Мазмұны Кіріспе Палуанның жалпы дене дайындығының құралдары мен әдістерін зерттеу



бет31/36
Дата07.02.2022
өлшемі440,5 Kb.
#87380
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5

Спорт қызметінің заңдылықтары. Адамның қозғалысқа деген тұтынушылық қажеттілігін үнемі қанағаттандыруы, дене қасиеттерін дамыта отыруы, дене жаттығуларының бірте-бірте осы заманғы спорт түрлеріне ұласуына әкеліп соқты. Пайда болуының алғашқы басқыштарында-ақ олар қоғамдық бағаға ие болады, өйткені, олардың нәтижеселері қоғамдық топтардың кейбір өкілдерінің екіншілерінен артықшылық денгейін көрсетті. Дәл осы жағдайлар қозғалыстық қимылдардың жарыстық сипаттамаға ие болуы мен олардың белгілі бір ережелермен реттелуімен байланысты.
Сонымен, дене жаттығулары біршама өзіндік ерекшеліктері бар-спорттық қызмет деп аталатын адам қызметінің жеке бір түріне айналады.
Спорттық қызмет әдетте: 1) арнайы дене жаттығуларын орындағанда әртүрлі формада көрінетін бұлшық ет белсенділігімен, споттық қызмет барысында адам денесін қажетті мөлшерде шынықтырады, жалпы дене дайындығынан өтеді. 2) таңдаған спорт түріндегі дене жаттығуларын орындау үшін жоғары техниканы меңгеру мен ол спортшыдан арнайы және жүйелі жаттығуды талап етеді, жаттығу барысында ол белгілі бір қимылдық дағдыларды меңгереді және жетілдіреді. 3) таңдаған спорт түрінде жетістікке жетуге ұмтылумен; белгілі бір дене жаттығуларында өте жоғары нәтижеге жетуге бағытталған; 4) спорттық жарыстар кезінде әсіресе, шиеленіскен сипатқа ие болатын күрес пен жүйелі жаттығулар; 5) дене және рухани күштердің өте жоғары көрінуімен арнайы әдеттер мен дағдылардың, моторлы қабілеттердің дамуымен, оларды үнемі жоғары денгейде ұстап тұру; 6) дереу көрінген сапалы сипатымен, үлкен жауапкершілік сезімімен және барынша тиімді нәтижелерге және рекордтарға қол жеткізуге бағытталады.
Отандық философиялық және психологиялық әдебиеттерде адам қызметінің көп түрі әдетте, үш негізгі түрге-ойынға, оқуға және еңбекке тіреледі. Бірақ, адам қызметі тарихи процесте қоғамның материалдық жағдайларының, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастардың, олардың рухани және материалдық қажеттіліктерінің дамуына сай үздіксіз өзгереді, дамиды, жетіліп отырады. Бұл жерде адам қызметінің әртүрлі салалары жаңа мазмұнға, жаңа қоғамдық мәнге ие болады, өз қатарына көптеген адамдарды тартады, олардың белсенділігін арттырады. Сондықтан, әсіресе, психологияда осы үштік сақталып, толықтырылады. Қазіргі кезде оған: қарым-қатынас, өнер, спорт және т.б. жатады. Осы заманғы қоғам дамуында спорт жеке тұлға қалыптастыруда, адам қызметінің негізгі түрі болып саналады. Өйткені, жемісті еңбек оқыту мен және спортпен қосылып, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Спортқа қызығушылығының өсуі және оның функцияларының кеңеюінің себебін адамның ғылыми-техникалық революцияның гиподинамия (аз қозғалысты мамандықтар), жүйке психикалық шаршау, келеңсіз жайттарға қарама-қарсы қозғалыстың қажеттілігін сезіну факторларын келтіруге болады. Бұл жерде спортпен айналысудың тек сауықтыру гигиеналық сияқты ұғымды жағын ғана емес, сонымен бірге еңбек ас шалдығу нәтижесінде болатын тікелей экономикалық тиімділігі де қарастырылады. Соңғы кезде спортпен айналысу жеке тұлғаның әлеуметтенуіне де әсер етуде. Бұл әсіресе жас адамдардың тез бейімделуі мен араласуынан көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет