Тыныс алу жүйесі.
Кеуде клеткасы цилиндр пішінді, астеникалық типті, симметриялы. Тыныс алуы жеткіліксіздік байқалады, мұрын арқылы. Пальпация кезінде кеуде қуысы ауырсынады.. Дауыс дірілі күшейген.
Перкуссия: Кеуде куысы эмфитиматозды, перкуторлы қорап тәрізді дыбыс. Топографиялық перкуссия жүргізгенде,өкпе ұшының орналасуы:а)артқы жағынан сол жақта-VII мойын омыртқасының сүйір өсіндісінен латеральді бұғанадан 2 см жоғары;оң жақта- VII мойын омыртқасының сүйір өсіндісінен2,5 см латеральді.б)алдынғы жағынан оң жақта- бұғана үсті шұңқырынан 2 см жоғары; оң жақта- бұғанадан 2,5 см шығып тұрады.
Кренинг алаңы- сол жақтан 4 см, оң жақтан 4 см.
Өкпенің топографиялық перкуссиясы:
Өкпенің төменгі шекарасы:
Сызығы
|
Оң жақта
|
Сол жақта
|
Омыртқа маңы сызығы
|
V-ші қабырғаның жоғарғы жиегі
|
—
|
Бұғана орта сызығы
|
V-ші қабырғаның жоғарғы жиегі
|
—
|
Алдыңғы қолтық асты сызығы
|
VII-ші қабырға
|
VII-ші қабырға
|
Ортаңғы қолтық асты сызығы
|
VIII-ші қабырға
|
VIII-ші қабырға
|
Артқы қолтық асты сызығы
|
IX-шы қабырға
|
IX-шы қабырға
|
Жауырын сызығы
|
X-шы қабырға
|
X-шы қабырға
|
Омыртқа маңы сызығы
|
XI-шы кеуде омыртқасының сүйір өсіндісі деңгейінде
|
Өкпенің төменгі шетінің қозғалғыштығы
|
Сызық
|
Оң жақ өкпе
|
Сол жақ өкпе
|
Бұғана орта сызығы
|
4 см
|
|
Ортаңғы қолтық асты
|
2,5см
|
2,5см
|
Жауырын сызығы
|
3,5см
|
3,5см
|
Аускультация: Өкпеде қатаң тыныс, бүкіл өкпеге жайылған сырыл естіледі.
6.Жүрек және қан тамырлары жүйесі.
Қарап тексергенде мойын тамырлары көрінеді. Жүрек тұсында патологиялық өзгерістер аздап бар. Жүрек ұшы түрткісі, жүректік түрткі , эпигастрий пульсациясы аздап анықталады.
Пальпация.
Жүрек ұшы түрткісі бұғана орта сызығынан 0,5 см ішке қарай, сол жақта V-ші қабырға аралықта анықталады. Оның аумағы шамамен 1,5 см, орташа күшті, резистентті. “Мысық пырылы”, “ екі балғаша”, “алтыбақан” симптомдары жоқ. Пульсі 86 рет минутына.
Перкуссия.
Жүректің шекаралары қалыпты кеңейген.
Жүректің оң жақ салыстырмалы тұйықтығының шекарасы төстің оң жақ шекарасынан 1 см сыртқа қарай орналасқан. Сол жақ салыстырмалы тұйықтығының шекарасы бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай орналасқан.
Жүректің жоғарғы шекарасы бұғана орта сызығы бойынша 3-ші қабырға денесіне сәйкес. Салыстырмалы тұйықтық көлденен- 12 см.
Жүректің оң жақ абсолютті тұйықтығының шекарасы төстің сол жақ шетінен 1 см ішке қарай.
Сол жақ абсолютті тұйықтығының шекарасы бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай.
Жоғарғы абсолютті тұйықтығының шекарасы сол жақ 3-ші қабырғаның төменгі шеті.
Қан тамыр шоғырының ені 5 см.
Аускультация:
Жүрек тондары естілмейді.. Жүректің жиырылу жиілігі 86 рет минутына. “Бөдене ырғағы”, “шоқырқақ ырғағы” жоқ. Артериалды қан қысымы сол жақта да, оң жақта да 110/80 мм.сын. бағ.
Ас қорыту жүйесі.
Тілі құрғақ, түбіне қарай ақ жабынмен жабылған. Еріннің, ұрттың, таңдайдың, араңнын шырышты қабықтары қалыпты түсті.Еріндерінде цианоз байқалады. Бадамшалар өзгермеген. Іш пішіні қалыпты. Іш симметриялы, үлкеймеген. Ішектің көрінетін перистальтикасы және антиперистальтикасы жоқ. Жарықты томпаюлар жоқ. Тыныс алғанда кеуденің екі бөлігі бірдей қатынасады. Венозды коллатеральдар жоқ.
Пальпация:
Беткей пальпация кезінде іші жұмсақ,пальпацияда ауырсынусыз. .
Перкуссия:
Құрсақ үстінен тимпаникалық перкураторлы дыбыс естіледі, ол ішектің үстінде айқын, асқазан үстінде онша айқын емес.
Оң жақ мықын аймағына перкуссия жасағанда тимпанит естіледі.
Газдар шығады. Перистальтика естіледі.
Бауыр, көкбауыр. Бауыр оң жақ бұғана ортаңғы сызығы бойынша қабырға доғасының астынан 3см төмен пальпацияланады. Шеті үшкір, беті тегіс, ауырсынусыз. . Өт қабы пальпацияланбайды. Көкбауыр пальпацияланбайды. Перкуторлы: ұзындығы-7см, ені-5см.
Жыныс-зәр шығару жүйесі.
Қарап тексергенде бел аймағында ісіну анықталмайды, ауырсынбайды. Бел бұлшық еттерінің қатаюы анықталмайды. Пастернацкий симпомы екі жақта да теріс. Бүйректер, қуық пальпацияланбайды. Дизуриялық бұзылыстар жоқ. Біріншілік және екіншілік жыныстық белгілері жасына және жынысына сай. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Күндізгі диурез 5 рет, түде 1 рет. Жыныстық дамуы қыз типтес. Жыныс мүшелері қарап тексергенде ерекшеліксіз, пальпацияда өзгермеген.
9) Нерв жүйесі :
Нерв-психикасы жүйесінде өзгеріс жоқ. Есі анық, тұманданған емес. Ұйқысы бұзылған. Интеллект орташа дамыған. Тәртібі дұрыс, шапшаң емес. Есте сақтау қабілеті төмен. Бас аурулары, бас айналуы шаршағанда, қалжырағанда байқалады.сөйлеу қабілеті бұзылмаған. Есту әрекеті қалыпты, көруі нашарлаған.
Мүшелердің жансыздануы, сал (параличь), қалшылдау құбылыстары жоқ. Рефлекстері ( кірпіктің, қарашықтың, тізе, өкше) дұрыс дамыған, патология жоқ. Қарашық рефлекстері жарыққа сезімтал. Бас сүйек, ми жарақаттары жоқ.
10) Эндокриналық жүйе :
Қалқанша безі пальпациялағанда ұлғаймаған, қалыпты.
Болжам диагноз:
Науқас түскен кездегі шағымдарына:
Негізгі: Тұншығу, жүрек соққысының жиілеуі, кеуде қуысының ауырсынуы, жөтел, ентігу. Отырып ұйықтауға мәжбүр.Аяқтарында ісінулер пайда болған.
Қосымша: жалпы әлсіздік, басының ауыруы, тәбетінің төмендеуі, жүдеп кеткен, өзін жайсыз сезінуі.
Обьективті тексерулерге байланысты: Терісі мен шырышты қабатында аздаған цианоз байқалады. Ентігу, тыныс жеткіліксіздігі, жүрек демікпесі. Тыныс алуы жиі – 26 рет минутына.
Пальпация: Кеуде қуысы ауырсынады, резистенттілігі орташа, дауыс дірілі күшейген.
Аускультация: әлсіз везикулярлы тыныс, сырылдар естіледі. Демікпе.
Перкуссия: перкуторлы қорапты дыбыс.
Осы мәліметтер бойынша болжам диагноз қойдым: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы.
12.Науқасты тексеру жоспары:
Жалпы қан анализі
Жалпы зәр анализі
3. Қақырық анализі
13.Қосалқы клиникалық әдістерді қолдану және олардың анықтамаларына түсініктеме беру.
1.Жалпы қан анализі:
09.09.10ж
Гемоглобин- 127 г/л
Эритроциттер 3,8-1012/л
Лейкоциттер 7,4-109/л
ЭТЖ – 11 мин/сағ
Гемотокрит – 38%
2.Жалпы зәр анализі:
09.09.10ж
Түсі –сары, мөлдір
Салыстырмалы тығыздығы 1,021
Достарыңызбен бөлісу: |