21. Жағындыны заттық әйнекке жұқа қабатпен жағыңыз.
22. Қынаптан Куско айнасын шығарыңыз.
23. Тік ішектен жағынды алу үшін оған бүріккіштің көмегімен 50-80 мл жылы хлорид натрийдың изотониялық ерітіндісін енгізіңіз;
Жуып-шайынды ерітіндіні стерилді ыдысқа жинаңыз. Сосын ерітіндіден пинцетпен сілемейдің түйіртпектерін ұстап алыңыз және оларды заттық әйнекке жұқа қабатпен жағыңыз.
24. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және қолданылған заттарды бірге ҚҚҚ-ға салыңыз.
25. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
26. Әр заттық әйнек үшін зертханаға жеке жолдама жазыңыз, онда ата тегін, атын, әкесінің атын, жасын, аурудың диагнозын және жағындының қай жерден алынған орнынын (үрпі, парауретралдық жолдары , жатыр мойны, артқы өтіс) көрсетіңіз. Жолдамаға күнін белгілеңіз және қолыңызды қойыңыз.
27. Әр заттық әйнекті оған тиісті жолдамамен ораңыз.
28. Зертханаға жіберіңі.
Ескерту: Жағынды бір заттық әйнекке жағылады және әріптермен белгіленеді: үрпі –«Ү»,
парауретралдық жолдар- «ПУЖ» , жатыр мойнының цервикалды каналы «ЖЖЦК»,
артқы өтіс – «АӨ» .