4. Осы рефлекстердің сақталынуы бойынша:
-өзгергіш, қозғалғыш, жоғалуы немесе сөнуі мүмкін.
|
-тұрақты, өмір бойы сақталынады.
|
Осы рефлекстердің жүзеге асуында қатысатын ми құрылымдары бойынша:
|
-ми қыртысы.
|
-қыртыс пен қыртыс асты құрылымдар (жұлын, ми бағаны).
|
Шартсыз рефлекстердің түрлері: Инстинкт – шартсыз рефлекс түрi, рефлекторлы реакцияның тiзбектi түрде жүруi, яғни бір рефлекторлық реакцияның аяқталуы келесi реакцияға тiтiркендiргiш болып табылады. Инстинкттің ерекшелігі:
рефлекторлық реакцияның тізбекті түрде жүруі;
гормондық (жыныстық және ата-аналық инстинкт жыныс бездері қызметінің циклдық өзгерістерімен байланысты) және метаболиттік (мысалы: ағзаның ашығуында, ондағы зат алмасудың өзгеруіне тәуелді) факторларға тәуелділігі;
басымдылықтың көптеген қасиеттерімен сипатталады.
Шартты рефлекс (ШР) түрлері. Тітіркендіргішке жауаптың пайда болу уақытына байланысты ШР келесі түрлерін ажыратады:
А. 1-реттегі ШРдегеніміз - шартты тiтiркендiргiш және шартсыз тiтiркендiргiштің бірмезетте ұштастырылу барысында қалыптасатын рефлекстер.
Б. 2-реттегі ШР - оларды құрастыру барысында шартты тiтiркендiргiш, шартсыз тiтiркендiргiшпен бекiтілмегенде, УБ туады.
В. 3-реттегі ШР - екінші реттегі ШР негізінде белгісіз жаңа тітіркендіргішті пайдалану арқылы осы рефлекстерді қалыптастыруға болады.
Г. Жоғарғы реттегі ШР– бұл бұрын пайда болған шартты рефлекстердің негізінде қалыптасатын рефлекстер.
ЖЖІӘ-тежелудің түрлері. И. П. Павлов ШР зерттей отырып, мидың барлық әрекеті қозу және тежелу үрдістерінен тұрады деп тұжырымдады. И.П.Павлов бойынша қозу мен тежелу үрдістері таралуы және жинақталуы мүмкін. Өте күшті тітіркендіргіш әсер еткенде қозудың таралуы іске асырылады.
ЖЖІӘ-тежелудің 2 тобын ажыратады:
Шартсыз (туа біткен), оның екі түрі бар:
сөнуші, тәжірибе кезінде бөгде тітіркендіргіш әсер еткенде, адам мен жануарларда бағдарлау рефлексінің пайда болуының біртіндеп жойылуы және тұрақты, сөнбейтін ағзада патологиялық үрдістер кезінде туатын тежелулер деп екіге бөлінеді.
Шартты (жүре пайда болған)
Кешікпелі-тітіркендіргіштің оқшауланып әсер етуінің 20 секундтық уақытында ШР жасырын кезеңі 2-4 сек. тең.
Ажыратпалы-екі агенттің, яғни шартсыз тітіркендіргіштің тұрақты түрде бекітілуі және оның бекітілмеуінің арқасында құрастырылады.
Өшуден тежелу - шартты тітіркендіргіш шартсызбен бекітілмесе, онда тітіркендіргіш біртіндеп өзінің сигналдық мәнінен айырылады да, оған деген рефлекс өшеді.
Шартты тежегіш келесі түрде құрастырылады: шартты сигналға кез-келген қосалқы агентті байланыстырады және осы кешен шартсызбен ұштастырылмайды.
Ми қыртысының түзу-талдау әрекеті. Талдау және түзуге организмнің ішкі ортасына келіп түскен ақпараттар ұшырайды. Оның ішінде негізгі орынды миға проприорецептордан, буын мен сіңірлерден келген ақпараттар, ал адамдарда сөйлеу мүшелерінен келген ақпараттар алады.
И.М.Сеченов мидың түзу-талдау әрекетінің тегершігі- адамның заттарды сезіну және қабылдауымен тікелей байланысты екендігін дәлелдеді.
Ми қыртысының түзу және талдау әрекетінің 3 деңгейі бар:
1-деңгейі, әрбір талдағыштың рецепторында басталады. 2-деңгейі қыртыс асты түйіндерінде жүреді. 3-деңгейі ми қыртысында орындалады.
ЖЖІӘ-типтері. Темперамент – жігерлі, қызба мінез-құлықтың өткірлігі және ағзаның жалпы қызметінің жылдам құбылатындығы.
И.П. Павлов жүйкелік үрдістің 3 қасиетін сипаттады; яғни қозу мен тежелудің күші; тепе-теңдігі; қозғалғыштығы.
Жүйкелік үрдістің күші – қыртыстағы жүйкелік жасушалардың күшті және кездейсоқ күшті тітіркендіргіш әсеріне үйреншікті түрде жауап беруі (холерик; сангвиник және флегматикке тән).
Жүйкелік үрдістің тепе-теңдігі – бұл қозу мен тежелу күшінің тепе-тең болуы (сангвиник және флегматикке тән).
Жүйкелік үрдістің қозғалғыштығы – қыртыстағы жүйкелік жасушалардың тітіркендіргіш әсерінен қозудың тежелуге және керісінше жағдайға өту қасиеті (холерик және сангвиникке тән).
Бірінші және екінші сигналдық жүйелер. И.П. Павлов жануарларға жасаған шартты рефлекторлық әрекетін адамға оның психикасын, ерекшеліктерін есепке ала отырып, І- және ІІ-сигналдық жүйелерді ашты. Ағзаның есту, көру және т.б. рецепторларына сыртқы ортадағы заттар мен құбылыстардан келіп түсетін әсерлердің түзілуі мен талдануы І-сигналдық жүйені (адам мен жануарларға тән) құрайды. Сонымен қатар, тек қана адамдарға тән еңбек әрекеті мен әлеуметтік даму кезінде сөйлеу сигналымен байланысты ІІ-сигналдық жүйе бар. Бұл жүйенің сигналдануы, оқығандарды көру, өздігінен сөйлеу немесе дауыстап сөйлеу, естігендерді қабылдаудан тұрады. Осы сигналдық жүйелердің өзара әрекеті адамның ЖЖІӘ арнайы түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). – Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. – 663 бет.
2. Қалыпты физиология. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар. Аламаты 2007 ж. 64-90 бет.
Қосымша:
1. Адам физиологиясы. (оқулық). Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. – Алматы. Издательство «Білім», 1995. – 663 бет.
2. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.
3. Қалыпты физиология: лабораториялық жұмыстары (студенттер үшін)
/ жауапты редакторлары: Сатпаева Х.Қ., Нельдибаева Ж.Б.. Шымкент, 1993. – 254 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |