандай әдісті қолданылатындығын байқатпау.
Жіберілетін қателер.
1. Бәсекелесінен тым қашықтап не жақындап кету.
2. Бәсекелесін кілемге тірелген аяғы жаққа қарай итеру.
3. Әдіс қолданған кезде аяқты жоғары көтермеу.
Қорғаныс.
1. Шалатын аяқ жақтағы белдіктен ұстау.
2. Шегініп кету.
3. Тізе арасын қосып, шалатын аяқты сыртқа өткізбеу.
Қарсы әдістер.
1. Сәл төмен отыра қалу.
2. Аяқтың сыртынан шалу.
3. Аяқты сыртынан тіреу.
Қолды қолтықпен қысып арқадан асырып лақтыру әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Бұл әдісті бәсекелестердің тізені бүгіп аласа тұрған жағдайда орындауы қолайлы. Шабуыл жасаушы жаттығушы бәсекелесінің қолын қалтықтан қыса ұстап өзіне қарай жұлқи тартады да оны тепе-теңдік қалпынан шығарады. Сөйтіп, оңға не солға қарай оқыс бұрылып, арқаны бере айналып түседі. Арқадан асырып тастау әдістерін үйренудің ең оңай түрі қолдан ұстап қолтықпен қыса орындаған ыңғайлы.
Жіберілетін қателер.
1. Бәсекелесті кілемнен көтере алмау. Бұл жаттығушының арқасымен бұрылуға кедергі жасайды.
2. Тізе буынын ерте жазу.
3. Жамбасты ішке сұғына енгізу. Бұл үлкен бұрылыс туғызып, әдістің дұрыс орындалуына кедергі жасайды.
Қолын иыққа салып лақтыру әдісін уйрету. Сабақтың мазмұны: Жаттығулар барысында жаттықтырушы шәкірттеріне барлық әдістерді үйретуге міндетті. Бірақ, сабақ барысында бір жаттығушының белгілі бір әдісті жақсы қолдана алатындығы байқалса, оны әрі қарай дамытуға баса назар аударған жөн. Үйренген әдістерді қолдану арпалысқан алыс үстінде өтеді. Қолын иыққа салып лақтыру әдісін үйрету үшін жаттығушының негізгі тұрысын сайлау қажет. Сондықтан да жаттығулар кезінде әдістерге қоса, комбинациялар, тактикалық тәсілдер де қатар үйретіледі, мұнысыз табысқа жету қиын.
Қолды иыққа салып лақтыру әдісін меңгеру үшін оң жақпен қырындай тұрып, жеңнен ұстап, арқа бере бұрылып, салмақты алға жібере арқадан асырып тастау. Бұл әдісті қолданған кезде екпінді бәсеңдетпей ауада айналып, кілемге тік түсуге болады. Жаттығу кезінде иықтан асырып тастау әдістерін оң және сол иықтан орындап үйренген жөн.
Кеудеден асырып лақтыру әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Бұл- күрес тарихында өте ертеден қолданылып келе жатқан әдістер тобы. Бәсекелесін кеудеден асыра лақтыру үшін палуанның өзінің омыртқа буыны иілгіш, әрі күшті болуы керек.
Ал белдіктен ұстап, шалқалай иіліп кеудеден асыра лақтыру кезінде оң аяқтарын алға жіберіп, біріне-бірі қарсы тұрады. Осы сәтте шабуыл жасаушы палуан оң аяғын ішке енгізе алға ұмтылады да, сол аяғын да оның тұсына апарады.
Жіберілетін қателер.
Белдіктен нашар ұстау.
Жоғары көтерілгенде қолмен демей білмеу.
Кеудеден асыра лақтыру әдісін үйрену үшін арнайы жаттығулар тобы.
1) Белдіктен ұстап, бәсекелесінің ішіне ену.
2) Ішке сұғына еніп, кілемнен көтеру.
3) Артқа қарай иіліп құлау.
4) Түрегеп тұрып, артқа қарай шалқалай құлап, ауада айналып түсу.
5) Түрегеп тұрып, аяқтың екі арасында доп ұстап, артқа қарай шалқалай құлап, айналып түсіп, допты лақтырып жіберу.
Қолмен денеден ұстап, шалқалап лақтыру әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Шабуыл жасаушы жаттығушы бұл жерде қарсыласын екі қолымен денеден мықтап ұстайды. Ішке ене оң аяғын көтеріп, қарсыласының аяқтарын көтеруіне жағдай туғызады да, өзі де жоғары көтеріле беріп, бір аяғына отырады. Осы әдістің орындалуы кезінде шабуыл жасаушы жаттығушының жоғары көтерілген аяғы қарсыласы асып түсетіндей кедергінің міндетін атқаруы керек. Денеден ұстаған қолдарын босатпай оң не сол қапталға қарай бәсекелесімен бірге кілемге құлайды.
Жалпы спорт түрі бойынша жаттықтыру сабақтарын жүйелі түрде ұйымдастыру сабақтың тиімділігін арттырып, жаттығушылардың дене даярлығын жан-жақты дамытады.
Жүйелілік және күнделілік принципі. Бұл да палуандардың шеберлігінің өсуі үшін ең қажетті принциптердің бірі. Жақсы спортшы боламын деген әрбір жас өзінің жаттығуын бір жүйеге түсіріп, оны құр жібермеуге тиіс. Кейде жаттығуға айына бір-екі рет қатынасып, күреспен айналысып жүрмін дейтін жастар да кездеседі. Бірақ мұндай адамнан ешқандай да палуан шықпайды. Сондықтан да кімде-кім шебер, спортшы боламын десе, олар жаттығуға жүйелі түрде қатынасып, жаттықтырушының берген тапсырмаларын мүлтіксіз орындағаны жөн.
Содан соң келесі бір ескеретін жағдай жаттығу көлемінің бірте-бірте ұлғаюы. Секцияға алғашқы жылы қатынасқандар төрт-бес жыл жаттыққан палуанның жаттығуларын орындай алмайды. Сондықтан оларға бірден үлкен талап қою оның күреске деген ынтасын азайтады. 3 Міне, осы принципті негізге алғанда жаттықтырушы әлгіндей жағдайды ескергені дұрыс.
Кернекі құралдармен көрсету принципі. Спорттың қандай түрі болмасын оған қатынасушыларға күрестің орындау әдісін көрнекі құралдар арқылы көрсету, оқыту жүйесіндегі методикалық тәсілдердің бірі. Көрнекі құралдарға кинограммалар, диафрагмалар, оқу-жаттығу фильмдер, атақты палуандардың әдіс-айла қолданғаны түсірілген фильмдері жатады. Көрсету құралдарын пайдалану секцияға қатынасушылардың шеберлігін шыңдауға зор ықпалын тигізеді. Бұл әсіресе, қазақша күреспен айналысушыларға өте пайдалы. Мұндағы ескеретін бір жағдай жаттықтырушы әр сабақтың алдында тек қана сол күні үйретілетін әдістер тобын көрсету керек. Ал бір сабақтың ішінде бірнеше фильмдер, кинограммалар көрсету палуанның тәсілді толық түсінуіне кедергі жасайды. Көрнекі құралдар кезінде жаттықтырушы оны түсінікті тілмен айтуы керек. Сонымен қатар жаттығу алдында әдістерді екі палуандардың орындауында көрсетудің маңызы зор. Ол да осы принципке енеді. Мұнда да жаттықтырушы әдісті жақсылап түсіндіріп, кейін орындаған кезінде әркімге қателіктерін көрсетуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |