Мазмұны Түсінік хат 4 Негізгі бөлім



бет34/41
Дата03.06.2022
өлшемі184,57 Kb.
#145888
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
2 5247149807377585073

Барлығы

30






1-тапсырма
Төменде берілген мәтінді оқыңыз.


Қазақстандағы туризм және экотуризм.

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала көркем табиғатымен ғана емес, тарихы мен археологиялық қазбаларының, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленіп отыр. Еліміз туристік шаңыраққа айналуы да мүмкін. Себебі әр аймақтың өзіндік тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, салт-дәстүрі бар. Көркем де әсем жеріміздің түкпір-түкпірінен өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен, Жамбылдың Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалысы және басқа да аты аңызға айналған жерлер.


Соңғы жылдары туризм көптеген мемлекеттің экономикасының негізгі саласына, «пайда көзіне» айналды. Әсіресе экологиялық туризм бағыты ерекше маңызды.
Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, ең бастылары – әлемдегі экологиялық жағдайдың күннен күнге нашарлауы, техникалық үдеріс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының таза ауамен демалуға ұмтылысы.
Экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшері бірнеше есе азайды. Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауынан мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын іздейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемаларды шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды.
Әрине, «экологиялық туризм» ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлеріне саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек.
Экологиялық туризмнің объектілері табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер, ғылыми және білім беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық туризмнің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет