МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
НУО КАЗАХСТАНСКО
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
Тақырып 14: Ауаның ылғалдылығын анықтау. Аэроионотерапия.
Мақсаты:
1. Ауаның ылғалдылығын анықтауды үйрету.
2. Аэроионотерапия принципімен таныстыру.
3. Ауаның ылғалдылығын анықтау механизмін үйрену.
Оқытудың міндеті:
1
.
Аэроионотерапияның маңызын түсіндіре білу.
2.
Аэроионотерапия әдістерімен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру.
3.
Ауаның ылғалдылығын анықтаудың биофизикалық негізін түсіндіре білу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Ауаның ылғалдылығы дегеніміз не?
2. Аэроионотерапия негізіне не жатады?
3. Ауаның ылғалдылығын анықтаудың қандай әдістері бар?
4. Аэроионотерапияның негізгі әдістері.
Оқыту әдістері
- берілген тақырыпқа берілген хабарламаларды талқылау, есептер және
тапсырмалар шығару.
Қысқаша теория
Атмосфералық ауа құрамындағы су буы, атмосфераның өзінде өтетін үдерістерге де, жауарлар мен
өсімдіктер әлемінде өтетін үдерістерге де маңызды ықпал етеді. Атмосферадағы су буы құрамының
сандық сипаттамасы ауаның ылғалдылығы (салыстырмалы және абсолютті) болып табылады.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
деп, оның құрамындағы су буы парциал қысымының
берілген температурадағы қаныққан бу қысымына қатынасының пайызбен өрнектелген шамасын
атайды:
= P/P
н
100 %,
мұндағы P және P
қ
— сәйкесінше, ауадағы будың парциал қысымы мен қаныққан будың қысымы
(су буының парциал қысымын кейде будың серпімділігі деп атайды).
Көптеген жағдайларда буды идеал газ деп санауға болады, сондықтан оған мына теңдеуді
қолдануға: P =
RT. Бұдан шығатыны, қысымдар қатынасы тығыздықтар қатынасына тең болады:
Р/Р
қ
= ρ/ρ
қ
және салыстырмалы ылғалдылықты есептеу үшін екі формула қолданылады:
= P/P
қ
100 % = ρ/ρ
қ
100 %,
мұндағы P, ρ — будың қысымы мен тығыздығы, P
қ
, ρ
қ
— қаныққан будың қысымы мен тығыздығы.
Салыстырмалы ылғалдылықты өлшеуге арналған құралдар психрометрлер деп аталады.
Абсолютті ылғалдылық D деп, 1 м
3
ауаның құрамындағы су буының массасын атайды (өлшем
бірлігі — кг/м
3
).
Абсолютті ылғалдылық будың тығыздығы болып табылады, оны соңғы теңдеумен есептеуге
болады. Бұл сипаттама біртіндеп қолданыстан шығады.
Атмосферадағы су буының пайда болуы мұхиттардың, теңіздердің және су қоймаларының бетінен
судың булануының нәтижесі. Пайда болған бу жоғары қарай турбуленттілік пен конвекцияның, ал
горизонталь бағытта — желдің әсерімен таралады. Берілген аймақтағы ауаның ылғалдылығы
топырақтың күйіне, өсімдіктердің тіршілігіне, адамдар мен жануарлардың көңіл күйіне едәуір
дәрежеде ықпал етеді. Бұл әсер ұзақ немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін. Мысалға, ұзақ уақыт
жаңбырдың болмауы топырақтың құрғап кетуіне соқтырса, ал жоғары ылғалдылық кезіндегі ауаның
жоғары температурасы күн өтіп кетудің себеп бола алады.
Будың түзілу үдерісін физикалық тұрғыдан қарастырайық және талдайық. Бастапқыда булану мен
будың түзілуі — әртүрлі үдерістер екендігін атап өтейік.
Сұйықтың булануы бұл, оның молекулаларының сұйық бетінен ұшып шығуы. Беткі қабаттың,
молекулалық тартылыс күшін жеңе алатын кинетикалық энергиясы бар, молекулалары ғана
буланады.
Будың түзілуі бұл, ауа ылғалдылығының 100 %-дан аз кезіндегі сұйықтың булануы есебінен
ауадағы бу мөлшерінің көбеюі.
Бұл ұғымдардың арасындағы айырмашылықты қарапайым мысалмен түсіндіруге болады.
Сұйықтың бетін 100 молекула тастап шықсын. Осы уақыт мезетінде ол будың 65 молекуласын
жұтсын. Онда булануға 100 молекула (барлық «ұшып кетуші») қатысқан, ал будың түзілуіне 100 –
65 = 35 молекула қатысқан деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |