1919 жылы венгр ғалымы К.Эреки алғаш рет "Биотехнология" терминін енгізді.
1
Білім алушы сөздердің орнын ықтимал жауаптардан бөлек өзгерте алады, бастысы ой мен сөйлем құрылымы сақталуы қажет. Құрастырушы
ның болжам жауаптың бірнеше нұсқасын көрсетуі қабылданады
2
Өсімдіктердіңжаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің дақылын шығару - қазіргі биотехнологияның басты мақсаты.
1
3
Микроорганизмдерді қажетті заттарды дайындауға ата-әжелеріміз ежелден-ақ пайдаланған.
1
4
150-ден астам биологиялық заттардың түрлері ең жоғары өнімді микроорганизмдер дақылдарының көмегімен синтезделді.
1
5
Жануарлар организмінде лизиннің жетіспеуі жануар денесінің өсуін тоқтатады.
1
6
Қоршаған ортаны ластанудан тазарту үшін биотехнологияның биологиялық әдістерін қолданады.
1
7
Микроорганизмдердің көмегімен ластанған суларды тазартуға болады.
1
8
Биогаз — метан мен кеміркышқыл газдың қоспасын Үндістанда, Қытайда, Филиппинде үйлерді жылытуға және тамақ дайындауда қолданады екен.
1
9
Отандық ғалымдардың биоүйлесімді желім әзірлеп шығарғандығы, биотехнология саласы Қазақстанда да қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.
1
10
Импорттың орнын отандық өніммен алмастыруға және алдағы уақытта шетелдік нарыққа шығуға осы Қазақстандық ғалымдардың әзірленімі арқылы жүзеге асады деуге болады.
Биотехнология дегеніміз биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді, адамның мақсатына сай пайдалануға болатын технология.
1
Білім алушының өз сөзімен жазған жауаптары қабылданады. Бірақ жауаптар мәтінде айтылған ақпараттар негізінде берілуі керек.
2
Өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын,микроорганизмдердің дақылын шығару және оларды адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін қолданады.
Жаһандық мәселе: демография. Демография – кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе. Өйткені қай мемлекеттің де дамуына халық саны ықпал етеді. Сондықтан Мемлекет басшысы да жыл сайынғы Жолдауының бiр тармағын демографиялық ахуалға арнайды. Әсіресе, Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында демографиялық ахуалға айрықша көңіл бөлді.
Халықтың санын көбейтудiң екi жолы бар. Бiрi – табиғи өсiм. Бұл үшiн аналарға жасалатын көмек, медициналық жәрдем және әлеуметтiк жәрдемақылар өсуi керек. Қазақстанда табиғи өсім оң бағытқа ие. Екiншiсi – шетте жүрген қандастарымызды Отанға оралту. Нұрсұлтан Назарбаев: «Кезінде тәуелсіздік алған тұста, 1991-1995 жылдары Қазақстаннан 3,5 миллион халық көшіп кетті. Сол көрсеткіш бойынша халық саны 14 миллионға дейін түскен. Қазіргі уақытта қайта қалпымызға келіп жатырмыз. Оның ішінде 1 миллионнан астам қандастарымыз сырттан келді», – деген болатын. Расында да, ата-бабамыз аңсап өткен егемендікке қол жеткізгеннен кейін миллиондаған қандастарымыз тарихи Отанына қайта оралып, демографиялық ахуалдың ілгерілеуіне ықпал етті.
Ел болашағы, ұлт қауіпсіздігі хақында ой өрбіткенде халық санының өсуі, демографиялық саясатымыз ойға оралатыны анық. Ұлттың иммунитеті демографиясына тікелей тәуелді. Саны өскен жұрттың сапасы да артады. Әуелі «Демографиялық ахуалымыз қандай, демография ғылымы қалай дамып келеді?» деген сауалдарға жауап іздедік. Алайда елімізде демография тақырыбымен айналысатын ғалымдар некен-саяқ, ал ғылыми институт тіпті жоқ екеніне көзіміз жетті. Демография – ұлт тағдыры. Ал қазақ халқы үшін демография мәселесі ерекше маңызды, оған түрлі тарихи кезеңдердегі қиындықтар, ұлттық салт-дәстүр, рухани-мәдени құндылықтар ықпал етіп отыр. «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөздің мәні терең. «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық», «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» және өзге де даналық сөздер өмір тәжірибесінен туындаған.
ХХ ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай күрт өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы «демографиялық жарылысқа» себепші болды. Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық, діни себептермен ерте бастан некеге тұру, білім деңгейінің төмендігімен, өндіріске әйелдерді араластырмаумен тікелей байланысты. Сонымен қатар кейбір мемлекеттерді отарлық тәуелділіктен босату, медициналық қызметті жақсарту, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны қысқарды. Мұндай құбылыс «демографиялық жарылысқа», яғни халық санының тез қарқынмен өсуіне әкелді.