10. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
11. Өлшеудің нәтижелерін құжаттарға жазып қалдырыңыз.
Ескерту. Қолдар және сантиметрлік таспа (жамбасөлшегіштің түймешіктері) жылы болуы
керек.
13. Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік тексеру.
Мақсаты- студентке жүкті және босанатын әйелге төрт акушерлік тәсілдің көмегімен сыртқы акушерлік тексеруді жүргізуді және жүкті әйелдің жеке картасына және босанатын әйелдің босану тарихына жазып қоюын үйрету.
Көрсетулері –жүкті әйелді әйелдер консультациясында және босанатын әйелді перзентханада тексеру.