2.2 Сөз мәдениеті – мұғалім шығармашылық еңбегі
Шығармашылық еңбек оқушылардың оқу және тәрбие жұмыстарын жетілдірудің бір формасы. Шығармашылық ең алдымен мұғалімдерден терең және берік білімді, мол тәжірибені талап етеді.
Баланың тұңғыш ұстазы - оның мектеп табалдырығышн алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Ұстаз – адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім-тәрбие нәрін шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға.
Психология-педагогикалық зертеу мәліметтеріне қарағанда Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.Сластенин, А.Н.Щербаков, т.б. педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кедеседі.Олардың бірі сөйлеу қабілеті.
Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.
Жалпы оқушылардың қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиял ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштардың қандай түрлері қандай жүйемен, қалайша берілу керектігі анықталуы қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда ертегілерді оқыту
өте маңызды. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау, т.б. жұмыстарды 2-3 – сыныптар орындай алады. Ертегіні балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда, жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.
Оқушының қиялын жетілдіре отырып, тілін дамытуда мысалдардың алатын орны өзгеше.
Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешіліктері бар:
аллегориямен айтылатыны:
мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болатыны:
оның оқылу ерекшелігі.
Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда, суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған жан-жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер? Дегендей сұрақ қою қателік болар. Өйткені жұмысты мұндай әдіспен жүргізу – оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерін жояды. Сондықтан одан алған әсерлері әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей, мысалдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін тереңірек ұғына түсуіне жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық, өмірде болатындай етіп түсіндіру қажет. Ал мысалда суреттелгендер балаларға шындық, болмыс жөнінде қате түсінік береді, өйткені қарға, түлкі сөйлемейді ғой деген сияқтылардан қауіптенудің қажеті жоқ. Олардың сөйлемейтінін балалардың өздері де жақсы біледі, сонда да оны шындық сияқты қабылдайды.
Мысалдарды оқығанда көңіл қоятын жай – оқушыларға олардың мазмұнын қабылдащту және олардағы кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау.
Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей жолдармен оқытуға болады:
Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әңгіме өткізеді; онда балаларға түсінігі ауырлық келтіретін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбіреулерін кірістіре отырып, олардың мағыналарын аша кетеді.
Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіре өзі оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.
Мысалдың мазмұны талданылады.
Мысалдың кей жерлерінен үзінді келтіріле отырып, ондағы негізгі ойдың не екені қорытындыда әңгімеленеді.
Мысалдың мазмұнына ұқсас өмірде кездесетін іс-әрекеттерден мысалдар келтіріледі.
Рөлге бөліп оқытылады.
Ертегі, мысалдар арқылы баланың қиялына шығармашылық бағыт бере отырып, тілін ұстартуға зор септігін тигізеді.
Ұлттық оқулықтарымыздың іргесін қалаған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, пен М.Дулатовтардың жазған оқулықтарынан бергі кезеңде қалыптасып келе жатқан үрдісті 1918 жылғы «Шағын ұлттардың мектептері туралы» қаулы бұзып жіберді. Таптық көзқарасты басшылыққа алған ұлтсыздық бағытындағы бір үлгідегі мектептерде орталықтан жіберген оқулықтар мен оқу бағдарламалары басшылыққа алынды.Әсіресе «халық жауларын» талқандау секілді әйгілі нәубет жылдары ұлтымыздың зиялылары жаппай қудалайға ұшырап, оқулық жазу ісі іркіліске ұшырады.
Жас ұрпақты тәрбилеу ісі қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын уақыттың талап-тілегіне сай үздіксіз жүзеге асырылып отырады. 50-60-шы жылдарда алдыңғы орынға ана тілін оқыту әдістері мен оқу үрдісіне жаңа, күрделірек мазмұн беру арқылы балалардың таным қызметін кеңейту, жетілдіру міндеттері алға қойылды.
Бастауыш сыныпта әліппе, ана тілі оқулықтарына берілетін тілдік материалдарды ғылыми тұрғыдан оқушылардың әдеби сөздік қорын кеңейту, байыту мақсатында пайдаланылған жоқ.
Сонымен қатар, бастауыш сыныптағы ана тілінің бұрынғы оқулықтарында саясатқа баса көңіл бөлініп, ұлттық ерекшелігіміз, дәстүрлеріміз назардан тыс қалды.
Ал, бүгін жаңа бағдарламабойынша жаңа әдіспен оқыту жолы көзделуде. Зерттеу әдістері де өзгерді: тұтас сыныптар мен зерттеу жұмыстары басталды. Мұндай оқытудың тиімді тұсы білім мен дағдыны жетілдіру үрдісімен байланысты сыныптағы орындалатын жұмыстарды жылдамдатып, жетілдіруге қатысты болды.
Сонымен бірге төменгі сыныптарда қазақ тілі мен ана тілі, әліппе пәндерін оқытуда мәтін түрлерін саналы түсініп оқу арқылы есте сақтап, өз ой-пікірлері мен тұжырымы бойынша белгілі тақырыпқа сай ауызша-жазбаша сөйлеу икемділіктерін арттырып, ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру болмақ.
Қазіргі мектеп оқушыларының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн тәртібінде өткір қойылуда. Ал сөйлеу – ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Сондықтан оқушының сөйлеу икемділіктерін дамытуда әліппені, қазақ тілі мен ана тілі пәнін оқытудың маңызы ерекше. Мәселенің өзектілігі соңғы онжылдықта көптеген лингвистикалық зерттеулерге арқау болуда.
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда оқулықтар мазмұнына жаңа, күрделірек мазмұн беру арқылы олар таным қызметін кеңейту, ойын жетілдіру олардың сөйлеу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді.
Қазақ тілінің жұмсалу аясына, тіл тазалығына қатысты қазақ тілі фонологиялық жүйесінің ерекшеліктерін сақтау, үндестік заңын бұзбау мақсатында оқушыларға өзге тілдерден енген сөздерді жаздырып, оқытуда белгілі бір жүйенің болиауына байланысты орфографиямыздағы келеңсіздіктерге статистикалық талдау жасалынып, мектеп оқулықтарындағы олардың үлесі анықталып, сөздердің дұрыс жазылуын реттеуді бастауыш сынып оқулықтарынан бастау туралы ұсыныс, пікірлер айтылған.
Мектеп оқушыларына ана тіліміздің лексика-грамматикалық жүйесін меңгерту үшін оқулықтардағы сһөздік қор мен оның құрамын анықтап, оны жетілдіру жолдарын қарастыру, сөздердің кездесу жиіліктеріне сәйкес тіл заңдылықтарын түсіндіру, мектеп оқулықтарының тілдік ерекшеліктерін анықтау секілді теориялық мәселелер де қамтылды.
Бұл жұмыстың басты мақсатының бірі – бастауыш сынып оқушыларының тілін байыту, оны дамытудың жолдарын қарастыру. Ол үшін мектеп оқулықтарының мәтіндеріне тілімізде жиі кездесетін және сирек қолданылатын танымдық маңызы бар, жаңа мәнге ие сөздерді сұрыптап ала білу қажет. Бұл мақсаттарды шешу үшін бастауыш сынып оқулықтарына лингвистикалық әдіспен зерттеу жүргізіп, ондағы сөздік қорды анықтап алу керек.
Сирек қолданыстағы сөздероқулық тілінің байлығын, болашақтағы бастауыш мектеп оқулықтарының сапасын жақсартуда лингвистикалық зерттеу нәтижелерін ескеріп, сирек қолданылатын жаңа мәнге ие, танымдық, мағыналық құндылығы жоғары сөздердің қамтылуы болашақта оқулық құрастыру барысында ескерілуі тиіс. Ал, бастауыш сынып оқулықтарының жиілік сөздігін алу нәтижесінде кейінгі жылдар оқулықтарында кездеспейтін сирек қолданыстағы , сөзжасамдық қабілеті өнімді, мағыналық құндылығы жоғары сөздерджің лексикалық минимумы әзірленді. Бұл бастауыш сынып оқулықтарын құрастыруда құнды материал бола алады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, баланың екінші сигналдық жүйесі ретіндегі сөйлеу бірінші сигналдарға қарағанда жетекші орында болады да, екінші сигналдар оған қызмет етеді. Ал, сөздік қоры мен ойлапу жүйесі нашар дамыған балалардың сөз байланыстары тек белгілі бір бағытта болады. Тек баланың ақыл-ой қызметін активтендіру және ұйымдастыру нәтижесінде ғана білімді меңгертуге болады. Сондықтан да, мектепте лексика мен морфологияны үйретудің жүйелі тәсілхдеріне көшу, яғни баланың ақыл-ой қызметін активтендіру үшін мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің сөздігіне мүмкіндігінше жоғары сөздерді сұрыптап ала білудің айрықша маңызы бар. Мұнда әрбір сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктерін де ескеруі қажет. Ол үшін әрбір сыныптағы сөздердің санын анықтап, тілдік материалдарды іріктеу, оқушылар тілінде жиі қолданылмайтын сөздердің минимумдарын әзірлеу керек. Бұл мақсаттардан бастауыш сынып оқулықтарын лингвистикалық әдіспен зерттеу міндеті туындайды.
Алынған сандық нтижелерді сапамен ұштастыру бағытында әрбір кезең аралығындағы балалар лексикасындағы ерекшеліктерді ескеріп, болашақта оқулықтарды құрастыруда әрбір кезеңге тән сирек қолданыстағы лексикалық тұлғаларды іріктеу,танымдық қызметі жоғары болғанымен, оқушылар тілінде белсенді қолданылмайтын сөздерді бастауыш сынып оқулықтарынан сұрыптау 50-жылдардағы тіл тарихына қатысты материалдарды қамтуымызға негіз болады.
Оқулық мәтіндерінің құрастырылуы мен нақты грамматикалық жағынан толықтығы ана тіліміздің грамматикасын оқытуды ұйымдастырумен бір деңгейде аса маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар морфологиялық талдау бастауыш сынып оқулықтарындағы сөздердің парадигмалық арақатынасы фактілерін зерттеу және синтаксистік деңгейде зерттеуге қажет болатын сөздер мен олардың тіркестерін байланыстырушы грамматикалық көрсеткіштерді анықтау үшін қолданылды. Осы бағытта алған статистикалық мәліметтеріміз бастауыш сынып оқулықтарының морфологиялық құрылымының кейбір заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары тілдік құбылыстарды сандық және сапалық жақтан анықтауда зерттеліп отырған материалдың белгілі бір ықтимал статистикалық заңдылықтарын ашуға мүмкіндік беретін лингвостатистикалық әдіс-тәсілдер қолданылуда (Қ.Бектаев, А.Жұбанов, Ә.Ахабаев, Қ.Молдабек т.б.). Бұл тәсілдерді әсіресе бастауыш сынып оқулықтары (БСО) тілінің лексикасы мен морфологиясына қолданып, ондағы сандық және сапалық ерекшеліктерді айқындау, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, сөздердің қолданылымындағы кейбір тіл заңдылықтарын түсіндіру жалпы тіл білімінде ерекше маңызға ие болып отыр.
Соңғы жылдары «Атамұра» баспасынан шыққан БСО зерттеген М.Ермекбаев оқулықтарындағы сирек қолданылған сөздерді анықтап, олардың оқушылардың тіл байлығын арттырудағы маңызын ескеріп, оны дамыту жолдарын қарастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |