Меббм қазақстан-Ресей нуо казахстанско-Российский



Дата27.11.2019
өлшемі41,94 Kb.
#52577
Байланысты:
микробиология

МЕББМ Қазақстан-Ресей НУО Казахстанско-Российский

Медициналық университеті Медицинский университет


Фармация кафедрасы

СОӨЖ


Тақырып:Спецификалық қорғаныш факорлары.Антиденелер.Иммунды алдын алу.Имунды диагностикалау.



Орындаған:Ушкемпирова Ұ.Е

Топ: 203 А

Тексерген:

Алматы 2018

Организмнің спецификалық қорғаныш факторлары
Спецификалық антиденелерге-иммуноглобулиндер жатады. Антигендер – организм үшін генетикалық бөтен заттар (белоктар,нуклеопрониттер, полисахородттер және т.б)

Антигендер организмге енгенде спецификалық иммунологиялық реакциялардан туындайды. Мұндай реакциялардың түрі антиденелердің пайда болуы.

Антигендердің 2 қасиеті бар:

Иммуногенділігі (антидене мен иммунды лимфоциттердің пайда болуы).

Антиденелер мен иммунды лимфоциттермен спнефициялық өзара әрекеттесуге түсу қабілеті. Ол иммунологиялық реакция түрінде байқалады./нейорганизм, аггмотинация, лизис және т.б/

Екі қасиеті де бар антиденелерді толық бағалы деп атайды. Мысалы, бөтен белоктар, сарысу, жасушалық элементтер, бактериялар, вирустар.

Иммунолық реакцияларды тудыра алмайтын, бірақ дайын антиденелермен спецификалық әсерлесуін гаптендер-толық бағалы емес антигендер деп атайды.

Әр түрлі заттардың антигендік қасиеттерін анықтайтын жағдайлар: бөтенділік, макромолекулалық, каллоидты жағдай, ерігіштік. Антигенділік антиген организмге түскенде иммунды жүйе жасушаларыменкездескен де ғана пайда болады. Антигендердің спецификалығы өздеріне тиісті антиденемен біріге алу қабілеті болып табылады.Адамның иммунды жүйесі әрдайым иммунды қадағалау жүргізіп тұрады.Антигендердің спецификалығы тәжірибеде қолданады. Олар бірінші: жұқпалы ауруларды ажыратуда/ диагностикасы /, екінші: жұқпалы ауру науқасың емдеу және алдын алуға қолданады.

Микроорганизмнің антигендері: Микроб жасушасы көптеген антигендерге ие. Ішек тобы бактерияларының О-,К-,Н- антигендері жақсы зерттелген. О-антиген соматикалық деп аталады.К-антиген капсулалақ деп аталады. Н-антиген талшықты деп аталады. Себебі талшықта орналасады.Организмнің қабылдамаушылық қабілеті спецификалық емес және спецификалық қорғаныш факторларымен бірге жасалады.

Спецификалық емес факторларды организмнің туа біткен қасиеттері деп атайды. Олар тері беткейі мен организмдегі барлық микроорганизмдерді жою қабілетіне ие.

Спецификалық факторлар организмнің қоздырғышпен немесе токсиндер мен соқтығысуымен пайда болады. Бұл факторлар әсері тек қана қоздырғыштар мен олардың такситтеріне бағытталады.

Спецификалық емес факторларға механикалық, химиялық, биологиялық факторлар жатады.Тері микроорганизмдердің енуіне кедергі жасайды. Сонымен қатар механикалық факторларының маңызы бар. Эпителий қабыршақталып май және тері бездерінің бөлінулері арқылы микроорганизмдердің теріден алынуына көмек береді.

Биологиялық факторы терінің қалыпты микрофлорасы патогенді микроорганизмдерді жою қабілетімен сипатталады.Шырышты қабаттар әртүрлі мүшелердегі микроорганизмнің енуіне кедергі жасайды.

Мысалы, механикалық қорғанышын тыныс жолдарындағы (мерцательный) қозғалғыш эпителилер атқарады.Көз жасы, сілекей, ана сүтінде лизоцим ферменті бар. Ол микроорганизмдерге химиялық әсер етіп жояды.Қалыпты микрофлора биологиялық қорғаныш қызметін атқарады.Қабыну – микроорганизмдердің бөтен құрылымдарға реакциясы. Қабыну процесі микроорганизмдерді жоя алады.

Спецификалық емес жасушалық қорғанышқа фагоцитозды жатқызамыз. Қабынудың негізгі механизмі фагоцитоз – бактерияларды жұту процессі болып табылады.Спецификалық емес гуморальды қорғаныш факторларына: комплемент / қанның белокты фракциясы /, препордин / қан сары суының компанентінің топтасуы /, В-лизин / қан сары суының термостобильді заты /, Х-лизин / жоғарғы температурадағы науқас қанынан бөлінген термостабильді зат /, эритин, леикин, плакин, лизоцим жатады.

Антиденелер- қанның спецификалық белоктары, яғни иммуноглобулиндер. Олар антигенге қарсы спецификалық жауап қайтара алады. Адам сарысуында екі белок түрі бар: альбумин және глобулин. Антиденелер негізі глобулиндермен байланысқан. Сондықтан оларды иммуноглобулиндер деп атайды. Глобулиндердің үш фракциясы бар. Антиденелер –глобулиндерге жатады.

Иммуноглобундерді молекулалық массасы, ультроцентрифугирлеуді тұну жылдамдықтарына байланысты 5 классқа бөледі.

YgG, YgM, YgA, YgE, YgD

Бұлардың барлығы жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет дамуында үлкен роль атқарады.Иммуногенез-антиденелердің пайда болу доза, жиілігі және антигенді енгізу әдісіне байланысты. Екі фазасын ажыратады.1) антигенге алғашқы иммунды жауап беру. 2) Екіншілік иммунды жауап антигенді енгізгенде туындайды.

Иммунды алдын алу.

Иммунитет-әртүрлі генетикалық агенттерді (ауру тудырушы микроорганизмдер және улар) организмнің қабылдамаушылық қасиеті.Латынша immunitas-(босану, босау) деген мағынаны білдіреді.

Егерде организмде бөтен генетикалық құрылымдар (антигендер) түссе бірқатар механизмдер мен факторлар іске қосылып, оларды танып (анықтап) залалсыздандырады. Организмнің қорғаныш реакцияларын қамтамасыз ететін мүшелер жүйесін- иммунды жүйе деп атаймыз.Ал иммунитет туралы ғылымды-иммунология деп атаймыз.

Иммунология организмнің бөтен заттарға қарсы реакциясын, бөтен тіндер және қатерлі ісіктерге қарсы реакциясын, қанның иммунологиялық топтарын және т.б. зерттейді. Иммунологияның негізне ежелгі адамдардың қауіпті аурулардан жасанды жолдармен сақтануға болатындығын бақылауы жатады.Эпидемия ошағындағы адамды бақылаған кезде барлығы ауырмайтындығы анықталды. Мысалы, оба ауруымен ауыратындар қайтадан ауырмайтындығы, қызылша ауруымен бір рет ауыратындығы және т.б.

Ежелгі адамдар алдын-ала жылан уы жағылған өсімдікпен жыланның шағуынан, ал өкпе қабынуынан өлген бұқаның өкпесіне енгізген пышақпен малдың терісін жаралау арқылы аурулардан сақтандырған.

Алғаш жасанды егуді Э.Дженнер 1876ж. Жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында ойлап тапты. Бірақ Л.Пастер ғана ғылыми жолмен негіздеді. Ол әлсіз қоздырғыштармен зақымдау арқылы организмнің сол қоздырғыштарға төзімділігін арттыруға болатындығын дәлелдеді. Л.Пастер күйдіргі және құтыру ауруларынан сақтандыратын препараттарды талдады.

И.М.Мечников жасушалық иммунитетін (фагоцитоз) анықтауы иммунологияның ары қарай дамуына әкеледі. Қазіргі кезде иммунология-жұқпалы аурулардан қорғайтын ғылымның бір ғана звеносы болып табылады. Ол мүшелерді ауыстырғанда тіндердің қабылданбауын қан қою кезінде асқыну салдарының болуын, сот медицинасы міндеттерінің шешетіндігін және т.б. түсіндіреді.

Иммунитеттің негізгі түрлері:

1.Тұқым қуалаушылық иммунитет (түрлік)

2.Жүре пайда болған иммунитет

Табиғи иммунитет Жасанды иммунитет

Белсенді Баяу Белсенді Баяу

Иммунодиагностика – бұл науқас гумаралды иммунитетінің нормадағы көрсеткіштерімен салыстыру негізінде жүргізілетін,жұқпалы,иммунды және тб ауруларға арналған диагностика түрі. Ол мынадай бағыттарда жүреді:


1) идентификация, яғни науқас сарысуынан алынған антиденелер мен қоздырушы антигендерінің агглютинация рекацияларына қатысу арқ анықтау
2) Гумморалды иммунитет агенттерінің активтілігін бағалау (комплемент, лизоцим, интерферон, иммуногло булин, гемагглютинин тб.)

Иммунодиагностикадағы жасушалық технологиялар әдістері:



Жасушаларды иммунофенотипету – жасушалардың қай субпопуляцияға жататынын, беткей маркерлер арқылы анықтау әдісі.Иммунофенотиптеу – сүйек кемігінің, лимфа түйіндерінен және басқа тіндерден алынған қандағы жасушалардың спецификалық түрлерін АГ АД реакциялары арқылы анықтау әдісі.АГ АД комплексіне флюоросцентті белгі салынады,бұл белгіні ағушы цитомер немесе люминесцентті микроскоп арқылы көруге болады.Цитокиндер секрециясы ағушы/ цитометрия
проточная цитометрия/ және иммунды ферментті талдаулар арқылы жасалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет