Байланысты: 2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5
Тәсілдік дайындықтың психологиялық негіздері. Күресшінің тәсілдік дайындығы дегеніміз- жарыс кезінде кездесетін мақсаттарды тиімді шешу әдістерін жетілдіру мен осы мақсаттардың тиімділігін анықтайтын арнайы қабілеттерді дамыту болып табылады.
Тәсілдік дайындықтың психологиялық ерекшеліктері мен мәнін түсіну үшін мынадай ұғымдарға түсінік беру керек: тәсіл, мақсатқа жету;
Тәсіл-бұл жарыс жағдайына орай әдістік амалдарды қолдану құралдарының жиынтығы. Қызу жарыс кезінде спортшы немесе бүкіл команда тәсілінде белгілі бір өзгермелі қимыл сызығы көрінеді. Мысалы, жекпе-жек сәтінде қарсыласының рингтегі оқыс қимылдарына назар аудармастан тұрған жерінде орынсыз қателер жіберуі мүмкін. Бұл оның жарысты жалғастыру үшін өз ойлары туралы қарсыласында қате пікірлер тудыру тәсілі.
Сонымен, тәсілдік іс-әрекет жарыс басында спортшы алдындағы шешімдер жиынтығынан құралады. Бұдан келіп тәсілдік дайындықтың белгілі бір жағдайларда алға қойылған мақсаттарды білдіретіндігін көреміз. Екі жағдайда да спортшының мақсаттары әр түрлі. Мысалы, ойын кезінде өз қарсыласынан ұтылу, оған тосқауыл жасау шабылдаушы позицияға шығу керек болады. Осы мақсаттарға орай, ол жеке өзі, арнайы шешімдер қабылдауы керек. Жарыс кезіндегі спортшы қимылы мақсаттарды шешудің үзіліссіз шешімдер-күрделі реакциялар арасындағы спортшының тәсілдік ойлауының бірден-бір ерекшелігі.
Тәсілдік ойлау барысында спортшы мақсаты мен шешу құралы арасында байланысты орнатуға тырысады. Бұл жерде оқиғалар барысын алдын-ала түсіне білуі жағдайлардың мүмкін болатын өзгерісін алдын-ала байқау ерекше орын алады. Қандай да бір шешім қабылдау кезінде спортшы қарсыласының әлсіз және күшті жақтарын тез анықтап, ескертуді, жарыс өтіп жатқан жағдайларды, сыртқы факторларды тез анықтауды үйрену тиіс.