Мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстары. Сыныптан тыс сабақтар барысындағы мұғалімнің тәрбие жұмыстары маңызды мәселе больш табылады. Дене тәрбиесі ұжымындағы барлық тәрбие жұмыстары мектеп белсенділерімен тығыз байланыста және олардың белсенді көмегі негізінде құрылады.
Дене тәрбиесінің мұғалімі мектеп кеңесіне сүйене отырып сыныптан тыс (спорттық) жұмысты оқушыларға қоғамдық борыш, абыройлы болу сезімдерін дарыту, өзінің іс-қимылына саналы түрде жауап беру, білімдерді ғылым негіздерін жақсы меңгеру, азаматтық-адамгершілік нормаларын қатаң сақтау жауапкершілігін қалыптастыру сияқты мектептегі күнделікті және тиянақты тәрбие жұмысына көмек беретіндей етіп ұйымдастыруы керек. Дене тәрбиесінің мұғалімі спорттық жаттығуларды ұйымдастырылуы жағынан үлгілі етуге, оқушыларды үлкендермен және мұғалімдермен сөйлескенде өзін дұрыс ұстай білуге, мектеп директорымен, мұғалімдермен кездескенде сәлемдесуге, жолдастарымен, жоғары сынып оқушыларымен сөйлескенде әдепті, сыпайы болуға, қоғамдық орында мәдениетті болуға, ұжым мүшелеріне сыйластықпен қарауға және «Оқушыларға арналған ережеде» баяндалған жалпы қабылданған мінез-құлық ережелерін қатаң сақтауға үйретуге міндетті. Әсіресе, тәртіптілікке, жинақылыққа, бой түзеуге деген биік талап жоғары сынып оқушыларына қойылуы керек. Дене жаттығуларымен айналысу барысында оқушыларға қойылатын тазалық пен ұқыптылыққа деген талаптардың үлкен мәні бар.
Тәртіпті қалыптастырудың негізгі әдістеріне мыналар жатады: түсіндіру, сендіру, мұғалім мен озат оқушылардың жеке бас үлгісі, көрсету, белгіленген талаптарды орындау; ісінде оқушылардың жаттығуы, олардың орындалуын бақылау, оқушылар ұжымын дұрыс ұйымдастыру, мақтау мен жазалауын ескеру.
Оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарда, жарыстарда мінез-құлық ережелеріне үйретіп, бұл ережелерді практикада орындай білуге баулу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |