Іс-әрекеталгоритмі:
1.Өзіңізді таныстырыңыз , әйелге емшараның мақсатын,қажеттілігін және барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2.Әйелді гинекологиялық орынтаққа, оның астына бір рет қолданатын жаялықты төсеп, жатқызыңыз.
3. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
4. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
5. Жеткілікті жарық түсіруді қамтамасыз етіңіз.
6. Сарпайды әлсіз марганец ерітіндісімен жуыңыз және құрғатыңыз.
7. Жағындыларды келесі ретпен алыңыз: а) үрпіден (тесігінен);
б) парауретралдық жолдарынан (екі жағынан);
в) жатыр мойнының цервикалды каналынан;
г) артқы өтістен.
8. Үрпіден жағынды алу үшін, сол қолдың сұқ саусағын қынапқа енгізіңіз, жоғары қабырғасына қойыңыз, саусақтың алға-артқа қозғалысымен үрпіге массаж жасаңыз.
9. Үрпіден ірің тапшысын дәкелі шаригі бар корнцангпен алып тастаңыз.