Тәрбие процесінің заңдылығы деп педагогикалық құбылыстар мен процестердің бір-бірімен объективті түрде байланысып жатуымен сипатталынады. Тәрбие процесінің заңдылығы қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие заңдылығы мен жеке тұлғаның даму заңдылығына тән. Әрбір жеке адамның іс-әрекеті мен қызметі және басқа адамдармен қарым-қатынасы, оның әлеуметтік өмірін құрайды. Сол себептен іс-әрекет пен қарым-қатынас- тәрбие процесінің негізі, қоғамдық мәні зор адамгершілік сапаларын қалыптастыратын өзекті тірек.
- Тәрбие процесінің қорытынды нәтижесі бүгінгі өмір талабына сай болуы-тәрбие жұмысының төртінші заңдылығы.
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігін-тәрбие процесінің бесінші заңдылығы.
-Тәрбие процесінің мазмұндамасы қоғамдық ортаның объективтік және субъективтік факторларымен тығыз байланыста болатындығы – тәрбие процесі заңдылықтарының бірі болмақ.
Тұтас педагогикалық процестің субъектісі мен объектісі педагог және оқушы. Педагогтың басшылығымен «педагог-оқушы» деген динамикалық жүйені құрайды.
Педагог педагогикалық процестің субъектісі ретінде арнайы педагогикалық дайындықтан өтіп, жаңа ұрпақты дайындау міндетін алады.
Педагог тұтас педагогикалық процестің «субъектісі» ретінде үздіксіз білім беру, өзін-өзі тәрбиелеу, балалармен қарым-қатынас жасау барысында білім мен тәрбиесін жетілдіреді.
Оқушы педагогикалық процестің «объектісі» ретінде педагогикалық мақсатқа орай дамып, өзгеріп отыратын жеке тұлға.
Оқушы педагогикалық процестің «субъектісі» ретінде өзіндік табиғи қажеттіліктері, нышандары бар, шығармашылық ынтасымен өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын өтеуге бағытталған, педагогикалық ықпалды қабюылдайтын немесе оған қарсы тұратын жеке адам.
Педагогикалық процестің субъективтік-объективтік қатынас, оның екі жақтылық мәнін сипаттайды.
Педагогикалық процестің компоненті – ұйымдастыру және басқару кешенінің тетігі – оқыту мен тәрбиенің формалары мен әдістері. Педагогикалық процесті жүзеге асыру барысында педагог әртүрлі формаларды, әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ғана жан-жақты үйлесімді жеке адам тәрбиелей алуы мүмкін.
Педагогикалық процестің заңдылықтары дегеніміз «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің арасындағы заңдылық және тұрақты байланыс.
Педагогикалық процестің заңдылықтары дегеніміз «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің арасындағы заңдылық және тұрақты байланыс.
Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды.Оқу орындарының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болуы;
Педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретіндегі, білім беру заңдары арқылы талап ететіндігі;
Педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздар мен оқушылардың өзара тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрде екі жақты іс-әрекет;
Оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұхият ойластырылған және ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі;
Педагоикалық процестің қызметі, оның жасалуымен, ұйымдастырудың оқушылар ұжымы, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай скелуіне байланыстылығы;
Педагогикалық процестің бөліктерінің бір-біріне байланыстылығы және бағыныштылығы;
Педагогикалық процестің ұзақ мерзімділігі;
Педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтижеге қалыптасатындығы.
Педагогикалық процестің принциптері дегеніміз мұғалімнің іс-әрекетті ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар, ережелері.
Педагогикалық процестің принциптері дегеніміз мұғалімнің іс-әрекетті ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар, ережелері.
Педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандылық бағыттылығы;