Мазмұны нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе І мәтіннің композициялық СӨйлеу түрлері



бет17/22
Дата28.01.2023
өлшемі144,71 Kb.
#166652
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
дөненбай ағжан

Автор шығармасында иронияға астарлы сықақ, ащы мысқыл бере отырып, адамның табиғи суретін ашу мақсатында шебер пайдаланады.
Көркем шығармада автор түрлі мақсатта синонимдерді шебер қолданады.

    1. Суреттеліп отырған оқиғаны жан-жақты баяндау үшін: Менің кішкентай кезімде ауыл беті ашылмаған, қаймағы бұзылмаған нағыз қазақы ауыл еді.

    2. Бір сөзді қайталамау үшін: Қура,ан ағаштай кеуіп қалған, бір шөкім Муся шабалаңдап шыға келді. Бүрісіп қалған көн тулақ.

3.Жасалу жолдары әр түрлі синонимдерді араластырып қолданады: Асып-сасып, есінен танып жүрген әйелдер Боряның жоқ екенін осы арада ғана аңғарып, Света екеуімізгекезек-кезек қарай береді.
4.Синонимдерді юмор тудыру мақсатында қолданады: Мен жоғары жаққа, әсіресе данышпан көсемге сенем, оған шек келтіру мен үшін, Қамқа әжемнің құдайға күпірлік жасағанынан да жаман.

  1. Эмоционалды-экспрессивтік мән тудыру мақсатында фразеологизмдерді молынан қолданады. …[ ].

1.Жағымды бағалау мақсатында: Үмітіме талшық ететінім, «жүзі игіден түңілме» деп атам қазақ атпақшы, Светаның жүзінде иманы бар, сырына қанбай жатып бір көргеннен-ақ іш тартып кеткенім содан шығар.
2. Жағымсыз бағалау мақсатында: Бұл кісіні алғаш көргенде «әй сірә, тұзымыз жарасып кете қоймас» деген ойға келіп едім. Алдым қараңғы.
3. Юмор тудыру мақсатында: Елизавета Сергеевна бір кезде өзі ат тонын ала қашатын ұрысқақ Мусядан енді айрылғысы келмейді.
Көркем шығарма тіліне ерекше өң беретін фигуралар да молынан қолданылады. Шығармада ерекше назар аударатын фигугуралардың бірі-теңеу. Теңеу - затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Халық тілінде тұрақты теңеу (алтын көпір, бұйра толқын, сын сағат, берік байлам, ыстықықыласт. б.) мол ұшырасады[38, 143]. 
Теңеу қазақ тілінде синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы жасалады.
Теңеулер құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Шығармада күрделі теңеулер молынан кездеседі. Мысалы, Сол күннің өзі де толысып піскен жемістей толықсып тұрған еді. Жел айдаған қаңбақтай, қос чемоданыңды қолыңа алып...

  1. Шығармадағы теңеулердің көбі қазақ халқының ұлттық ерекшелігін танытатын этномәдени сипаттағы теңеулер болып табылады. Мысалы, Ирина Ивановнаның балалары алтын асықтай.Мен өзі, сірә, зерек емеспін-ау деймін, соны бірден түбіне жетіп түсіне қоймай, ойыммен оқтын-оқтын өайтып оралып, күйіс қайырған түйедей талмап барып жұтатын әдетім бар. Кәрі қойдың жасындай жасым қалды. Бұлардың бәрі мен үшін сырты таныс болғанмен, іштері бітеу жандар, мен де оларға орамалдың шетіне бөлек түйген түйіншек сияқтымын. Сабаудай жігіт қолынан келер қайраны болмағанға қатты қиналған түрі бар. …[ ].

Автор теңеулерді сөздің мағынасын жұмсарту үшін эвфемизмдер ретінде қолданады:
Надя! Надя! Не ғып жатырсың? Түр тезірек! Светаның даусы. Бір жаманат болып қалған сияқты...даусы ышқынып шығады.
Көркем шығарманы көркемдеудің тілдік амалдарының бірі─ эпитет. Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз.
Т.Ахтанов Шығармасындағы эпитеттер де ерекше қолданылады.
1. Кейіпкерлердің портретін жасау үшін қолданады: Мысалы, Света аппақ, ақсары келіншек. Алевтина Павловна ақсары, сұлу келіншек. Шешесі Надя сидиған бойы болмаса, бір шайнам еті жоқ, адырақ көз арық келіншек.
2.Дерексіз ұғымдардың түрлі сапасын жеткізу үшін:Мысалы, Жас адамның алғашқы махаббаты қатты болады ғой...ұстаған мүлкіне дейін ыстық болады екен.

  1. 3.Деректі ұғымдардың түрлі сапасын жеткізу үшін: Мысалы, Қап, қайтейін, керемет әшекейлі фарфор табағым бар еді, қалып қойды. Менің үш жүз елу сомға алған радиопремнигім қалып қойды.Мен сасқалақтап жүріп сандықтың түбінде жатқан ішігімді ұмытып кетіппін. …[ ].



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет