Мазмұны нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе І мәтіннің композициялық СӨйлеу түрлері


Қорытынды Жазушының ең соңғы романы — «Шырағың сөнбесін»



бет20/22
Дата28.01.2023
өлшемі144,71 Kb.
#166652
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
дөненбай ағжан

Қорытынды

Жазушының ең соңғы романы — «Шырағың сөнбесін». Бұл романның негізгі кейіпкері Нәзира — кеңес армиясының офицері Қасымбектің жары. Жан-жақтан анталаған жау тылында қалған аяғы ауыр әйелдің өмір жолы, бастан кешкендері, өзін қоршаған ортаға, өткен күндерге көзқарасы арқылы кейіпкердің жан дүниесіне әрі барлау, әрі талдау жасалады.


Порым-пошымы, парасат-пайымы, табиғаты түрліше әр алуан характерлер, майдандағы тыл мен ауыл өмірі Нәзираның еске алуы — шегіністер арқылы бейнеленіп, шығарманың әлеуметтік-көркемдік мазмұны мен идеялық нысанасын айқындай түседі. Нәзираның өзі құралпы әйелдерді, ауылдағы аң жаулықты әжелерін салыстыра, іштей мінездеуінен, соғыс сойқанын өз көзімен көріп, тікелей сезінуінен танымы мен табиғатын танып отырамыз. Психологиялық талдау тәсілін жазушы үнемді, ұқыпты да шебер пайдаланады.
Өзі соғысқа тікелей қатысқан майдангер жазушының осы романында да, «Қаһарлы күндерде» де соғыстың саяси-әлеуметтік мазмұнына өзіндік шуақ, ұлттық рух-бояу дарытатын — кейіпкерлердің туу қиырда қалған ауыл адамдарын еске алуы. Мәселен, Нәзира ішінде бір үзілмес, таусылмас жылуы бар әжесін еске алса, Мұрат қайратты да айбатты ауылдасы Қартбайды еске алады. Бұлардың соғыс даласында жаны тозып, жадағайланбай, адамшылық қалпынан айнымай, жауыздық пен жақсылықты іштей салыстыра салмақтауына себепкер — қимас ауыл адамдары, туыстары.
Нәзираның әжесінің де, Қартбайдың да бойында анау-мынауға бас имейтін таза тәкаппарлық, текті өрлік бар. Ол өрлік көрінгенге өзін аяқасты қылуға жібермейтін, қор болуына жол бермейтін, оның есесіне, кісілік пен кішілікті, адалдықты айнымас асыл мұратқа айналдырған ұлттық қасиеттің бір көрінісі секілді.
Кейіпкердің жан дүниесіне үңілу, психологиялық тұрғыдан іс-әрекеттерін дәйектеу үш романнан да байқалады.
Шын мәнінде, Тахауи Ахтановтың бұл романы жаңа дәуірдегі жаңашыл сипатты, бітім-болмысы бұған дейінгілерден өзгеше шығарма еді. Қазақ әдебиетіндегі нағыз психологиялық талдау М.Әуезовтің «Абай жолы» атты роман-эпопеясында кемел шеберлікпен қолданылған. Бірақ бертінгі дәуірге арналған көптеген туындыларда кейіпкердің жан дүниесіндегі құбылысын өмірдің нақты шындығымен сабақтастыра бейнелеу жетпей жататын. Бұл кезде Ш.Айтматовтың да атақты «Қош, Гүлсарысы» дүниеге келе қоймаған. Міне, осы тұста қазақ жазушысы Тахауи Ахтанов бұған дейін үйреніп қалған кілең сәулелі өмірді ғана көрсететін талаптан бойын аулақ салып, өз кезінің жанға бататын, жүрек ауыртатын шындығын, қарапайым адам тағдырын, сол арқылы халықтың тағдырын шынайы махаббатпен, терең тебіреніспен толғады.
Мәселен, негізгі кейіпкер Қоспанның табиғаты, тірлігі, тағдыры сол кездегі сан мың адамның өмір жолы мен тіршілігіне ұқсас. Оның қойшылық өміріндегі қыруар қиындықтар, басшылардың шаруаға қырсыздығы мен менмендігі, жалпы мемлекет ішіндегі сан алуан күрделі әлеуметтік-тарихи, моральдық мәселелер шешімін таппай, сол мәселелердің ортасында жүрген қарапайым адамдарды ең алдымен азапқа салатын.
Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін сол мәселелердің көпшілігі ашық айтылмайтын, көркем әдебиетте образдар арқылы жеткізуге жол берілмейтін. Тахауи Ахтанов болса, күні кеше ғана халқымыздың тең жартысына жуығын жоқ еткен ашаршылықты да осы шығармада бейнелеп өткен. Қасболаттың ауыл-ауылды аралап, жетім-жесірлердің балаларын, тұрмысы ауыр үйлердегі балғын ұл-қыздарды жинап, оқуға әкеле жатқан сәті тарихтың, өмірдің драмасына толы. Асыра сілтеудің салдарынан малынан айырылған, отырықшы өмірге әлі көніп, көшіп үлгермеген қазақ елі аштан қырылып жатты. Өліктер көмілмеді. Ит-құсқа жем болды. Адамзат тарихында ешбір халық қараптанқарап тұрып еш соғыссыз бейбіт өмірде мұндай қырылған емес. Сталиннен бастап, күллі кеңестік идеология осынау сұмдық трагедияны айтқызбайтын. Айтқандарды не соттап абақтыға тығатын немесе жоятын. Міне, осындай аса қиын-қыстау жағдайда кешегі оқ пен оттың өтінен келген майдангер, сол тұста жігіт ағасы болып қалған Тахауи Ахтановтың тәуекелге бел буып, ақиқатты айтып салуы — ол кезде әрі азаматтық, әрі шығармашылық ерлік болатын.
Қасболат алып келе жатқан балалардың бірінің аты -Торғай. «Жасы биыл онда», «Барар жері белгісіз, әйтеуір, алда теміржол бар» дегенге солай қарай босып бара жатқан аштар әкеп тастапты оны. Сол аштардың өзі жолшыбай бір үзім нан іздеп келе жатқанда, аштан өлгелі жатқан әйелді көріп, бұрылған. Әйел бүларға баласын аманаттап, жан тәсілім етеді. Өліп жатқан ананың қасында жатқан кішкене түйіншектен қатып қалған кішкентай нан табылады. Өзі аштан өлсе де, балам өлмесін деп күлшені сақтаған ананың ажалы да, сайып келгенде, ерлікке барабар. Байтақ қазақ даласында баласы үшін басын ажалға байлаған, аштан өлген аналар қаншама?! Кейбірі өз етінен ет кесіп пісіріп, баласын аман сақтап қалған. Ал ақылынан алжасып, өзге адамды жеуге шабуыл жасағандар да ұшырасқан. Міне, осы сұмдық шындықтың бір пұшпағы Ахтанов романында айқын көрінген.
Сол секілді азамат, жасы үлкен аға, абзал басшы Әлиасқаровтың Қасболатқа айтқан сөзі де зерек оқырманға ой салатындай: «Менің алдымда екі жол тұрды… Бірі — ұлт азаттығы, ұлт бостандығы. Отар елдің ұлы болсаң, одан аттап кету қиын. Ол ұран мені де қызықтырды», — дейді ол. Рас, осы Әлиасқаровтың: «Ұлтшылдардың» «ұлт азаттығы» деген қызыл сөзінің ар жағында ауыз тұшытар үлкен бағдарламасы жоқ болатын» деген сөзі ойлантарлық.
Бүгінгі күн тұрғысынан бұл сөздерді түрліше түсінуге болады. Бірі — кеңестік идеологияны жүрек қалауымен құптап, соның жолына түскендердің көзқарасы, екіншісі — сол идеологияның қысымы дәуірлеп тұрған кезде, ашық айтпаса да, осындай тәсіл арңылы көңілі ояу оқырманға ой салу.
Тахауи Ахтановтың ашық, тайынбай айтқан, аңғартқан ақиқаттарының бірі — өмірдің соншалықты күрделілігі, «миллиондаған адам бақытқа бастайды» деген қоғамның іштей іріп-шіруі, қарапайым адамға деген қатыгездіктің, қаталдықтың, мемлекеттің түбіне жететін көзбояушылықтың, шаруашылыңтың дұрыс жолға қойылмауының, асқынған экономикалық-әлеуметтік қайшылықтардың жан шыдатпайтындай деңгейге жетуі. Соның бір көрінісі — Қоспанның отарындағы қойдың боранда қырылуы. Үй айналасындағы шөп таусылып, отарын тойындыру үшін өріс іздеп шыққан Қоспан осылайша боранға ұрынды. Ол кездің заңы бойынша — қой өлсе, шопан жауап береді. Кеше қырғын соғыста басын өлімге байлап, кейін шегінген әскерге қалқан болған, күші сан есе басым жаумен әділетсіз шайқаста қолға түсіп, тұтқын болған, концлагерь азабын бастан кешкен, кейін елге келгенде, «тұтқын болыпты» деген айдардан өмір бойы құтыла алмай, қарғыс таңбасы басылғандай өкіметтен қағажу көрген Қоспан өзімен-өзі, екі қолға бір күрек табылар деп, қойлы ауылдағы оңаша тірлікке көшкен еді. Ақыры мынадай болды. Оны осындай халге душар еткен кім?
Роман, міне, осы сұраққа жауап іздейді. Айыпты -басқа ешкім де емес, сол тұстағы қоғамның өзі. Қасболат та, Әлиасқаров та, Иван Митрофанович те, түптеп келгенде, сол алып қоғамның күндердің күнінде қажалып, не жаншылып қалатын титімдей тетік-бөлшектері ғана. Мемлекет, қоғам деп аталатын алып, дүлей де мейірімсіз мәшине бұлар сияқты миллиондаған тетік-адамдарды, бөлшек-адамдарды шімірікпей шетінен тапап жаншып, жермен-жексен етіп келе жатыр. Кешегі азамат соғысында да, ашаршылық жылдарында да, Екінші дүниежүзілік соғыста да, одан кейінгі бейбіт тірлікте де сол дағдысынан, сол ұмтылысынан бір тайқыған емес. Өңмеңдеп келе жатып өз түбіне жететінін бертінге дейін білген жоқ.
Жазушының сюжет құрудағы, өрбітудегі шеберлігі, өмірлік шындықты қамту ауқымы, образ-характерлер арқылы айтайын деген ой-толғаныстарын жүйелеп, концепциялар деңгейіне көтеруі, алуан көркемдік тәсілдерді табиғи еркін, орнымен пайдалануы автордың ізденгіштігін ғана емес, шын мәніндегі аса қайратты дарын екенін дәлелдеді. Кейіпкердің өмір жолымен таныстыру үшін аталған екі кейіпкерден басқа — Жаңыл, Сәбира, Шәрипа, Мінайдар, Жаппасбай, Қаламұш т.б. образдарды таныту барысында шегіністерді, портреттерді, портреттік мінездемелерді, табиғаттың алуан көріністерін зергерлікпен суреттеуі Тахауи Ахтановтың жазушылық шеберлігін көрсетті.
Әсіресе Қоспан мен Қасболаттың ішкі әлемін — жан дүниесін суреттегенде, олардың адамшылық құлқы мен табиғатын, жалпы болмысын бұлжытпай танытатын психологиялық талдаулар молынан үшырасады. Шегіністер арқылы көбіне кейіпкерлердің ой, сезім әлемін еркін шарлап, табиғи да терең талдаулар жасайды.
Сондықтан да дәуір шындығын, оған қатысты басқа да әрқилы тарихи кезеңдер ақиқатын сабақтастыра қараған роман қазақ әдебиетінің биік белесі болды. Сондықтан да Тахауи Ахтанов шығармалары қазақ әдебиетінің жарқын, қуанышты биіктеріне айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет