47
адамның зияткерлік дамуы, оның жалпы дамуы сияқты оқумен байланысты
болды. Бұл идея Л.С.Выготскийдің көзқарастары мен оның оқушыларының
еңбектерінде ашық көрсетілген. Л.С.Выготский дұрыс ұйымдастырылған оқыту
ақыл-ойдың дамуына алып келеді, оқуға мүлдем мүмкін емес болатын бірнеше
процестерді жанданырады деп сендірді [90]. Сонымен қатар, ол оқыту адамның
табиғи емес, тарихи ерекшеліктерін дамыту процесіндегі ішкі қажеттілік және
жалпы сәт екенін атап өтті.
Егер тұжырымдаманың негізгі идеяларын жинақтаса, онда олар келесі
ережелерге негізделеді:
1) оқыту шығармашылық ойлауды дамытады;
2) оқыту интеллектуалдық дамудың психофизиологиялық мүмкіндіктерін
ескереді және оны «жақын даму аймағы» шегінде басып озады;
3) шығармашылық ойлауда оқыту және дамыту үдерістері тығыз
диалектикалық бірлікте өтеді: оқыту оған беймәлім емес зияткерлік даму
процесін қамтиды;
4) шығармашылық ойлауды дамыту тұлғаның жан-жақты дамуымен тығыз
байланысты және тарихи қалыптасқан «ойлау стилін» берудің нысаны ретінде
көрінеді.
Педагогикада осы идеялардың негізінде көптеген реңктері, тәсілдері бар
Достарыңызбен бөлісу: