Қорытынды…………………………………………………………………......46
Пайдаланылған әдебиеттер ………………………………………………......51
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат.
Қазақстан Республикасың президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», -деп көрсетті.[1]
Қазақстан Республикасы Заңының 4 – тараудың 16 – бабын қарастырып өтсек.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдармалары баланың жеке қабілеттерін оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын; негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгерту үшін оқудың,
жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан
өзін - өзі көрсетудің, мінез – құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – 4 – жыл.
Білім және ғылым минстрлігі « Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы » жобасын әзірлеп, талқылауға ұсынылды.
Отандық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерімен кездесуде, Н.Ә. Назарбаев « Шешімін күткен мәселелердің қордаланып қалғаны да осы жер... орта және жоғары білім берудегі реформаларды жеріне жеткізу керек » деп атап көрсеткен еді.[1]
Білім беру жүйесіне енгізілетін түбегейлі жаңалық – ол 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшумен бірге, орта білім берудің III сатысында, яғни 11–12 сыныптарда бейіндік оқыту мен техникалық және кәсіптік білім беру.
Осы екі бағыттың қайсысында оқығанымен, оқушыларға 12 жылдық оқу бағдарламасы деңгейінде білім беріледі және жобада көрсетілгендей « орта білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру оқушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен – Бірыңғай ұлттық тестілеумен аяқталады.
Орта білім алу міндеттілігі, яғни 12 жылдық білім беру бағдарламасына сәйкес білім алу міндеттілігі еліміздің Конституциясының 30 – бабына
сәйкес келеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанға дамыған шет елдердің орта білім беру жүйесінің моделі неғұрлым тиімді болады деп ойлаймыз. Қазақстанда міндетті орта білім екі сатымен (бастауыш және орта – 10 сынып) шектелуі тиіс, ал 11 және 12 сыныптар жоғары оқу орындарында іргелі білім алуға
негіз болатын арнайы пәндерден дәріс беретін жоғары орта білім сатысына айналғаны жөн деп есептейміз.
Қоғам сұранысынан туындап отырған осындай талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.
2004 жылы жоғарыда көрсетілген мақсаттарға негізделген 12 жылдық орта білім берудің мемлекеттік стандарты жарық көрді. 12 жылдық білім берудің ең негізі бастауыш буыннан басталады. 12 жылдық мектепке көшу білім беру процесін технологиялық деңгейге ауыстыруды көздейді. Бұл ретте жеке тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары, «ынтымақтастықта оқыту», жобалар әдісі, оқытудың әр деңгейлі топтың және қосарлы нысандары, шығармашылық «бойлау», сабақтарды эвристикалық жүргізу әдістері сияқты мектеп оқушыларының жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеретін оқытудың нәтижелі нысандары мен әдістері пайдаланылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |