12. Іш шеңберін (ІШ) және жатыр түбінің тұру биіктігін (ЖТТБ) өлшеу.
Мақсаты- іш шеңберін және жатыр түбінің тұру биіктігін өлшеу және анықтау.
Көрсетулері –жүктіліктің мерзімін, нәрестенің болжамалы салмағын анықтау,
май алмасуының бұзылыстары, көпсулық және көпнәрестелі жүктілік.
Қарсы көрсетулері - жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.
Ресурстары - тақтай төсек (кушетка), жеке жаялық, сантиметрлік таспа
(Мартин жамбасөлшегіші), дәкелік шариктер, спирт, бір рет
киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге қазіргі зерттеудің қажеттілігін және мақсатын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.
2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
4. Әйелге тақтай төсекке,арқасымен, жеке жаялыққа аяқтарын созып және ішін ашып жатуын сұраңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |