Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Ақпарат деген не?
Ақпаратты қандай аңпарат көздерінен аласыңдар?
Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?
Ақпаратты үсынудың қандай формаларын білесіңдер?
Ауа райы туралы ақпаратты әр түрде қалай үсынуға болады?
Табиғи және жасанды тілдердің бір-бірінен айырмашылығы неде?
3. жаңа сабақты түсіндіру
Күнделікті түрмыста адам үшін ақпарат дегеніміз - бүл бір нөрселер жөнінде хабарлау және мағлүматтар беру. Ал кез келген хабар, деректер адам үшін ақпарат бола ма?
Мысалдар келтірейік.
1-мысал. Сенің досың: “Күндіз - жарық, ал түнде - қараңғы” десе, бүл хабар сені тек таңғалдырар еді, себебі ол белгілі нәрсе. Демек адам хабардан ақпарат алу үшін ол жаңа, яғни белгісіз болуы керек.
2-мысал. “Каузалды схема - өлеуметтік қабылдауда талдау, себептілік принциптерін белгілеу үшін қолданылатын үғым”. Бүл “Каузалды схема” үғымының анықтамасы өлеуметтік психологиядан алынған. Біз бүл анықтаманы бірінші рет кездестірсек те, ол біз үшін ақпарат емес, өйткені біз өлеуметтік психология ғылымымен таныс емеспіз әрі оның терминдерін түсінбейміз.
Демек хабар бізге ақпарат беру үшін, ол түсінікті болуы, яғни біз оны толық қабылдау үшін, алдымен сол салада сәйкес біліміміз болуы керек. Әрбір адам үшін берілген хабардың мәні әр түрлі бо- луы мүмкін (жаңалығы, пайдалылығы, т.с.с.) жөне сонымен байла- нысты ақпарат болуы да, болмауы да мүмкін. Кейбір адамдар үшін берілген хабар мүлдем ақпарат болмауы да мүмкін. Ал техникалық көзқарас бойынша өрбір хабар ақпарат болып табылады.
Сонымен ақпарат алу дегеніміз бізге түсінікті жаңа мөлімет беруді, яғни білімді толықтыруды білдіреді. Оқытушы сабақ үстінде жаңа тақырыпты сендердің алдыңғы білімдеріңе сүйене отырып тү- сіндіреді. Нөтижесінде сендер жаңа білім, яғни ақпарат аласыңдар. Сонымен қатар ақпарат түсінігінің адам үшін қырлары өте көп. Мысалы, ақпарат тек нүсқаулар мен фактілер ғана емес, ол біздің көңіл күйімізге өсер ете алады: қуанышқа бөлейді, толғандырады, мүңайтады. Сөйлесу барысында алынған мағлүматтардың жал- пы көлемінің жартысынан көбі әңгімелесушінің дауыс ырғағына, оның бет-өлпетінің қүбылуына, қолының қимыл-қозғалысына, яғни сөйлесудің жалпы жағдайына байланысты бағаланады.
Ең күрделі мөселе - ақпаратты саны жағынан бағалау, яғни өлшеу мәселесі. Мысалы, ғылыми жаңалықтардағы, жаңа музы- калық стильдегі, қоғамдық даму теориясындағы ақпараттар көле- мін бағалау өте қиын.
Сондықтан техникада жіберілетін хабардың мағынасына қарамай, адамның ақпаратты бағалауын ескермей, өздерінің ақпаратты сандық бағалауын енгізеді. Техникада сақталатын, өңделетін неме- се жіберілетін таңбалар, символдар тізбегі ақпарат деп саналады. Бүл ретте берілетін ақпараттың көлемі нақты хабардағы символдар санын санау арқылы анықталады.
Демек, хабардың ақпараттық көлемі деп — хабардың үзынды- ғын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады.
Есептеуіш техникада кез келген хабардың жазылуы екілік ал- фавитте жасалатыны бізге мәлім. Ендеше сақталатын, берілетін ақ- парат көлемі ондағы екілік белгілер санына тең. Осылай қарастыр- ғанда хабардың ең кіші өлшемі бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі 1 битке тең. Одан қолайлырақ өлшем бірлігі - сегіз екілік разрядтың жиынтығы - 1 байт, ол сим- волдарды кодтауда жиі қолданылады. Бір байт 8 битке тең.
Ыңғайлы болу үшін биттер және байттармен қатар ақпарат көлемін өлшеудің аса үлкен бірліктері енгізілген:
1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт ~ 1000 байт;
1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт ~ 1 миллион байт;
1 Гбайт (гигабайт) = 1024 Мбайт ~ 1 миллиард байт.
Мысалы, кітапта 190-ға жуық бет бар, бір бетте шамамен 38 жол, ал бір жолда 68 символ бар делік. Кітапта суреттер жоқ жөне ол тек мәтінмен толтырылған деп есептесек, онда кітапта 190х38х(18 490 960 символ болғаны, басқаша айтқанда, оқулықтың ақпараттмқ көлемі 490 960 байтқа немесе -500 Кбайтқа тең.
Ақпаратты өлшеу бірлігі белгілі болғаннан кейін, ол қандай жылдамдықпен берілетіндігін, ягни уақыт бірлігінде ақпараттың қандай көлемі берілетіндігін анықтауға болады. Ақпаратты жіберу жылдамдығы бит/с, байт/с, килобайт/с жөне т.б. бірліктермен өлшенеді. Мысалы, телефон сымы арқылы жіберілетін ақпарат жылдамдығы шамамен 4 Кбайт/с, адамның мәтінді оқу жылдам- дығы шамамен 38 байт/с, ал сөйлеу жылдамдығы 16 байт/секундқа жуық болады.
Хабарламаның ақпараттық көлемі хабарламадағы символдар санына тең. Символдарды сегіз разрядтық екілік сандармен, яғни байттармен үсыну қабылданған.
Көлемі жүз мегабайт болатын жадқа:
50 000 беттік мәтінді;
150 түрлі түсті слайдтарды,
1,5 сағаттық сөздік аудиожазбаны;
10 минуттық стереомузыкалық үзіндіні;
15 секундтық фильмді орналастыруға болады.
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.8, 9, 10, 11 тапсырмаларды орындау
1.2.9: Жауабы: 22 символ, 22 байт, 176 бит.
1.2.10. Шешуі:
Бір беттің ақпараттық көлемі 39*67=2613 символ~2613 байт
Кітаптың ақпараттық көлемі 2613*290=757770 байт = 757770 : 1024 =740Кбайт
740:1024 = 0,722 Мбайт
0,722 < 1,44 Жауабы: кітапты бір дискетке сыйғызуға болады.
1.2.11.Оқу жылдамдыгы мен сөйлеу жылдамдыгын анықтау үшін оқушыларга екі-екіден жұмыс істеу ұсынылады.
Шешу үлгісі: Минутына 1140 символ Секундына 1140:60—19символ 19 бит
19x8 =152 бит 19:1024 =0,0185 Кбайт
Жауабы: секундына 19 байт, 152 бит, 0,185 Кбайт
Сабақты бекіту сұрақтары:
Ақпараттың қандай қасиеттері бар?
Ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу бірліктерінің туындыларын атаңдар.
Кітапта 290 бет бар, бір бетте 39 жол, ал әр жолда 67 символ бар. Бұл кітапты сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға болама?
Үйге тапсырма: 15-16-17 беттерді оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау, сөзжұмбақ құрастырып келу.
№3 сабақ
Сыныбы Күні______ Мүғалім_______ Тексерген________
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты компьютерде кодтау. АSСІІ коды. Бейне мен дыбысты кодттау.
Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді өңдеуді, және
сақтаудың тәсілдерін үйрету. Кодтауды түсіндіру.
Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау жүйесімен, АSСІІ кодтарымен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамыту шылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау.
Сурет 9. Қайталауға арналған сөзжұмбақ
Excel офистік бағдарламада жасалған сөзжұмбақ.Бұл жерде оң жақ шетінде сандар берілген сол сандардың жанына тінтурді апарғанда 1 сұрақ шығады (примечание). Сол сұрақты оқып, оқушылар жауап бере бастайды. Егер сөзжұмбақ дұрыс шешілген жағдайда сөзжұмбақ дұрыс шешілді деген ақпарат шығады.
Жаңа түсініктер:
Ақпаратгы компьютерде кодтау (таңбалау). Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодталу) түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрлау деп те айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиті 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі керек, мысалы: 1-құрылғыда ток бар, ал 0-жоғын, немесе 1-жоғары кернеу, 0 төмен кернеу. Кез келген оқушы қасындағы оқушымен ақпарат алмасу үшін табиғи тілді қолданады. Кейбір көсіптік қызмет саласында табиғи тілмен қатар жасанды тіл де қолданылады, яғни жасанды тілді ойлап табады. Мысалы, ымдап түсіндіру, жолда жүру ережелерінің белгілері (3-сурет). Қандай да бір тілдің көмегімен ақпаратты үсы- нуды кодтау деп атайды.
Бір ғана ақпаратты өр түрлі өдістермен (жолдармен) үсынуға болады. Бір таңбалар жиынын екінші таңбалар жиынына көшіру ережесін код деп атайды. Бір байттың, яғни 8 нөлдер мен бірлердің көмегімен 256 символды кодтауға болады: 00000000, 00000001, 00000010, 00000011,....11111111.
Міне енді, тек орыс тілінің алфавитін ғана емес, ағылшын, қазақ тілінің алфавитін, ңифрларды, математикалық таңбаларды, арнайы графикалық таңбаларды (псевдографикалық) және т.б. кодтауға болады. Символдарды кодтау комбинациясының жиынын кодтау кестесі деп атайды.
А8СІІ КОДЫ
Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код - А8СІІ, американдық ақпарат алмасудың стандартты коды болып табыла- ды, оның кодтау кестесі 6-суретте көрсетілген. Кодтау кестесінің 16 жолы және 16 бағаны бар. Кестедегі символдың орны оның оналтылық коды арқылы анықталады. Кесте екі бөліктен түрады: стандартты және баламалы. Стандартты бөліктегі - бірінші 128 символ, 0-ден 127-ге дейінгі кодтар: цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жүмысын басқаратын арнайы символдар.
“ПАРТА” сөзін кодтап көрейік. Ол үшін А8СІІ кестесінен әр өріпке сөйкес кодтарды табамыз: П-8Ғ, А-80, Р-90, Т-92, А-80. Сонымен ПАРТА сөзі бүл кодта былай болады: 8Ғ80909280. Енді бүл сөздің А8СІІ кодын екілік кодта үсыну үшін сәйкестендіру кестесін қолданайық.
Мүнда:
8Ғ - 10001111, 80 - 10000000, 90 - 10010000, 92 - 10010010.
Бүларды тізбектеп жазсақ:
10001111 10000000 10010000 10010010 10000000 шығады.
Оналтылық жүйеге назар аударыңдар. Оналтылық жүйе ақпаратты жинақы түрде жазу үшін пайдаланылады, ал шын мөнінде ол екілік жүйе болып табылады, онда тек екілік жүйедегі өрбір төрт цифр тобы бір символмен алмастырылып жазылған.
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
8
|
9
|
А
|
В
|
с
|
Б
|
Е
|
ғ
|
0
|
|
►
|
|
0
|
т
|
Р
|
|
Р
|
|
А
|
Р
|
а
|
|
|
1-1
|
Р
|
□
|
1
|
0
|
4
|
I
|
1
|
А
|
<2
|
а
|
Ч
|
|
Б
|
С
|
б
|
%
|
1
|
т
|
с
|
□
|
2
|
|
г
|
а
|
2
|
В
|
к
|
Ь
|
г
|
|
В
|
Т
|
в
|
8
|
Т
|
п
|
т
|
>
|
3
|
|
»і
*■*
|
#
|
3
|
С
|
3
|
с
|
3
|
|
Г
|
У
|
г
|
1
|
|
-
|
11
|
У
|
<
|
4
|
|
п
|
$
|
4
|
Б
|
т
|
6
|
і
|
|
Д
|
ф
|
д
|
|
|
|
1
■
|
Ф
|
г
|
5
|
•
|
|
%
|
5
|
Е
|
и
|
е
|
и
|
|
Е
|
X
|
е
|
|
|
+
|
г
|
X
|
)
|
6
|
|
-
|
&
|
6
|
Ғ
|
V
|
£
|
V
|
|
Ж
|
Ц
|
ж
|
■1
|
1
|
1=
|
гг
|
Ц
|
-5-
|
7
|
.
|
!
|
<
|
7
|
О
|
|
8
|
|
|
3
|
ч
|
3
|
ті
|
№
|
|
ч
|
|
8
|
□
|
т
|
(
|
8
|
Н
|
X
|
һ
|
X
|
|
И
|
ш
|
и
|
|
11=
|
+
|
ш
|
о
|
9
|
|
4
|
)
|
9
|
I
|
Ү
|
і
|
У
|
|
И
|
Щ
|
й
|
-
|
Іг
|
л
|
щ
|
■
|
А
|
|
-»
|
*
|
■
|
|
2
|
)
|
2
|
|
К
|
ъ
|
к
|
У
|
ік
|
г
|
ъ
|
•
|
В
|
|
|
+
|
?
|
К
|
[
|
к
|
{
|
|
Л
|
ы
|
л
|
ТІ
|
тг
|
|
ы
|
|
С
|
|
|
9
|
<
|
Ь
|
\
|
1
|
1
|
|
м
|
ь
|
м
|
л
|
Іһ
|
■
|
ь
|
©
|
В
|
|
|
-
|
=
|
м
|
]
|
т
|
}
|
|
н
|
э
|
н
|
51
|
=
|
1
|
э
|
2
|
Е
|
п
|
▲
|
•
|
>
|
N
|
А
|
п
|
/V
|
|
о
|
ю
|
0
|
=1
|
ІІ
1Г
|
1
|
ю
|
■
|
Ғ
|
*
|
▼
|
і
|
?
|
О
|
|
0
|
й
|
|
п
|
я
|
п
|
1
|
X
|
■
|
я
|
|
Кесте2. А8СІІ КОДЫ
Ондық
|
Оналтылық
|
Екілік
|
0
|
0
|
0000
|
1
|
1
|
0001
|
2
|
2
|
0010
|
3
|
3
|
0011
|
4
|
4
|
0100
|
5
|
5
|
0101
|
6
|
6
|
0110
|
7
|
7
|
0111
|
8
|
8
|
1000
|
9
|
9
|
1001
|
10
|
А
|
1010
|
11
|
В
|
1011
|
12
|
С
|
1100
|
13
|
Б
|
1101
|
14
|
Е
|
1110
|
15
|
Ғ
|
1111
|
Кесте3. Сәйкестендіру кестесі.
Мәтіндік ақпаратты А8СІІ алфавитінде жазу үшін немесе бар символдық ақпаратты А8СІІ кодына қайта кодтау үшін, әрбір символлды оның А8СІІ кестесіндегі кодына ауыстырып, содан кейін оналтылық кодты екілік кодқа ауыстыру керек.
Қайталайық, мәтіндік ақпаратты сегіз разрядты екілік кодта жазу үшін:
Мәтіннің әр символының кодын А8СІІ кестесінен табу керек. Оның коды - екі оналтылық сан, оның біріншісі - осы сим- іюл орналасқан көлденең жолдың нөмірін, ал екіншісі тік баған нөмірін көрсетеді.
Алынған оналтылық кодта сәйкестендіру кестесі бойынша санның оналтылық жүйеде көрсетілуін оның екілік жүйеде үсынылуына ауыстыру керек.
Бүл процесті керісінше жүргізуге, ягни екілік код бойынша алғашқы мәтінді табуға болады. Мысалы, мына код бойынша:
01000011010011110100110101010000010101010100010001010 1010010 алғашқы мәтінді табу қажет.
Ол үшін солдан оңға қарай кодты төрт-төрттен тетрадаларга бөліп шығамыз:
0100 0011 0100 1111 0100 1101 0101 0000 0101 0101 0100 0100 0101 0101 0010. Сәйкестендіру кестесі бойынша әрбір тетраданы оның оналтылық үсынылуымен ауыстырайық. Әр санды екіге бөліп жөне әр жүпты Л8СІІ кестесіндегі символдар координаты ретінде қарастыра оты- рып, СОМРІІТЕК мәтінін табамыз.
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.1, 2, 3,4, 5 тапсырмаларды және оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:
Кодтау мен кері кодтау деген не?
Бит, байт деген не?
Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?
Оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау
Үйге тапсырма : 1.2 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.2.6, 1.2.7 тапсырмаларды орындау
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.1, 2, 3,4, 5 тапсырмаларды және оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:
Кодтау мен кері кодтау деген не?
Бит, байт деген не?
Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?
Оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау
Үйге тапсырма : 1.2 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.2.6, 1.2.7 тапсырмаларды орындау
Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді. Сабақта викториналық сұрақтар, жұмбақтар,сөзжұмбақтар,ребустар пайдалану өте тиімді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында және сабақта сергіту үшін өткен сабақты қайталау үшін сөзжұмбақты беруге болады.
Сурет10. Дидактикалық материалдардың бір түрі.
Мысалы мына берілген красворд «Ақпарат және ақпараттық процестер» тақырыбына берілген. Крассвордта төртбұрыштың жанында белгіленген қызыл үшбұрышқа апарса(примечание), сұрақ шығады. Бұл крассворд қарапайым exce бағдарламасында жасалған. Егер крассворд дұрыс шешілсе, сұрақтар қосу белгісіне ауысып отырумен қатар крассворд дұрыс шешілді деген хабарламалар шығады.
Оқытудың ойын теориясын қолдануда екі жақты дидактика байқалады:
1.Ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі.
2. Ойнай отырып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттігі.
Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтар зерттеуде.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне–өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айырықша.
Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс – тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. Олар ұстазының бүкіл іс – қимылына, жүріс – тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу
материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып – үйрену қажет.
Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу
жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы –
тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет. Осыған орай, сабақтың бірден бір белсенді өтуіне себепші, оқушылардың өз деңгейін көрсетуге ықпал ететін құралдың бірі-тақырыптың мазмұнына сәйкес жасалған дидактикалық материал болып табылады.
Дидактикалық материал – сыныпта немесе үйде өздігінен жұмыс істеу үшін оқушыларға таратылатын немесе бүкіл сынып алдында мұғалімнің көрсететін көрнекі оқу құралының ерекше үлгісі (көп жағдайда карталар, кестелер, мәтіндері, цифрлары және суреттері бар карточкалар, реактивтер және т.б.). таратпа материалдың бір түрі:
№1 карточка
Ақпарат деген сөзді қалай түсінесіз?
Ақпарат көздеріне мыналау жатады:
1
2
3
4
Сурет11. Дидактикалық материалдардың бір түрі.
Дидактикалық материалдар-таратпа материалдар, әр баланың қабілетіне қарай, өткен тақырыпты үлгере алмайтын оқушыларға қосымша таратпа материалдар, аралас сабақ материалы, үй тапсырмалары, ұзартылған күн тобының тапсырмалары, бақылау жұмыстары, сыныптар бойынша тест тапсырмалары (тақырыптық, тоқсандық,жарты жылдық, жылдық), дидактикалық ойындар болып бөлінеді.
Информатика пәнін мектепте оқытудың басты үш мақсатының бірі- практикалық (қолданбалы) мақсаты. Бұл оқушыларды практикалық қызметке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау болып табылады. Осы орайда информатика пәнінен практикалық тұрғыда дидактикалық материалдарды қолдану ерекшелігі жоғары. Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік бақылау және қосымша тапсырмалардың, пысықтау сұрақтарының және қызықты есептердің жиынтығы болып табылады. Мұндағы жұмыстар әр сыныптағы информатиканы оқытудың жалпы тақырыптық жоспарына сәйкес жазылуы тиіс. Оқу құралы мұғалімдерге жазба жұмыстарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсету және оқушылардың біліміне, біліктігіне, дағдыларына қойылатын талаптардың бағдарын анықтауға мүмкіндік жасай алады. Өзіндік бақылау және қосымша жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болуы шарт. Оқу құралының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады.
Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады.
Дидактикалық материалдарға көбіне дидактикалық ойындар қолданылады. Өйткені ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады. Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру. Дидактикалық материалдар ретінде дидактикалық ойындарды қолдану оқушылар үшін өздерін еркін сезінуге, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін көрсетуге ұмтылдырады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезім әрекетіне сүйенеді. Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.
Дидактикалық ойындардың сапалылығы: Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын – ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Қорыта айтқанда дидактиклық материалдар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық материалдарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.
Оқыту үдерісінің екі жақты үдеріс екенін ескере отырып, А.П.Усова педагог пен баланың әрекетін бөле көрсетіп, оқыту құралдарын жіктемелеудің өзіндік нұсқасын ұсынады. Осыған орай, ол дидактикалық құралдарды екі топқа бөледі. Құралдардың бірінші тобы педагогтың іс-әрекетін қамтамасыз етеді және ересек адамның оқытуды негізінен сөздің көмегімен жүзеге асыратынын сипаттайды. Оқытудың екінші тобында оқытуға әсере ететін құралдар етіліп, дидактикалық материалдар мен дидактикалық ойында ерекшеленеді, олар өз кезегінде білім беру міндеттерін, яғни көрнекілік пен баланың ондағы практикалық әрекетін ескере отырып құрылады.
Шағын жинақты бастауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер – Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тәжрибелерін таныстыратын кең ауқымды экспозиция Мәскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) «Халық ағарту» павильонына көрмеге жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы.Құсайынов алтын медальмен, Б.Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс-тәжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы «Аз комплектілі қазақ мектебі» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек – мұғалімдер үшін өте қажетті және таптырмас көмекші құрал. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы тақтаны (универсальная доска), сондай-ақ сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды, лотолар мен грамматикалық ойындарды өз жұмыстарына еркін пайдалана алады.
А.П.Усова ұсынған дидактикалық құралдардың жіктемесі М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиннің құралдарына сәйкес келеді. Бұл ғалымдар оқыту құралдары ақпаратты беру ненің – сөздің, көрнекіліктің, практикалық әрекеттің көмегімен қамтамасыз ету деп түсінеді.
Кесте4. Оқу құралдарының сызбасы
Өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі
Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.
Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.
Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:
1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;
Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;
Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
оған әсер ететін мотивтер.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:
а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).
ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).
Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).
3) Міндетті түрде тексерілуі керек.
4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.
5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.
7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.
Өзіндік жұмысқа мысал.
Кестеге өзің алған ақпаратқамысал келтір, сол алынған ақпарат көздерін жаз.
|
№
|
Ақпарат
|
Ақпарат көздері
|
1
|
Принтер-бұл баспаға шығару құрылғысы
|
Информатика сабағы
|
2
|
Көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен көбейтінді өзгермейді
|
Математика сабағы
|
3
|
Бүгін Алматыда ауа райы 320С жылы болады
|
Радиодан хабарлау
|
4
|
|
|
5
|
|
|
6
|
|
|
7
|
|
|
8
|
|
|
9
|
|
|
10
|
|
|
Сурет12. Дидактикалық материалдардың бір түрі. Өзіндік жұмыстың түрі
ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША 7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА
АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ҚҰРАСТЫРУ
Информатика пәнін мектепте оқытудың басты үш мақсатының бірі - практикалық мақсаты. Бұл оқушыларды практикалық қызметке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау болып табылады. Осы орайда информатика пәнінен практикалық тұрғыда дидактикалық материалдарды қолдану ерекшелігі жоғары.
Өзіндік бақылау және қосымша жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болуы шарт. Оқу құралының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады. Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады.
Жұмыс дәптері деп оқушылардың білімділік және біліктілік дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқу құралын айтамыз.
Сонымен, жұмыс дәптерінің келесі негізгі қасиеттерін бөлуге болады:
тапсырмаларды қиындық деңгейлерінің жоғарлауы бойынша жүйелі іріктеу;
оқушылардың тапсырмаларды тікелей дәптердің бетінде орындау есебінен уақытты үнемдеуі;
тапсырмалардың көп көлемін шешу мүмкіндігі.
Жұмыс дәптерінің құрылымы мен мазмұны төмендегідей сабақта қолданылатын мысал түрінде көрсетілген:
Әрбір сабақ тақырыбы бойынша ақпараттық кешен: қысқаша теориялық мағлұмат қолдану қажет, мысалы:
Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты - белгісі бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекеттерінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі - қалай да болсын - ақпарат алу, жинау және өңдеумен байланысты.
Біз өмір сүріп отырған ғасырға автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы, космонавтика, электрондық техника ғылымының жылдам даму, кітап басып шығару мен радиоқабылдағыштың арасы 440 жуық жыл болса, радио мен теледидар арнасында 30, ал алғашқы транзистор мен интегралдық схеманың арасы 5 жыл болған.
Оқушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар мен жаттығулар: типтік, дамыту және шығармашылық тапсырмалар мен жаттығулар енгізіледі, Мысалы:
Тапсырма №1. Төмендегі сөздің анықтамасын жаз.
Ақпарат - ________________________________________________
Тапсырма №2. Берілген тесттік тапсырманы орында.
1. Ақпарат ұсыну қандай негізгі тәсілдермен туындайды?
А) техникалық, математикалық, бейнелік;
Ә) аналық тақша, жүйелі блок;
Б) символдық, мәтіндік, графикалық.
В) мақсат, міндет.
2. «Ақпарат» латынның ... деген ұғымдарды білдіреді.
А) информатика, информатика;
Ә) аналық тақша, жүйелік блок;
Б) түсіндіру, баяндау, мәлімет
В) мақсат, міндет
Әрбір тақырып бойынша қорытынды: ескертулер, тұжырымдар, бақылау сұрақтар беріледі, мысалы:
Бақылау сұрақтар:
1. Ақпарат деген не?___________________________________________
______________________________________________________________
2. Қандай ақпараттық процестерді білесіндер?_____________________
______________________________________________________________
3. Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?_____________________
______________________________________________________________
4. Ақпарат мөлшерін қалай бағалауға болады?_____________________
______________________________________________________________
5. Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?______________
______________________________________________________________
Қорытындылайтын болсақ, өзіндік бақылау және қосымша жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болады. Оқу құралының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады. Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады.
Деңгейлік дифференциялауды информатика сабақтарында тек өткен тақырыптарды жүйелеп бекітуде қолданған тиімдірек.. Балаларға үш деңгейдегі жеке тапсырмалар беріледі. Бұларды орындау кезінде оқушылар жұмыс дәптерлерін пайдалана алады.
Бірінші деңгейдегі тапсырмалар-базалық стандарт болып табылады. Оларды орындауда оқушы бұл пәннен өткен нақты материалдарды қайталап айтып беру деңгейінде болады. Бұларды әрбір оқушы орындай алуы тиіс.
Екінші деңгей тапсырмалары оқушылардың оқу және ойлау қабілетін жетілдіретін жалпы жәгн арнайы тәсілдерді игеруді қамтамасыз етеді.
Үшінші деңгей тапсырмалары оқушылардан алған білімдерін ойлап,талдап пайдалануды талап етеді. Бір деңгейден екіншісіне өту жүйесінің шекарасы сезілмейтіндей өте икемді болуы тиіс.
Деңгейлік дифференциялау технологиясы кәдімгі қатардағы мектептің әрбір оқушының артықшылықтарын есепке алатын «жеке тұлғаны жетілдіру» мектебіне айналуына себебін тигізеді,мұндай мектепте балалар оқуға талпынатын,пән негіздерін жақсы бере алатын алдыңғы қатарлы оқу орнына айналады.
Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын,өзіндік ойлау қабілеті бар,өзін өзі жетілдіре алатын,жаңа типтегі адамды қалыптастыруға,тәрбиелеп шығаруға болады.Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзін өзі жақсы қорғай алады.
Оқушылармен жеке жұмыс істеумен қатар кейде оларды екі-екіден топтастырып,бір тапсырма беремін.Мұндайда бір оқушы (жақсы оқитыны) жетекші болып тағайындалады да,олар есепті талқылап,шығару жолын қарастырып,компьютерде шығарып,шығарған есептерін бірлесіп қорғайды.Егер әлсіз оқушы шығарылу жолдарын айтып бере алмаса,яғни дұрыс жауап бермесе, екіншісінің де бағасы төмендетіледі.Мұндай тапсырмалар оқушылардың жеке қасиеттерін есепке алуды талап етеді,оларды ұжымдық түрде жұмыс істеуге үйретеді.
Осы жерде деңгейлік жеке тапсырмалардың,деңгейлік үлестірме қағаздарының,ұжымдық перфокарталардың,текстік сынақ жұмыстарының тиімділігін айта кетейік.
Деңгейлік жеке тапсырмалар тиімділігі:
Әрбір тапсырманың моделін жасау,алгоритмін құру,программасын жазу,оны компьютерде шығару,нәтижесін талдау әрбір оқушыға ақпаратты өңдеі,беру және қолдану процестері туралы білімдерді меңгеруге қолайлылық туғызады;
Әрбір оқушы тапсырмамен қамтамасыз етіледі;
Оқушылар бір-бірінен көшіру әдеті жоғалады,оларды адамгершілік қасиетке,жоғары саналылыққа баулиды;
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады,ақыл-ойын,ойлау қабілетін дамытады;
Оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ынтасын дамытудағы рөлі үлкен;
Жеке тапсырмалардың әр түрлі болуы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,оны әдебиеттерден ізденіп оқуға және өз бетімен білім алуға дағдыландырады;
Компьютерлік технологияны оқыту құралы ретінде кәсіптік қызметтерге,еңбекке,басқа пәндердегі практикалық есептерді шешуге пайдалану дағдыларын қалыптастырады,
Тапсырмалардың деңгейлік болып берілуі оқушылардағы қызығушылықты жоғалтпай,жеңіл тапсырмалардан гөрі күрделі тапсырмаларды өз бетімен орындауға дағдыландырады;
Деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарап бағалау жеңіл болады;
Деңгейлік жеке тапсырмалар жеке тұлғаның өздігін қалыптастырып,дамытып,оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауда үлкен рөл атқарады.
Деңгейлік тапсырмаларды мына түрде беруге болады:
«Ақпарат тарауы бойынша» 1-ші деңгейдің тапсырмасы:
Бейнелік ақпарат, таңбалы ақпаратқа дегеніміз не және оларға мысал келтіріңіз.
Сәйкестендірініз:
1 Кбайт (килобайт)
|
1 Мбайт (мегабайт)
|
1 Гбайт (гигабайт)
|
1024 байт ≈ 1000 байт;
|
1024 Мбайт≈ 1 (миллиард байт);
|
1024 Кбайт ≈ 1(миллион байт);
|
2-ші деңгей тапсырмалары:
Хабар құрыңыз және оны кодттаңыз.
Хабар
|
|
Морзе
|
|
|
оналтылық
|
|
|
Екілік
|
|
|
2. Бос қалғант төртбұрыштарды сәйкесінше толтырыңыз.
3.ASCII кодын пайдаланыңыз.
3-ші деңгей тапсырмалары:
Берілген мысалдарға ақпарат көзін, оның қабылдаушы мен ортасын белгілеңіз.
Мына суретке қарап ақпарат тарауына «адам және ақпарат» атты шағын шығарма жаз.
«Ақпарат » терминіне анықтама құраңыз.
Деңгейлік үлестірмен қағаздардың тиімділігі:
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды өздері таңдайды.Егер қиын деңгейлік тапсырманы орындай алмаса,онда тапсырмадан жеңілірегін алады;
Үлгерімі нашар және үлгерімі жақсы оқушыларға да тапсырмалар алдын ала дайындалады;
Деңгейлік үлестірме қағаздарды үлгерімі нашар және жақсы оқушыларға да беруге болады;
Оқушылар білім деңгейіне қарап қздері бөлінеді;
Оқытушы үлестірме қағаздарын таратып беріп,орындалу уақытын ескертіп,қалған оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады;
Деңгейлік үлестірме қағаздары оқушылар білімін бағалауда оқытушыға жеңілдік туғызады;
Оқушылардың өз білімдерін өздері бағалауға мүмкіндік береді;
Бағалауда бұрмалаушылық болмайды,әшкерелік анық көрінеді.
Ұжымдық перфокарталар тиімділігі:
Барлық оқушылар оқу процесіне тартылады;
Аз уақыт ішінде барлық оқушының білімін анықтауға мүмкіндік береді;
Оқушы білімін пысықтауға көмектеседі,жаңа сабақты әрбір оқушыға өте ұқыпты тыңдауға дағдыландырады;
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын,ынтасын арттырады;
Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамытып,жылдамдыққа дағдыландырады;
Оқушылардың операторларды бір-бірімен салыстыра отырып,түйінді (қызметші) сөздердің мағынасына қарай,параметрлеріне қарай ажырата білуге,өз бетінше қорытынды жасайбілуге дағдыландырады;
Аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін бағалауға болады.
Тестік сынақ жұмыстарының тиімділігі
Оқу процесіне барлық оқушылар түгел тартылады;
Тексеруге оқу материалын толық қамтуды қамтамасыз етеді;
Аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін анықтауға мүмкіндік береді;
Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамытады,жылдамдыққа,тапқырлыққа дағдыландырады;
Оқушылардың күнделікті сабаққа ұқыпты дайындалуын талап етеді;
Оқушылардың пәнге қызығушылығын,ынтасын арттырады;
Оқушылардың жауаптарды салыстырып,дұрыс жауабын таңдай білуге,өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландырады;
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады;
Барлық оқушылардың білімін бағалауға болады.
«Ақпарат» тарауына тест.
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін қандай cөзінен шыққан.
А) informationion
В) informatika
С) informational
Д) informasyi
Е) informatio +
2. Адам баласы осы ақпараттың барлығын өзінің .............................................. және сияқты сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Көп нүктенің орнына сәйкес келетін жауапты белгілеңіз.
А) дұрыс жауап жоқ
В) көру, есту, иіс сезу, дөм сезу, түйсік (сезіну) +
С)көру, есту
Д) жүру, иіс сезу
Е) дәм сезу түйсік
3.Толық жауапты белгілеңіз. Ақпараттың қасиеттері мыналар:
А) Ақпараттың сенімділігі, ақпараттың толықтылығы, ақпараттың құндылығы (бағалылығы).
В) Ақпараттың дер кезінде берілуі, ақпараттың түсініктілігі, ақпараттың қолжетімділігі, ақпараттың қысқалығы.
С) Ақпараттың нақтылығы
Д) Ақпараттың сенімділігі
Е) Ақпараттың сенімділігі, ақпараттыц толықтылыгы, ақпараттың құндылыгы (бағалылығы), ақпараттыңдер кезінде берілуі, ақпараттың түсініктілігі, ақпараттың қолжетімділігі, ақпараттың қысқалылығы, ақпараттың нақтылығы+
4. Ақпараттың нақтылығы дегеніміз-
А) Ақпараттың нақтылығы тек уақытында алынған ақпарат қана күтілетін нәтижеге жеткізуі мүмкін. Ақпаратты уақытынан бүрын да (өлі меңгере алмайтын кезде), кешіктіріп те бермеген дүрыс.
В) Ақпараттың нақтылығы оның қарастырып отырған объектінің, процестің, қүбылыстың және т.б. шынайы күйіне жақындық дәрежесімен анықталады.
С) Егер ақпарат түсінікті және шешім қабылдау үшін жеткілікті болса, онда ол ақпараттың нақтылығы болып табылады.
Д) Бір мәселе бойынша ақпаратты қысқаша (маңызды емес бөліктерін алып тастап, қысқарған түрде) немесе кеңінен (толығымен, көп сөзден) баяндауға болады.
Е) Берілген жауаптардың барлығы дұрыс
5. Хабардың үзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын .................................... деп атайды.
А) ақпараттың көлемі
В) ақпараттың ұзындығы
С) ақпараттың қолжетімділігі
Д) ақпараттың нақтылылғы
Е) ақпараттың туралылығы
6. Қандай да бір тілдің көмегімен ақпаратты ұсынуды ..............деп атайды.
А) бағалау
В) қадағалау
С) туралау
Д) шрифтке ауыстыру
Е) кодтау
7. Ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және берумен байланысты процестер –
А) ақпараттық процестер деп аталады
В) ақпараттық арналар деп аталады.
С) ақпаратты кодтау деп аталады
Д) ақпаратты шифрге ауыстыру деп аталады
Е) ақпаратты бағалау деп аталады
.
8. Бір байт неше битке тең?
А) 7
В) 8
С) 9
Д) 10
Е) 11
9. Ақпарат деген сөз неше битке тең?
А) 56
В) 25
С) 58
Д) 34
Е) 19
10. сынып неше байтқа тең?
А) 5
В) 8
С) 9
Д) 17
Е) 3
Сабақтың соңғы кезін-нәтижелерін қорытындылайтын кезеңін қамтитын оның валеологиялық компонентіне тоқталып өткім келеді. Баға-оқушыларды үйренуге талпындыратын негізгі құралдардың бірі.Жоғары баға баланы қанағаттандырып алға тартады,төмен баға оларды ренжітіп,оқығысы келмейтін сәттер туғызады.Сондықтан оқушының неге ондай баға алғанын түсіндіріп кеткен дұрыс.Мұғалімнің осылай ауызша берген түсініктемесі оқушының көңілінің пәстігін жойып,оған үміт отын жағып,алға ұмтылуға талпындыруы тиіс. Сол себепті сабақ соңында оқушының барлық істеген жұмысын қорытындылап баға қойған дұрыс болады.
Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өту керек.Осындай жұмыс барысында жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесіне сүйене отырып сабақты түрлі іскерлік ойындар,жарыстар түрінде, пәнаралық байланыс түрінде, көрнекіліктермен, дидактикалық материалдар пайдалана отырып өтсек балалар қызығып оқиды.
Қорыта айтқанда, информатика сабағында дидактикалық материалдарды қолдану ісіне зор мән берілсе, мұның өзі оқушылардың білім сапасының жақсаруына зор ықпалы бар деп ойлаймын. Сондықтан да осы дипломдық жұмыста жасалған электронды құрал орта мектеп оқушылары мен мұғаліміне көмекші құрал ретінде нәтижелі пайдалануына болады.
Қолданылған әдебиеттер
1 Бидайбеков Е.Ы. Подготовка специалистов совмещенного с информатикой профиля в Республике Казахстан. –Алматы:АГУ им Абая, 1998.-123с.
А.И. Бочкин. Методика преподавания информатики. 1998 ж.
Халыкова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, «Білім»
Дидактикалық ойындар А.В.Фарков
Волкова Т.О. Информатика в играх и задачах, 1996 Из-во «Учебная книга» (г.Екатеринбург)
«Математика және физика» журналы
7. Н.Ермеков,Н.Стифунина «Информатика 7 сынып» «Мектеп» баспасы
Достарыңызбен бөлісу: |