Мазмұны Кіріспе…


ІІ бөлім. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту барысында көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың әдістемелік негіздері



бет2/3
Дата15.12.2016
өлшемі0,58 Mb.
#3867
түріСабақ
1   2   3

ІІ бөлім. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту барысында көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың әдістемелік негіздері.

2.1. 3-сыныпта көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Қазақстан Рерпубликасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы, Білім, Тілдер туралы заңдардың қабылдануы, білім берудің басты мұратын айқындайтын соңғы құжаттар, халық ағарту саласында болып жатқан өзгерістер жалпы білім беретін мектептердің алдына білім және тәрбие беру салаларын жақсарту міндетін алға қойып отыр. Қазіргі таңда жас ұрпақтың өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту төңірегенде атқарылуға тиісті маңызды міндеттер көп. Ол міндеттер қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуынан және Білім туралы заңда көзделінген іс-шараларды жүзеге асырудан туындап отыр. Қазіргі мектептің құрылымы мен оның білім мазмұнында болып жатқан бетбұрыстар оқыту сипатын ерекшелеу, жаңашылдандыру талаптарын қояды. Жалпы орта мектепте оқытылатын пәндер жүйесінде қазақ тілі ерекше орын алады. Ж.Аймауытов оқыту мен тәрбие беру ісіндегі ана тілі мен қазақ тілінің орнын ерекше атап өтеді. “Бала оқуды тілден бастайды. Бастауыш мектептің көбінесе айналдыратын оқуы – тілдің мүшелерін анық білдіріп, баланың тілін байыту” дей келіп, “сөз – ойдың айнасы, ойсыз сөз жоқ” – деп тұжырымдайды. Жас буынның дұрыс ойлап, дұыс ойлауына, сөйлеуіне, ата-ана мен мектеп ұжымы, осы саланың оқытушылары бірден-бір жауапты деген пікір айтады. Бұл пікірлер оқу-тәрбие процесіндегі ой-пікірлермен үндесіп жатқандығын байқауға болады. Оқушы білім алу үшін оқу процесінде өзінің дүниетанымын, қабілетін қалыптастыру керек дегенді жиі айтамыз. Оқушының сабақ үстінде танымдық іс-әтекетін, қабілетін қалыптастырудағы мақсат – білім берудің тиімді жолдарын қарастырып, оқыту процестерін нәтижелі ұйымдастыру. Оқушылар шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-ана тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс. Кіші мектеп жасындағы оқушылармен шығамашылық тапсырма түрлерін жас ерекешелігіне, психологиялық даярлығына қарап қалыптастырады. Жан-жақты талант иесі М.Жұмабаев “Педагогика” еңбегінде бастауыш мектепте әдеби қабілеттілікті қапыптастырудың кейбір әдістерін көрсеткен. Ұлы ағартушыларымыз ұсынып отырған оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың барлық кезеңінде яғни, оқушы, оқиға, сюжет, образ, көркемдік шешім таба алмай қиналғанда , мұғалімнің меңзеу әдісі көмекке келуі керек. Бұл - мұғалімнің де шығармашылық қабілетінің сынға түсер шағы. Ана тілі қазақ тілі сабақтарында ұтымды уақыт тауып шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Мұғалім мәтіннің өн бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. Кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады. Бастауыш сынып оқушыларымен шығармашылық жұмыстың төмендегідей түрлерін жүргізуге болады.



  1. Оқушыларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;

  2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыға тапсыру.

  3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;

  4. Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару;

  5. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу;

  6. Мәтін бойынша мақал құрастыру;

  7. Табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар шығару;

  8. Берілген мәтіндегі бір бөлікті өзі жазып шығару;

  9. Сөйлемдегі кейбір сөздерді көркем сөздермен ауыстыру;

  10. Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгіме жазу;

  11. Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру;

Оқушылардың сабаққа қызығуы, яғни, сабақ мазмұнының қызғылықты, қызғылықсыз жүргізілуі жаттығулар мазмұнына, оның талаптарына да байланысты.

Оқушларға негізгі сатыда сапалы білім беру бағдарламадан бастау алады. Бағдарламада теориялық материалдар ауыр-жеңілдігіне қарай бір-бірімен байланыста, өзара сабақтастықта жүйелі түрде беріледі, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріледі. Бағдарламадағы қазақ тілі пәнінің білім мазмұны мен мақсаты мектептегі оқу-тәрбие жұмысына қойылған талартармен ұштастырылады. Сонымен қатар оқушылардың әр сынып бойынша қазақ тілінен игеретін білімі мен білік, дағдыларына қойылатын талаптар мен пәнаралық байланыстар көрсетіледі. Мектепте қазақ тілі пәнін оқыту міндеті – жеткіншек ұрпаққа ғылым негіздерінен терең де сапалы, тиянақты білім беру, оларды практикада қолдану қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру, яғни оқушылардың ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету десек, қазіргі заман талабына жауап бре алатын даралап, саралап оқыту және басқа ұстанымдар арқылы әрбір оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыру бүгінгі күннің негізгі мақсаты болып отыр. Оқу процесі мұғалімнің басшылығымен, оқушылардың таным процестеріне негізделіп жүргізілсе нәтижелі болады. Оқыту – таным процесі, өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады. Оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады деген болатын Т.Сабыров. Ал, осы таным процестерінің оқушыда біркелкі болмайтындығын айта келіп, М.Жұмабаев “адамдардың есте сақтау қабілетін 4 топқа бөлді”:



  • кейбіреулері тез жаттап алып, тез ұмытады;

  • кейбіреулер баяу қабылдап, тез ұмытады;

  • кейбіреулер баяу қабылдап, бірақ тез ұмытпайды;

  • Кейбіреулер тез қабылдайды, сонда да ұмытпайды, - деп таным процесінің қабылдау, есте сақтау т.б. компоненттерінің жеке тұлғаны дамытудағы өзіндік ролін талдап көрсетеді. Кіші мектеп жасындағы оқушыларда шығармашылық қабілет бірдей болмайтындығына байланысты қолданылатын да материалдарды орнымен пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысьты. Оқулық- білім алудың құралы. Оның ең басты міндеті – оқушылардың білімін жетілдіру. Оқулық бағдарламаның негізінде жазылып, оқушыларға берілетін білім мазмұнын құрайды, білік, дағдыны қалыптастырады. Сонымен қатар сұрау тапсырмаларымен жұмыс жасағанда, үй тапсырмасын орындағанда жетекшілік қызмет атқарады. Сондықтан да мұғалім оқу процесінде оқулықты басшылыққа алады. Яғни, “оқулық жақсы сабақ берудің іргетасы” – деп К.Д.Ушинский айтқандай бүгінгі тәуелсіз еліміздің ұлттық қадір-қасиетін сақтауға негіз болатын, үздіксіз білім жүйесінің негізгі сатысы болып табылатын мектептегі қазақ тілі оқулығы. Демек, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда оқулықтың да өзіндік ролі бар. Оқулықтың білім мазмұны мен құрылымының ғылыми тұрғыдан дұрыс бағытта болуын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық талаптар мыналар:

  • Оқулық мазмұнының бағдарламаға және оқушының жас ерекшелігіне сәйкестігі;

  • Оқулық мазмұнының стандарт талаптарына сәйкестігі;

  • Оқулықтың теориялық, практикалық жақтарының бір-бірімен тығыз байланыста болуы;

  • Оқулық мазмұнның логикалық тұрғыда түсінікті болып, проблемалық ситуациялардың қамтылуы;

  • Тілінің жатық, оқушыға түсінікті болуы:

Сондай-ақ оқулықта грамматикалық анықтамалар да мысалдар арқылы беріледі. Әр түрлі жаттығулар, өткен грамматикалық материалдарды қайталау бағытында деңгейлік сұрау – тапсырмалар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ізденіске баулиды. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда әрбір тақырыпты түсіндірудің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрнекі, техникалық құралдарды пайдаланудың да маңызы зор. Баланың қызығушылығын оятатын, тәрбиелік мәні зор, түрлендіріп берілген жаттығулар көптеп кездеседі. Оқушының шығармашылғын қалыптастыруда практикалық жаттығулардың өз дәрежесінде орындалуының да ерекшелігі мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Егер сабақта оқушыларға зат есімді немесе сын есімді қатыстырып сөйлем құру тапсырылса, “Марат келді” немесе ақ көйлек, жасыл жапырақ сияқты сөз тіркестеріне жауап берген баланың білім деңгейіне қарап мұғалім өзінің сабақ үстінде танымдық жұмыс түрлерін дұрыс ұйымдастыра алмағандығынан оқушының алған білімінің жемісті болмағанын байқайды. Балаға мектепте жүйелі білім беруде мұғалім жетекші роль атқарады. “Білімдендіруді жүзеге асыратын – мұғалім” – дейді Ж. Аймауытов. Оқулықтағы білім мазмұнының күрделенуі сияқты әрбір грамматикалық тақырыптардағы жаттығуларды бірте-бірте күрделендіре беру оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қабілетін арттырады., уақыттың қалай тез өткенін сезбей қалады, жаттығуды қызыға орындайды. Оқушылардың сабаққа қызығу, сабақ мазмұнының қызғылықсыз жүргізілуі жаттығулар мазмұнына, оның талаптарына да байланысты. Оқушының шығармышылығы, қабілетін қалыптастыруда дидактикалық материалдар ойланатындай етіп құрылуы тиіс. Яғни, А.Байтұрсыновтың жеңілден ауырға қарай принципінде жүзеге асырылады. Жеңілден ауырға көшіру білім мазмұнында да берілген жаттығуларды оқушы бұрынғы өзінде бар білім негіздерімен ұштастыра орындайды. Ал, оқушыларға негізгі сатыда сапалы білім беру бағдарламадын бастау алады. Бағдарламада теориялық материалдар ауыр-жеңілдігіне қарай бір-бірімен байланыста, өзара сабақтастықта жүйелі түрде беріледі, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Ол үшін мұғалім ең алдымен сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы тиіс. Яғни, оқушының назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі елеусіз болса да шығармашылық тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн: әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын. әдіс-тәсілін білу керек;

  • шығармашылық жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұны кіші мектеп жасындағы оқушылардың жасерекшеліктеріне, қызығушылығына үйлесуі тиіс;

  • тапсырма – міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі. Мұғалімнің ең үлкен міндеті – бала белгілі бір шешім тауып, ойын тұжырым жасап түсінгенге днйін назардан тыс қалдырмау, шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы;

  • шығармашылықпен жек дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл оқушылары ойласуы үшін жағдай, мүмкіндік туғызу қажет;

  • сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармашылық ахуал орнату;

  • мұғалім-оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал, егер ол оқиға, сюжет құруға, образ жасауда шеберлік танытса, оқушылар ерекше елтиді. Өздерінің күшіне деген сенім қалыптасады. Сондықтан, мұғалімнің шығармашылықпен айналысуы және өзінің жазған дүниелері жөнінде балалармен пікір алмасуы заңды:

  • шығармашылық үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандықты қамтамасыз ету;

  • шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – “сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді” деген тыс қорқыныш сезімі, екінші - өзіне -өзі тым риза болмаушылық сезімі; үіншісі – жалқаулық. Мұндай жағдайда оқушыны құтқарудың тиімді жолдарын табу көзделеді;

  • оқушының шығармышлықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;

  • шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру;

  • Мұғалім оқушы шығармышылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек:

  • Шығармашылық тапсырманың мазмұн – түрін ойлап табу;

  • Шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс тәсілін меңгеру;

  • Шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық- психологиялық, әдістемелік тұрғыдан баға, қорытынды бере білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.

Оқыту әдәстері бұр мұғалім мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы филиософиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынысына мақсатқа жетуіс-әрекетін нақыт ретке келтіру деген тәсілдер.

Соынмен оқу әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, оқушылардығ шығармышылық қабілеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелероқушылардың танымдық қызығушылығында қолданылатын оқыту әдістерінің ішінде шығармышылық қабілет белсенділігін жетілдіру. Сабаққа белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады.

Халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін, өзіндік үлгі өнегінің балалар бойына сіңіруде мақал-мәтелдің орын бөлек ерекшеліктерін анықтайды.

Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады: оқыту әдістерә шындықты тануға әрекет жасайды, идея нақты өмір мәліметтермен қорытындыланады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының белсенділігін жетілдірудің шығармашылық қабылеттірінің дамуының негізі болады.

Ю.К.Бабанский бірсыпыра Ресей ғалымдарының Е.Я.Голанд, Б.П.Есипов, М.Н.Скаткин т.б. оқыту әдістері жіктеуіне сүйене отырып, оларды үш топқа бөлуді ұсынды.


  1. Оқу-танымдық қызығушылығын ұйымдастыру және іске асыру әдістері: сөздік әдістері ( әңгіме, әңгімелесу, лекция): практикалық әдістер (жазба жаттығулар, лабораториялық, практикалық жұмыстар, тәжірибе және бақылау, оқушылаодың шеберханаларда, еңбек тапсырмасын орындау, оқыту машиналарымен жұмыс, дыбыс жасап шығарушы аппаратуралар т.б.); көрнекілік әдістер ( иллюстрация, демонстрация, оқу теледидары); индуктивті және дедуктивті, прблемалы ішінара іздену әдістері, өз бетінше жұмысістеу барысында белсенділігін жетілдіреді.

  2. Оқу – танымдық қызығушылығын ынталандыру әдістері оқушылардың танымдық ықыласын қалыптастыру әдістері; оқудағы жауапкершілікті қалыптастыру әдістері, оқудығы жауапкершілікті және міндетті, белсенділікті ынталандыру әдістері, оқудың қоғамыдқ және жеке адамның маңыздылығын түсіндіру, оқыту талаптарын қою, мадақтау, ұялту.

  3. Оқу – шығармышылық қабілетін бақылау және өзін-өзі бақылау әдісі. Ауызша бақылау әдістері: Жазбаша бақылау әдістері; Машиналық бақылау әдістері; Өін-өзі бақылау әдістері. Ю.К.Бабанский ұсынған жіктеуде оқыту әдістері қазіргі жағдайда білім беру ісін одан әрі жетілдіру мақсатымен оқыту әдістерін бірыңғай жүйеге жетілдіру мақсатымен оқыту әдістерін бірыңғай жүйеге келтіру басты мәселелердың бірі.Біздің бақылауымызша оқыту әдістерін жіктеуді әрбір ғалымдар өзінше дәлелдейді. Бірақ барлық ғалымдар оқыту әдістері жіктеуінің негізі етеп білім көзін, оқушылардың танымдық қызығушылығын негізге алады.

Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің міндетті - өзінің талантын танып және оны таныта алатын жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық жақтарына көпкөңіл бөлу керек.

Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру, танымдыө жоқуақытты, жан қуаттанының оянуына түрткі болу. Ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері.

Оқытудың маңыздылығы мен қажеттілігін оқушы жеткіншек кезеңге аяқ басқан шақта ұғына бастайды. Өйткені бұл кезеңде оларда белгілі бір пән саласына икемделіп, мамандық таңдауда кәсіптікниеттердің қалыптасу шағы жүреді. Сондықтан кіші мектеп жасындағылардың шығармышылық қызығушылықтарын қалыптастырудың психологиялық ерекшелігін, теориялық негіздерін анықтап, тәжірибе жүзінде айқындау – бүгінгі оқыту үрдісінің басты тақырыбына айналып отыр.

Көптеген тәжірибелі прихологтардың зерттеулері бойынша кіші мектеп жасындағылардың оқу үрдісіндегі шығармашылық қызығушылықтарының дамуының екі жағы бар: сандық және сапалық. Сандық өзгерістердің мәні – кіші мектеп жасындағылар әр түрлі ақыл-ой есептері мен логикалық сұрақтардың керегін, қандайын, нешеуін (оңай, қиын) шешкендігінен орын алады. Мұндай жағдайлар кіші мектеп жасындағыларға енді қалыптасып келе жатқан танымдық мүдделер мен қызығушылықтардың әлсіз болуы немесе олардың санында оқу әлі де болса мәнді орын алмаған кезеңде көрініс береді.

Сапалық өзгерістер кіші мектеп жасындағылардың ойлау қабылеттірінің алға жылжып, дамуынан байқалады. Яғни, мұнда кіші мектеп жасындағылардың қанша есепті шығарғаны емес, қалай, қандай жолмен шығарғаны маңыздырақ болады. Бұл олардың оқу қызметіне сапалық тұрғыдан қарып, өздігінен ізденіп, оқуға дағыдылану үстінде пайда болған әрекетінің нәтижесі. Сондықтан кіші мектеп жасындағылардың оқу үрдісіндегі шығармашылық қабілетіне, қызығушылық арттырып, жан қуаттанына әсер етуші күштің көріністерін табу және оның дамуына дағдай жасап ұйымдастыру – сынып жетекшісі мен мұғалімнің міндеті.

Ендеше ол оқу мазмұнын түсіндіруде оқушы сапасына “Ұғыну”, “Ой” операцияларын меңгеретін, олардың сезімдік қуаттарының әсерленуіне ерекше мән беруі тиіс. Өйткені қандай да болсын дүниедегі материалдық заттар туралы ой ең алдымен сезім мүшелеріне (көру, есту, сезіну т.б.) ықпал ету нәтижесінде туатын әсерден басталады.

Сезімдік таным (құштарлығы, ықылас – ынтасы, әсерленуі, т.б. ) негізінде қабылданған кіші мектеп жасындағы оқушылардың білімі іскерлік, икем-дағдысы, ой-ептілігі нәтижесі әрі жемісті болады. Білім, іскерлік, дағды, ептілік әркеттер кіші мектеп жасындағы оқушылардың даралық психологиялық қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін жетілдіріп, шығармашылық қызығушылық белсенділігінің артуына жетелейді. Шығармашылық қабілетберілген тапсырманы өз бетінше талдау, салыстыру, жинақтау және ғылыми болжам жасату арқылы туындайды.

Оқушылардың оқу үрдісіндегі шығармашылық қабілетін дұрыс қалыптастырып және белсенділігін арттыру үшін не істеуіміз қажет жеген сұраққа С.Жақыпов өз еңбегінде сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, логикалық сызбаларды, шартты-графикалық құралдарды қолдану керек. Осы аталғандар оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылық әрекетін жанжандырып, өз-бетімен жұмыс жасауғажәне оны еңгертуге төзімділігін, белсенділігін артырудың бірден-бір негізі тәсілі болып табылады” – деп жауап береді. Демек, таным қызметіне байланысты оқыту әдістері: жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, білімділік пен дағдыны қалыптастыру тәсілдерін мейлінше ұтымды пайдалану ұстаздың психологиялық білім даярлығына байланысты.

Демек кіші мектеп жасындағылардың оқу үрдісіндегі шығармашылық қабілет іс-әрекеттерін дұрыс қалыптастыру үшін мыналарды білу керек:


  • әрбір кіші мектеп жасындағы оқушылардың бойында кездесетін танымдық қабілеті мен белсенділік икем дағдысы қай кәсіпке, қай салаға сай екенін анықтап зерттеу.

  • Оқушылардың қабілет ерекшелігіне қарай кәсіптік бейімдеу.

  • қандай да болсын кез-келген мәселелік жағдайларға ғылыми болжам жасаудың негіздерін үйрету.

  • Кіші мектеп жасындағылардың бойындағы нышан қуаттарының ашылуын көздеп, шығармашылық қабілет белсенділігінің жандануын ұйымдастыру, т.б.

  • Сондықтан ең бастысы, оқыту жүйесіндегі өзекті мәселе – мұғалімнің осы үрдісті шебер басқара білуі және оқушылардың кәсіптік қызығуын, ықылас-ынтасын, танымдық жан қуаттарын дамытып отыру қажет. Олай дейтініміз: оқу үрдісінің қозғаушы күші - ұстаз бен оқушының біріккен шығармашылық іс-әрекеттерінің жиынтығы болып саналады.

Таным үрдісі арқылы оқушының белгілі бір қасиет қабілеттері қалыптасады, белсенділігін жетілдіру жолдары дамиды, ақыл-ой белсенділігін арттырады.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларда шығармашылық іс-әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру – оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді сапалы түрде игеріп, оны танымдық - шығармашылық және қарапайым жаттығуларды дұрыс қолдана орындауда білуге жетелейді, білімін өз бетінше жетілдіру қабілетін дамытады. Өз бетінше үйрену үшін қажетті мінез-құлықтың, ерік-жігер мен ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі, әсіресе кіші мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілген жұмыстарда айқын білінеді. Сондықтан оқушылар өзінің қызығуын толық түрде қанағаттандыратындай оқытушыны қалайды.

Шығармашылық қабілет жеке адамның орнықты қажеттілігіне мінезіне айналу үшін оның бойында өз күші және білім игеру қабілетімен қатар дербес танымдық іс-әрекетіне оң көзқарас қалыптасыру керек.

Танымдық белсенділік немесе ізденімпаздық, оқушының берілген тапсырманы басқаның көмегінсіз орындауымен ғана шектелмейді. Ол алдына саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс-әркетін бағыттап отыру мүмкіндігіне ие болу керек.



2.2. 3-сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда жаңа технология элементтерін пайдалану.

Қазақ тілін жоғары деңгейде яғни, мемлекеттік тіл деңгейінде көтеру үшін көпшілік болып күресіп орта мектептен жоғары оқу орындағы әрбір басшыдан бастап отбасыға дейін жас ұрпақты өз ұлтымыздың рухында тәрбиелеуіміз керек.

Ал, өзге ұлт өкілдерінен басшылықта отырған адам қазақ тілін өз ана тілімен пара-пар меңгеруді міндеттеу қажет. Көрнекті қайраткер, ірі тіл маманы Ахмет Байтұрсынұлы 1914 жылы шыққан “ Тіл құралы” еңбегінде кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуеле өз тілінде жазу, сызу үйретіп өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланған кейін өзге тілде оқыта бастады. Біз де осы тілімізбен оқытып, содан соң басқаша оқытуымыз керек деген еді. Бұдан ана тілінің ең бірінші қорғанышы да, қорғаушысы да ұстаздар қауымы екені көрініп тұр.

Сондықтан қазақсандық өзге ұлт өкілдеріне де қазақ тілін оқытып, олардың бастауыш сыныптарда алған білімін жинақтау, жүйелеу, сондай-ақ қазақ тілін практикалық жолмен меңгерту қажет.

Оқушыларға тіл үйретудің олардың сөздік қорын байыту, үйренген жаңа сөздерді дұрыс екпін түсіріп айта білуге баулу. Бұл жұмыс түрінде баса назар аудара отырып жаңа сөздердің мағынасын сурет көрсету арқылы сол сөздердің орнына аудармасын айта түсіндіріп, меңгертуіміз керек.

Үйретілген сөздердің оқшылардың есіне берік сақталуы үшін және дұрыс, орынды пайдалану үшін және сөздерді белгілі бір жүйемен топтап берген жөн. Сондай-ақ әңгіме айтқызу т.б. жұмыстарды орындатудың пайдасы зор.

Бастауыш білім берудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін жақсарту, жетілдіру балалардың ақыл-ойының дамуына жақсы әсер етумен бірге, олардың ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік туғызады.

Білім мазмұнынының стандарты бастауыш оқудың теориялық дәрежесін арттыру, оқушыларды жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Тілді білу - ұлтаралық қарым-қатынасты, ұлтаралық мәдениетті жақсартады. Әрбір халықтың ғасырлар бойы жасаған мәдениетін, оның озық үлгілерін таныту арқылы баланы сол ұлтқа құрметпен қарауға тәрбиелеумен бірге, оның тілге деген сүйіспеншілігін оятады.

Оқушының тілін дамыту әдістемесі тақырыбын зерттеу барысында әдіскер-ғаламдардың ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу жасаған.

Бұл ретте Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының оқу-ағарту ісінің бастауы кезеңінде тұрғаны, оның өз еңбектерінде оқушының сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға, халақ тілін білуге, атап айтқанда, баланың тілін дамытуға айрықша мән бергенін көреміз.

Сондай- ақ, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салған ғалым Ахмет Байтұрсыновтың да тіл дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлгендігі, бұл іске жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер сияқты ауыз әдебиеті үлгілерін кеңінен пайдаланғанына назар аударуға болады. Қазақ ғалымдарының арасынан психология ғылымилығы, теориялық практика мен педагогика ғылымдарына орай еңбек жазған Мағжан Жұмабаев тіл табиғатына зор баға берді. “Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші щарты балаға ұқпайтын сөз үйретпеу керек. Екінші – баланы өз теңі балалармен ойнату керек. Ал негізі баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын – мектеп”, - дейді.

Көптеген көрнекті психологтар ой мен тілдің байланысына ерекше көңіл бөледі. Психологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенгенімізде, тілді игеру, сөздік қорының молаюы, грамматикалық мәліметтер жөніндегі түсінігі мектепке дейінгі кезеңнің өзіне-ақ практикалық жолмен, ауызша сөйлеу түрінде қалаптасатындығын байқаймыз.

Тіл дамыту жұмысында сөйлеу мен жазбаша тілінің бір-бірімен байланыстылық принципі басты орын алады. Адам сөйлеу арқылы бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасайды. Мысалы, салыстыру, теңеу, әсірелеу, ырғақпен айту, ымдау, тағы басқа әрекеттер қолдану арқылы сөйлеу процесінде екінші бір адамға ойын жеткізеді.

Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын ойдағыдай меңгерту үшін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етеді.

Білім алуда оқушының оқуға деген талабы, ынтасы, қызығуы және оқудың қажеттіліген сезінуі үлкен роль атқарады. Бұл жайттарды ескермей, балаларды білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды білім алуға қызықтыруға, яғни олардың білуге деген ынтасын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.

Білім алу ақыл-ой қызметі арқылы жүзеге асады. Олай болса, оқыту барысында мұғалім оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға баса назар аударып отыруға тиіс.

Білім беру сабақ барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады.

Мұғалім оқу материалдарының мазмұнын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әртүрлі көрнекі құралдарды пайдаланумен толықтырылып отырады. Алайда мұның бәрі оқушыға мағлұмат, түсінік беру ғана. Өйткені түсіндіргенді, көрсеткенді оқушы естиді, көреді-сезініп, қабылдайды. Ал мұндай білім, әдетте тез ұмытылады. Сондықтан алған білімді тұрақтандырып бекіту, іс жүзінде пайдалана білу керек. Ал ол үшін оқушыны өздігінен жұмыс істей білуге үйрету қажет. Мысалы, “Сөйлем бас әріппен басталып, ондағы жеке сөздер бір-бірінен бөлек жазылады, сөйлем соңына нүкте (сұрау, леп белгілері) қойылады” деген ережені меңгеру үшін белгілі бір сөйлемді жазып, ереже талаптарын іс жүзінде қолма-қол орындау керек. Мұны өздігінен орындай біліушілік деп атайды. Оның өзі де жаттығу мен қабілетке байланысты. Икемділік бірден тұрақталып, қаыптаспайды, жаттығулар жасау арқылы жетілдіріліп, тұрақтайды. Басқаша айтқанда, машыққа айналады. Соның нәтижесінде оқушы алған білімін іс жүзінде еркін пайдаланана алатын болады. Оқытудың мақсаты да осы.

Оқыту әдіс-тәсілдері аталған мәселерді толық шешуге тиіс. Алайда оқыту тәсілдері - қыр-сыры мол, күрделі, терең зерттеуді қажет ететін мәселе.

Қазақ тілінен сапалы білім беріп, оқушының икемі мен машықтануын қалыптастыру әрбір сабақ сайын алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асады.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі әдістері мыналар: мұғалімнің сөзі, әңгіме және оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары.

1) Білім берудің ең негізгі бір әдісі – мұғалімнің сөзі. Мұғалімнің сөз хабарлау, баяндау және түсіндіру, сұрақ-жауап әдістері арқылы іске асады.

Хабарлау кезінде сабақтың тақырыбы, тақырыптың негізгі мазмұны, құрылымы, мақсаты, сабақта оқушылардың қандай мағлұмат алатыны, ол мағлұматтардың өткен материалдарының байланысы сияқты мәселелер ескеріледі.

Баяндау барысы бейнелі сөзге құрылып, эмоциялық әсермен оқушылардың сезімін оятып, тақырыпты қызғылықты етіп түсіндіру үшін қолданылады.

Түсіндіру – білім беру әдісінің негізгі түрі. Түсіндіру нәтижесінде жаңа тақырып мазмұны жан-жақты талданып, оқушылар грамматикалық білім негіздері жөнінде түсінік алады. Оқу материалдарының тақырыптық басты ерекшеліктерін ашып көрсету, деректерді нақты фактілермен дәлелдеу – түсіндіру әдісіндегі алаға қойылатын басты мақсат болып табылады.

Түсіндіргенде грамматикалық ережелер мен анықтамаларды талдау-жинақтау әдісімен түсіндіреді. Сабақ тақырыбының мазмұнын оқулықтағы дайын анықтама, ережелер арқылы түсіндіру уақыт үнемдеуге, түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мұғалім сөзі сабақ тақырыбына лайық көрнекі құралдарды орынды пайдалана білгенде әсерлі болады.

Мұғалім жаңа тақырыптарды түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың өткен тақырып бойынша берген сұрақтарына да толық жауап, жан-жақты түсінік беріп отырады.

2) Әңгіме әдісі. Бұл кейде сұрақ-жауап әдісі деп те аталады. Өйткені бұл әдістің басты ерекшелігі – мұғалім жаңа материалды түсіндіргенде оқушыларға бұрыннан таныс білім негіздері мен логикалық байымдауларына сүйенеді. Әңгіме барысында түсіндірілетін тақырып мазмұнын ашу үшін қажет деректерге оқушылардың көздерін жеткізе, сендіре, мақұлдата отырып, мұғалім тұтас сыныпты осы тақырып бойынша жалпы қорытынды жасауға жетелейді. Бұл әдістің негізгі бір тиімділігі сонда – мұндай сабақ сыныптың белсенділігін арттырады. Өйткені әңгімеге сыныптағы барлық оқушы ынта қоя қатысады, нашар оқиды деген балалар да түсіндірудің сұрақ-жауап әдісіне ықыласпен араласып отырады. Дәл осы арада әрбір оқушының білімді қабылдау дәрежесін, демек жалпы қабілетін байқауға мүмкіндік туады. Сабақтың әңгімелесу кезеңінде балалардың ақыл-ой жұмысы жетіле түседі. Әсіресе құбылыс ерекшеліктерін бір-бірімен салыстыру, бірін-біріне қарама-қарсы қойып, олардың арасындағы байланыс пен айырмашылықты оқушылардың өздеріне байқатуға, байқағандарынан тиісті қорытынды жасытуға көбірек көңіл бөледі. Демек, бұл арада талдау-жинақтау әдісі баса жүргізіледі. Әңгіме әдісі өз дәрежесінде пайдалану үшін оқушылардың осы тақырыпқа байланысты белгілі дәрежеде білім қоры болуға тиіс, оқыған грамматикалық тақырыптарда, олардың атауларын түсінуі керек. Мұндай білім негіздері жетіспесе, әңгіме тәсілін пайдалану қиын.

Әңгіме әдісі, оның ішінде сұрақ-жауап тәсілі алғашқы сабақтарда –ақ қолданылады. Мысалы:


  • Мынау не?

  • Бұл ойыншық.

  • Ол кім?

  • Ол бала.

  • Бала не істеп отыр?

  • Бала ойыншықпен ойнап отыр, - сияқты сұрақ-жауап тәсілі қолданылады. Әңгіме мұғалімнің алдын-ала жазбаша дайындап келген нақты сұрақтары бойынша белгілі жоспармен өткізіледі.

Әңгіме әдісінде пайдаланылатын сұрақтар төмендегі талаптарға жауап беруі керек:

  1. Сұрақ мазмұны толық және нақты болуы керек.

  2. Сұрақ тұжырымды, көңілге қонымды, сөйлем құрылысы оқушыға мейлінше түсінікті және жеңіл болуға тиіс.

  3. Берілетін сұрақтар логикалық тұрғыдан түсінікті, байланысты, тақырып мазмұнынан алшақтамауы керек.

Әңгіме әдісінің күрделі бір түрі – эвристикалық әдіс (грекше эврико - “таптым”деген сөзінен алынған). Қазіргі уақытта мұны оқытудың проблемалы әдісі деп те атайды.

Бұл әдіс бойынша сыныпта терең ойлауды талап ететін тапсырмалар беріледі де, олардың жауабын оқушылар өз беттерінше табуға тырысады.

3). Оқшылардың өз беттерімен істейтін жұмыстары.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілі грамматикасы мен емлесін оқытудың басты бір әдісі – оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Өйткені әрбір оқушы өз бетінше сапалы жұмыс істесе ғана, тиянақты білім ала алады. Өздігінен жұмыс істеудің негізгі мақсаты – білім негіздерін сапалы меңгеру, икемділікті жетілдіру, тұрақты машықтарды қалыптастыру.Өздігінен істелетін жұмыс – мұғалімнің тікелей басшылығымен жүргізілетін, белгілі мақсатты көдейтін, жоспарлы, творчестволық әрекет. Мұғалім оқушылардың өз бетімен істейтін жұмысының түрін, мақсатын, тақырыбын, орындау жолдарын көрсетіп, нәтижесін тексеріп, оған баға береді. Сондай-ақ жұмыс жекелеген оқушыеың ерекшеліктерін ескере отырып, жіктеледі. Өздігнен істеуге берілетін оқу материалының мазмұны, негізінен оқушыларға таныс, түсінікті болуы керек. Демек, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары оқу әдісі ретінде аса қажеті диалектикалық принциптерге ( оқу материалының тәрбиелік мәні, ойлау қабілетін дамыту, көрнекілік пен техникалық құралдарды пайдалану, тапсырма мақсатының айқындығы, жеке оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеру, тақырып таңдай білу, жұмыстың орындалу жүйесі, оқу материалдарының ғылыми дәлдігі, білімді іс жүзінде пайдалану) негізделеді.

Оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы, негізінен, мына төмендегілерден құралады:

1. Фонетикалық және грамматикалық анықтамаларды меңгеруге арналған жұмыс.

Бастауыш мектепте қазақ тілі пәні оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытылады. Алайда ондай тәжірибе белгілі дәрежедегі грамматикалық теорияға негізделеді.

Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы мына түрде болады: анықтамалыр мен ережелерді өз бетінше зейін қойып, ойланып оқу, оқығандарын мазмұн жағынан бөлу, мазмұндық бөлшектердің негізгі түйінін есте сақтай отырып, жазбаша жоспар жасау, өздігінен мысалдар келтіріп, дәлелдеу, жоспар бойынша ереже мазмұнын өз сөзімен кеңейтіп, түсіндіріп айтып беруге даярлану.

2. Оқулықтағы жаттығуларды өздігінен орындауға байланысты жүргізілетін жұмыстар. Бұл- қазақ тілі сабақтарында көбірек орындалатын жұмыстың түрі. Түрлі жатығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде оқушылардың қазақ тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің тұрақты машықтары қалыптасады.

Бастауыш сынып оқушыларына жаттығудың төмендегі түрлерін орындатуға болады: фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және сөздік (лексикалық) жаттығулар. Мұндай жаттығулардың басты мақсаты – оқушылардың ой өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге, қатесіз жазуға баулу.

3.Байланыстырып жазуды (сөйлеуді) жетілдіруге байланысты жүргізілетін өзіндік жұмыс. Өз бетімен орындалатын жазу жұмысы ой түйінін жинақтап, тақырыптың негізгі мазмұнын таба білумен тығыз байланысты.

Оқушылар өзіндік жұмыстарын орындаудан бұрын, жазбаша қысқаша жоспар жасауға машықтанады. Жоспар жасау – шығармашылық жұмыстың алғашқы сатысының бірі. Жоспарды екі-үш сөйлемнен бастап, әрі қарай дамытып, күрделендіреді. Жоспардың материал мазмұнына қарай, сөз тіркестері немесе хабарлы, сұраулы сөйлем ретінде жасалуы мүмкін.

Өзіндік жұмыстарын жазбаша орындаудың негізгі мақсаты – оқушыларды тақырып мазмұнын ауызша баяндай білуге машықтандыру. Жазбаша жұмыс оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сөйлеу тілін қалыптастыруға зор мүмкіндік береді.

Өзіндік жұмысының бұл түрі кезінде жазу жылдамдығы мен техникасын жетілдіруге ерекше назар аударылады. Бастауыш сынып оқушыларынан жылдам оқи білу қалай талап етілсе, жылдам жаза білу де солай талап етіледі. Жылдам жазу дегенге талапты қарқынмен таза әрі көркем жазу да енеді. Әрине, тез жаздыруға машықтандырам деп оқушының көркем жазуға деген ынтасын (каллиграфиясын) төмендетіп алмау керек.

Байланыстырып жазуды (сөйлеуді) жетілдіруде оқушылар мынадай шығармашылық жұмыстарды өз бетімен орындайды.:


  • Жеңіл синтаксистік сөйлемдер үлгісі бойынша өзара байланысты шаған сөйлемдер құрастыру. Ондай сөйлемдер біртіндеп күрделене беру керек.

  • Мазмұндама жазу. Мазмұндама қысқа әңгімелерді оқу, сурет бойынша жазылады.

  • Шығарма жазу. Шығарма оқушының көріп-білгені, байқағаны, оқығаны, жасаған саяхаты, адамдар еңбегі жөнінде тағы басқа таныс тақырыптарға жазылады.

  • Мұның бәріне де қатесіз әрі көркем жазу, сөз таңдай білу, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, логикалық жүйелікті сақтау, ойды дәл беру сияқты талаптар қойылады.

  1. Көрнекі және техникалық құралдармен жұмыс істеу арқылы орындалатын өзіндік жұмыстыры.

Мұндай жұмыстар жекелеген көрнекі құралдар мазмұны мен техникалық құралдар ерекшелігіне қарай, сабақ мақсатына лайықты жүргізіледі.

Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарына тікелей мұғалімнің өзі басшылық жасайды. Мұғалім жұмыстың мақсатын, орындау әдіс-тәсілдерін көрсетіп, нақты тапсырмалар береді.

Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары кезінде берілетін тапсырмаларға мынадай талаптар қойылады:


  1. Тапсырма мақсатының анық болуы;

  2. Орындалу реті мен әдіс-тәсілдерінің көрсетілуі;

  3. Орындау реті мен жүйесін сақтау;

  4. Тапсырма көлемін, ауыр-жеңілдігін айқындау;

  5. Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескеру, тапсырмаларды жіктеп-саралау;

  6. Қажетті оқу және көрнекі құралдармен, басқа да дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету;

  7. Орындалу нәтижесін тексеріп, бағалау;

Бастауыш мектепте бала сурет салдырудан да, есеп үйретуден де, табиғатты танытудан да өзі сөйлеп жүрген ана тілін оқыту қиын. Тілден алатын білім көбінесе абстракциялы ережелер мен тілдік заңдарға негізделген метериалдарға сүйенеді. Материалдардың көлемі, балаларға берілетін білім мөлшері олардың жас ерекшеліктерімен, материалдарды қабылдай біліу қабілетімен тығыз байланысты болады. Осы тұрғыдан, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық және тіл дамыту материалдарын меңгертудің дұрыс тәсілін табуда көп мән бар. Қазақ тілін оқытудың мақсаты тек баланың сауатын ашу, ана тілі пәнінің ғылыми негізін білдіру ғана емес, сондай-ақ оларды еңбек сүйгіштікке, мәдениеттілікке, достыққа, басқа да өнегелі игі қасиеттерін бойына сіңіруге тиіспіз.

Қазақ тілін сабақта оқытқанда, оқушы тек тыңдаушы, айтқанды, оқулықтағыны жаттаушы болмауы керек, баянды білімнің белсенді “ойшылы” болу керек. Баланы әрдайым соған жетектей отырып, керекті қағидаларды түсіндіргенде ғана, ондай білім баланың бойына дариды.

Тіл сабақтарын оқытудың дидактикалық материалдары ана тілінің әдеби үлгілерінен алынуы тиіс. Сондықтан қазақ тілінен мектепте сабақ оқытудың аса жауапты кезеңі оқушыға жаттығу, талдау материалдарын талғап таңдаудан басталады деуге болады. Жаттығу материалдарын таңдауға үш түрлі талап қойылады:

Біріншіден жаттығу материалдары мазмұнды болуға тиіс. Материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сөз ішінде, сөздер, сөз тіркесі сөйлем ішінде алып талданады. Осы мақсатпен алынған мысалдар мен текстер ойдан шығарылған сөйлемдерден құралмай, мүмкін болғанынша, көркем әдебиеттен алынған сөз, сөз тіркестері, сөйлем, үзінділер болуға тиіс.

Екіншіден, әрбір мысал, үзінді, әңгіме, өлең, сөз, сөйдем тіл жағынан мүлтіксіз, әдеби норманы ұстануы тиіс. Сонда олар баланы әдеби тілдің жүйесін меңгеруге, өз тілін дамытуға көмекші бола алады. Сол үшін оқушылар дұрыс құралмаған жасанды мысалдардан аулақ болып, әдеби тілдің жақсы үлгілері бойынша әдеби тілге тән басқа да мысалдар бойынша тәрбиеленеді. Үшіншіден, алынған жаттығу, тағы басқа материалдар құрамынан керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар, сөйлемдер жиі кездесетін болсын.

Жаттығу, талдау, тіл дамыту материалдарының сапасы жақсы болса, қазақ тілін оқытудағы мақсаттың да дұрыс орындалуына қолайлы жағдай жасалады.

Қазақ тілін бастауыш мектепте оқытуда жаттығу материалдарының сапалы болуына ерекше көңіл аударатын себебіміз екі түрлі: біріншіден, онда қазақ тілі теориялық курс ретінде емес, негізінде практикалық сабақ ретінде оқытылады. Екіншіден , бағдарлама бойынша бастауыш мектепте қазақ тілі: 1.”Сауат ашу мен тіл дамыту”, 2. “Оқу мен тіл дамыту”, 3.”Грамматика, емле және тіл дамыту” деген тарауларға бөлінеді.

Оқу, жазу, тіл дамыту, айналамен таныстыруға үйрету жұмыстарымен ұштастырлып, бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.

1-сыныпта жаңа материалды оқып үйрену ісіне оқушылардың өздерін жан-жақты қатыстыра отырып, оларды белгілі бір қорытынды жасай білуге баулу керек. Оқушылар сыныпта сабаққа белсене қатысып отырса, өз ойын, пікірін еркін айтып беруге үйренеді, үй тапсырмаларын, сондай-ақ өздігінен орындайтын жұмыстарды қиналмай орындайтын болады.

“Әліппе” кезеңінің өзінде-ақ балалар дыбыс, әріп, сөз, сөйлем деген ұғымдармен танысады да, ол білімдерін “Қазақ тілі” оқулығынан “Дыбыс пен әріп” тақырыбын оқу кезінде толықтырып, дамыта тұседі.

Мысалы, “Сөз дыбыстан құралады” деген ұғымның мәнін бұрынғыдан да терең түсінетін болады.

“Сөз” деген грамматикалық ұғымды оқушыларға таныту кезінде мұғалім алдымен оқушыларға таныс, олардың күнделікті сөйлеу тілінде қолданып, пайдаланып жүрген сөздерінен алып, соны жан-жақты талдатып, оның тұлғалық және мағыналық ерекшеліктерін сұрақтар арқылы түсіндіреді. Осыған байланысты оқушылар сөздардің бірнеше топқа бөлінетінін байқайды.



  1. Сөдердің бір тобы кім? Не? Сұрақтарына жауап береді. Асан кім?) мектепке келді. Оқушы(кім?) отыр. Кітап (не?) парта үстінде жатыр. Құс (не?) ұшты.

  2. Сөздердің бір тобы қандай? қай? Сұрақтарына жауап береді. Үлкен ( қандай?) үй жарық (қандай?) бөлме.

  3. Қанша? Неше? Сұрақтарына жауап болатын сөздер тобы. Бес (қанша?) адам. Он екі (неше?) қарындаш.

  4. Не істеді? Қайтті? Не істеп тұр? Т.б. сұрақтарына жауап болатын сөздер тобы. Бала кітап оқыды (не істеді?).

Оқушылар сөздердің осындай топтарымен іс жүзінде танысқан соң “сөз” деген ұғымның “зат” деген ұғыммен байланысын анықтайды.

Сөйтіп, “зат” деген ұғымды біліп, түсінумен бірге, сол заттардың, нәрселердің өзіндік қасиеті, түр-түсі болатынын сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу кезінде оқушылардың өздеріне байқатуға болады.

Мысалы, адам жүреді, құс ұшады, қызыл қарындаш, көк көйлек, 1-ші сынып, екінші парта, бес саусақ.

Дауыссыз к мен г әріптерін оқытуда да осы айтқандарды ескерту керек. Бұлардың үндесу принципі жоғарғылармен бірдей болғанмен айырмашылығы бар: қ, ғ жуан буындарда жазылса, к, г жіңішке буындарда жазылады. Балаларға соны байқату керек. Оған дейін сол дыбыстардың айтылуын, қ, ғ -лардан әріптік, дыбыстық айырмашылықтарын білуге тиіс. К мен г-нің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы үнемі мұғалімнің назарында болуға тиіс.

Үнді (санор) дыбыстарды екінші сыныпта тәппіштеп, жікке бөліп оқыту міндет емес. Мұнада практикалық түрде үнді р, л, н, ң дыбыстарын сөз ішінде дұрыс айттырып, бір-бірінен дұрыс айыртып машықтандыру және л, р әріптерінен бұрын ы, і әріптерінің жазылмайтынына мысалдар келтіріп түсіндіру керек. Мұғалім сабақтың мақсатын анықтап алуы тиіс. Әдетте, н, р, ң, л дыбыстарын дұрыстап айтуға балалардың тілі келе бермейді. Оларды бірінің орнына бірін айтатын да, жазатын да балалар болады. Сондықтан,

Тыру, тыру тырналар,

Жас тырнадай мырзалар

Көк майсадай көгала

Қатар түзеп ойнаңдар,- сияқты балаға қызықты өлеңдерді дұрыстап оқытудың оқығанын жаттатудың мәні зор.

И әрпі сияқты, я, ю әріптерін оқытуда ерекше назар аударуды қажет етеді. Мұғалім бұларға арналған екі тақырыпты өтуден бұрын, я мен ю-дың сөз басында, дауысты дыбыстардан кейін жеке дауысты дыбыстардың (я-ә, ю-у) таңбалары екенін, олар орыс тілінен енген сөздерден басқа қандай байырғы сөзде, қандай құрамда жазылатынын, қалай оқылатынын өзі жақсылап біліп алып, оңайдан қиынға, бүтіннен бөлшекке жол ашқандай балаға ой салатындай етіп оқытуға тиіс.

Октябрь, аяулы сияқты сөздерді буынға бөлдіріп (ок-тябрь, а-яу-лы), буын құрамын, екі сөзде ол екі түрлі айтылатынын балаға аңғарту керек.

Ю әрпінің емлесі, я әрпіндегідей, и, ы, і дыбыстарының жұмсалуымен де тығыз байланысты. Біріншіден, ю әріпінен бұрын ы, і естілгенімен, олардың орнына и жазылады, ы, і жазылмайды.

Тіл дамыту жұмысы – күрделі шығармашылық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатын – олардың орындаған жаттығуларының мазмұндылығы, жүйелілігі, анықтығы, мәнерлілігі, тазалығы, өрнектеу түрлендіре алушылығы және грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, орфоэпиялық қатесіздігі. Бұл күшті эмоцияны, сезімталдықты талап етеді. Көптеген зерттеулерге қарағанда, нашар оқитын балалардың көпшілігінің тілдері нашар дамыған, ойларын дұрыс жеткізе алмайды. Керісінше, тілі жақсы дамыған бала ойын да дәл, шебер жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді, олардың табиғат пен қоғамдағы күрделі байланыстарды дұрыс тану мүмкіндігі де соғұрлым мол болады. Балалар тілді үлкендермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасау барысында, сөйлеу әрекеті арқылы меңгереді. Ендеше баламен сөйлесуде мұғалімдердің, ата-аналардың тіл шеберлігі, бала тіліне үлкен ілтипатпен қараушылығы орасан зор рөл атқарады.

Сөйтіп, тілді меңгеру сөз байлығын арттыру және грамматикалық формалар игеру ойдың дамуына алғы шарт жасайды. Психолог Н.И. Жинкин: “Сөйлеу - интеллекттінің даму каналы… тіл неғұрлым ерте меңгерілсе, білім де соғұрлым оңай және толық меңгеріледі” – десе, ұлы педагог К.Д. Ушинский: “Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыс ғылымдарын және математиканы үйренген кезде, теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды”.

К. Д. Ушинский қандай дегенмен тілді меңгерсе, бала ерте ме кеш пе ұғымды меңгеруге мәжбүр болатынын айтады. Шындығында да дәл осылай. Ал ұлы физиолог И.П. Павлов: “Сансыз көп сөзбен тітіркендіру, бір жағынан, бізді шындықтан алыстатты, сондықтанда біз өзіміздің шындыққа көз қарасымызды бұрмаламас үшін мұны үнемі есте сақтауға тиіспіз. Екінші жағынан тап сөз бізді адам етті”, - деп көрсетеді. Егер сөз бала санасында мазмұнмен толтырылмаса, біз нағыз көк мылжыңдарды, бос сылдыр сөзшеңдерді тәрбиелейміз.

Сөйлеу арқылы бала тек басқа адамдармен қарым-қатынас жасап қана қоймайды, сонымен бірге айналасында таниды.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың жазбаша тілін дамыту үшін жүргізілетін жұмыстардың түрлері көп. Атап айтқанда: көшіріп жазу, есте ұстау, еркін көшіру, терме диктант, сөздік диктант, ескерту диктанты, түсіндіру диктанты, бақылау немесе тексеру диктанты, мазмұндама, естіген, көрген оқиғалары, оқыған кітаптары бойынша шығарма жазу, өз өлкесі, қаласы, туған жері туралы суреттеу мағынасындағы шығарма жұмыстары.

Қазіргі заман талабына сай оқушыларды дамыта оқыту идеясы негізінде: оқушылардың теориялық деңгейін көтеру, қосарлана ену, білімді ізгілендіру принциптері білім мазмұнының негізгі ұстанымдары болып табылады.

Тілді меңгеруге байланысты мына төмендегілерге айрықша көңіл бөлінуі қажет:


  • біріншіден, қазақ халқының әдет-дәстүрі мен тұрмысын, мәдениетін, тарихын білу;

  • екіншіден, көп ұлтты халықтың қарым-қатынасындағы өндірістік, тұрмыстық қажеттілікті іске асыру;

  • үшіншіден, халықтардың достық қарым-қатынасын күшейту.

Орыс тілді мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсаты – оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген.

“Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды” дамыту технологиясы бойынша бұл міндеттер былай тұжырымдалады;



  • шыңдалған ой айту, кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

  • бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету;

  • шығармашылыққа, бір-бірін тыңдауға үйрету.

Қазақ тілі сабақтарында осы технологияның әдіс-тәсілдері “Топтастыру”, “Кубизм”, “Эссе”, “Түртіп алу” оқушылардың мәтіндермен жұмыс жасауына, әңгімелесуге сөздік қорларын молайтуына жол ашады.

Ұтымды әдістерді пайдалану оқушының білімге деген ынтасын ұштайды.

Шығармашылық қабіліеттің іс-әрекеті шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетін жетілдіру жолдары проблемасына педагогтардың, психологтардың еңбектері де арналған.

Бұл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге байлайтын көне замандардың бастау алады. Алтынсариннің айтқан пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсысы оқыту әдістерін таба білуінде. “Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті кіші мектеп оқушыларын қызықтырып, оларды мәдениетіне, жұмысқа және айналасын өз ортасын тануға, ой-еңбегін үйретуге өмірге деген қызығушылығын арттыру тиіс”, - деп атап көрсетті. Албырт белсенділік балының ойын оятып, тілі әсерлене түседі.

Ш.Құдайбердиев білім беруге шәкірттің шығармашылық - қабілетін, ойлау белсенділігін, ақыл парасатын дамытуды бастап, бағдар таныды.

Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыруы танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлап ізденімпаздығын арттыру қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Оқытушы қызметінің мәні жас буынның санаткерлік, адамгершілік және дене күштері мен қабілеттерінің үйлесімді дамуының талаптарымен анықталатын білім мазмұны шеңберіндегі шәкірттің оқу тангымдық іс-әрекетін басқару болып табылады.

Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуінің, әрбір мұғаліммен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармышылық ізденісін, оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етемін.

Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық балалардың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, танымдық қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушыының оқуға деген қызығушылығы артады. Біз елімізге Д.Соростың ашық қоғам институты “Сорос - Қазақстан” қоры арқылы келген сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушыларды оқуға деген қызығушылығын арттыруда алытын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушыының бұл жұмысын дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетуі сөзсіз. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс т.б. кезеңдерінен түзіледі. Бағдарламаны “бес жолды өлең”, “венн көрсетуі”, “еркін жазу”, “жұпта талқылау” т.б. әдістері бар. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдық белсенділігін, сабаққа қызығушылығын арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылық қабілетін қалыптастыруға ықпал етіп, сабақтардың қызықты, жеңіл өтітіндігін оқушыларды ұжыммен бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін білімнің тереңдігі әрі тіл үйрететінідігін, білімнің нақтылығы арттатындығын байқауға болады.

Психологтардың зерттеулеріне қарағанда шығармашылық қабілеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген анатомиялық процесс емес. Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік сипатымен ғана емес жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс-әрекет ролімен және оның ұстаған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс. Бұл мәселе белгілі бір танымдық іс-әрекетте оларды бағыттайтын, тәрбиелейтін, жұмылдыратын, ынталандыратын адамдардың әсеріне де тікелей байланысты.

Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынанны тану, ой-толғаныс кезеңдерден түзіледі. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білітін жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.

Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін, қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білім мен дәрежесі ғана емес сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін қою керектігі айтылады.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыруда ойын, жарыс сабақтары арқылы өтуге болады. Қазақ тілін оқытуда балалардың шығармашылық қабілетін арттыруда көбіне ана тілімен қатар қазақ тілі пәнімен байланыстырамын.

Мен ең алдымен оқушыларды ойлау қабілетін арттыруға үйретемін. Ойлай білген адам кешегі мен бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады. Қазақ тілі сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ең басты назарға алатын нәрсе:


  1. Өлең шығаруға үйрету, яғни сауат ашу;

  2. Ұйқасын тапқызу, сөзбен-сөзді байланыстыру;

  3. Ой тастау.

Яғни, қаланың, жер, су аттарын, болмаса бір оқиғаны суреттеу арқылы өлең жолдарын құрастыру.

Олар мынадай тапсырмалар: оқиға болған уақытты көз алдыңа елестет, қиялдай отырып, суретте немесе өлең жолын құрастыр. Өлең жолын құрастыру бірінші сыныптан жүргізіле бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет