Геометриялық пішіндер: балаларды геометриялық пішіндерді (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш) және геометриялық денелерді (куб,шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету;
Кеңістікте бағдарлау: Өзінің дене бөліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білуге үйрету
Уақытты бағдарлау: Таңертең, күндіз, кеш, түн тәулік бөліктерін ажырату және атай білу дағдыларын қалыптастыру
Құрастыру
|
Құрылыс материалдарынан құрастыру: орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру
Қағаздан құрастыру: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және қырларды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: Балаларды табиғи материалдардан түрлі заттар даярлауға баулу
Конструктор бөлшектерінен құрастыру: Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру, бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Тірі және өлі табиғат құбылыстары мен заттары: өлі табиғат нысандары- су, жер, ауа, күннің көзі туралы білімдерін кеңейту
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер: жазғы және күзгі табиғатты, олардың қарапайым өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту;
Өсімдіктер мен жануарлар әлемі: балабақшаның ауласындағы және маңайдағы кейбір ағаштардың, бұталардың түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру;
үй жануарлары және жабайы аңдар, олардың сыртқы келбеті, қозғалуы, күз мезгіліндегі (сыртқы түрі, тіршілік ету ортасы, мекені, азығы,) қоректену тәсілдері және қысқы дайындығы туралы білімдерін кеңейту.
Бала, оның отбасы, үйі: баланың өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау. Баланың туыстық қатынастарды түсінуіне ықпал ету;
|
Достарыңызбен бөлісу: |